Дәрістің тақырыбы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата24.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#187823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция2 Ұлттық діл және діни құндылықтар

Діл мен діннің байланысы
Дін
- адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, 
Хақтың разылығына бастайтын ереже
қағидаларын толық қамтыған иләһи бұйрықтар
мен тыйымдар жиынтығы. 
Діл
– халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан
дүниетанымы мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, 
тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік
ойлау жүйесі, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің
біркелкі сипаты. 


Қазақи діл мен дінні
ң
байланысы
Зерттеушілер діл тарихтың тезіне шыдай отырып, өз жасампаздығын сақтай 
алатынын айтады. Діл ұрпақтан-ұрпаққа, мәдени-тарихи ойлаудың қалыптасқан тәсілі, 
дүниетаным, дүниесезім түрлері, сана және ұжымдық сана арқылы жеткізіліп отырады. 
Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі қазақ менталитетінде ғасырлар бойы, ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп келе жатқан, саф алтындай сақталып келген құндылықтар мен архетиптер 
жеткілікті. Солардың бірі ретінде – сөз өнеріне баса назар аударады. Себебі, ділдің 
көрініс табуы ол халықтың айтатын сөзі мен жасайтын іс-әрекеті болып табылады. Бұл 
жөнінде Д. Кішібеков былай деп ой қозғайды: «Қазақ ежелден ойшыл, не айтса да 
мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық... Біздің 
мақал-мәтелдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін 
дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен
дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған» деп 
жазады. 
Қазақ діліндегі сөз өнерінің терең дамуы халық ділінің рухани бай екендігін 
көрсетеді. 
Сөз өнері, шешендік дәстүр қазақ халқының дүниені, қоғамдық қатынастар 
мен адамдар арасындағы байланыстарды танудағы өнердің бір түрі. Ол ұлттық ойлау 
ерекшелігінің биік көрінісі, ажырамас түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет