Дәрістер тезистері



бет15/16
Дата03.01.2022
өлшемі202,25 Kb.
#108713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5.ДӘРІСТЕР
131753, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2), Хазірет Айша
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Көпжақтар:

A) призма;

B) цилиндр;

C) пирамида;

D) конус;

E) тетраэдр.

2. Дұрыс көпжақтар:

A) икосаэдр, куб,тетраэдр;

B) эллипс,парабола, гипербола;

C) призма, пирамида;

D) квадрат,ромб,паралелограмм;

E) октаэдр, додекаэдр.

3. Векторлық әдіс-математиканың:

A) дедукциялық әдісі;

B) индукциялық әдісі;

C) дербес әдісі;

D) алгоритмдік әдісі;

E) жалпы әдісі.

4. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі -

A) «Планиметрия»;

B) «Стереометрия»;

C) «Арифметика»;

D) «Аксонометрия»;

E) «Тригонометрия».

5. Пифагордың жалпыланған теоремасы -:

A) синустар теоремасы;

B) косинустар теоремасы;

C) тангенстер теоремасы;

D) Евклид теоремасы;

E) Гаусс теоремасы.


1

№15 дәріс

Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде

Қарастырылатын мәселелер.

1. Әдістемелік-математикалық ғылымның объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері.

2. Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру.

3.«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқып-үйрену барысындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.

4. Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау әдістемелік мәселені бақылаудың нәтижесі ретінде.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Математиканы оқыту әдістемесін ғылым ретінде қарастырғанда ең алдымен, ол шешетіндей әдістемелік мәселелерді, оның зерттеу нысаны мен пәнін анықтау қажет болады. Математиканы оқыту әдістемесі бір жағынан, математиканы оқытудың қоғамның әлеуметтік сұранысы анықтайтындай мақсат-міндеттеріне сәйкес, математикалық білімнің мазмұнын іріктеп алу мен реттеудің, екінші жағынан, оқушыларға осы мазмұнды меңгертумен байланысты математиканы оқытудың құралдарының, әдістері мен заманауи технологияларының, сондай-ақ математика пәні мұғалімі мен оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың формаларының ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттейді.

Математиканы оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым ретіндегі зерттеу нысаны: математиканы оқыту үдерісі. Мұнда мына сияқты бес негізгі құраушыны - математиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың формаларын бөліп көрсетуге болады. Бұлар өзара тығыз байланыс пен табиғи бірліктегі әдістемелік жүйе ретінде зерттеуге алынады.

Математиканы оқытудың осы әдістемелік жүйесінің әрқайсысы, сондай-ақ олардың арасында орын алатын байланыстар мен қатынастар әдістемелік – математикалық ғылымның зерттеу пәні бола алады.

Әдістемелік – математикалық мәселелер педагогикалық зерттеу әдістері арқылы шешіледі. Педагогикалық зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, сауалнама, мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, табиғи және лабораториялық эксперименттер жатады. Сол сияқты әралуан психологиялық әдістемелер мен тесттер математиканы оқытудың әртүрлі тәсілдерінің математикалық білім, білік, дағды және құзыреттіліктерді игеруге, балалардың жалпылама дамуына тигізетін әсерін анықтауғаықпал етеді. Осылардың барлығы математиканы оқыту үдерісінің белгілі бір заңдылықтарын тағайындауға мүмкіндік береді.

Қандай да болмасын әдістемелік -математикалық зерттеудің мақсаты оқыту үдерісінде орын алатын белгілі бір өзгерістерді анықтау және оларға талдаулар жасау, осы өзгерістердің мәнділігін бағалау және олардың орын алу себептерін айқындау болып табылады.

Жалпы алғанда, әдістемелік - математикалық зерттеудің төмендегідей негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1. Зерттеу жұмысының негізгі ұғымдарына (зерттеудің нысанына, пәніне, мақсаты мен міндеттеріне) сипаттама беру. Зерттеудің бұл кезеңінде теориялық ізденіс әдістері пайдаланылады, мұнда зерттеуші зерттеу жұмысының ерекшеліктері мен өзінің мүмкіндіктерін ескереді.

2. Қойылып отырған мәселенің мектеп тәжірибесіндегі шешілу жағдайына талдау жасау.

3. Зерттеу болжамын нақтылау.

4. Зерттеу болжамының сенімділігін тексеру.

5. Зерттеу нәтижелерін жалпылау және қорытындылау.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түрлері: курстық және дипломдық жұмыстар.

Дипломдық жұмыс студенттің математиканы оқыту әдістемесінің белгілі бір мәселесі бойынша өздігінен орындайтын зерттеу жұмысы болып табылады. Диплом жұмысының құрылымы – жұмыста көрініс табатын мәселелерді қамтитын тараулар мен тақырыптардың белгілі бір рет-тәртіппен орналастырылған жүйесі. Ол негізінен алғанда, мына сияқты элементтерден тұрады:

1. Титул беті – жұмыстың алғашқы беті.

2. Мазмұны – жұмыстың тараулары мен тақырыптарының атаулары келтіріледі және олардың әрқайсысы басталатын беттер көрсетіледі.

3. Кіріспе, мұнда келесі ретпен зерттеу жұмысының әдіснамалық аппараты келтіріледі:

- зерттеу тақырыбының өзектілігі(мұнда қойылып отырған мәселенің бүгінгі күн талаптары тұрғысынан алғандағы көкейкестілігі дәлелденіп, осының негізінде орын алып отырған қарама-қайшылық анықталады).

- зерттеу нысаны.

- зерттеу пәні.

- зерттеудің мақсаты.

- зерттеудің міндеттері.

- зерттеудің әдіснамалық негіздері.

- зерттеудің ғылыми және практикалық жаңалығы.

- зерттеудің әдістері.

- диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің қысқаша сипаттамасы.

4. Диплом жұмысының негізгі бөлігі (олі әдетте, әрқайсысы тармақшаларға бөлінетін екі немесе одан көп тараулардан тұрады).

5. Қорытынды.

6. Пайдаланылған әдебиет тізімі.

7. Қосымшалар.

Бүгінгі студент-болашақ математика пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігін жетілдіре түсуге және әдістемелік зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды саланың бірі - педагогикалық практика. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді.

Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттердің оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты болашақтағы кәсіби қызметіне қажетті әдістемелік біліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыру.

Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің, психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие болады:

- педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады;

- мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді;

-ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді;

- мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және ата-аналармен белсене жұмыс істейді;

- мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды.

Студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда педагогикалық практиканың алатын орны зор, мұнда студентер: а) университетте алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинайды, мектепте эксперименттік жұмыстар жүргізеді.

Қазіргі күні сабақты талдаудың психология-педагогика ғылымдары ұсынатын әр түрлі негізде құрылған бірнеше схемалары бар. Сабақты талдау схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білім сапасының қазіргі өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет