Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс. ІV-ХІІ ғғ. Византия империясы



бет9/19
Дата08.11.2022
өлшемі161,7 Kb.
#157027
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Ортагасыр
Вирустар, 1Метод.реком.СРО СД в интенсивном уходе, 9 сынып БЖБ , 9 кл СОР 8
5 дәріс.
ІV-ХІІ ғғ. Византия империясы
1. Шығыс Рим (Виззантия) империясының құрылуы
2. Юстиниан билігі тұсындағы Византия және оның заңдары
3 Византия империясының күшеюі
5 Славяндардың шапқыншылығы
6. ІХ–ХІ ғғ. екінші жартысындағы Византия. Орталық өкімет және оның жергілікті ірі феодалдармен күресі. Арабтармен күрес.
7. ІХ–ХІ ғғ. Византия-орыс қатынастары. Ірі феодалдардың саяси ықпалының күшеюі.
8. ХІ ғ. аяқ кезіне қарай орталық өкіметтің әлсіреуі.


Шығыс Рим империясы (325-1453) - Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атады. Византия астанасы Константинополь қаласы болды, (Император Константин) император Юстиниан I заманда ірі қала болды. Византия, Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 жылы іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 жылы Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 жылы жүзеге асты. Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, тағыда басқа) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 жылы крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 жылы Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды. 14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 жылы жиырма тоғызыншы мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді. Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді.
Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне ауысты. арабтардың жорығынан кейін қол астында тек Грекия жерлері мен Анадолы түбегі қалды.
Византия империясының күшейген кезі Юстиниан (527-565) билік құрған кез болды. Өте білімді, еңбеккор, батыл, қатал әрі бірбеткей бұл адам Рим империясын қалпына келтіру үшін күресті. Бірнеше соғыстар нәтижесінде Юстиниан Италияны, Солтүстік Африканы, Испанияның оңтүстік-батысын өз империясына қосып алды. Оның билігі кезінде империя славяндар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. Сасанилік Иранмен қырғын соғыс жүргізді. Юстиниан билік кұрған кезде христиан діні үстемдік жағдайға ие болып қана койған жоқ, ол бірден-бір мемлекеттік дін деп жарияланды. Христиан шіркеуі императорлардың одақтасына, мемлекеттің тірегіне айналды. Империя ынтымағын нығайтқан дін бірлігінің нышаны ретінде Юстиниан 532-537 жылдары Константинопольде Әулие София храмын салғызды.
VI ғасырдың аяғынан бастап Византия шіркеуінің ең жоғарғы басшысы Константинополь патриархы болды. Императорлар шіркеулерге жер бөліп беріп отырды, оларды салықтан босатты.
Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі – Византия халықтарының бәріне бірдей ортақ әрі міндетті заңдар мен құқықтар негізінде өмір сүруі болды. Юстиниан билігі кезінде жазылған «Азаматтық құқықтар жинағы» - византиялық заң шығарушылық ой-пікірдің жетістігі. Ол зандар императордың шексіз билігін, құл иеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді. Сондай-ақ жеке меншікті корғау, мұрагерлікті реттеу, отбасы құқын сақтау, сауда-саттықты дамыту жолдары тұжырымдалды. Юстиниан заңдары император билігін, Империяны басқаруды нығайтты, экономиканың дамуына үлес қосты.
VIII-IX ғасырларда Византияны иконға қарсы күрес әлсіретті. Ол күрес халық бұқарасының шіркеу байлығына, дінбасыларының бұзылғандығына қарсы наразылығын білдірді. 843 жылы иконға табынушылық кайта қалпына келтірілді. Сөйтіп, иконға қарсы күрес нәтижесіз аяқталды.
VII ғасырдың аяғында Византия васислевстерінің қолында Юстиниан тұсындағы державаның үштен бірі ғана қалды. Осы кезде Византия құл иеленуші империядан феодалдық мемлекетке айнала бастады. Империядағы феодалдық қатынастар Х-ХІІ ғасырларда түпкілікті орнады.
443 және 447-448 жылдары Аттила (Еділ) басқарған ғұндар Византияға жорық жасап, оны салық төлеп тұруға мәжбүр еткен еді. V ғасырдың аяғынан бастап Шығыс Рим империясына солтүстіктен славян тайпалары қауіп төндірді. Олар Дунайдан өтіп, тіпті Константинопольге дейін жорықтар жасап отырды. VI ғасырдың аяғына қарай славян тайпалары Византия жеріне басып кіріп, Фракияда, Македонияда орнығып алды. VII ғасырдың 70-жылдарында Византияның солтүстік-шығысында алғашқы Славян мемлекеті - Болгария патшалығы құрылды.
Византияға славяндардың келіп орналасуы феодалдық катынастарға өтуге алып келді. Византия империясының негізгі тұрғындарын ерікті шаруа қауымдары құрады.
VIII ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы - орыстардың шапқыншылығы басталды. Олар қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Византия елдеріне шабуыл жасап тұрды. 860 жылы орыстар Константинополь қаласына дейін келді. Византиямен келісім жасап, кері қайтты. 907 жылы орыстар тағы да астана маңындағы елді мекендерді тонап кетті. 941 жылы Константинополь түбінде орыстар «грек отының» көмегімен талқандалды. 971 жылы византиялықтар орыстарды Болгариядан қуып шығарды. 988 жылы Киев Русі Византиядан христиан дінін қабылдады. Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында достық қатынастар басталды.
«Грек отын» қолдану (XIII ғ. миниатюра). Жау кемесін жоятын жанғыш қосынды арнаулы түтіктермен шашылды. Ең алғаш рет Византия-Араб соғысы кезінде византия флотында қолданылды.(Biblioteca Nacional de España, Мадрид).
VII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауіп төндірді. арабтар Византиядан оның ең бай жерлерін - Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны, Египетті тартып алды. Араб әскерлері Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны басып ала алмады. арабтардың Византия жерін оңай басып алуына негізінен аймақтардағы халықтардың жоғары алым-салыққа наразылығы себеп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде карсы алып отырды.
VII ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды. Сыртқы шапқыншылықтар салдарынан империя аумағы үш есе кеміді. Тек VIII ғасырдың ортасында ғана Византия арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып кірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет