Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет7/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Көміртегі айналымы. Жер биосферасында көміртегінің айналымға түсетін формасы ол СО2 – көміртегінің диоксиді. Оның ең алғашқы көзі табиғи: вулкандардың атқылауы, орман және дала өрттері, жасанды: органикалық отындар жағу, өндіріс орындары, автокөліктердің шығарындылары. СО2 миграциясы 2 жолмен жүреді. Бірінші атмосферадағы СО2 фотосинтез процесінде өсімдіктермен жұтылып, органикалық затқа айналып, одан литосфераға көміліп, торфқа, көмірге, жанғыш сланецқа, шашыранды органикалық шөгіндіге айналуы.
Екінші жолы су қоймаларында СО2 карбонатқа айналады (Н2СО3, НСО3-, СО32-), Сосын судағы еріген кальций көмегімен карбонат (СаСО3) биогенді және абиогенді жолмен шөгеді. Әктастың қалың қабаты түзіледі. (2-сурет)



Сурет 2 - Көміртегі айналым схемасы.




Күкірт айналымы. Күкірт тірі заттың негізгі құраушы элементі боп табылады. Оның көп бөлігі тірі затта органикалық қосылыс түрінде болады. Ол өте активті химиялық элемент, биосферада әртүрлі валенттілікте миграция жасайды, ортаның тотығу-тотықсыздану жағдайына байланысты. Жер қыртысында күкірттің орташа мөлшері 0,047%. Табиғатта бұл элемент 420 минералды қалыптастырады. Топырақта күкірт сульфаттар формасында, мұнайда органикалық қосылыс түрінде болады. Үгілу, мүжілу процесінде күкірт иондары су арқылы әлемдік мұхитқа тасымалданады.Оның иондары хлордан кейінгі екінші орынды алады. Оны су организмдері сіңіреді, моллюскалар. Судың анаэробты жағдайында сульфат-редуценттеуші бактериялар көбейіп, оны күкіртсутекті қалыпқа келтіреді. Ал басқа бактериялар оны таза күкіртке дейін ыдыратады, олар өлгеннен кейін су түбіне шөгеді. Құрлықта өсімдіктер өлгеннен кейін, күкірт топыраққа еніп, микроорганизмдерге сіңеді. Олар оны органикалық күкіртке айналдырып (Н2S), минералдайды. Басқа бактериялар оны тотықтырып, сульфатқа дейін ыдыратады. Олар қайтадан өсімдік тамырына сіңіп, айналым ары қарай жалғасады.

Сурет 3 – Күкірт айналымы схемасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет