Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты



бет67/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
беиорга

КОЛЛОКВИУМ № 3. Ерітінділер. Электролиттік диссоциация теориясы. Тотығу-тотықсыздану реакциялар. Электродтық процестер.Электролиз. – 14 апта.

Ерітінділер.

Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты және олардың жіктелуі. Жүзгіндер (суспензиялар, эмульсиялар), коллоидтық жүйелер, шынайы ерітінділер. Ерігіштік коэффициенті және оның температураға тәуелділігі. Ерігіштік сызықтары. Қанық ерітінді динамикалық тепе-теңдіктегі жүйе. Аса қаныққан ерітінділер және олардың тұрақтылық жағдайлары. Қатты заттардың ерітіндіден кристаллдануы. Кристаллогидраттар. Заттарды ерітінділерден қайта кристаллдау әдісімен тазарту.

Еру үрдісінің механизмі. Еру кезіндегі сольватация (гидратация). Ерітінділер теориялары жөнінде Д.И. Менделеевтің жұмыстары. Еру үрдісінің термодинамикасы. Заттың еру жылуының кристалдық тордың энергиясымен және зат молекуласының немесе оның диссоциациялану өнімдерінің гидраттану жылуымен байланысы. Қатты заттардың суда ерігіштігі. Ерітінділер концентрациясы. Ерітінділер концентрацияларын көрсетудің әдістері. Процент бойынша еріген заттың массалық үлесі. Ерітінді концентрациясын тығыздық бойынша сипаттау. Моляр, нормаль концентрациялар. Титр. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер даярлау үшін есептеулер. Ерітінділер даярлау әдістемесі. Концентрлі қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Электролиттік диссоциация теориясы.

Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. С.Аррениус және И.А. Каблуков жұмыстары. Химиялық байланыстардың әртүрлі типтері бар заттардың диссоциациялану механизмі. Диссоциациялану үрдісінде судың полюсті молекулаларының ролі. Аниондар мен катиондардың гидратациялану механизмі. Гидратацияға иондардың мөлшері мен зарядтарының әсері. Гидроксоний ионының түзілуі. Диссоциация үрдісінің энергетиксы. Электролиттік диссоциация дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциация дәрежесіне әсер етуші факторлар. Кейбір физиологиялық орталардың диэлектрлік өтімдігінің мәндерінің жоғары болуы. Шынайы және белгілі диссоциациялану дәрежесі. Активтілік коэффициенті туралы ұғым. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану үрдісіне массалар әсер заңын пайдалану, диссоциациялану константасы. Әлсіз электролиттер диссоциациясы тепе-теңдігінің ығысуы. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер, тұздар. Сатылы диссоциация. Гидроксидтердің негіздік және қышқылдық тип бойынша диссоциациясы. Амфотерлі гидроксидтер. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Судың диссоциациялану процесіне температураның әсері. Ерітінділердегі сутегі ионының концентрациясы. Сутегіндік көрсеткіш. Биологиялық сұйықтардың сутегіндік көрсетіші. Химиялық және биологиялық үрдістердегі рН мәндерінің тұрақтылығының маңызы. Аз еритін электролиттердің қанық ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнба түзілу және еру шарттары. Электролит ерітінділеріндегі реакциялар (иондық реакциялар). Электролит ерітініділеріндегі реакция жүру механизмі. Реакция бағытын анықтау үшін стандартты изобаралық потенциалдар мәндерін пайдалану. Қышқылдар, негіздер, тұздарды алудын жалпы тәсілдері және қасиеттері. Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс. Гидролиз реакциялары. Тұздардың гидролизі. Тұздар гидролизінің әртүрлі жағдайлары. Гидролиздің дәрежесі және константасы. Гидролиз тепе-теңдігін ығыстыратын факторлар.Биологиялық үрдістерде гидролиздің ролі. Комплекс қосылыстардың электролиттік диссоциациясы. Ішкі және сыртқы сфераның иондарының диссоциациялануы. Ерітінділердегі комплексті иондардың тұрақтылығы. Тұрақсыздық константасы. Ерітінділерде комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы.



Тотығу-тотықсыздану реакциялар. Электродтық процестер. Электролиз.

Элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгере және өзгермей жүретін реакциялар. С.А.Даин және Л.В.Писаржевскийдің тотығу туралы электрондық теориясы. Тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тендеулерін құру ережелері. Электро-иондық және электрондық баланс әдісі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі. Тотығу-тотықсыздану үрдісінің жүруіне ортаның әсері. Металдардың қышқылдармен және тұздармен олардың сулы ерітіндісінде тотығу-тотықсыздану процесі тұрғысынан әрекеттесуі. Химиялық реакциялар арқылы электр тоғының алынуы. Гальваникалық элемент туралы түсінік. Металл мен оның тұзының сулы ерітіндісі арасын бөлетін шекте өзгеріс пайда болуы. Салыстырмалы сутегі электроды. Стандартты электродтық потенциалдар. Металдың электродтық потенциалының оның ерітіндідегі иондарының концетрациясына тәуелділігі. Н.Н.Бекетов жұмыстары, металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерітіндідегі бағыты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өлі және тірі табиғаттағы маңызы. Өндірістегі тотығу-тотықсыздану үрдістері.Электролиз туралы ұғым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет