Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет83/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
ПРАК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру семинар, ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Бірінші аспект – қоғам үшін тәуекел ететін балалар тобы. Олар өздері қоршаған ортаға және адамдарға қауіп әкеледі.
Екінші аспект–өздерін қауіп – қатерге итеріп, тәуекел жасайтын балалар тобы: толыққанды даму үшін қалыпты жағдайлардан, денсаулықтан, өмірден айырылу қаупі.
Балаларға тәуекелге бел бууға әкеліп тірейтін мына факторларды қарастыруға болады:

  • Медициналық – биологиялық (денсаулық күйі, психикалық және физикалық дамуының бұзылуы және т.б.)

  • Әлеуметтік – экономикалық (отбасындағы әлеуметтік және материалдық проблемалар, отбасындағы сәтсіз психологиялық климат, ата-ананың аморальді бейнесі, қоғамда өмір сүруге дағдыланбағандығынан және т.б.)

  • Педагогикалық (балаларды оқыту барысында олардың психофизикалық ерекшеліктері ескерілмеуі; білім алуға қызығушылықтарының жоқтығы, оқушы бейнесіне сәйкес келмеуі және т.б.)

  • Психологиялық (невротикалық реакциялар, эмоциялық тұрақсыздық, қарым-қатынас қиыншылықтары және т.б.)

Тәуекел топтағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың екі негізгі құраушысының бар екенін ескеру қажет: бала ортасынан осы категориядағы балаларды шығару және олармен жұмыс ұйымдастыру;
Балалармен топтық немесе жеке дара жұмыс жасау. Тәуекел топтарға балалармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жасауда, кешенді проблемаларды шешуде әртүрлі мамандардың қатысуы талап етіледі. Бірақ негізгі рөл әлеуметтік педагогқа берілген.
Әлеуметтік педагог жұмысының белгіленген құрамаларының әр қайсысы өзінің әлеуметтік-педагогикалық технологиясымен қамтамасыз етілуі керек, оларды сәйкесінше екі топқа: ұйымдастырушылық, әлеуметтік-педагогикалық технологиялар деп бөлуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет