Дәрістің тақырыбы


Қазақи діл мен ислам дінінің ұштастығы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата24.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#187823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция2 Ұлттық діл және діни құндылықтар

Қазақи діл мен ислам дінінің ұштастығы


Діни рәсімдерге құрмет
Халқымыз ежелден дініне берік болды. Құдайға
құлшылық ету жолдарын жақсы білді. Ғибадат
рәсімдеріне ерекше көңіл аударып, құрметтеді. 
Сондықтан мінәжат, намаз, ғибадат ұғымдары
халық жадында айрықша сақталды. Оның біразын
тарихтан жеткен мағұлматтар және жайнамаз, діни
кітаптар сынды жәдігерлер арқылы білсек, енді
бірін тілдегі айғақтардан аңғарамыз. Ел арасында
діни рәсімдерге құрметті дәлелдейтін мынадай сөз
оралымдары сақталған. «Аллаға жағам десең
азанды бол, ағайынға жағам десең қазанды бол», 
«Бейнамаздан кейнамаз жаман», «Құдайдан
қорықпағаннан қорық». Қазіргі таңда ҚР-да 45 діни
рәсімдер тізімі бекітілді.
* Ораза тұту *Айт мейрамы *Құрбан шалу 
*Мәйітті арулап жерлеу *Оң аяқпен шығу
*Тілек тілу *Бата алу *Азан шақырып ат қою * 
Ер баланы сүннетеу * Тасаттық * Құран
бағыштау * Неке қию * Қабірді зиярат ету, т.б.


Жеті ата
Жеті ата – қазақ халқының діліндегі, салтындағы 
үкімі ислам дінімен ұштасқан тектілікті білдіретін 
жүйе. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. 
жеті атасын жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар 
бір атаның балалары саналады. Далалық дәстүр 
бойынша ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-
жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Ататекке ата, 
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене деген атау 
берген. Сондай-ақ жүрежат, жегжат, жамағайын деген 
туыстық атаулар бар.
Пайғамбарымыз (с.ә.с) «Менің Адам атадан бастап
әке-шешеме дейінгі аралықта өткен ата-аналарымның 
барлығы адал некемен қосылған...». Омар ибн Хаттаб 
жақын туысқандарына үйленуді әдет еткен Бәни 
Сәбиттерге «Аурушаң болып ұсақталып кеттіңдер. 
Алыстан некелесіңдер», - деген.


ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ
Тумысынан қонақжай халқымыз Ислам діні келгеннен кейін де бұл қасиетін
мұсылмандық сипатымен үйлестіріп, қонағын «құдайы қонақ» деп төрге
шығарған. Осылайша қонағын құшақ жая құрақ ұшып сыйлап, асты-үстіне
түсіп, қонақ күтуді Аллаһтың әмірі деп бүкіл болмысымен ұғынды. Осы 
мәселеде де ұлағатты ұстаздары Аллаһ Елшісінің хадистерін өмірлік дәстүр
етіп ұстанған. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет