Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі міндеттерінің бірі 20 ғасырдық басында белгілі болған балалардың бойындағы ауытқушылықтарын анықтау болып табылады



бет3/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
ПРАК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру семинар, ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
2. Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі міндеттерінің бірі 20 ғасырдық басында белгілі болған балалардың бойындағы ауытқушылықтарын анықтау болып табылады.

3,4 Дәріс


Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың тұлға ретіндегі сипаты және кәсіби құзыры, кәсіби-коммуникациялық сапалары
Дәріс мазмұны:

  1. Әлеуметтік педагогтың тұлға ретіндегі сипаты

  2. Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі

  3. Әлеуметтік педагогтың кәсіби-коммуникациялық сапалары




  1. Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметін қарастыра отырып,біз бұл қызметтің субъектісін –яғни,бала өмірінің әлеуметтік және жағдайлық қиыншылықтарын терең білетін,оған дер кезінде көмекке келуге әзір,жалпытеориялық және арнаулы білімдер кешенін жете меңгерген,білікті де шебер кәсіби маманды бөліп қарастыруымыз керек.

Күнделікті өмірде,байқаған адамға,белгілі бір кәсіптің иегері болу адамның ойлауына,мінез-құлқына,өмірге көзқарасына ықпал етеді.Бұл феноменді психологияда «кәсіби менталдылық » ұғымымен сипаттайды.
Психологиялық еңбектерде менталдылық адамның белгілі бір кәсіп иелеріне тән және сонымен айқындалған терең,көбіне,санадан тыс және рефлексивтенбеген тұлғаның ерекшеліктері ретінде сипатталады.
Ендеше, кәсіби маман ретііндегі әлеуметтік педагогтың тұлғасына қойыдатын талаптарды анықтап көрейік.
Зерттеуші ғалымдар мамандыққа тиісті қаблеттер ретінде;байқағыштық,жағдайды тез айырып жол таба білу,интуиция,эмпатия(өзін басқа адамның орнына қойып,оның сезімдерін,идеяларын,істерін түсіне білу қасиеті),рефлексия және өзін-өзі ұстай білу сияқтысапаларды айтады
Бұлардан басқа әлеуметтік педагог әлеуметтік сферадағы барлық қызметкерлерде болуы тиіс қасиеттерді;араласқыштық,адамдармен бірлесе жұмыс істеуге ұмтылушылық,өз көзқарасын қорғай білу,қайырымдылық,білуге құштарлық,оптимизм,жанжалды,ситуациялардан жол таба білу,жүйке-психикалық жағынан тұрақтылық,байыптылықты да игеруі керек.Сөз жоқ, маманның басты кәсіби сапаларының қатарына коммуникативтік,яғни,қарым-қатынасқа түсе алу шеберлігі жатқызылады.
Тұлғада болуы тиіс сапалардың ең бастысын бөліп алу қиын.Сонымен бірге,бұл сапалар мамандықты твңдау стадиясында диагностикаланатындай болуы қажет.Адамның қайырымдылығын қалай,қандай өлшемдермен анықтаймыз?Оның ізгілік қасиеттерін, бойындағы альтруистік,сүйіспеншілік сезімдерін қалай өлшейміз?
Әлде,әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері: гумнистік,альтруистік,толеранттылық,креативтілік,т.б.сияқты интерактивті тұлға қасиеттерінің қалыптасуын талап ететін шығар.
Ол балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсетудегі жаңа концепцияларымен,әдістерімен және технологиялармен қаруланып,жаңа концептуалдық және ұйымдастырушылық-педагогикалық ыңғайларға сүйенуі қажет.
Әлеуметтік педагогтың қызметі мен рөлі,балалар мен жеткіншектерге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің келесідей белгілерінде жатыр.
-кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылардың мінез-құлқында ауытқушылықтарды анықтауға көмектесетін,аналитикалық-диагностка қызметі.
-профиликтикалық жұмыстардың жүйесін ұйымдастыру;
-сәтсіз отбасылар мен девиантты мінез-құлқы бар балалардың огтбасыларымен жұмыс;
-балалардың іс-әпекеттерін өздігінен тәрбиеленуге,өздігінен білім алуға,өздерінің істеген қылықтарын талдауға бағыттау;
-баланың мәселесін шеше алатын әр түрлі мамандардың,ұйымдардың бірігуі;
-сенім телефондарын,жасырын хаттар жәшігін,кеңестік пунктердің жедел әлеуметтік көмектің басқа да формаларын құру;
-үнемі сыныптың психологиялық климаты жайында,әр қиын оқушы мен мүмкін болатын шешілу жолдары жайында,әр мектептегі педагогикалық ұжымды үнемі ақпараттандыру;
-ата-аналармен бірлесеотырып,сабақтан тыс ұтымды уақыт өткізуді ұйымдастыру;
-мектептегі әлеуметтік жұмыстың жоспарын құру және оның дайындығын басқару;
-сабақты қалдырып өзге жұмыс істейтін оқушыларды анықтау және оларды мектепке қайтару амалын іздеу.
2. Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі ұғымы оның әлеуметтік-педагогикалық қызметті іске асырудағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігін,оның кәсіби жарамдылығын көрсетеді.Ал,кез келген маманның біліктілік деңгейі қажетті нормативтік-құқықтық құжатпен,яғни,маманға қойылатын талаптар көрсетілген квалификациялық сипаттамада анықталады.
3. Адамға әсер ету-бұл педагогикалық және психологиялық процесс.Бұл процесті жүргізушілер –әлеуметтік педагог,әлеуметтік психологжәне әлеуметтік қызметкер.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби біліктілігі мазмұнына-педагогика мен психологияның негіздерін,жас ерекшелігі физиологиясын,тәрбие жұмысының әдістемесін білу жатады.
Қазіргі кезең жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама-қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы.тұлғаның отбасылық,азаматтық,құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отыратын кезең.Адам тұлғасына осылайша мақсатты түрде әсер ету –әлеуметтік тәрбие деп аталады.Ал,әлеуметтік педагогика тәрбие процесін ,тұлғаның әлеуметтенуін теориялық және қолданбалы тұрғыдан алып қарастырады.
Қазіргі заманғы әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі-лның ізгіліктік бағытында ,яғни,балаға деген бірыңғай талаптармен қатар тәрбиешімен бала арасындағы өзара құрмет,бірігіп қызмет ету ,шығармашылықпен бірге айналысу,достық қарым-қатынас және теңдік.Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні –қиын жағдайға душар болған адамдарға-отбасына ,баллаларға көмек көрсету;оларға өмірден өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерімен қабілет –ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет-баланың ,жасөспірімнің отбасында,мектепте,қоғамда,қалыпты қарым –қатынасқа түсуі үшін өзін өзі ұйымдастыра білу,психологиялық ұстамдылық,сабырлылық сақтай алуы үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.
Балаға шағын ұжым ішінде өзін-өзі көрсете білуі үшін де, өтірікке,нашақорлыққа,ата-аналар тарапынан болатын қатыгездікке қарсыф тұра білуі үшін де ересектердің жәрдемі керек.
Қазіргі заманғы әлеуметтік педагогика саласындағы маман-ғалымдардың(А.В.Мудрик,Б.З.Вульфов,Л.ВМардахаев,М.А.Галагузова,В.А.Сластенин,Ю.В.Василькова,В.Г.Бочарова,Қ.А.Жүкенова,В.Г.Баженов,Р.АДебагян,А.М.Қарабаева,Ә.Ж.Жұмабаев,В.П.Кривошеев,Г.А.Уманов,Л.В.Лысенко,В.В.Трифонов,Л.К.Керімов,Э.И.Шнибекова,И.Халитова,Н.Ахтаева және т.б.)ойынша,әлеуметтік педагог-бұл -,ең алдымен,тұлғаны,адам мен оның отбасын қамқорлыққа алатын мемлекеттік-қоғамдық қызметтер,ұйымдар мен мекемелер арасын байланыстырушы делдал.Сонымен бірге ол жеке,нақты адамның мүдделерін қорғаушы.Әлеуметтік педагогтың функцияларына –қиын жағдайға тап болған балаға,жасөспірімге қиын жағдайлардан шығу жолдарын меңзеп қана қоймай оған қиын кезде суйеніш бола білуі ,құқын қорғауы,жасөспірімнің іс-әрекетін өзін-өзі тәрбиелеуге ,өздігінен білім алуға,өз өмірін өз бетімен жоспарлай алуға ,жағымды жаққа қарай бұра білуге үйретуі,бағыттауы да жатады.Сондай-ақ әлеуметтік педагог бала проблемаларын жан –жақты шешуге құзырлы түрлі мамандардың күшін біріктірумен және олардың қызметіне координация жасаумен де айналсады.Әлеуметтік слада қызмет ететін педагог әлеуметтік тәрбиенің түрлі проблемаларын зерттеу істерінде ұйымдастырып,сонымен бірге әлеуметтік педагогтар ,ұжымдар мен түрлі педагогикалық орталықтардың жұмыстарына талдау жасауға да міндетті.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби шығармашылығына –оның анықтамасы мен құрылымы ,ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын анықтаға М.С.Каган,Б.М.Кедрова т.б. еңбектерінде біршама тыңғылықты көңіл бөлінген.Шығармашылықтың пихологиялық аспектілері Л.С.Выготский,А.НЛеонтьев ,С.М.Жақыпов,З.Б.Мадалиева,т.б. еңбектерінде зерттелген.В.И.Раченко,В.А.Кан-Калик,т.б. педагогикалық шығармашылық проблемаларының принциптерін айқындап берген.
Осы салада жазылған басқа да еңбектерді қарастырып,талдай отырып,әлеуметтік педагогтың шығармашылық қызметі төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады деп айта аламыз.
-Проблемалық педагогикалық міндеттерді вариативті түрде шеше білуі;
- Альтернативті педагогикалық ойлау қабілеті;
-Түрліше жағдайларда кездесетін педагогикалық технологияларды игеру,қолдану,және керек болған жағдайда оларды құрастыра білу шеберлігі;
-Креативтік бірлескен іс-әрекет барысында балаларды шығармашылыққа ынталандыра білу және олармен қоян-қолтық жұмыс жасй білу.
Әлеуметтік жұмыс жүйесі тарихи –қоғамдық бола тұра,сонымен бірге өте күрделі және ашық жүйелер қатарына жатады.Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметін қарастыра отырып,біз бұл қызметтің субъектісін-яғни,бала өмірінің әлеуметтік және жағдайлық қиыншылықтарын терең білетін ,оған дер кезінде көмекке келуге әзір,жалпытеориялық және арнаулы білімдер кешенін жете меңгерген,білікті де шебер кәсіби мамады бөліп қарастыруымыз қажет.Күнделікті өмірде белгілі бір кәсіптің иегері болу адамның ойлауына ,мінез-құлқына ,өмірге көзқарасына ықпал етеді.Бұл феноменді психологияда «кәсіби менталдылық»ұғымымен сипаттайды.Психологиялық еңбектерде менталдылық адамның белгілі бір кәсіп иелеріне тән және сонымен айқындалған терең,көбіне санадан тысжәне рефлекстенбеген тұлғалық ерекшеліктеі ретінде сипатталады.
Сонымен әлеуметтік педагог кәсіби қызметінің ең негізгі сферасы социумболып табылады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет сферасының мұндай кең диапазоны мамандық иесінің кәсіби-этикалық мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын жоғары педагогикалық мәдениетті талап етеді.
Педагогикалық мәдениет – адамзатқа ұрпақ ауысуы және тұлғаның әлеуметтенуі сияқты тарихи деректі қамтамасыз етуге қажетті адамдардың шығармашылық педагогикалық қызметінің құралы болып табылатын рухани және материалдық құндылықтары жинақталған жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.
Педагогикалық мәдениеттің ең басты құндылығы-бала және оның білім алуы,тәрбиесі,дамуы,әлеуметтік,құқықтық тұрғыдан қорғалуы болып табылады.
Жүйе ретіндегі педагогикалық мәдениеттің компоненттеріне:
-Педагогикалық позиция және педагогикалық ойлау мәдениеті;
-Кәсіби білім;
-Кәсіби шеберліктер және педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты;
-Тұлғаның өзіндік реттелуі және педагогиканың кәсіби мінез-құлық мәдениеті енгізіледі.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби мәдениетінің маңызды элементіне қоғамда коммуникацияның әлеуметтік дағдыларының көмегімен іске асырылатын құндылықтар мен проблемалар жиынтығы ретінде қабылданатын коммуникативтік мәдениет те енгізіледі.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби білімі көлеміне-педагогика және психологиямен қатар,баланың даму физиологиясы,тәрбие жұмысының әдістемесі сияқты міндетті пәндер кіреді.Бұл білімдер баланы ,оның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бақылап үйрену,қарым-қатынас ерекшеліктері мен өзге балалармен ұжымда сыйымдылығын анықтау үшін қажет.Әлеуметтік педагог баланың қызмет мен өзара бірлесе жұмыс істеуді ұйымдастыра алуы қажет.Ол үшін жұмыскер түрлі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс.Коммуникативтік шеберлікке,соныменбірге,кейбір әртістік әдіс-тәсілдер,шебер сөйлей алу,керегінше дауыс ырғағын өзгерте алу,мимикалық және ым – ишаралық қимыл белгілерді игеру;сұхбат кезінде маскүнеммен,нашақормен,қаңғыбаспен,жезөкшемен,немесе қиын жағдайға тап болған баламен ортақ тіл таба алатындай әңгіме желісін құра білу сияқты икемділіктер жатады.Жай тіл тауып қана қоймай иландыра және ықпал ету өте маңызды.
А.А.Аминов адамның әлеуметтік қызметке кәсіби тұрғыдан жарамдылығын зерттей отырып,тұлғаның басым сапалары ретінде әлеуметтік интелект пен әлеуметтік біліктіліті қарастырады.Автордың ұсынған басты гипотезасы-түрлі әлеуметтік контекетердегі тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде проблемалардың тиімді шешілуіне бағытталған ерекше ойлау жүйесінің жататындығы.Ойлаудың мұндай бағыттылығын автор әлеуметтік интелект деп атайды.
Автор әлеуметтік білітілік және әлеуметтік интеллект проблемаларын Дж.Тилфордтың интелектінің теориясы мен факторлық модельі және Г.Марлоудың әлеуметтік біліктіліктің теориясы мен факторлық моделі тұжырымдары негізінде қарастырған.
Ал,Т.Д.Шевеленкованың пікірінше,әлеуметтік жұмыскер тұлғасының басты мінездемесі –өз-өзіне деген жағымды көзқарастағы және өзін де,өзгелерді де позитивті тұрғыдан қабылдай алатын«Мен-бейне »сипаты.
Ғылыми зерттеулерде әлеуметтік педагогтың идеалды моделін жасауға деген талпыныстарда байқалады.Мысалы,Б.П.Битинас әлеуметтік педагогтың мынадай идеалды моделін ұсынады.Тұлға сапалары мінездемесінің бірінші тобына –жұмысқа тұратын тұлғаға тән ,бірақ оның кәсіби даярлығына тәуелсіз мінез-құлық ерекшеліктері жатқызылады.Екінші топ –кәсіби даярлық кезінде және уәсіби іс –әрекет барысында қалыптасқан кәсіби деңгейге тән сапалар.
Бірінші топта автор –гуманизм ,әлеуметтік белсенділік,қарым –қатынасқа оңай түсе алмаушылық қасиеттерін бөліп көрсетеді.Дамытылуға тиіс қасиеттерге автор тұлғаның кәсіби-педагогикалықбағыттылығын(педагогикалық қызметке деген қызығушылық,оның нәтижелеріне қанағат сезімдері,тәрбиеленушілерге олардың тұлғалық дамуында көмектеуге деген ұмтылыс талаптар)жатқызады.Таратып айтар болсақ,бұл-әлеуметтік педагог жүзеге асыратын ізгіліктік сипаттағы педагогикалық қарым-қатынастар,белгілі бір хобби,терең эрудиция және жалпы мәдени даярлық.
Қажетті мінез-құлық сапаларының үшінші тобында Б.П.Бинитас педагогтың ішкі және сырттай сабырлылығын,өзіне деген сенімділікті,жекетұлғалық қасиеттерінің бірқалыптылығы мен үйлесімділігін,кез келген қиын жағдайлардан жол таба білу қабілеттерін,балаларға деген сыйлы көзқараспен олардың қайталанбас ерекше тұлғалар екендігін түсіне білушілікті атап көрсетеді.
Сонымен,әлеуметтік педагогқа қажетті сапаларды былайша топтап көрсетуге болады.
-Гуманистік сапалар(қайрымдылық,альтуризм,әрдайым көмекке келуге дайындық т.б.)
-Психологиялық мінездемелер (психологиялық процестер жүруінің жоғары деңгейі ,көңіл-күйдің психикалық тұрақтылығы,эмоциялық және еріктік мінез-құлықтық ерекшеліктердің жоғары деңгейі );
-Психоаналитикалық сапалар(өзін –өзі бақылау ,өзіне сыни көзқарас ,өзін-өзі бағалау т.б.);
-Психологиялық –педагогикалық сапалар(коммуникативтік шеберлік,эмпатия,шешен тілділік,артистік дағдылар т.б.)
Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін анықтағаннан кейін әлеуметтік-педагогикалық қызметке кез келген адамның жарамды бола бермейтінін түсіну қиын емес.
Әлеуметтік педагогтың біліктілігі(компененттілігі)ұғымы оның әлеуметті-педагогикалық қызметті іске асырудағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігін ,оның кәсіби жарамдылығын көрсетеді.
Барлық зерттеулерге ортақ ой –өзінің кәсібифункцияларын иорындау үшін жан-жақты ғылыми білімімен ,ішкі мәдени байлығымен бірге әлеуметтік педагог әлеуметтіктұрғыдан белсенді болуы тиіс.Әлеуметтік белсенділік –бұл әрбір адамның жеке тұлғалық мінездемесімен,қоршаған өмірге қарым-қатынасымен және оны өзгертуге әрқашан даярлығымен сипатталатын инеграцияланған сапалар жүйесі.Нақ осы әлеуметтік позициясы оның өзіне,адамдарға,қоғам мен оның нормаларына ,ережелер мен талаптарына деген қарым-қатынастық жүйесін айқындайды.
Сонымен,зерттеулерді талдау-кәсіби қызметтің субъектісі ретіндегі әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық сапаларының айқындаушы критерииі ретінде тұлғаның осы кәсіп түріне сәйкес адамгершілік потенциалы ең маңызды қасиеті екендігін көрсетеді.

5 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет