Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


Диафрагма жарығы. Этиология және патогенезі. Клиникасы және диагностикасы, операцияға көрсеткіштер, хирургиялық емнің әдістері



бет3/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Диафрагма жарығы. Этиология және патогенезі. Клиникасы және диагностикасы, операцияға көрсеткіштер, хирургиялық емнің әдістері

1 сұрақты қарап айтамыз.
Жалпы көкет жарығы- бұл ауру құрсақ қуысы ағзаларының көкеттің туа пайда болған тесіктері мен оның жұқарып, созылған бөліктерінен кеуде қуысына ығысып кетуі. Бұл ауру көкеттегі өңеш және өңеш маңайындағы жарығы болып бөлінеді. Көкеттегі өңеш тесігінің нағыз жарығында оған асқазанның жоғары бөлігімен бірге өңеш те өтіп кетеді. Ал өңеш тесігі маңайында тесікке тек асқазан өтіп, өңеш орнында қалады—— деп бастап 1 сұрақпен жалгастырып кетіңдер.



  1. Кеуденің жабық жарақаты. Қабырға мен төс сүйектерінің сынуы, диагностикасы және емі.


Жабық кеуде жарақаты-терінің тұтастығын бұзбай, сүйек қаңқасының, кеуде қуысының ішкі мүшелерінің оқшауланған немесе біріктірілген зақымдануы.




Төс сынуы
1. Жабық:
- ығысусыз;
- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға – артқа ығысуы).
2. Ашық:
- ығысусыз;
- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға – артқа ығысуы).

Қабырғалар сынуы
1. Оқшауланған:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс).
2. Көптеген:
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;
- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс);
- қабыртқалық қақпақшалар пайда болуымен.

Кеуденің жабық жарақаттары 


1. Ішкі ағзалардың бұзылуынсыз:
- көкірек сүйектерінің сынуынсыз;
- кеуде сүйектерінің сынуымен. 
2. Ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін:
- кеуде қуысының зақымдануынсыз жүретін;
- кеуде қуысының сүектерінің сынуымен жүретін.





Төс сынуы (
Диагностика критерилері:
1. Сынған жердің ауыруы, көкіректі күшейте қозғалтқанда ауырсыну күшеюі.
2. Тұншығу сезімі.
3. Төс арты ауыруы.
4. Жүрек жарақаты қосарласқанда тұрақты артериялық гипотензия.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қарау арқылы зақымданған аймақтың жəне жармалық ойық үстінде ретростернальдық гематома) қанталағанын анықтау.
2. Пальпациялап тексергенде сынған жердің ауыратыны жəне сынықтардың тепкішек тəрізденіп ығысқаны анықталады.
3. Жүрек жарақаты бар-жоғын анықтау үшін ЭКГ зерттеу жүргізу керек.

Қабыртқалар сынуы
Диагностика критерилері:
1. Дем алу кезінде жəне көкіректің қимыл ауқымын көбейткенде ауырсыну сезімі күшейіп кету (жөтелу, түшкіру, т.б. пайда болуы).
2. Зақымданған жақта тыныс экскурсиясының шектелуі.
3. Көкірек контурының деформациялануы.
4. «Қабыртқалық қақпақшалардың» парадоксальды қозғалуы.
5. Пальпациялағанда ауырсыну сезіну.
6. Көкіректің зақымданбаған жерінен алдынан артқа немесе екі бүйірден қысқанда сынған аймақта ауыру сезімнің күшеюі/
7. Тыныс алу кезінде сынған аймақта пальпация немесе аускультация арқылы анықталатын сүйек крепитациясы.
8. Плевра қуысында ауа немесе қан барын перкуссия арқылы анықтау.
9. Зақымданған жақтағы өкпенің функциясын аускультациямен анықтау.
10. Тері астының эмфиземасы.
11. Көкірекорта эмфиземасы.
12. Тахипноэ, үстіртін дем алу.
13. Тахикардия жəне АҚ төмендеуі.
14. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:


1. Көкірек деформацияны жəне тыныс алу кезіндее көкіректің қимылын анықтау үшін қарап тексеру.
2. Жергілікті ауырсыну сезімін, деформацияны, крепитацияны патологиялық қозғалыстарды жəне «қабырғалық қақпақты» анықтау үшін қабыртқаларды пальпациялап тексеру.
3. Зақымданған аймақты жəне эмфиземаның үдеуін анықтау үшін пальпация жасау.
4. Кеуде перпуссиясы арқылы пневматоракс немесе гемоторакс бар-жоғын анықтау.
5. Зақымдалған жақтағы өкпенің функциясын аускультация арқылы анықтау.
6. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
7. Тыныс жиілігін санау.
8. Есі дұрыстығын анықтау


Төс сынуы (S 22)
Күттірмейтін көмек көрсету тактикасы:
1. Сынған жерге 1% прокаин ерітіндісін жіберу.
2 Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамығанда Вишневский тəсілі бойынша екі жақты вагосимпатикалық блокада.
3. Оксигенотерапия.
4. Басылмайтын ауыру болса есірткілік анальгетиктер салу.
5. Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттарды беру.
6. Жүрек соғылуы салдарынан тұрақты гипотензия дамыса кристаллоидты, каллоидты жəне вазопрессорлы препараттарды қолдану.
7. Нəтижелі қанайналым тоқтап қалған жағдайда ресусситациялық шаралар жүргізу.
8. Жарақаттанған адамды травматологиялық стационарға аппарғанда көлденең жатқызып, бас жағын 30°-қа көтеріңкі жағдайда жеткізу керек.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Прокаин 1% жəне 0,25% ерітінді
2. 0,85% натрий хлорид ерітіндісі
3. Декстран-60
4. Диазепам
5. Натрий окибутираты
6. Допамин
7. Есірткілік аналгетиктер

Қабыртқалар сынуы

Жедел көмек көрсету тактикасы:


1. Асфиксияның алдын алу немесе тыю – ауыз жəне мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту.
2. Көкірек жарақаты анықталғанда асептикалық қорғаныш таңғыш салу.
3. Сынған аймаққа 1% прокаин ерітіндісімен жергілікті жəне паравертебральдық блокада жасау.
4. Қабыртқалардың көптеген сынуы болғанда Вишневский тəсілімен вагосимпатикалық блокада жасау.
5. Алдыңғы «қабыртқалық қақпақша» бар жағдайда (құм салынған дорбашаны) флотацияланған сегменттің үстіне бастырып қою.
6. Ашық пневматоракс бар болса немесе сыртқы қақпақшалы пневматоракс болса герметик таңғыш салу.
7. Сыртқы қақпақшалы жəне ішкі қақпақшалы пневмоторакс болса міндетті түрде плевра қуысын бұғананың ортаңғы сызығы бойынша 2-ші, 3-ші қабыртқааралықта Дюфо тəсілі бойынша 3-4 ине немесе троакар енгізу; иненің бос жағына немесе түтікке резеңке қақпақша бекітіледі.
8. Ауқымды гемоторакс анықталғанда қолтықтың артқы сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралығынан плевра қуысын дренаждау.
9. Ауыру сезімін басу: 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндісімен қоса құю.
10. Қанайналым көлемін толтыру мақсатында көктамырға коллоидты жəне кристаллоидты ерітінділерді құю: егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы минутына 300-500 мл; 1-ші, 2-ші дəрежелі шок болса көктамырға 800-1000 мл-ге дейін полиионды ерітінділер құю; қанайналымның айқын бұзылуы болса көктамырға декстрандарды немесе гидроксиэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерінде, АҚ 90-100 мм.с.б тұрақтанғанша құю.
11. Гемодинамика төменгі көрсеткіш деңгейде болса, регидратацияға қарамай (уақытты ұту үшін жəне жүрек функциясы тоқтауын болдырмау мақсатында) ауруханаға дейін вазопрессорлар жəне глюкокортикоидтар құю керек: допамин 200 мг 400 мл, плазмааламастырғыш ерітінділерді венаға жылдам тамшылатып, преднизолон 300 мг-ға дейін венаға құю керек.
12. Психомоторлық қозу седативті препараттар беру.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекті маска арқылы беру.
14. Көкірекорталық үдемелі эмфиземасында алдыңғы көкірекортаны дренаждау.
15. 3-ші дəрежелі жарақаттық шок, жіті тыныстық жеткіліксіздіктің декомпенсацияланған сатысында, тыныс ырғағы бұзылғанда, апноэ кезінде кеңірдекті интубациялау жəне өкпеге жасанды вентиляция (ӨЖВ) жүргізу.
16. Тиімді қанайналымы тоқтаған жағдайда − ресусситациялық шаралар жасау.
17. Транспорттық иммобилизация (көрсетімдер бойынша).
18. Зардап шегушіні көлденең жатқызып, басын 30 градусқа жоғары көтеріп тасымалдау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет