Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
"индивид".
Бұл сӛз латын 
тілінен алынған және оның қазақша баламасы - "жекелік". Ұғым ретінде 
бұл сӛз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір ӛкілін білдіреді. 
Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен 
онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. 
Адамның жеке қасиеттері ӛмір жолында дамып, қалыптасатын 
болғандықтан, жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін 
ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. 
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып 
табылады. Даму дегеніміз - тӛменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай 
қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде 
жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиралды ӛрлеу процесі.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен 
сапасындағы сандық ӛзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене 
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі ӛседі. 
Оның тілі шығып, сӛздік қоры молаяды. Бала кӛптеген әлеуметтік-тұрмыстық 
және моральдык біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. 
Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында 
болып жатқан сапалық ӛзгерістер (танымдык, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). 
Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе 
жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен ӛз мінез-құлқын билей алу 
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да ӛзгерістер адамның жеке тұлға ретінде 
даму процесін сипаттайды. 
Сондықтан, 
даму дегенімізді
адамның анатомиялық-физиологиялық 
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ 
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, 
ӛнегелілігі, қоғамдық-саяси кӛзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын 


алатын сандық және сапалық ӛзгерістердің ӛзара тығыз байланысты 
процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін 
және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты 
тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше. 
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині 
жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның 
пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын 
білдіреді. 
Қалыптастыру 
(қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен 
тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. 
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға тұқым 
қуалаушылық, орта, тәрбие жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер 
ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада 
тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс 
ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, 
жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие 
дегеніміз - ӛсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылыктарды 
игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы 
бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет