Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты


«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»



бет65/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
беиорга

«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША

КОЛЛОКВИУМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ
КОЛЛОКВИУМ №1. Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. – 5 апта.

Атом құрылысы.

Атом күрделі екендігі жайындағы экспериментальдық негіздемелер. Электронның ашылуы. Радиоактивтілік. Сәулелер және олардың сипаттары. Атомның Томсон ұсынған моделі. Бөлшектердің сейілуі бойынша жүргізілген Резерфордтың тәжірибелері. Атом планетарлық моделі, оның жетістіктері және кемшіліктері. Ядролық реакциялар және химиялық элементтердің өзгеруі.

Сәуле шығуының корпускулярлық-толқындық дуализмі. Планк теңдеуі. Атомдардың спектрлері. Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының спектрі. Сутегі атомының Бор бойынша теориясының қайшылықтары. Бөлшектердің корпускулярлық-толқындық дуализмі. Де-Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандық ұстанымы. Стационарлық күй үшін Шредингердің толқындық теңдеуі туралы ұғым. Сутегі атомының кванттық-механикалық моделі. Кванттық сандар электронның атомдағы күйін анықтайтын параметр ретінде. Бас, орбиталь, магниттік, кванттық сандар. Кванттық сандардың физикалық мәні. Спиндік кванттық сан. Электрондық бұлт жөнінде ұғым. Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: энергияның ең төмендігі, Паули ұстанымы, Гунд ережесі. Атом орбитальдарының толу реті. Клечковский ережесі. Электрондық формулалар. Ядро протондар мен нейтрондардың динамикалық жүйесі. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Атомдар радиусы, иондану энергиясы қасиеттерінің периодтық өзгеруі. Электронға жақындық. Электртерістілік. Салыстырмалы электртерісітілік.

Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Д.И. Менделеевтің өмірі және ғылыми -педагогикалық жұмыстары. Химиялық элементтерді жіктеудің алғашқы адымдары. Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы. Элементтердің табиғи жүйесін құрудың ұстанымы. Д.И. Менделеевтің теориялық болжамдарының іс жүзінде расталуы. Периодтық заңның ашылуының ғылымның дамуындағы маңызы. Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтық жүйе элементтердің табиғи жүйесі. Периодтық жүйенің ұзын және қысқа түрі. Периодтар, топтар, топшалар. Периодтық жүйедегі элементтердің орны мен олардың атомдарының электрондық құрылысы мен байланысы. S, p, d, f элементтер. Элементтердің химиялық қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орнымен байланысы. Элементтер қасиеттерінің периодты және периодты емес өзгеруі. Атомдардың радиустарының, иондану энергияларының, электронға жақындығының және электртерістіліктерінің олардың ядро зарядтарының өсуі бойынша өзгеруі. Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың электрондық конфигурациясының периодты өзгеруінің белгісі. Периодтық заңның ашылуының ғылымның дамуындағы маңызы.



Химиялық байланыс.

Химиялық байланыстың мәні туралы көзқарастың эволюциясының қысқаша очеркі. Химиялық байланыстың негізгі типтері: коваленттік және иондық. Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың қазіргі кездегі теориялары жөнінде ұғым. ВБ және МО әдістері. Химиялық байланыстың негізгі сипаттары: энергиясы, ұзындығы, бағыты. Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасуы) және донорлық-акцепторлық. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығуы, бағыты, поляризациялануы. Сигма және пи байланыстар. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі. Гибридтену типтері және молекуланың геометриясы. Байланыстың полюстігі және молекланың полюстігі. Дипольдық момент. Валенттік туралы қазіргі кездегі көзқарас. Атомдардың коваленттілігі. Атомдардың валенттік мүмкіндіктері. Ковалентті байланысы бар қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесі. Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ). Әдістің физикалық идеясы: электрон тығыздығының барлық ядролар арасында делокализациялануы. АОСК әдісі. Байланыстырушы және босаңдатушы МО. Ішкі және молекулааралық сутегіндік байланыс. Сутегіндік байланыстың биологиялық үрдістердегі маңызы. Молекулалық орбитальдардың толу ұстанымы. Молекулалардың энергетикалық диаграммасы және электрондық формулалары. Иондық байланыс. Молекулалардағы және қатты деңелердегі катиондар мен аниондар. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытсыздығы. Кристалл торларының типтері: атомдық, молекулалық, иондық. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипаты мен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет