Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


Эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі



бет5/19
Дата08.11.2022
өлшемі161,7 Kb.
#157027
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ортагасыр
Вирустар, 1Метод.реком.СРО СД в интенсивном уходе, 9 сынып БЖБ , 9 кл СОР 8
Эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:
1. Ерте феодалдық кезең «Алғашқы орта ғасырлар» -V-XI ғғ. Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси бытыраңқылыққа ұшырады.
2. Дамыған феодализм дәуірі – феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі XI ғ. ортасынан – XVғ. соңына дейін. Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі-өкілді монархиялар өмір сүрді.
3. Кейінгі орта ғасырлар – XV соңы мен - XVII ғ. басы. Феодалдық қоғам әлсіреп, абсолютті монархиялық билік орнады.
XII-XIV ғасырдың басында көптеген Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Сословие» дегеніміз – әлеуметтік топтар, яғни шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлер (шенеуніктер), қала халқы. «Монархия» грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халықтың қолдауына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін (салық салу, жаңа заңдар шығару) әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып кабылдайтын. Бірте-бірте мұндай өкілетті биліктің түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы «бас штаттар» деп, Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.


2 дәріс.
Халықтардың Ұлы қоныс аудару қозғалысы.
Батыс Рим империясының құлауы және мемлекттердің құрылуы

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы қозғалысының басталуы. Ғұндардың батысқа жылжуы.


2. Варварлық герман тайпаларының Рим империясы территориясына баса көктеп кіруі.
3. Корольдіктердің құрылуы.

1. Батыс ғұн империясы — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс Ғұн империясының негізі алғаш б.з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды. Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов теңізі өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 жылы Қара теңіз жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. Батыс Ғұндың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 жылы ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мұңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 жылы ғұндар Рейн өзенінің бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солтүстік Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал теңізі маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 жылы Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Батыс Ғұн империясы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды.


«Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болған ғұндар қозғалысы еді. Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар көшпелі мал өсірушілер болды. Рулық-тайпалық құрылыс жағдайында өмір сүрді. Жер бүкіл тайпа иелігінде болды. Ғұндар бір мәселені шешу үшін көпшілік кеңесіне жиналып отырған, соғыс жағдайында әскери көсемдерді сайлаған. Аммиан Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетін: «Өздеріне қауіп төнсе соғысуға шақырады. Соғысқан кезде жауын шеңберлей құрсауға алып, қатты ашулы дауыстар шығарады. Жеңіл және айлакер олар қасақана бытырап кетіп, майдан шебін бұзбаған күйі жауларын оп-оңай қынадай қырады. Олардың жау бекінісін қалай алғанын бақылау мүмкін емес, олар қас-қағым сәтте-ақ дүниенің астан-кестеңін шығарады», – деп баяндайды.
Әскери өнері жағынан олар – нағыз жауынгер халық. Соғысты алыстан ататын ұшы өткір жебе мен мықты садақ арқылы жүргізеді. Қоян-қолтық шайқаста ешкім олар сияқты қылышпен шебер соғыса алмайды. Жауының қашып құтылуына мүмкіндік бермес үшін арқан мен тұзақ алып жүреді. Ғұндар туралы мәліметтерді гот тарихшысы Иорданнан да кездестіруге болады. Дегенмен Рим тарихшыларының барлығы ғұндарға басып алушы жау ретінде қарағандықтан, олардың жазбаларындағы мәліметтердің басым көпшілігі субъективті, белгілі бір мақсатқа бағындырылған болып келеді. А. Марцеллиндегі, Иордандағы, тағы да басқа Рим тарихшыларының жазбаларындағы ғұндардың сыртқы пішіні, тұрмыс-салт кәсібі туралы жаңсақ, жек көрушіліктен туған пікірлерді осы тұрғыда түсіндіруге болады. Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з-дағы 93 жылы басталды. Қоныс аудару кезінде кейбір тайпалар ғұндармен одақтасып біріксе, кейбірі ығыстырыла бастады. Өз кезегінде ғұндардың қысымы Орталық Қазақстандағы, Сырдарияның солтүстігіндегі, сондай-ақ Арал теңізі мен Каспий аймағындағы тайпаларды қозғалысқа түсірді. Бұл үрдіс толқын секілді үздіксіз жүріп, б.з.-дағы ІІ-V ғасыр аралығында 300 жылдан астам уақытқа созылды. Ғұндар б.з.-дың ІV ғасырында Еуропаға дейін жетіп, Шығыс Рим империясына шабуыл жасайды. Ғұндардан бірінші болып соққыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген – аландар (осетиндер) еді. Б.з.-дағы V ғасырдың басында ғұндардың билеушісі Ругила Дунай жерін басып алып қазіргі Венгрия жерінде – «Батыс ғұн империясын» құрады. Ғұндардың осы аймақ тұрғындары құрамына енуіне байланысты Шығыс Еуропада түркі тайпалары түпкілікті орналаса бастады.
Ғұндардың Еуропа тарихында терең із қалдыруы даңқты қолбасшы Еділ (Аттила) патшаның есімімен тығыз байланысты. Б.з.-дағы 433 жылы ғұн патшасы Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі оның немересі Еділдің қолына көшеді. Еділ патшаның есімі бұлайша кездейсоқ аталмаған. Қазақтың эпикалық «Алаңқай батыр» дастанында оның Еділ өзенінің жағасында туылғанын, сондықтан есімі осылай аталғаны жөнінде айтылады. Ол Еуропада тұрақтап қалған ғұн билеушісінің баласы болғандықтан жас кезінен Римде оқып, білім алған. Кейін оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бургундия билеушілері оған балаларын оқытуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған. Б.з.-дағы V ғасырда Аттила 100 мың әскермен Батыс Рим империясына қарсы шайқасқа шығады. Бұл шайқас б.з.-дағы 451 жылы Галлиядағы Орлеан қаласының түбінде ғұндар мен римдіктердің арасында бір тәуліктен астам уақытқа созылған атақты Каталаун шайқасы еді. Шайқас нәтижесінде ғұндар римдіктерді ойсырата жеңеді. Алайда, Аттила әділдік танытып, өз әскерлерінің дүние жүзі мәдениетінің астанасы – Рим қаласын басып алып, тонауларына жол берген жоқ. Кейін ғұндар Еуропадан кете салысымен герман тайпалары ежелгі өркениетті әбден жойып жібергенше тынбай Римді бірнеше рет тонаған. 1911 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Әскери энциклопедияның» 250-бетінде: «Герман тайпаларының билігінен аман қалған Еуропа Аттилаға қарыздар» деп жазылған. Аттиланың тұсында Батыс ғұн империясы бүкіл Еуропаны Рим үстемдігінен азат етіп, құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті. Б.з.-дағы 453 жылы Аттила жұмбақ жағдайда қайтыс болғаннан кейін, Батыс ғұн империясы ыдырап кетеді.
Рим империясында құлдар еңбегіне негізделген ірі жер иеленушілік үстем болған еді. Құлиеленушілік шаруашылыққа негізделген рим империясының гүденген кезі б.д.б. I ғасыр мен б.з. I ғасыры еді.
Біздің заманымыздың II ғасырының аяғына қарай Рим қоғамында дағдарыс басталды. Рим қоғамының барлық салаларын қамтыған құлиеленушілік қатынастардың дағдарысқа ұшырауы, әсіресе империяның батыс провинцияларында ерекше байқалды.
Дағдарыстың негізгі себептері:
1. Құлдардың еңбекке деген көзқарасы. Олардың еңбек өнімділігін арттыруға ынтасының жоқтығы.
2. Шаруашылық құралдарының, техниканың төменгі дәрежеде болуы.
3. Құлдар соғыстардың нәтижесінде қолға түсетін еді. Ал соғыстар шаруашылықтың дамуына кері әсер етіп, халықтың кедейшілікке ұшырауына әкелетін еді.
4. Құлиеленушілік жүйе шаруаларды қайыршылыққа ұшыратты. Ол жағдай Римнің әскери күшінің әлсіреуіне әкелді, себебі әскер қатарын шаруалардан толықтырып отыратын еді.
5. Рим империясының шекарасына орналасқан варварлық королдіктердің империяға шабуылдарының күшеюі.
Рим империясымен, Италияның солтүстігіне қарай б.з. бірінші жүз жылдықтарында көптеген варварлық тайпалар мекендеген еді.
Олар үлкен үш топқп бөлінді.
1. Кельттер
2. Германдықтар
3. Славяндар
Б.з.д. VI-III ғасырларда олар қазіргі Германияның батысын және Францияны (галлдер), Испанияны (кельтоиберлер), Ирландияны («ирлер, скоттар), Англияны (бриттер), Швейцарияны (гельветтер), Солтүстік Италияда (Цизальпілік Галлия).
Б.з.д. III ғасырларында Галлатин деген өздерінің мемлекетін де құрған екен.
Қазіргі кейбір жер-су аттары солардан қалған: Рейн, Дунай өзендері, Альпі таулары және кейбір халықтар аты – британдықтар (бриттер), германдықтар (германдар) т.б.
Галлдер 2-ге бөлінеді.
1. Цизальпілік галлдер
2. Трансальпілік галлдер
Сонымен кельттер ортағасырлық Еуропаның қалыптасуына өз іздерін қалдырды.
Германдықтар туралы римдіктердің еңбектерінен білеміз:
- Юлий Цезарь «Записки о Галльской войне» (б.з.д. 50 жылдар аяқталған)
- Рим тарихшысы Тацит этнографиялық очерк «Германия» толық атауы «Опроисхождени и местжительстве германцев» (б.з.д. 100 жылдар). Сонымен қатар Плиний, Плутарх және басқа да антикалық авторлар жазған.
Германдықтар батыста Рейн өзенімен және Висла өзенімен, солтүстікте Солтүстік және Балтық теңізімен, оңтүстікте Альпі мен Дунай, сонымен қатар Скандинавия жерлерін алып жатқан.
2. Варварлық герман тайпаларының Рим империясы территориясына баса көктеп кіруі.
Каталаун жеріндегі жеңіс римдіктердің соңғы жеңісі болды. 454 ІІІ Валентинианның бұйрығымен Аэцийді өлтіреді. 455 жылы Аэцийдің әкери қолбасышысы свевтік Рикимердің қолынан император қайтыс болады. 21 жылдың ішінде 9 билеуші ауысты. Соның себебінен империяда дағдарыс және шекараның тарылуына алып келеді. 476 жылы германдар қоыстану үшін жер сурайды, бірақ олардың талаптарын орындаудан бас тартады. Герман жалдамалыларының басшысы скир тайпасынан шыққан Одоакр батысримдік император Ромул Августулды тақтан тайдырып, өзі Италия әскрінің конунгі юолып тағайындалады. Осылайша Батыс Рим империясының өмір сүруі тоқтатылады.
3. Корольдіктердің құрылуы.
V ғасырдың соңында Батыс Рим империясының орнына бірнеше варвар мемлекеттері құрылды: Вандал, Вестгот, Свев, Бургунд, Франк және Италиядағы Одоакрдың мемлекеті. Солардың ішінде өміршеңі Франк мемлекеті болды.
1. Вестготтар королдығы - 419ж. (Оңтүстік батыс Галлияда). Орталығы Тулуза қаласы.
2. Вандалдар королдығы - 439ж. (Солтүстік Африкада). Астанасын ежелгі Карфаген қаласының орны.
3. Бургундтар королдығы – 443ж. (Оңтүстік шығыс Галлияда). Астанасы Вормс қаласы.
4. Одоакра королдығы - 476ж. орталығы Рим.
5. Остготтар королдығы – 493ж. (Италияда). Астанасы Равенна қаласы.
6. Лангобардтар королдығы – 568ж. (Солтүстік Италияда).
7. Франктер королдығы – 481ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет