Диплом жұмысы тақырыбы: «Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары»


Кіріспе. Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/26
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#85497
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары
10.10.20.Пед.Бухарбаева Назерке 33Б
Кіріспе.


Зерттеудің көкейкестілігі.
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл жазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.
2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3. Жасалған іс – тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі.
Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.
Көркем жазу саласында көптеген сұрақтар пікірталас тудырып, ауқымды мәселеге айналды.
Олар:
а) 5 – 6 жасар баланы қалай жазуға оқытамыз?
ә ) үзіліссіз және үзіліспен жазуды қалай қолданамыз?
б) тік және көлбеу жазуды қалай қолданамыз?
в) қай қолмен жазған дұрыс?
г) әріптің көлемі қандай болу керек?
Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.
Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.
Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.
АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді.
Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды. Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналасты.[1./12- 16 б./,2/7 – 9 б./]
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.
Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор.
Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет