Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет14/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Интеграция

2 -сурет. Арал картасының үлгісі


«Өзін-өзі бағалау парағы» әдісі мына критерийлерден тұрады:

  • Рахат алдым;

  • Жаңа нәрсе білдім;

  • Ештеңе түсінбедім;

  • Жаңа нәрсе үйрендім;

  • Таңқалдым;

  • Көңілім толмады.



«Парталас көршіңе бір сөз таңда»

  • Сен жарайсың?

  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын!

  • Сенің мүмкіндігің оданда зор!



«SMS»
Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын досына SMS – арқылы жазып білдіреді.

(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №5 оқу құралы. - Алматы, 1998. - кітабында келтірілген).




Қазақ тілін музыкамен байланыстыруға арналған тапсырмалар


Музыкамен байланыс: Қазақ тілі сабағының кез келген тақырыбында «Сергіту сәтін» жасап, ән шырқатуға болады. Тіпті, қазақша әндердің нотасына мән бере отыра, 5-сыныптарға фонетикалық талдаулар туралы үйретуге болады. Нотада берілген сөздерді әріпке, буынға бөліп, ән арқылы дыбыстап және оның қатаң, ұяң, үнді екенін ажырата білу керек (3-сурет).
Нәтижесінде: қазақ тілінде ұяң дыбыстардың өз ерекшеліктері бар екенін балалар ұғынады.





3-сурет. Буынға бөлідң нотамен байланыстыру.


Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыруға арналған тапсырмалар
«Өзіңді тап» диктанты
«Өзіңді тап» диктанты көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді.
Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады.
Нәтижесі: Диктанттың бұл түрінде шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылар тіл дамыту үрдісінде дамиды. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет