Диалект сөздер



бет1/4
Дата22.02.2023
өлшемі57,98 Kb.
#169814
  1   2   3   4
Байланысты:
«Диалект сөздер және әдеби тіл»
Курсовой-1

Диалект сөздер – тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, сіріңке-кеуірт, күкірт,шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-леген,жам, кірлен, шылаушын,тас. Жергілікті диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлігі говор деп аталады. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Шығыс говоры, Батыс говоры деген ұғым бар. Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды. Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т. б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

Қазақ тілінің диалектілері (قازاق ءتىلىنىڭ ديالەكتىلەرى, Қазақ тілінің диалектілері) — белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.
Диалектілердің пайда болуы
Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар ХВ ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет