Дәрістің тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата24.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#187823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция2 Ұлттық діл және діни құндылықтар

Дін мағынасы мен т
ү
сінігі
«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, 
шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» термин 
ретіндегі мағынасы, Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, 
адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды, ақыретте Алланың
разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды
көрсететін жол.
Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген
құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Адам баласы тек ішіп-жеу, саят құрып сайрандау, бірін-бірі
өлтіру үшін ғана жаратылмаған. Керісінше, адамзаттың Ұлы Жаратушыға құлшылық ету үшін ғана
жаратылғандығын мына бір аят баян етеді: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық етулері
үшін жараттым» («Зарият» сүресі, 56-аят). Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды
көрсетеді. Адамның бүкіл іс-әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Нәтижесінде адам фәнилік
өмірін де босқа өткізбей сауапқа кенелері хақ. Себебі о дүниелік өмірге қажетті негізгі қағидалар тізбегін дін
ғана үйрете алады. Мұның қоғамдық мәні де зор. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. 
Басқалай болған жағдайда, яки дін негізі уахиге құрылмаса, Алла құзырында иләһи (құдайлық) дін болып
саналмайды. Ислам ондай діндерді «жасанды дін» деп атайды. Батыс әлемі дін ұғымы үшін «аса құрметті, 
мән берілген, тағзым етілген нәрсе» мағынасына келетін латынша «religio» сөзін қолданады. Тарих
сахнасындағы философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар және ислам ғұламалары дінге түрлі
анықтама берген. Ислам философиясы бойынша дін – әлемді байланыстырушы күш, яғни, Алла Тағаланың
барлығына сенім мен амалдың бірлігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет