Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет25/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Инфекциялық эндокардит (ИЭ)

Инфекциялық эндокардит – эндокардтың, кейде сонымен бірге аортаның немесе ірі артериялар эндотелийінің патогенді микроорганизмдермен жаралы-полипті зақымдануы.
Этиологиясы. Жүрек қақпақтарында немесе қабырғалық эндокардта сепсистік қабыну ошағы. 33-66 % стрептококк және стафилококк, энтерококктар, вирустар, саңырауқулақтар.
Клиникалық көрінісі. Ауру қызба, қалтырау, геморрагиялық бөртпелерден, ағыл-тегіл терлеуден, әлсіздіктен, баспен, денесінің тутас ауырсынуынан басталады. Ауру ағымы өте ауыр, әр түрлі асқынулар дамиды: иммундық бұзылыстар, тромбоэмболиялар (бүйректің, талақтың, көз түбінің, миокардтың, ми, аяқтардың), жүрек шамасыздығы. Жүректің үш қабатыда зақымданады (эндокард, миокард, перикард).
Миокардит –миокардтың қабынып зақымдануы. Науқастардың жалпы жағдайы бұзылып, әлсіздік, ентігу, кардиалгиялар, жүрек қағу пайда болады.
Объективті симптомдары: тахикардия, брадикардия, тыныс алу аритмиясы, жүректің көлемінің үлкеюі, жүрек тондарының әлсіреуі немесе тұйықталуы. Жүрек ұшында систолалық шудың естілуі. Рентгенде миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі байқалады.
Перикардит – жүректің сыртқы қабаттарының қабынуы, көбіне әртүрлі аурулардың асқынуы болып табылады, өз бетімен өте сирек дамиді. Жүрек тұсында тұйық, қысып турғандай ауырсыну пайда болады, кейде өте күшті. Ауырсыну демалғанда, қимылдағанда күшееді, сондықтан науқас үстірт демалады. Науқас тізе-шынтақ жағдайда немесе алдыға еңкейіп отыруға мәжбур болады. Бұл жағдайда ентігу мен ауырсыну басылады.
Құрғақ перикардитте төс артында перикард үйкелес шуы естіледі.
Диагностикасы. Жалпы қан анализінде - лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі, диспротеинемия, ЭКГ-да өзгерістер: гипертрофия, миокардтағы зат алмасу процестерінің бұзылуы.
Емдеуі.
1. Стационарлық ем жүргізіледі. 2-3 аптадан артық төсек төртібі.
2. № 10 диета. Құрамында белокқа, витаминдерге бай, жеңіл қорытылатын құнарлы тағамдар болу керек.
3. Этиотропты емді қанын микрофлораға себінді жасап жүргізу керек. Кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады.

  1. Қабынуға қарсы препараттар: стероидті емес қабынуға қарсы және глюкокортикоидтер.

  2. Аминохолиндік дєрмектер: делагил, плаквенил.

  3. Метаболизмдік ем: рибоксин, АТФ, фосфаден, кокарбоксилаза, В6- вит.

  4. Санаторлы-курорттық ем.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет