Диплом тақырыбы: Алаш қозғалысы және жер мәселесі


Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары



бет3/11
Дата30.03.2022
өлшемі187,24 Kb.
#137250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бекслан диплом
Презентация1, жанр тип Кәдірбек Динара 1сөж, 1,2,3,4 тоқсан БЖБ 8 сынып, 1-нұсқа пиза, Бекслан казгу, Алаш диплом
Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Алаш тарихы көп жылдар бойы тыйым салынған тақырыптардың бірі болды. Билік ауысканимен; билік басына келген саяси күштердің жоспарларына пікірлері қарама-қайшы болған алашордалықтар халық санасынан мүлдем жойылуы тиіс еді. Мемлекеттік Думаға әртүрлі жолдар арқылы сайляна отырып, көкейкесті мәселелерді көтергендіктен қудаланған қазақ зиялылары, кеңес өкіметі орнаған тұста да саяси қуғындалды.
Ф. Голощекин қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезде Алаш» деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салала халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына түсіп, қудалай бастады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голошекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың «контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін» әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.
Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А.К. Богачов «Алашорда» деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады [6].
Қазіргі таным тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш Қозыбаев «Кеңестік Орталық пен большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды» деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртый-тэуелсіздікке үндеу болатын» деген тұжырымы да орынды.
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды. 1992 Қозыбаевтың осы тақырыпқа және Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектің «Тарихтың ашы сабағы» дейтін мақаласы аталмыш мәселеге арналған.
Яғни, қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше. Ол бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М.Қозыбаев «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші сьезді құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін дәлелдеп берді [11].
Қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу Ҡ. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» атты монографиясы, Қ. Нұрпейісов Алаш қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым екендігін, бұл ұғымға біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) бақаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) кіретіндігін жазады. Д. Аманжолованың «Казахский автономизм в России. История движения Алаш» Р. Нұрмағанбетованың «Проблемы Алаш и Алашорды в казахстанской историографии 20-90 годов ХХ века» еңбектерін боліп көрсеткен жөн. Бұларда Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі жетістіктерімен қатар, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан мәселелер кеңінен талданды [16].
Интеллигенция тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық- ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. Ұлттық интеллигенция тарихын Кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және басқа авторлардың пікірін Х. Әбжанов орынды сынаған.
М. Қойгелдиев пен Т.Омарбеков «Алаш» қайраткерлерінің негізгі мақсат қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, «Алаш» партиясын «Ұлттық демократиялық партия» деп атады.
М. Қойгелдиевтің тұжырымы бойынша - «сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді [37].
Келесі бір зерттелу деңгейіндегі мәселелер ол, «Алаш идеясы». Яғни, қазақтың мемлекеттік, ұлттық идеясы екенін атап өттік. Ондағы біздің қарастырып өткен еңбектердің бірі, ол С. Өзбекұлының «Алаштың арыстары» [18], атты ғылыми деректерде ұлт перзенті атанған Әлиханның халқымызға сіңірген еңбегі мен оның құрған «Алаш» атты саяси партияны бүгінде немесе сол уақытта болсын халқымыз бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея екенін түсінгенін көруге болады.
Алаш зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр— талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері жөне азамат соғысы жылдарындағы Алаш партиясы мен Алашорданың жекеленген мөселелері бойынша да зерттеулер пайда болды. Бүл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі.
Біз қарастырып отырған мәселеде қызмет атқарған жеке тұлғалардың өмірбаянынан, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасу және даму эволюциясы, қоғамдық-саяси жене шығармашылық қызметінің негізінде жазылған тарих, сол тұлғаның өмір сүрген заманының ерекшеліктерінен, қоғамының құндылықтарынан көп мағлұматгар береді. Ұлт-азаттық күрестің көрнекті өкілдерінің бірі - Жақып Ақбаевтың тұлғасын сомдап, ғылыми зерттеу негізінде оның көзқарас эволюциясы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты жазылған Мұхтар Құл-Мұхамедтің еңбектерін айтуға болады. Ж.Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі арқылы Ақпан төңкерісіне дейінгі жөне одан кейінгі кезендегі қазақ зиялыларының отарлық жүйеге қарсы күресінен және автономияға жету жолындағы іс-әрекеттерінен мол мағлұмат аламыз [40].
М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты — қазақ елін отарлық езгідсн азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны «ұлттық-демократиялық интеллигенция» деп, ал Алаш партиясын «ұлттық-демократиялык партия» деп атау шындыққа сай келеді [56].
Жер — қазақ халқы үшін ерекше мәселе. Осыған орай М.Тынышбаев еңбектерінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының жабайы әдістері және оның экономикалық, саяси, рухани салдары деректерді жан-жақты талдау негізінде ашылған. Оның жер мәселесі туралы көзқарасы 1905 жылдың 19 қарашасында автономистердің 1 съезінде жасаған «Қырғыздар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасында патша үкіметінің қоныстандыру саясатының қазақтарды қиын жағдайларға ұшыратқанын «жер үшін жанжалдар, төбелестер және кісі өлтірулер орын алып отырғанын, қазақтарды мал шаруашылығынан диханшылыққа ауыспайды деп айыптайтынын, алайда олардың қарауына берілген жалаңаш далада және құмдарда адамдар тұрмақ, аңдар да өмір сүре алмайтынын» атап көрсеткен еді [53, 74б.]. Сонымен қатар жер мәселесінің қазақ халқы үшін стратегиялық маңыздылығын түсіне білген ол, егер жерді орыс шаруаларының пайдасына тартып ала берсе, ел арасында әлеуметтік қақтығыстың болатындығы заңды екендігін атап көрсетеді.
Алаш қайраткерлерін саяси қуғын-сүргінге ұшырату мәселесімен, әсіресе Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл жүйе негізінде Алаш қайраткерлерінің тарихын зерттеуте тарихшы Д. Махаттың қосқан үлесі зор болды. Д. Махаттың еңбегінің құндылығы деректерінің молдығында. Зерттеуші Д. Махат ғылыми айналысқа Ресей архивтеріндегі Алаш қозғалысына қатысты құжаттарды қосуымен көрінді. Зерттеуші саяси қудалау мәселесін жан-жақты қарастыруға зор серпіліс әкелді [69].
Әдебиеттер мен газеттер және интернет желісі барысында, осыған дейін аталған Әлихан Бөқейханның Алаш арыстары мен атсалысып бірге құрған партияның бағдарламасының бағыттары және қазіргі Қазақстан тәуелсіздігінде үкіменттің дәріптеп отырған «Нұр Отан» партиясының сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын көрсете келе, яғни ондағы ұқсастықтар мен халыққа қызметін баяндай келе біз партиялардың демократиялық бағытты үгіттеуін баяндап өттік. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Нұр Отан» партиясы атқарып жатқанын еске сала кетейк. Бұл бүгінде біз үшін сол арыстардың үлгі етіп тұтып, адал қызметінің үлгісін көрсетеді. Тағыда қосып кететін жәйт, ол Әлихан атамыздың бір сөзі есіме келеді, «мемлекетке қызмет ету, ол білімнен емес мінезден», - деп атап өткені бар еді. Ендеше осы қағиданы қазіргі жас ұрпақ санасына сіңіріп алғаны дұрыс болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет