Дильдабекова айнур смадияровна



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#182966
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
диссертация Дильдабекова А.С.

Зерттеудің мақсаты
Зерттеудің мақсаты – ЖІИ кезінде балалардағы бүйрек зақымдалуының 
даму қауіпін бағалау.
Зерттеу міндеттері 
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер алға қойылды: 
1) жедел бүйрек зақымдалуының маркерлері – зәрдегі цистатин С және 
NGAL кӛрсеткішінің диагностикалық және болжамдық маңыздылығын ЖІИ 
бар ерте жастағы балаларда бағалау; 
2) ЖІИ кезіндегі дегидратация дәрежесіне байланысты ерте жастағы 
балаларда биомаркерлердің концентрациясының динамикасын анықтау; 
3) ерте жастағы балаларда ЖІИ-ның этиологиялық құрылымына 
байланысты биомаркерлердің концентрациясының динамикасын анықтау. 
Ғылыми жаңалығы 
Бұл жұмыс жедел ішек инфекциясы бар ерте жастағы балаларда 
преренальді жедел бүйрек зақымдалуының даму қаупін анықтаудағы цистатин 
С мен NGAL маркерлерінің диагностикалық және болжамдық құндылығын 
бағалауға арналған проспективті заманауи ғылыми жұмыс болып табылады. 
Стационар жағдайында рутинді диагностикалық әдістермен салыстырғанда 
зәрдегі цистатин С мен NGAL-ды анықтаудың жоғары тиімділігі байқалды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы келесі:
-
алғаш рет жедел ішек инфекциясы бар ерте жастағы балаларда цистатин 
С мен NGAL концентрациясын зерттеу жүргізілді;
-
алғаш рет жедел ішек инфекциясы кезіндегі цистатин С мен NGAL -дың
дегидратация дәрежесіне байланысты тәуелділігі анықталды. 


7
Жүргізілген зерттеу жұмысы цистатин С мен NGAL–ды ЖІИ кезінде 
преренальді жедел бүйрек зақымдалуының даму қаупінің ерте маркері ретінде 
қолдану мүмкіндігін дәлелдейді.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы зәрдегі цистатин С мен NGAL 
-
бүйрек қызметінің маркерлері ретінде және бүйрек паренхимасының зақымдалу 
қауіпін анықтауда, әсіресе ерте жастағы балаларда ерекше маңызды, себебі 
зәрді сандық жинауды қажет етпейді, ол кішкентай пациенттер үшін де, 
олардың ата-аналары мен медицина қызметкерлеріне де қиындық туғызбайды.
Зертханалық тәжірибе диагностикасына цистатин С мен NGAL–ды енгізу 
пациенттерде жедел бүйрек зақымдалуының даму қауіпін ерте кезеңдерде 
уақытылы анықтауға, бүйрек қызметінің бұзылыстарын мониторлауға 
мүмкіндік береді, ол преренальді ЖБЗ
-
ның ерте кезеңдерінің алдын алудың 
тиімділігін арттырады, сол арқылы емге жұмсалатын шығындарды азайтып, 
науқастардың ӛмір сүру сапасын жақсартады. Басқа да биохимиялық және 
клиникалық мәліметтермен және бағалау шкалаларымен қатар емнің 
тиімділігін бағалауға және аурудың соңдарын болжау үшін оларды ЖБЗ-ның 
кешенді диагностика хаттамаларына енгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет