Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы



бет3/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мақсаты: Оқушыларды саяси саналылыққа тәрбиелеу.
Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйретіп, сабақтас құрмалас сөйлем ережесін меңгерту.

  1. Оқушылардың тілін, ойын жетілдіретін лексикалық тапсырмалардың бірі: синоним сөздерді табу.

Туған жер, салт-дәстүр, туыс, отбасы.

Тапсырма: берілген сөздерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құру. Олардың сабақтастығын анықтау.

  1. Үлестірмелі тапсырмалар арқылы лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен ұштастыру өте тиімді. [7]

№1-тапсырма: сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің түрін анықтау.

Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлұм күшееді. Сол жылдың көктемі жаңбырлы болғандықтан, топырағы құнарлы жерге өскен қалың қау мен сайларға өскен қалың жонышқаның биіктігі белуардан келеді екен.

№2-тапсырма: сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің түрін анықтаңдар.



Ауылдың қонған жері – көкорай болғандықтан малдың бәрі ауылдың қасында. Біреу күн шықпастан бұрын тау жақтан желдіріп келеді.

№3-тапсырма: сабақтас құрмалас сөйлемдердің тиісті жұрнақтарын қойып жазыңдар.



Көктем бастал..., Байжан мен Самарқан Телкөл аталатын жайлауға баруға жиналды. Кісі қарап тұр..., бұлақ екеш бұлақ та көміліп қалады екен.

  1. «Өлең жолдарын қалпына келтір» ойыны:

Қазақ осы:

Құда бол ... ... ,

Құдаларын құдайындай ... .

Қазақ осы:

Дүние мен малыңды

Оңды-солды шашу ... ... .

Қазақ осы:

Жайып жатқан ... .

Батыр халық,

Ақын халық - ... ... .


Керекті сөздер:(сыйлайтын, үшін жинайтын, дәл аты, қанатын, деп қинайтын)


  1. Сабақтың тақырыбы: Біздің асхана.

Мақсаты: өз мектептеріңдегі асхана туралы монологпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту; өздерінің күнделікті баратын асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді сыйлауға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

  1. Монологты оқу.

Біздің мектептің бірінші қабатында үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.

Мен таңертеңгі асымды үйден ішемін. Ботқа, қуырылған жұмыртқа немесе нан мен май жеймін, шай немесе кофе ішемін.

Ал түсте сыныптастарыммен асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріміз біріншіге сорпа, кеспе алсақ, біріміз борщ аламыз, екіншіге де әркім қалағанын алады: картоп пен ет, палау немесе мәнті, ал үшіншіге компот, шырын немесе шай аламыз. Салқын тағамдардан оармжапырақ салатын немесе сәбіз салатын, картоп қосылған және ет қосылған бәліш ұнатамыз.

Біздің асханамыз таза, жарық, және кең. Асханада даяшы болмайды, әркім өзіне-өзі қызмет етеді, сондықтан тамақты кезекке тұрып аламыз. Асхана қызметкерлері бізге мінсіз қызмет етеді. Біздің мектеп оқушылары асхананамызды өте жақсы көреді. [5]



Тапсырма: монлогтың тақырыбын анықтау, жоспар құру, монолог мәтініне

«Сендер не қосар едіңдер?» - деген сұрақ қойып, монолог мәтінін кеңейту.



  1. Асхана жабдықтарын атап, аталған сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Мысалы: үстел, орындық, ыдыс-аяқ, тамақ пісіретін электр пеші, орамалдар, ас мәзірі, гүлдер, желдеткіш т.б.



  1. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.

Мақсаты: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбымен есімше тақырыбын ұштастыра өткізу, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.

  1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбы халықтық педагогикамен тығыз байланысты болып келеді. Тақырыпқа байланысты презентация ұсынылады. Оқушылар презентациямен, және мәтінмен танысып болған соң сұрақтар беріледі.

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын қандай топтарға бөлуге болады?

  2. Сүт тағамдарына не жатады?

  3. Нан тағамдарын ата.

  4. Ең негізгі ұлттық тағам не?

  5. Оны қалай атайды?

  6. Қазы деген не?

  7. Бауырсақты қалай атайды?

Тапсырма: берілген сұрақтарға сүйене отырып, диалог құрастыру.

  1. Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады. Топтық жұмыс.

Дастарқантобы

Қымыз қалай жасалады?



Тағамдар тобы

Шұбат қалай жасалады.



Тапсырма: әңгімелеу барысында есімшелерді қосып жазу. [19]

  1. Топтық жұмыс «Әрекет ету».


«Дастархан»тобы

«Тағамдар» тобы

Ұлттық тағамдардан ас мәзірін жасау.

Диалог құру.



«Қонаққа шақыру».





  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны.

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойын қазақ тілінде жеткізуге төселдіру. Диалог құрастырып, сөйлету жолдарын ұйымдастыру. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімелеп, жомарттық, кеңпейілдік қасиеттеріне тәрбиелеу.

  1. Қазақ тілі сабақтарында талдау түрлері кеңінен қолданылады. Соның ішінде ерекше көңіл бөлерлік талдау түрі – фонетикалық талдау. Өйткені бұл жұмыс түрі оқушылар қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстап қана қоймай, олардың жіктелуін, классификациялануын меңгеруде пайдасын келтіреді.

Мәтінді тыңдау.

Дастарқан

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ас – адамның арқауы деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.

Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны бесбармақ деп те атайды. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас тартылады. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып ұсынады. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді. [12]



Тапсырма: ет тағамдарын, сүт тағамдарын және нан тағамдарын бөлек-бөлек топтап, сныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз сөздеріне фонетикалық талдау орындайды. Әр топтың топ басшысы шығып, өз тобының тапсырмасын қорғайды.

  1. Оқушылар арасында «Қонақ келсе - құт» атты рөлдік сахналық қойылым қою оқушылардың сабаққа деген ынталарын, қызығушылықтарын арыттыра түседі.

Ол үшін рөлдер тағайындалады: үй иесі, қонақтар. Қойылымның мақсаты: қонақты кім және қалай қарсы алатынын, дастарқан басында қандай өтініш, тілек айтуға байланысты этикеттік орамдар жұмсылытынын көрсету.

  1. Мына мақал-мәтелдерді оқушыларға үй жұмысы ретінде жаттауға берген сабақтың тәрбиелік жағын нығайта түседі:

  1. Тойдың болғанынан боладысы қызық.

  2. Қонақ жаман болса,

Үй иесі қыдырады,

Үй иесі жаман болса,

Қонақ қыдырады.


  1. Құтты қонақ келсе,

Қой егіз табады,

Құтсыз қонақ келсе,



Қойға қасқыр шабады.

  1. Қырықтың бірі қыдыр.

  2. Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма. [15]


  1. Сабақтың тақырыбы: Астана.

Каталог: uploads -> doc -> 0930
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0930 -> Сабақтың түрі : Дамытушылық Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу
0930 -> Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану. Сабақ мақсаты
0930 -> Сабақтың тақырыбы: Балмұздақ Сабақтың мақсаты
0930 -> Ақылау жұмыстар жинағы 1-4 сыныптар
0930 -> «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Мектеп Бөкенші орта мектебі Мерзiм 27. 09. 16ж Мұғалiм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет