Дін тәрбиенің рухани тірегі Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар,студенттер бүгінгі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»



Дата08.02.2022
өлшемі16,87 Kb.
#119134
Байланысты:
Дін разработка
2 тақырып

Дін тәрбиенің рухани тірегі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар,студенттер бүгінгі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ЦӘК- тің онкүндігіне және Дінтану» оқу курсы негізінде арналған «Дін тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында өтетін іс-шарамызға қош келдіңіздер. Сіздерді қонағымызбен таныстырып өтейін, бізде қонақта.Жастар ресурстық орталығы КММ дін проблемалрын талдау секторының теологы Зүнінқожа Зұқарнайын Бурханұлы ортамызда.
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.
Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі,тәрбиенің бастауы. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды- дейді қазақ халқында.
Дегенмен, бүгінгі таңда жастар ғаламторда ұзақ отырады. Соның салдарынан жастар теріс мәліметтерге тап болып психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор уақытымызды босқа кетіріп, жалған мәлімет беріп, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Расында да интернет бүкіл теріс пиғылды топтардың тиімді құралына айналып отыр. Ғаламторда көрген, оқыған және естіген нәрсенің барлығын саналы түрде сараптаған жөн. Асығыс шешім қабылдаудан, ойланбай істеген әрекеттерден сақ болған жөн.
Жүргізуші: Сөз кезегі Жастар ресурстық орталығы КММ дін проблемаларын талдау секторының теологы Зүнінқожа Зұқарнайын Бурханұлы беріледі.
Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап, Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз..
Жүргізуші: Қазір назарларыңызды бейне роликке аударамыз.
Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде тәрбиенің негізін ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсіген.
Мақал – мәтелдер мен ой бөлісу.
1. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
2. Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.
3. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.
4. Адамгершілік абырой әпереді.
5. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
6. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
7. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
8. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік.
Мейірім мен рақым-жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «махабатпен жаратқан адамзатты» Алла тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир-Рахмани-р-Рахим» деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Алла түсінігінен хабар беріп тұр. Жаратушының Рахман мен Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де Алланың Рахман есімін дәріптейді. Алла тағала осы Рахман есімі арқылы пенделерін мұсылман, кәпір деп бөліп жармай, қаншама күнә жасап, астамшылық танытса да жарылқап, ризық-несібесін беруде. Сондықтан, Құранда Алла тағаланың мейірімділігі мен рақымдылығына байланысты аяттар өте көп. («Бақара», 163-аят, «Али Имран», 129-аят, т.б).
Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, тәрбиелі ұрпақ өсіруге бағыттайды. Адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды. Ойымызды қорытындылай отырып бізбен ой бөліскендеріңізге рахмет айта отырып қош сау болыңыздар дейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет