Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет1/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.



ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ


1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Қарастырылатын сұрақтар: Пәннің мақсаттары мен міндетттері. Зерттеу объектісі. Негізгі әдістері. Қоршаған ортаның негізгі компоненттері
«Қоршаған орта туралы ілім» пәні физикалық географиямен тығыз байланысты. Себебі географиялық қабық дегеніміз литосфераның, атмосфераның, гидросфераның және биосфераның өзара жанасатын, бір-біріне ауысатын және өзара әсер ететін күрделі кешен. Пәннің негізгі мақсаты - сонда литосферадағы, атмосферадағы, биосфера мен гидросферадағы болатын процестерді, өзара айналымдарын, өзара қарым-қатынастарын зерттейді.
Зерттеу обьектісі:
1) Жер планетасы;
2) географиялық қабық.
Сонымен, Жер обьектісінен географиялық қабықты бөліп қарастыра отырып, географиялық қабықтың құрылымдық бөліктерін, қасиеттерін зерттейтін пән.
Географиялық қабықтың қалыптасуы мен дамуы Жердің ішкі және космостық факторларға тікелей байланысты. Географиялық қабықтың қасиеті, оны құрайтын табиғат компоненттерінің әртүрлі болуымен анықталады. Сонымен бірге географиялық қабыққа оның кеңістіктегі құрылымының әркелкі болуы сәйкес келеді. Құрлықтың беті үшін ірі және кіші геогафиялық бөліктер, яғни географиялық ел, облыс, ландшафт, мекен-алқап т.с.с. Қазіргі уақытта Әлемдік Мұхитта су массаларының жекелеген белгілерінің жиынтығына қарай ерекшеленетін табиғи кешендер бөлінуде. Сонымен, Жер бірнеше қабықтан тұрады: қатты - литосфера, сұйық - гидросфера, газ тәрізді - атмосфера, тіршілік қабығы - биосфера. Олар бір-біріне өзара әсер етеді, сондықтан географиялық немесе ландшафттық жердің қабығы - бұл күрделі құрылысы бар қабық болып табылады. Географиялық қабықты әртүрлі аспектілерде оқуға болады: біртұтас кешен ретінде; жеке компонеттері бойынша; құрылымдық бөліктері бойынша - белдеулер мен зоналар бойынша.
«Қоршаған орта туралы ілім» пәні өзінің зерттеулерінде әртүрлі әдістерді қолданады. Ең маңыздысы - экспедициялық, стационарлық, салыстырмалы-сипаттау, математикалық, картографиялық әдістері. Қосарланған ғылымдар әдістерінен бұл пән үшін геофизикалық, геохимиялық т.б.жатады. Экспедициялық әдіс далалық географиялық зерттеулер үшін қолданылады, яғни табиғатты кешенді оқып-зерттеуде. Бұл әдісті нақты территорияда жүргізсек, баяу өзгеретін табиғи құбылыстар мен обьектілерді (тау жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғысы) зерттеуге мүмкіндік береді. Арнайы экспедициялық зерттеулер кезінде стационарлық әдіс қолданады. Уақыт бойынша тез өзгеретін процестерді зерттеу үшін қолданады. Арнайы приборлар арқылы станцияларда атмосферадағы, гидросферадағы және топырақтағы құбылыстардың өзгеруін бақылайды. Көптеген елдерде метеорологиялық, гидрологиялық станция торлары, арнайы жер сілкінуін, мұздықтардың қозғалуын, қар көшкіні қозғалысын бақылауға алатын арнайы станциялар бар. Қазіргі кездегі экспедицияларда карталар, аэрофотосуреттер, космостық суреттер кеңінен қолданылады.
Салыстырмалы-сипаттау әдісі кеңінен тараған әдіс болып табылады. Әртүрлі аудандардың табиғи ерекшеліктерін салыстыру кезінде неғұрлым сипатты белгілер алуға болады (мыс. Л.С.Берг ТМД-ның географиялық зоналарын сипаттауда көп қолданды). Математикалық әдістер біріншіден атмосферадағы құбылыстарды, екіншіден гидросферадағы табиғи құбылыстарды санды түрде сипаттау үшін қолданылады (мыс.: метеорологиялық элементтердің тәуліктік және жылдық өзгеруін, су тепе-теңдігін, химиялық элементтердің орын ауыстыруын, өсімдік ресурсының қорын т.б.).
Статистикалық әдісті атмосфералық қысымды, ауа температурасын, су тұздылығын, биомасса өнімін т.б. есептегенде қолданады. Бұл әдісті қолдану барысында орталық мәндер есептелінеді. Картографиялық әдісте кеңінен таралған. Кез-келген құбылыстың моделі ретінде географиялық карта пайдаланылады (мысалы: жер бедерінің өзгеруін, теңіз бен өзен-көлдердің жағалауларындағы процестерді т.б. анықтауға болады). Геофизикалық әдістер - табиғи процестердің физикасын оқып-білуде қолданатын, оның ішінде жер қыртысы мен атмосфераның құрылысын зерттеу үшін арналған әдістердің жиынтығы. Геохимиялық әдістерді географиялық қабықтағы химиялық элементтердің алмасуын зерттегенде қолданады (В.И. Вернадский, А.Е. Ферсман, Б.В. Полынов, Л.И. Перельман кеңінен қолданған).
Аэрокосмостық зерттеу әдістері жер бетінің аэрофотосуреттерін қолдану барысында жүреді. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу әдісі арқылы территорияның геологиялық құрылысының ерекшелігі, жер бедері, гидрографиялық тордың құрылысы т.б.зерттеледі (мыс.:тақырыптық карта жасауда, батпақтану процесінің картасы жасалады).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет