Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет2/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Клиникалық көрінісі. Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері – құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауруы байқалады. Көп ұзамай қабыну процессі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді.
Бронхиттің көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәуліктегі жөтел құрғақ, кейін болар болмас қақырық түсе бастайды. Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса онда жөтелге ентікпе қосылады. Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, немқұрайлық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-390 С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның , ауыздың айналасында ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
Объективті. Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді. Тыңдағанда күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ сырылдар, сиректеу ылғал сырылдар естіледі. Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.
Қаның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері - нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы.
Жедел бронхиттың барысы жеңіл 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады. Асқынулары: пневмония, бронхтар түйілу синдромы.
Емі. Ауру асқынбаса амбулаторлы емделеді, жылы жайдағы төсек тәртібі.
Қабынуға қарсы аспирин немесе парацетамол 0,5 г3 рет, обструкция болғанда – теофедрин немесе эфедрин 0,025 г 3 рет. Аскорбин қышқылы немесе Ревит дәрумені 1-2 драже. Дезинтоксикациялық ем: тәулігіне 2-3 литр сұйықтық (бал, лимон, қарақат, таңқурай қосылған т.б.) ішкізу.
Антибиотиктерді тек пневмония қосылған немесе ірінді қақырық болған жағдайларда ғана қолданады.
Созылмалы бронхит - ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну процессі.
Этиологиясы. Белсенді немесе пассивті темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіптік зиянды ықпалдар, ауа райының жағымсыздығы, инфекциялық қоздырғыштар, ауаны кондиционерлеу, зат алмасу бұзылыстары.
Патогенезі. Бронхтардың қабырғасына терең еңген инфекция панбронхитке (барлық қабаттарының қабынуы) алып келеді, оның салдарынан бронхтар біртіндеп деформацияланады, кілегей қабығы атрофияланады да - бронхоэктаздар, пневмосклероз, эмфизема, өкпе гипертензиясы яғни өкпетекті жүрек дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет