Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Диплом жұмысы тақырыптарын бекіту мен таңдаудың нормалық аспектілері



бет25/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Диплом жұмысы тақырыптарын бекіту мен таңдаудың нормалық аспектілері

Диплом жұмысының тақырыптары оқу жылының басында институт кеңесінде қарастырылады және бекітіледі. Шығарушы кафедра диплом жұмыстардың жалпы тақырып тізбесін анықтайды, жыл сайын жаңартады.

Бекітілген диплом жұмыстарының жалпы тізбесінен студентке тақырып және жетекші таңдау құқығы беріледі. Студент қажетті негіздемесімен бірге өзінің тақырыбын да ұсына алады. Сырттай бөлім студенттеріне өндірістік қажеттілікке сәйкес диплом жұмысының тақырыбын таңдауға рұқсат етіледі.

Диплом жұмысының тақырыбын анықтағаннан кейін, студент тақырып және жетекшісінің бекітілгендігі туралы өтініш бланкісін (Қосымша А) толтырады. Өтініш студент диплом алды тәжірибеге жіберілгенге дейін кафедраға түсуі қажет.

Студенттердің өтініші негізінде шығарушы кафедра ректордың бұйрығымен бекітілген жоғарғы оқу орнының профессор, доцент, тәжірибелі оқытушылары және ғылыми қызметкерлері құрамынан диплом жұмысының ғылыми жетекшілері және тақырып тізбесін құрайды.

Диплом жұмысына жоғарғы оқу орнының профессорлары, доценттері, оқытушылар және ғылыми қызметкерлері кеңесші болып тағайындалады. Кеңесшілер студенттің дайындаған жұмысының жеке тарауларының кафедра қойған талапқа сәйкестігін тексереді, ескертпелер жасайды, нұсқау береді және оң шешімге келсе, жұмыстың титул парағына қол қояды. Жеке тараулар бойынша кеңесшілер және бақылау нормасы диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыпты бекіту бұйрығы бойынша бекітіледі.

Диплом алды тәжірибе аяқталғаннан кейін, диплом жұмысының тақырыбы қажет болған жағдайда нақтыланады, өзгертіледі және студенттің өтініші негізінде, ғылыми жетекшісінің келісімі, шығарушы кафедраның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алды тәжірибеден кейін ғылыми жетекші студентпен біріге отырып, диплом жұмысының тапсырмасын толтырады (Қосымша Ә).

Диплом жұмысына тапсырма 2 данада толтырылып, тапсырманы қабылдаған студенттің қолы мен тапсырманы берген жетекшінің қолымен және кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Тапсырманы бекіткеннен кейін бір бланк диплом жұмысының қорғау күніне дейін кафедрада сақталады, ал екіншісі диплом жұмысына тігіліп, кейін Мемлекеттік аттестациялық комиссияға ұсынылады.

Диплом жұмысына тапсырмада жекелеген жағдайда диплом жұмысының бағыты бойынша кеңесшілері анықталып, жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық мерзімге дайындалып, жеке тараулардың орындалу кезеңі және мерзімі көрсетіледі.

Қорғауға бір ай қалғанда, кафедра оқытушыларының құрамынан комиссия анықталып, студенттің диплом жұмысының алдын ала қорғауы жүргізіліп, хаттама жазылады. Алдын ала қорғаудың нәтижесінде кафедра қойған талаптарға сәйкес емес жұмыстар және сапа деңгейі бойынша кейін қорғауға жіберілмейтін диплом жұмыстары анықталады. Бұл сұрақтың шешімі кафедра талқылауына шығарылады.

Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.

Аяқталған ғылыми жұмыс студент және кеңесшінің қолымен ғылыми жетекшіге ұсынылады. Ғылыми жетекші жұмысты көргеннен кейін диплом жұмысына жазбаша пікір береді (Қосымша Д).

Диплом жұмысын қолдаған жағдайда жетекші қолын қойып, қорғауға жіберу туралы пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Пікірге жетекші баға қоймайды. Диплом жұмысын қолдамаған жағдайда ғылыми жетекшісі жұмысқа қол қоймайды, бірақ өзінің диплом жұмысын қорғауға жібермеуі туралы шешіміне негіздеме берілген жазбаша пікір береді.

Жетекшінің пікірі және алдын ала қорғау комиссиясының шешімінің негізінде нақты жұмыс бойынша кафедра меңгерушісі соңғы шешім қабылдап, бұл жөнінде титул парағына сәйкес жазба түсіреді. Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом қорғауға жіберуді қажет деп санамаса, бұл сұрақ кафедра отырысында студенттің және ғылыми жетекішісінің міндетті түрде қатысуымен қарастырылады.

Диплом жұмысының сапасы және қойылған талаптарға сәйкес емес жұмыстарды қорғауға жіберу туралы белгі қойылса, ол жұмыс жіберілген жағдайда, жұмыстың жетекшісі және кафедра меңгерушісі жауапты болады.

Алдын ала қорғаудан өтпеген студент диплом жұмысын қорғауға бекітілген кестеге сәйкес бір апта қалғанда қорғауға жіберілмеген ретінде оқудан шығарылады. Диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі ғылыми жетекшінің пікірі және кафедра шешімі негізінде институт директоры студентті оқу жоспарындағы көрсетілген мерзімде диплом жұмысын орындамаған ретінде ұсыныс жазады.

Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы бекітілген бұйрыққа сәйкес институт директорының жолдамасымен рецензия алуға жіберіледі (Қосымша Е).

Рецензенттердің тізімі шығарушы кафедраның ұсынысы бойынша өндірістік және ғылыми ұйымдардың мамандарының құрамынан алдын ала қорғаудан кейін ректордың бұйрығымен бекітіледі. Рецензент ретінде басқа жоғарғы оқу орындарының немесе сол жоғарғы оқу орны диплом жұмысын ұсынып отырған кафедрада жұмыс істемейтін профессорлар, доценттер және оқытушылар тартылады. Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.

Пікірде ұпайлық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

Рецензент диплом жұмысына жазбаша түрде рецензия береді. Рецензияда тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, зерттеудің практикалық мәні ашылады. Диплом жұмысы тақырыбының мамандық даярлаудағы кәсіби біліктілігіне сәйкестігі, зерттеудің өзіндік бағыты, қорытындылар мен нұсқаудың болуы, зерттеудің толық аяқталуы және қойылған мәселенің шешілу деңгейі негізге алынып, баға қойылады (Қосымша Ж).

Кафедра меңгерушісі студентті рецензиямен қорғауға бір күн қалғанда таныстырып, диплом жұмысын рецензия, жетекшінің пікірімен МАК қорғауына жібереді.

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауда электрондық қорларды мультимедиялық тұсаукесер түрінде техникалық қаражат базасында және ақпарат қатынас саласындағы жетістікте пайдалануды жүзеге асыруға болады.
Қосымша Д
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
_____ курс студенті _______________________________________________________
«______________________________________________________________________________» тақырыбында жазылған диплом жұмысы жетекшісінің
ПІКІРІ

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ғылыми жетекші _______________________________________________________

(аты-жөні, дәрежесі, лауазымы)
_________________ «_____» _____________ 20__ ж.

(қолы)


Қосымша Е




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет