Дидактика


Бағдарламалап оқыту технологиясы



бет36/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582
2 Бағдарламалап оқыту технологиясы
Бағдарламалап оқыту дегеніміз не? Бұл дәстүрлі дидактиканың бөлімі немесе әдісі емес, педагогикадағы жаңа бағыт. Бағдарламалап оқыту – оқытудың компьютерлік құралдарының көмегімен оқыту бағдарламасы бойынша білім мен іскерлікті өзіндік және жеке меңгеруге бағытталған. Дәстүрлі оқытуда оқушы оқулықтағы мәтінді оқиды және қабылдайды, бұл жағдайда оның қабылдауы басқарылмайды, мөлшерленбейді. Бағдарламалап оқытуда негізгі пікір – оқыту бағдарламасының көмегімен оқушының оқу әрекетін басқару
МАҚСАТТАРЫ


- оқытудың тиімділігін жоғарлату;


- ғылыми өңделген бағдарламалар негізінде тиімді оқыту;


- баланың жеке берілгендерін ескере отырып оқыту
Жалпы бағдарламалап оқыту техналогиясы: Оқыту процесін басқаруды жетілдіріп Тексеруден өзін-өзі тексеруге оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.
3«Сұрақтар жаңбыры» әдісін сипаттаңыз
сыныпта оқушылар бір – біріне сұрақтар «лақтыру»арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттыру.


24-билет
1 Критериалды бағалау жүйесі,оның түрлері
Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. 
Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы.
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсы-рма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды; Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет