Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет2/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Интеграция

Диплом жобаның өзектілігі. Тақырыптың жалпы сипаттамасы 5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы негізінде қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуға сараптама жасап, ең тиімді деген әдістемелерін сұрыптап беру. Қазіргі таңдағы жалпы білім беретін мектептердің сұраныстарына сәйкес қазақ тілін оқыту жүйесі негізінде мектептегі қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту әдістемесін қолға алу және практикада қолдану – біздің дипломдық жобаның алғышарты.
Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту тәжірибеге алынды. Тәжірибе барысында қазақ мектептерінің 5-сынып оқушылары басқа пәндермен байланыста қазақ тілін қызықты әрі жылдам меңгере алатыны байқалды. Сол сияқты өзге тілді мектептердің оқушылары да тәжірибе барысында жақсы жеткізілді. Сонымен, дипломдық жоба қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын жобалайды.
Диплом жобаның мақсат-міндеттері:Зерттеу жобада 5-сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту үдерісін қалыптастыру және әдістемелік кешен ұсыну мақсат етілді. 5-сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту жолында тиімді әдіс-тәсілдерге ізденіс және жоғары нәтижеге жету көзделді.
Ең өзекті мақсаттардың бірі болып қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуға баулуда еркін, позитивті тілдесуі, тілдесім әрекетіндегі қарым-қатынас негізінде нәтижелі білім алуға бағыттау, оқушыларға қажетті дағдылар мен әрекетерді қалыптастыру, белсенділікті дамыту мақсаттары алынды.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес мынадай жобаның міндеттерін шешу көзделеді:
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуға баулу үдерісіне шолу жасау (5-сынып оқулығы бойынша);
- басқа пәндермен салыстыра оқыту әдістемесіне шолу және сараптау;
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытудың педагогикалық алғышарттары;
- Қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытуды ұйымдастырудың әдістер мен тәсілдерін жүйелеу;
- Қазақ тілін оқытуға арналған өзге де тиімді әдіс-тәсілдерді саралау;
- Эксперимент барысында әдістемелік нұсқаулығын білім беру жүйесіне ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет