Дидактика


Оқушылардың танымдық қызғушылығын қалыптастырудың жолдары



бет37/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582
2 Оқушылардың танымдық қызғушылығын қалыптастырудың жолдары
Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдық қызығушылық ерекше маңызды. Сондықтан оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.
Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Танымдық қызығушылық – бұл оқушының болашағы үшін табысқа жету дағдыларын қалыптастыру тиіс. Тіл арқылы қалыптасқан танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгіну. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру, оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс- әрекетке ұмтылдыратын танымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысын өздігінен шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі;
оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
игерілген білімді тасымалдай білуі;
өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет