Диплом бойынша мамандығы: бастауыш білім беру мұғалімі



Дата31.08.2022
өлшемі1,58 Mb.
#148483
түріДиплом
Байланысты:
Бейсеналиева Бөлшек 3


Тегі: Бейсеналиева
Аты: Дамира
Әкесінің аты: Калиевна
Туған жылы: 04.09.1966ж
Туған жері: Жамбыл обл.,Шу қаласы
Білімі: арнайы орта
Диплом бойынша мамандығы: бастауыш білім беру мұғалімі
Жұмыс орны, атқаратын қызметі:Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің бастауыш тілі пәні мұғалімі
 Еңбек өтілі: 20жыл
Электрондық адрес: beisenalieva1966@mail.com
Пәні:Математика Сынып:3
Сабақ тақырыбы:Бөлшекті оқу,жазу және салыстыру
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру
3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі санның бөліндісі ретінде түсіну
Сабақ мақсаттары:
-жай бөлшектерді оқиды, жазады;
- бөлшекті екі санның бөліндісі ретінде түсідіреді, жай бөлшектерді салыстырады;
-көрнекіліктерді пайдаланып бөлгіштері бірдей бөлшектерден тапсырмалар құрастырады;
Бағалау критерийлері:
Жай бөлшектерді оқып, жазады;
Бөлшектерді салыстырады;
Бөлшекті жазуда алымы мен бөлімін ажыратады;
Белсенді оқу әдістері
Жай бөлшектерді оқиды, жазады
Топтық жұмыс ««Ойлан-топтас-бөліс»»әдісі
Бөлшекті жазуда алымы мен бөлімінің не екенін ауызша мен қатар жазбаша орындағанда берілген есептің түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға ,есепті шығару жолдарын анықтауға,бірлесе ортақ шешім іздеуге,ойлау әрі тез жауап табу қабілеттерің дамытады
Дескриптор:
-фигураның боялған бөліктерін табады,бөлшек түрінде жазады.(1 балл)
-фигуралардың боялмаған бөліктерін табады, бөлшек түрінде жазады. (1 балл)


Бөлшекті жазуда алымы мен бөлімін ажыратады;
Жеке жұмыс. «Білгіш таяқшасы»әдісі
Жеке жұмыс болғандықтан өз бетімен білім алу дағдыларын дамыта отырып,сонымен қатар бұл тапсырмадан күнделікті өмірде қалай пайдалану керекті жерін барын түсінеді,өз көз қарасын білдіру мен басқа адамдардың пікірін құрметтеуге, жетелейді және өзін-өзі бағалап,өзіне деген сенімділік қалыптастыратын әдіс
Дескриптор:
-бөлшектерді оқиды.(1 балл)
-бөлшек жазуға байланысты тапсырмалар құрады. (1 балл)
-бөлшекті жазуда алымы мен бөлімін ажыратады(1 балл)
Жай бөлшектерді салыстырады
Жұптық жұмыс «Сағат дос»әдісі
Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау,бір-бірін тыңдау,өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады.Бұл әдісте оқшау қалған оқушы жұптық жұмысқа өзін-өзі қосады,талпынады.Сабақ барысында белсене қатысуына себеп болады ,сонда нақты нәтижелер көріне бастайды және ол оқушыда сенімділік пайда болады
Дескриптор:
-бөлшектерді жазады. (1 балл)
-бөлшекке байланысты тапсырма құрастырады. (1 балл)
-бөлшектерді салыстырады. (1 балл)
    • ІӘр тапсырмадан кейін «сұрақ-жауап» , «менің сөзім» «пікір білдіру»,смайликтерді қолдану мақсатында кері байланысқа «Гүл шоғы»әдісін қолдандым.Сабақ соңында шыққан гүлдердің көлеміне қарай бала өзің өзі бағалайды

Кері байланыс:
Гүл шоғы
    • Оқушылардың бойында оқуға және жақсы нәтижеге жетуге деген ынтаны ояту,сол нәтижеге қол жеткізу мақсатында гүл бөліктері арқылы ҚБ жүргіземін.Сабақ соңында берілген бөлікті қаншалықты жинағанына қарай жеткен нәтижені көреді

Қалыптастырушы бағалау:
Гүл бөліктері

Түйін сөз


Демо-сабақты жоспарлау барысында мен бағалау критерийі оқу мақсатынан шығатынын білдім
Әр сабақты құрған кезде міндетті түрде оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығарып одан критерий,критерийден тапсырма,тапсырмадан дескриптор шығатының түсіндім.
Белсенді әдістерді қолданудағы ұстанатын қағида-ол оқу мақсатына жету . Жас ерекшелігінде байқау,оның уақытқа шектеулі болуы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мен бірге дербес ерекшелігіне де мән беру керек екеніңе көз жеткіздім.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет