Диплом тақырыбы: Алаш қозғалысы және жер мәселесі


Зерттеу жұмысының сыннан өтуі



бет9/11
Дата30.03.2022
өлшемі187,24 Kb.
#137250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бекслан диплом
Презентация1, жанр тип Кәдірбек Динара 1сөж, 1,2,3,4 тоқсан БЖБ 8 сынып, 1-нұсқа пиза, Бекслан казгу, Алаш диплом
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі:
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тараудан: бірінші тарауы Алаш қозғалысының кеңестік және посткеңестік мәселелер бойынша деректер деп аталып мынадай бөлімнен тұрады: Кеңестік тұстағы Алаш қозғалысының тарихнамасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңындағы Алаш тарихының зерттелуі. Екінші тарау: Біртұтас «Алаш идеясы» және Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері, Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары. Үшінші тарау: Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы, Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы сынды бөлімдерінен және қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Алаш қозғалысы мен жер мәселесіне тарихнамалық шолу


1.1 Алаш қозғалысының тарихнамасы: Кеңестік уақытатан - Тәуелсіздікке дейін


Ресейдегі қосөкіметгілік жүйесінде болып өткен қазақ сьездерінің күн тәртібі, олардың өтілу барысы және қабылдаған қаулы-қарарларының орындалу деңгейі туралы алғашқы түпнұсқалық деректерді Алаш қозғалысының өзі тудырғаны баршамызға аян. Сондай тарихи деректерді болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру да ұлт зиялыларының назарынан тыс қалмаған.


1917 жылғы ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, патшаның тақтан түсірілуі Ресей империясы құрамында болып келген халықтардың ұлттық қозғалыстарының жаппай өрбуіне ерекше ықпал етті. Ресейлік басқа ұлттар сияқты қазақ халқы да ендігі сәтте жаңа қоғам құру ісіне белсене араласу қажеттілігін түсінді. Өйткені, ақпан революциясы бүкіл ресей халықтарына жаңа тұрғыда даму мүмкіндігін туғызды. Ақпан төңкерісінің қазақ халқының саяси санасының жандануына ерекше ықпалды болғанын сол кездің өзінде-ақ жазылды. Мәселен, қазақ өлкесінде ерекше беделді басылым болған «Қазақ» газетінің 1917 жылғы көктем айларындағы сандарында «Зор өзгеріс», «Реттелу керек», «Тендік» және «Алаш ұлына» атты мақалалар жарық көрді [1]. Бұл мақалалардың мазмұның Ресейдегі ақпан төңкерісінің ең басты жемісі азаттық, бостандық пен теңдіктің қадыр-қасиетін жете түсініп, елдің жаңару жолындағы жасап жатқан алғашқы қадамдарына жақтас болып, қолдау көрсету. Сонымен қатар қазақ үшін бұл зор өзгеріс азаттық таңы атқанмен бірдей деп бағалаған пікір алдымен айтылған. Азаттық, теңдік пен бостандыққа ие болған шақта жаңа үкіметке (Уақытша Үкімет) қолдау көрсете отырып, ұлттық мақсат-мүддемізді іске асыратын шараларды бастау керектігі, Алаш ұлдарының қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласуы қажеттілігі осы мақалаларда баса айтылады [1, 15б].
Соңғы уақытта халық өкілдерінің саяси тұлғасын, жалпы азаматтық болмысын сомдауға жол ашылғанымен, жергілікті жерлердегі айталық уездік
облыстық (қазақ комитеттерінің белсенділерін толығымен зерттеу әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан, осындай тұлғалардың артында қалған ұрпақтары мен замандастарының естеліктерінде және жергілікті жерлердегі тарихи мұраларды бір жүйеге келтіріп жинастырып жүрген өлкетанушыларда сақталған деректерге сүйеніп, оларды шама келгеніше халқымен қайта қауыштыру арқылы зерттеу жұмысының қатпарлы тұстарын ашуға талпыныс жасалып отыр. Бұл мәселеге байланысты «Бірлік туы» газеті: «...осы күні халық күшін бастап жүрген Алаштың әрбір азаматы әр қадамын аңдап басуға міндетті. Өйткені, тарихтың қатты жазасын қалың халық жалпы көтерсе де, ол
жазаның кінәсін әр уақыт бірнеше көсемсінген адамдар-ақ істеп тастайтын... Болашаққа көз жіберіп, алдыңда белгілі бір қарақшың болмаса, өмірдің қателері
де көп болады... Алаштың көз тігіп, ұмтылатын мақсаты - бірлік, түгелдік», - деп ұлт өкілдерінің әрбір басқан қадамы, жасаған әрбір іс-әрекеті келешек ұрпақтың тағдырын шешетіндігін, сондықтан ел басында жүрген азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін айтады.
Қазақ сьездеріне қатысты алғашқы пікірлерді Алаштың танымал жетекшілері Ә. Бөкейханев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, А. Кенжин, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедовтермен қатар бүркеншік есімді авторлардың деректік негіздегі мәліметтері мен сол кезеңнің шынайы келбетін сипаттайтын саяси-әлеуметтік тақырыптарға жазылған мақалалалары береді. Мәселен, Уақытша үкіметтің қызметіне орай «Бірлік туы» газеті: «..оның ең бірінші міндеті - мемлекетті аман-есен Учредительное собраниеге жібертіп, тапсыру еді. Бірақ ол өзінің бұл міндетін атқара алмады» - дей келіп, - «мұның себептерін тексеріп, Уақытша үкіметті ақтап, иә қаралап шығару тарихтың ісі. Бұған Россияның сол күндердегі әртүрлі ахуалы себеп-болды ма, жоқ Уақытша үкіметтің өзінің тұтынған бағыты бастан-аяқ теріс болды ма, мұны айырып, бұл жұмбақты шешетін тарих екендігін, әйтеуір, не қылғанымен, Уақытша үкімет өзінің мойнына алған міндетін атқара алмай, мемлекет тізгінін қолынан шығарып алғандығын» жазады. Осы басылымның 15-ші санында: «..өзгеріс болғаннан бері... Россиядағы әртүрлі жұрттар әлденеше рет сиездер құрып, бас қосып келешектегі жаңа тіршілікке әзірліктерін жасап, ата тілектерін жарыққа шығаруға ұмтылған іс-әрекеттеріне мемлекеттегі «қызғаншақ» таптардың «олардың бұл істері асығыстық. Россияның мынадай қиын сәтін пайдаланып қалу» деген сөздеріне орай түбінде ұлттық халықтарды айыптауға болмайтындығын, өйтккені найзадан бұрын туған, халық тілегінің бостандық шуағы астында бұлайша тасып шығуы - табиғи іс. Сондықтан, оны асығыстық деп тоқтатуға тырысу адасқандық», - деп, автономияға халықтардың бас қосып, өз алдына әрекет адамзаттық қасиеттер тұрғысынан баға береді [2].
Сондай-ақ, 1917 жылы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық дерлік мәселелері толықтай шешілді деуге болмайды. Жалпы Ресей кеңістігінде бас көтерген ұлт-азаттық қозғалыстар даму жолы (тактикасы мен стратегиясы), ресми билік иесі Уақытша Үкімет тарапынан толықтай қолдау таппады. Бұл мәселе туралы сөз алда болады. Қазақ халқының көшбасшысы ретінде кеңінен танылған, 1917 жылға дейін халыққа жағымды істерімен жұртшылылыққа мәлім болып келген Алаш қозғалысы қайраткерлері ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан күрделі жаңа жағдайда саяси күрес жолына шықты. Дәл 1917 жыл Алаш қозғалысы тарихындағы ең бір маңызды да, шешуші жыл болғаны тарихтан белгілі болып отыр. Алаш қозғалысының өлкедегі жетекші саяси күші ретінде танылыуының өзіндік тарихы бар. Қазақ қоғамының Алаш қозғалысына қолдау көрсетіп, оған ілесуінің әр түрлі сипаттағы мән-мағынасы бар. Атап айтқанда:
- Алаш қозғалысы қайраткерлері қазақ халқының мұң-мұқтажын жете түсінді:
- Қозғалыс қайраткерлері өздерінің білімділігімен және біліктілігімен көпшіліктің үміт-сенімдерін әрдайым (1905 жылдан бастап) ақтап келді;
- Қозғалыстың ағартушылық саласындағы орынды іс-әрекеттері, олардың қазақ қоғамы арасындағы беделін көтереді;
- Ұлттық бірлік пен халықтың өзін-өзі билеу құқығын іске асыруды жолға қою бағытындағы туындатқан идеясының жұртшылыққа кеңінен мәлім болуы және т.с.с. іс-әрекеттері Алаш қозғалысын өлкедегі жетекшілік позициясын айқындап берді.
Алаш қозғалысы төңірегінде топтасқан қазақ зиялылары және олардың түрлі әлеуметтік топтарға жататын жақтастары қазақ өлкесінде жаңа әмір құру ісіне қарқынды түрде араласа бастады.
Олардың бұл бағыттағы бастамасы ресми өкімет Уақытша Үкімет тарапынан қолдау таба бастады. Өйткені Уақысша Үкімет аса күрделі саяси жағдайда Ресейдің шеткері аймақтарында бас көтерген ұлттық қозғалыстармен санасу керектігін жете түсінді.
Тақырыбымызға байланысты зерттеулердің ішінде 10-шы жылдың соңы 20-шы жылдардың бас кезіңде. жарық көрген еңбектердің ерекшелігі, ол мәселенің негізгі мән-мағынасын ашып көрсетуде жан-жақтылық пен деректілік сипат танытуында деп білеміз. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжыр ойлар А.Байтұрсыновтың атақты «Революция және қазақтар» деген мақаласында айтылды [3. 85б]. Бұл мақала А. Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы «Жизнь национальностей», газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген.
А.Байтұрсынов аталған еңбегінде Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар Кеңестік Қазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда А.Байтұрсынов Кеңес өкімет жариялаған - «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» нақты іске асырылуын баса көрсеткен, Бұл құжат жалпы алғанда демократиялық сипаттағы мәтінде берілген болатын [3. 110б].
Бұдан кейін С.Сейфуллин «Қазақ интеллигенциясы» деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандаңдыруға ізденістерін де жоққа шығармаған.
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы жэне олардың Кеңес өкіметімен арақатынасы туралы пікірлер 1919-1920 жылдардағы большевиктік бағыттағы баспасөздерде жарық көрді: Айталық қарастырылып отырған мәселеге аз да болса тоқталған С.Сейфуллин, М.Атаниязов, О.Исаев, П. Варламов, С Мещеряков өз мақалаларында құжаттық деректерді талдаудан өткізбей жатып-ақ оларды бір жақсы бағалады [4, 56б]
С. Сейфуллиннің Алаш немесе Алашорда қозғалысы туралы көзқарасы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып шыққан «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталған тарихи еңбегінде нағыз большевиктік рухта сипат алғаны мәлім. С. Сейфуллиннің Алашорданы реакцияшыл ұлтшылдық көзқарастағы саяси ұйым ретіндегі айыпталуын іле-шала Ә. Әйтиев те қосылған [5, 96б].
Алашорда қозғалысы: тарихы ресми тұрғыдан, таптық және партиялық тұрғыдан зерттеу» науқаны Ф.Голошекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген) 1925 жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорда қозғалысы жетекшілері мен қарапайым мүшелеріне қарсы саяси науқан да басталды. Идеологиялық тұрғыда күрес Қазақстан бойынша жаппай жүргізіле бастады. Алашорданы қаралайтын еңбектер пайда бола бастады. Бұл істің басы-қасында Өлкелік партия комитеті болғанын архив құжаттары растайды.
БКП(6) Қазақ Өлкелік комитеті секретариатының 1926 жылғы 10 қарашадағы мәжілісінің №55 хаттамасында былай делінген «...Оқу орындарында Алашорда қозғалысын тарихи арналарда оқыту үшін арнайы брошора-көмекші кұралдарды шығару жөнінде. Брошюраны құрастыруды Мартыненко және Сейфуллин жолдастарға тапсырылсын» [5, 134б]. Секретариат мәжілісінен кейін, іле-шала сол жылғы 25-30 қарашада өткен БК(б) Қазақ өлкелік комитетінің екінші пленумы Қазақстан партия ұйымымдарын алашорда идеологиясына қарсы идеялық күресті күшейтуге шақырды. Партиялық тапсырыспен сол кездегі республикалық мемлекеттік баспаның директоры А.К.Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы «Краткий исторический очерк национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг.» деген атпен кітапша шығарады [6, 58б].
Ал, 1934 жылдары жазылған Б.Қаратаевтың «Краткий очерк истории Алашорды» атты қолжазбасы, 1935 жылдары жазылған Ә.Әйтиевтің естеліктері, 1936 жылы жарық көрген «Из истории Партийного строительства в Казахстане» деп аталатын құжаттар мен макалалар жинағы [7]. І. Қабыловтың «Сосредоточить огонь против казахского Национализма» мақаласы БК(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметінде болған А.Мусиннің партия активтеріне арналған «Об истоках национал-уклонизма в Казахстане» атты лекциясындағы мәліметтер және т.б. осы сияқты зерттеулер мен мақалалардың көпшілігі Алаш қозғалысына қатысты мәселелердің анық-қанығына көз жеткізбістен, «контрреволюциялық әрекеттер жасады» деп айыпталған қазақ зиялыларының саяси құғын-сүргінге ұшырауын ғылыми негіздеуге бағытталды. Сөйтіп, олар кеңестік тарихнамаға қызмет етті.
ХХ ғасырдың 40 жж. бастап Алаш зиялылары саяси қуғындалып, атылып кеткеннен кейін кеңестік тарихнамада Алаш зиялылары туралы мүлдем тыйым салынды [8].
1940 жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде (1943 жылы М.Әбдіхалықов пен А.Панкратованың басшылығымен шыкқан «Қазақ ССР тарихы» оқулығының орны ерекше [9]. Мұнда қазақ сьездеріне қатысты мәліметтер өте қысқа, әрі таптық тұрғыдан берілгендігіне қарамастан, тарихи кезеңнің шындықтары жазылды.
Енді Қазақстан тарихшыларының барлық күші жоғарғы оқу орындарына арналған казақ халқының тарихы туралы оқулық жазуға бағытталды. 1943 жылы Қазақстан тарихы туралы оқулық, тарихи тақырыптарды коммунистік партияның рөлі, Сталиннің ұйымдастырушылық, көрегендік саясаты жазылатын болды. Осындай жағдайда Е. Бекмаханов өзінің «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жж.» деген монографиясында алғаш рет тоталитарлық жүйе жағдайында Алаш зиялыларының еңбектерін пайдаланды. «Ол оның қудалануының бір себебі болды [10, 58б].
1950-1960 жылдары жарық көрген Т.Елеуовтың, Ж.Қарагусовтың, К.Бейсембиевтің, С.Кенжебаевтың зерттеу еңбектері мен Қазан төнкерісі және Азамат соғысына арналған мақалалар мен құжаттар жинақтарында Алаш қозғалысының сол ескі сарындағы (20-30 жылдардағы) көзқарастар тұрғысынан бағалады.
Яғни, 1960 ж «Социалистік Қазақстан» 19 қазандағы санында Р.Байжасаровтың аймақтың және бүкіл елдің тарихында көрнекті тұлға ретіндегі Т.Рысқұлов туралы мақаласы жарық көрді. Алайда бұл мақалаға қараша айындағы Орталық Комитеттің бюросында өте ірі саяси қате деп баға берілді. Сонымен қатар Т.Рысқұловтың ақталуы оны жастар арасында насихаттауға негіз бола алмайды деп сыналды. 1968 ж. С.М. Киров атындағы. Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология кафедрасының ұстаздарытың М.Жұмабаевтын ұлттық әдебиеттегі әдеби мұрасының маңыздылығы туралы талқылауында Партияның Орталық Комитетіні» сынына ұшырады [4, 85б].
Ал 1970-1980 жылдардағы зерттеушілердің бұл кезеңдегі «социалистік реализм» тұрғысынан маркстік-лениндік әдістемесімен жазылған еңбектерінде негізінен (қазан төңкерісін дәріптеу, Қазақстандағы Кеңестік өкімет құрылысының жүргізілуі, азамат соғысы кезіндегі большевиктер партиясының ұлттық аймақтардағы жетекшілік рөлі, олардың интернационализм. Негіздерін қалыптастырудағы рөлі және т.б. ерекше сипатталды.
Алаш қозғалысы сияқты, шын мәнінде ұлт-азаттық сипаттағы саяси күштер туралы Сталиндік заманнан бастау алған бағалау принципі айшықтала түсті. Бұл кезең зерттеушілері Алашорда қозғалысы туралы тікелей жазбағанмен де, кез келген сәтінде большевиктік билік негізінде саяси құрылыстың орнауына кедергі келтірген «кері тартпа» күштер ретінде көрсетуге тырысты. Бұл кезең зерттеушілері Алашорда тарапынан позитивті көзқарастар да байқалды. Ол қазақ зиялыларының ағартушылық қызметінің кеңестік тарихнамада танылуы. Оның үстіне зерттеушілер Алашорда қозғалысының сипатын ашып көрсетуде тарихи құжаттар негізінде және сол кездегі «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» және т.б. газет және журналдарды ғылыми айналысқа енгізуін атап көрсетеміз.
1970-1980 жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде тарихи маңызды еңбектер де туындалды. Атап айтсак, С.Зимановтың, К.Нұрпейісовтың, М.Хaсылбеков пен Ш.Тастановтың, П.Пахмурный мен В.Григорьевтың, Ж.Қасымбаевтың, Д.Дулатованың іргелі зерттеулері тарихнамада орын алып отыр. Осы арада Алаш қозғалысы мен Алашордаға тікелей немесе жанама қатысы бар зерттеулер Қазақстанның Шығыс аймағы тарихына тән екендігін ескертеміз. Оның тарихи себебі Алаш немесе Алашорда қозғалысында Қазақстанның Шығыс аймағы басты қайнар көздердің бірі болғандығы.
Н.П.Кузенко 1983 жылы «Пролетариат диктатурасын, ңығайтудағы Қазақстандағы Кеңестердің облыстық және уездік сьездерінің ролі» деген тақырыпта қорғалған диссертациялық еңбегінде: 1917 жылдың қараша айы мен 1918 жылдың маусым айлары аралығында шамамен 60-қа жуық Қазақстан Кеңестерінің облыстық және уездік-сьездері болып өткен және оған орта есеппен 150-200-дей өкілдер қатысқан», - деген тұжырым жасайды. Диссертацияда қазақ сьездері нақты мәселеге жанама ретінде ғана баяндалады.
Осы тұста айта кетуіміз керек - зерттеу жұмысының барысында 1917-1919 жылдарда әртүрлі деңгейде өткен болыстық уездік, облыстық және жалпы қазақ сьездеріне қатысқан өкілдердің саны орта есеппен 20-дан 800-ге дейін жеткендігіне көз жеткізілді.
Қазақстан Алаштану мәселесін алғашқылар болып зерттеуді К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Д. Аманжолова және Т. Омарбековтер бастады.
Мәселен, Д.И. Дулатованың өз зерттеу еңбегінде 1917 жылғы акпан революциясына дейінгі Қазақстанның тарихнамасына тоқтала келіп, жекелеген авторлардың бұл төңкерістің Қазақстанға тигізген ықпалына байланысты жасаған жаңсақ тұжырымдарын сынға алуы - соның айғағы.
«Қазақстан Коммунисі» (қазір - «Ақиқат») журналының 1990 жылғы 5-санында (мамыр айы) редакция алқасының ұйымдастыруымен «Алаштың ақиқатын кім айтады?» деген тақырыпта топтама берілді. Осы тақырып бойынша зерттеушілер В.К. Григорьевтың, К.Нұрпейісовтың және Т.Кәкішевтің мақалалары жарық көрді. Зерттеушілер К.Нұрпейісов пен Т.Кәкішев Алаштың саяси ұйым ретіндегі, қызметіне алғаш рет оң баға берді. Сол жылы зерттеуші М.Қойгелдиевтің «Арай» журналының 8-9 сандарында «Алашты бұғаудан қашан босатамыз» деген тақырыпта ауқымды мақаласы жарияланды. Алаштану мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосқан еңбек болды.
1990 жж. аяғына қарай Алаш зиялылары туралы әртүрлі зерттеулер, мақалалар шыға бастады. Мысалы, В.П. Осиповтың «Всматриваясь в 20-30 годы» |49| деген 1991 ж. шыққан еңбегі Қазақстан Компартиясының ұйымдық-
саяси даму тарихына арналады. Ол өз еңбегінде Қазакстандағы «Алаш» қозғалысын буржуазиялық, ұлтшылдар, ұлтшыл уклонистер деген айыптауды жалғастырып, «Алаш» қозғалысының тарихына-обьективтік баға бере алмаған.
Қазақстандағы тарих ғылымының зергтелуіне арналған И.М.Қозыбаевтың 1992 ж. шыққан «Историческая наука Казахстана» деген тарихнамалық еңбегінде ХХ ғ. 40.-.80 жж. арасындағы тарих ғылымының зерттелу мәселесі жан-жақты белгілеген [11, 112-124бб].
Ал, алаш тарихын зерттеудің кезеңі бойынша тәуелсіздік уақытта әртүрлі пікір бар. Мәселен, Ғалым Р.К Нурмамбетова алаш тарихнамасының осы заманғы кезеңін 1992 жылдан бастауды ұсынады. Диплом жұмысының хронологиялық шеңберінде тарихнаманың осы заман шеңберін доцент Н.А. Бейсенбекованың тұжырымына сүйене отырып 1995 жылдан алуды жөн көрдік. Себебі, Қазақстан тәуелсіздік алған тұста елдегі әлеуметтік-экономикалық; саяси жағдай, жалпы халықтың әл-ауқаты өте төмен болды. Кеңестік басқару жүйесіне бейімделген қоғамның нарықтық жағдайға көшуі аса ауыр жағдайда өтті. Ғылым, мәдениетті тежеген экономикалық жағдай, ұлттық тарихты қарастыруда кеңестік идеологиянын, үстем болуы төрт бес жыл көлемінде төл тарихымыздағы жаңаша пікір мен ескі ұстанымдар арасындағы күреске әкелді. Ақырындап тарих саласында қалыптаса бастаған ұлттық тарихты дәріптеудің жеңді.
Өзінің мәні бойынша жаңа тарихнамалық кесім ретінде жіктелуі мүмкін әдебиеттің тұтас массиві пайда болды. Обьективті алғышарттар-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі, демократияландыру үдерістерін өрістету - осы әдебиеттің пайда болуына ықпал етті. ҚР ҰҚК-МҚК бұрын жабық және қол жетпейтін мұрағаттық материалдарын құпиясыздандыру маңызды дәрежеде іздену проблемасының деректік базасын кеңейтті және байытады. Ғылыми айналымға жаңа құжаттарды енгізу, оларды талдау Алаш қозғалысының тарихына қатысты ұзақ уақыт бойы үстем болған тұжырымдамалар мен ережелерден бас тартуға ықпал етті.
Академик М.Қ. Қозыбаевтың әділ ескертуі бойынша осы мәселені зерттеу кезінді акторларды ескеру қажет:

  • Біріншіден, Алаш партиясы-либералды ұлттық интеллигенция партиясы;

  • екіншіден, ағартушылық идеялардың ықпалымен қалыптасқан! Оның идеологиясының негізі антиколониалды ұлтшылдыққа негізделді;

  • үшіншіден, «Алаш партиясының негізін қалаушылар екі мәдениетті, оппозициялық либералды орыс интеллигенциясының мораль Мен Дүниетанымын, оның Кадет партиясының Доктринасын меңгерген маргиналды тұлғалар болып табылды». Сондай-ақ, зерттеуші келесі ерекшелікке назар аударады-бұл партияның ұйымдастырушылық бастамаларының болмауы [11, 56б].

Зерттеу ойының белсенділігі осы кезеңде жарияланған жұмыстардың санына әсер етуі. Проблемалық мақалалармен, «дөңгелек үстелдер» пікірталас материалдарымен, ғылыми конференциялармен, семинарлармен қатар жалпылама, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық жинақтар, шығармалар жиналыстары пайда болды.
Жұмыстың басым бөлігі қазақ тілінде шықты. Қ. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, В. Григорьева, Т. Кәкішев, С. Аққұлыұлы, А. Самурзин, М. Құлмұхаммедтің және т.б. ғылыми мақалаларында Алаш тарихының түрлі аспектілері жарық көрді.
Бұрынғы тарихнамада ең аз әзірленген Алаштың ұйымдық құрылымы, оның қатысушыларының саны туралы мәселе болды. Автор партияның Орталық Комитеті, оның жарғысы туралы мәліметтердің болмауын атап өтті. Бағдарламаның жобасы талқыланбағанына және қабылданбағанына. қарамастан, жергілікті жерлерде партия органдары кұрылды. Партияға мүшелігі туралы Семей «Сары-Арқа» газетінің хабарлалдыруында хабарланды»:
Алаштың әлеуметтік мәртебесін анықтау кезінде Д.А. Аманжолова осы мәселедегі қиындықтарды және оның мәні туралы әртүрлі түсініктерді атап өтеді. Себебі, ол «қозғалыс болған перманентті-динамикалық күйде-кейін автономия басшылығында болған және 1917 жылғы желтоқсанда бүкіл қазақ сьезінің шешімі бойынша автономияның мемлекеттік органының функцияларын берген партия» деп есептейді [12, 46-74бб].
Сонымен қатар, зерттеуші Алашты осы сөздің классикалық түсінігіндегі партия ретінде бағалауға болмайды. Сондықтан ол Алаш мәртебесін нақты көрсететін қозғалыс-партия» деген анықтаманы пайдалануға қолайлы деп санайды.
Атап айтқанда, Д.А. Аманжоловтың «Алаш» әлеуметтік мәртебесін анықтауда Қ. Нұрпейісовтың 1990 жылғы № 5 «Ақиқат» журналында жарияланған «Алаш саяси партия болды ма» атты мақаласында тұжырымдалған тұжырымын қайталайды.
Осылайша, Д.А. Аманжолова Алаш қозғалысы қызметінің негізгі кезеңдерін және оның саяси ұйымның жаңа сапалы түріне - партияға көшуін анықтайды. Обьективті жағдайларға байланысты бұл кезең қысқа мерзімді болып шықты және 1917 жылдың соңы - 1918 жылдың басы оқиғаларымен үзілді. Д.А. Аманжолова бұрын ғылыми айналымға енбеген көптеген дереккөздерді талдаудың арқасында сол жылдардың обьективті бейнесін қайта құруға қол жеткізді. Сондықтан зерттеушінің тұжырымдары мен қорытулары негізділігі мен сенімділігімен ерекшеленеді.
Алаш қозғалысының дамуындағы үш кезеңді көрсете отырып, автор оның белсенді саяси қызметінің (1918-1920 жж.) соңғы кезеңін талдауда толық тоқтайды [13]. Д. А. Аманжолова Алашшылар мен Кеңес өкіметі өкілдерінің қарым-қатынасына теріс әсер еткен бірқатар факторларды атап өтті: кеңестердің автономия туралы ұсыныстарын қабылдамауы, ұлттық коммунистік ұйымдар болмаған кезде жергілікті кеңестер мен большевиктермен қақтығыс сипаты, жергілікті жерлердегі өзіндік диктаторлық билік. Осының барлығы Алаштың Кеңес қарсы күш лагеріне көшуіне ықпал етті,оның үстіне қозғалыс көшбасшылары кадетпен және Сібір эсерлерімен бұрыннан байланыста болды.
Осы уақыттың барлық перипеттерін шынайы жариялау үшін Д.А. Аманжолова большевиктерді мұсылман халықтарына қатысты саяси қателерді жасаған деп тануды куәландыратын құжаттарды келтіру қажет ден санайды.
Талдау материалының осындай берілуінің нәтижесінде зерттеуші осы мәселені жариялауда бір жақты және алдын ала түсінушіліктен құтыла алды. Бұл жағдайда большевиктік басшылықтың Шығыс шеттерін ұлттық қайта құру практикасында рұқсатта нақты түсінік болмағаны анық болады. Мұндай ракурстағы оқиғаларды көрсету барлық қатысушы тараптардың ұстанымдарын, олардың 1918-1920 жж. өзара қарым-қатынасиның тарихын анықтауға мүмкіндік береді [14, 56с.].
М. Қойгелдиев болашақ Алаш жетекшілерін Ресей, Түркия ЖОО-ларында оқыту фактілерін олардың идеялық-саяси көзқарастарын қалыптастырудың қажетті және маңызды шарты ретінде қарастырады. Қызметтің бастапқы кезеңі біріншіі орыс революциясының оқиғаларымен сәйкес келеді. 1905 жылдан бастап зерттеуші ұлттық-азаттық күрес аренасына Алаш қозғалысы шығады деп есептейді. Автор құжаттық дерек көздері негізінде А. Бөкейханов, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсыновтың петициялық қозғалыс кезіндегі қызметін, мемлекеттік думаға сайлауға дайындығын баяндайды. Бірінші орыс революциясы оқиғаларына белсенді қатысу қазақ зиялыларының ұлттық азат ету үшін күресті басқарудағы ықтимал мүмкіндікгері туралы куәландырады [15, 47б]. Олармен қатар 1910 ж, Томск губерниясына жеті адам, олардың жақын туыстары, оқушылары барлығы тұтқындалды. Бұл ретте автор «қылмыскерлердің» бірі – «Байтұрсынов өлеңін жатқа білгені үшін ғана тұтқындалған орыс-қазақ училиесінің оқушысы он бес Асылбек Сулейменовтың жасын көрсетеді.
М. Қойгелдиев материалдар кешенін-Алаш бағдарламалық құжаттарын, мұрағаттық дектерді, оның авторларының шығармаларын зерттеу негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы ұстанымынан Алашорда даму баламасы социализмнің большевистік үлгісіне қарағанда оған неғұрлым қолайлы болып көрінеді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың жарияланымдары өзекті мәселенің тарихнамасында кезеңді болды. Алапттың құрылу тарихы, кезеңдері мен ерекшеліктеріне байланысты негізгі мәселелердің толық баяндалуына қарамастан, зерттеу авторлары «Алаш қозғалысы» терминін анықтауда жұмсалады.
Д.А. Аманжолова ұлттық қозғалысты дамытуда үш кезеңді бөліп отыр: «1905 жылы пайда болған кезде, либералды батысшылдыққа бағытталған интеллигенттер тобының басшылығымен бірінші кезеңде (1905-1916 жж.), ол конституциялық-демократиялық және жер қоғамының оппозициялық қозғалысы арнасында дамыды». Келесі кезең қысқа болды, ол өте маңызды деп санайды, бірақ революциялық 1917 жылмен тұспа-тұс келді, Соңғы кезеңге зерттеуші 1918-1920 жж. кезеңін жатқызады [16, 47с.].
Алаш және Алаш-Орда тарихын әртүрлі жақтарын баяндайтын жаңа жұмыстар пайда болды. Әлбетте, академиялық тарих және этнология институттары дайындаған еңбектерді атап өткен жөн. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Әдебиет және өнер М. Әуезов атындағы тіл білімі А. Байтұрсынов. Олар: 2 томдық «Грозный 1916 жыл» деректі жинағы; Х. Досмұхамедовтың таңдамалы шығармаларының жинағы, А. Байтұрсыновтың «Қазақ тіл білімі бойынша. зерітеулер» еңбектері; Ж. Аймауытовтың 5 томдық шығармалар жинағы; «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті: қуғын-сүргізте ұшыраған жазушылардың шығармашылығы» кітабы.
«Грозный 1916 жыл» құжаттық жинағында бұрын жарияланбаған көздер негізінде Қазақстандағы 1916 жылғы оқиғалар жан-жақты және толық ашылды. 1916 қозғалыстағы либералды-демократиялық интеллигенцияның қызметін көрсететін құжаттар ерекше қызығушылық тудырады. Жарияланған материалдар бұл интеллигенция өкілдерінің патшалық жарлықты орындауға, олардың көтерілістің себептері мен процесін ұғынуын, А. Бөкейханов ұйымдастырған «Земгороюз» бөтен бөлімінің қызметіне нақты қатысуды көрсетеді [17, 57-63бб].
Алаш қозғалысына жекелеген “көрнекті қатысушылардың өмірі мен қызметін зерттеу соңғы жылдардағы жұмыстардың көпшілігінде саяси қайраткерлер ретінде айқындалған. Олардың ішінде Ғ. Ахмедовтың «Алаш бол онда» (Алматы, 1996); М. Құл-Мұхаммед «монографиясы Ж. Ақпаев патриот, саясаткер, құқықтанушы. Ж. Ақпаевтың саяси-құқықтық көзқарастары шығармаларында айқын баяндалған. Осылайша, тоқсаныншы жылдардағы әдебиетті талдау Алаш проблемасын зерттеуде оның көрсетер ойының айтарлықтай ілгерілегенін көрсетеді. Ең алдымен идеологиялық тиым салулар мен штамптардың салдарынан бұрын ғылыми айналымға еңгізілмейтін құжаттық көздердің кең ауқымын пайдаланудың арқасында, зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығын атап өткен жөн [18, 64б].
А.З. Валидов пен М. Шоқаевтың көшіп кету кезеңіндегі саяси қызметін субсидиялаған Батыс арнайы қызметтерімен байланысын растайтын құжаттар ерекше қызығушылық тудырады. Құжаттар А. Валидов пен М. Шоқаев арасындағы күрделі қарым-қатынасты, эмигранттық ортада бірінші болып көшбасшылық рөл атқаруды қалауын куәландырады [19, 20с].
Жалпы зерттеу мәселесінде көрсеткендей, 30 жылдары Қазақстанда үстемдік алған жаппай құғын-сүргін саясатының шеңгеліне Алаш қозғалысы қайраткерлері алдымен ілінді. Ал ресми үкімет органдарының Алаш мәселесін жабық деп табуы, тікелей Алаш немесе Алашорда қозғалысына арналған зерттеулер жүргізуге 80-жылдардың соңына дейін мүмкіндік берілмеді. Сонымен, Алашорда тарихын зерттеу ісі 20-30 жылдары осындай-ретпен өтті.
Яғни, қазақ интеллигенциясының ұлттық-либералдық қозғалысын оның әр алуандығында зерттеу қажеттілігі әрқашан өзекті мәселе болып туындайды. 1000 жыл өтседе тарихымыз біздің елімізге өз үлесін қосқан тұлғаларымыздың есімі мәңгілік жүрегімізде қалғаны тиіс. Сондықтан да, Тәуелсіздік жылдары зерттеу ұлы тұлғаларымыздың есімдерін қайта жаңғырту болып табылады.

1.2 Алаш қозғалысы көшбасшыларының Қазақстандағы жерді пайдалану мәселелері туралы көзқарастары


Қазақстан мен Ресейдің қосылу тарихы негізінен өңірді игеру, оның ішінде егіншілік мақсатта отарлау саясаты мен одан туындаған демографиялық, экономикалық, әлеуметтік және т. б. қатынастардың тарихы болды. Әрине, бұл аталған бағыттардың ішіндегі ең маңыздысы — жер мәселесі. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында қазақ даласында халықтың пайдаланып отырған жерлерін Ресей самодержавиесіның тонап, тартып алу жағдайлары орын алды. Міне, осы кезеңде Алаш партиясының көшбасшылары өздерінің заңды позицияларын қорғай бастайды.


Қазақ қоғамындағы феодалдық және шығармашылық зиялы қауымның патриоттық бағыт ұстанған ұлтшыл бөлігі Қазақстандағы орын алып отырған жерлерді тонап, тартып алу және сол жерлердің байырғы тұрғындарын тұрғылықты, орныққан мекендерінен күштеп көшіру жайттарына көз жұма алмады.
Біз қолға алып отырған мәселе бойынша тарихнамада Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсыновтың еңбектері ерекше орынды алады [1]. Бұл еңбектерде авторлар дереккөздерді жете зерттей отырып, зерттеген тақырыптарын дұрыс бақылай білген және маңызды аспектілері бойынша объективті қорытындылар жасаған. Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударылуының себептері мен мотивтері көрсетіліп, патшаның қоныс аудару саясатына, оның отарлау мақсаты мен әлеуметтік-экономикалық салдарына баға берілген. Бұл материалдардың ғылыми айналымда болмауы 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы Қазақстанда жүргізілген Ресейдің отарлау саясаты туралы көптеген тарихи-саяси, тарихи-экономикалық, тарихи-әлеуметтік зерттеулерді жұтаңдата түседі.
Атақты орыс зерттеуші В. Остафьев былай жазады: «Отарлау кең қанат жайғаннан кейін көптеген қырғыздар өз жерлерінен айырылды, оларға басқа учаскелер берілген жоқ...Казак ауылдары мен қалаларының қастарында жұмыс іздеп келген көптеген қырғыздар (қазақтар — СИ.) жиналды. Олардың саны соншама көп болғандықтан, әкімшілік оларды есепке алу үшін қандай да бір болысқа тіркетуге мәжбүр болды. Осылайша, Полуденск болысына тіркеліп, Петропавл маңында жалға алынған казак жерлерінде тұратын 2 жері жоқ қазақ ауылы пайда болды. Хабар-ошарсыз кетіп қалатын киіз үйлерді осы қатарға жатқызатын болсақ, болыста олардың саны 15-20 пайызды құрады. Петропавл уезінің 8 болысында барлығы 1500 киіз үй болды» [2].
Ресей империясы бірінші Мемлекеттің думасының депутаты Т. Седельников қазақтардан жерлерді тартып алуды ұйымдастырғандардың бірі А. А. Кауфманды былай сынаған: «Кауфман үшін орыстың отарлау мүддесінен» тәуелсіз өз жерлері мен мүдделері бар қырғыздар (бұдан әрі — қазақтарды) мүлдем жоқ секілді. Ол анатомдардың мүрдені кесіп, бөлшектегені секілді еш қиналмастан қазақ халқының жерлерін бөлшектеп тартып алғысы келеді. «Үкіметтің бағыты» мен «партияның саясатына» қайшы болмаса болғаны [3].
«Ата-бабасының қанымен келген жерлерді өз меншігі ретінде есептейтін қырғыздар орыс бодандығына енген кезде, мемлекеттің олардың жеке меншігіне қол сұғатынын ойламаған еді; сонымен қатар патша үкіметі ешқандай себепсіз, тек қана әлдінің пәрменімен барлық қырғыз жерлерінің мемлекет меншігіне алынуын қарастыратын бұйрықтар шығарды, мұның нәтижесінде қырғыз жерінде қоныс аударушылардың қозғалыстары құрылып, ең жақсы жерлер қоныс аударушылардың меншіктеріне өтті, ал нашар жерлер қырғыздарға қалдырылды», — деп жазды Ә. Бөкейханов.
Қазақ жерлерін зерттеу туралы Ф. Щербиннің экспедициясына қатысқан Ә. Бөкейханов қазақ жеріндегі қоныс аударушылар қозғалысының отарлау мақсатымен жүргізіліп жатырғанын әшкерелей отырып, былай жазған болатын: елде халықтың шынай қажеттілігін еш ескермей, бюрократиялық жолмен шығарылған Дала ережелерінің енгізілуі, үкіметтің заңды қадірлемеуі, жеке адам құқықтарын елемеу, өмірдің барлық жағына қол сұғатын әкімшілік жәбір көрсету, қырғыздардың рухани және экономикалық мүдделерін назарға алмау, халықтың надандығын қолдау — міне, мұның барлығы халықты кедейленуге, ал оның мәдени дамуын тоқырауға әкелді [4].
Ә. Бөкейханов Мемлекеттік Думаның кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде былай деді: «Қырғыздардың (қазақтардың) түм өмірі мен олардың болашақта дамуы үшін аса маңызды рөл ойнайтын қоныс аударушылар мәселесіне біраз тоқталуға тура келеді.
Еуропалық Ресейден қоныс аударушылар, ең алдымен дала облыстарының солтүстік уездеріне орналасуда. Губернаторлық есептер бойынша, 1905 жылы Ақмола облысында 484456 адам қазақ, 205515 адам шаруа өмір сүрді, пайыз жағынан қазақтармен салыстырғанда шаруалар — 42% пайызды құрады. Соңғы үш жылда, әсіресе 1907 жылы, қоныс аударушылардың саны көбейді, сондықтан пайыз бойынша шаруалардың басымдылығы артты. Осылайша, қоныс аударушылар жөніндегі басқарма берген мәліметтер бойынша 1907 жылы Ақмола облысына 12000 отбасы көшіп келді [5].
Ә. Бөкейханов ары қарай былай деп жазады: «Бір ғана 1907 жылдың ішінде қырғыз даласында қырғыз жерлерінен алынып, қоныс аударушыларға 54 мың десятина немесе 810 мың десятина жер бөлініп берілді, мұның ішінде Ақмола облысының өзінен облыстың солтүстік уездеріне тиесілі 510 мың десятина жер бар. Бұл жерлерде жердің тарлығы, канцелярия тілімен айтқанда, қазақтарды үкіметке қарсы шығуға мәжбүрледі [6]. 1906 жылы маусымда Петропавл уезінде болған қазақтар мен шаруалар арасындағы қарулы қақтығысты ешкім ұмытқан жоқ. Осы қақтығысқа жүздеген қоныс аударушылар мен қырғыздар қатысты, нәтижесінде екі жақтан да бірнеше адам қаза тапты [7].
Ә.Бөкейханов «Қазақ» газеті нөмірлерінің бірінде отарлау саясатының кертарпалығын түсіндіре отырып, қазақтарға 15 десятина жердің бөлініп берілуі туралы жазады: «Шенеуніктер өз билігін қолдана отырып, қазақтарды жер учаскелерін алуға мәжбүрлеуге тырысады». Олар: «Егер жерді алғың келмесе, онда басқа жерге көш», — дейді екен. «Бұл не деген заң? — деп ызаланады Ә. Бөкейханов — Біздің Конституциямыз қандай мемлекетте өмір сүруде? Патша неге өзіне тәуелді адамдарға әділетсіз? Өңірдің табиғи жағдайлары, халықтың психологиясы, шаруашылықты көшпелі түрде жүргізудің ерекшеліктері неге ескерілмейді? [8].
Ә. Бөкейханов қазақтардың жер үлестерін алуының соңы қырғынға апаратынын көрді. «Егер қазақтар жер учаскелерін алатын болса, башқұрттар секілді олар оны дұрыс қолдана алмайды және нәтижесінде сатуға мәжбүр болады, бірнеше жылдардан кейін жерсіз қалады». Қазақ даласындағы жер мәселесі бойынша осындай ойларды Ахмет Байтұрсынов та айтқан болатын. А. Байтұрсынов «Айқап» журналының № 13, 14, 15 сандарында жарияланған Д. Сейдалиннің мақалаларына берген жауап мақалаларында қазақтардың байырғы жерлерінің қоныс аударушы шаруаларға берілуі жергілікті тұрғындар арасында заңды наразылықты білдіретіні туралы жазған. «Қазақ жерлерін мемлекеттің меншігі етіп жариялау қате болды», — деп автор өзінің «Қазақтардың реніші» атты мақаласында түсінік береді. Содан кейін ол қазақтың жерлерін тартып алу туралы 12 тармақтан тұратын 1909 жылы 9 маусымда шығарылған Ресей Министрлер Кеңесі бұйрығының мәнін толық ашады.
Ф. Щербин экспедициясының белсенді қатысушысы Ә.Бөкейханов былай жазған: «Көкшетау уезінің қырғыздары (қазақтар) Всеволод учаскесіне жерді кесіп беру үшін қайта межелеуге келген қоныс аударушы уезінің жер өлшеуші адамын өткізген жоқ. Сондықтан, соққыға жығылулары мүмкін. Олардың жерлері шаруалардың үлестерімен үш жақтан қоршауда болатын: жер өлшеуші адам оларды төртінші ашық жақтан кесіп алғысы келді. Мұны олар жеңе алмады» [9].
Бұл жағдайлар қазақ халқының елін сүйген ұлдарының наразылығын тудырды. Сол кезде бұл жайт туралы Ә. Бөкейханов былай жазған болатын: «Ерекше сұрақ — шаруалар мен қырғыздарды (қазақтарды) болашақта не күтіп тұр? Қырғыз (қазақ) даласындағы солтүстік аудандарының ең жақсы жерлері Самара губерниясының жерлеріне ұқсас. 80-ші жылдары дала отарлау нысаны болды, тіпті, жерлері көп губерниялардың қатарында саналды. Бүгінгі таңда ол жерлердің өзінен жыл сайын ең аз 6-9 мың қоныс аударушы шығып отыр. Шаруалар қырғыз (қазақ) даласына жедел және жаппай көшірілген жағдайда шаруа қожалығы қарқынды формаға айналмастан бұрын оның тың жерлері ерте жыртылатын болады. Қырғыз (қазақ) даласы ғасырлар бойғы тың болған ерекшелігінен айырылды, шаруа қожалықтарының заманауи техникасының пайда болуынан егін беруді қояды. Мұнда да Ресейдің оңтүстік-шығысындағы астық шықпай қалған сәттер қайталанатын болады. Қырғыз (қазақ) даласындағы бұрыннан келе жатқан жақсы жайылым жерлерін бытыратып, шөл даласына айналдырғаннан кейін шаруалар дымсыз қалатын болады, ал қырғыздар (қазақтар) сол кезде кен зауыттары мен қалаларға көшпесе, өз жайылымдарынан айырылып, біржолата кедей болып қалады» [10].
1. Букейханов А. // «Киргизы». Формы национального движения в современных государствах. Под редакцией А. И. Костелянского. С.-Петербург, 1910.:.577-600; его же // «Шыгармалар», Алматы, 1994; Байтурсынов А. //Ак жол«, Алматы 1991.
2. Остафьев В. Колонизация степных областей в связи с вопросом о кочевом хозяйстве. // списки Зап. Сибирского ОИРГО. Кн. 18, вып. 2, Омск, 1985, с. 38-39.
3. Седельников Т. Борьба за землю в киргизской степи. СПб., Электропечатное т-во Дело, 1907, Алма-Ата, 1991, с. ЮЗ.
4. Букейханов А. Киргизы. Формы национального движения в современных государствах. Петербург-Петроград. 1910,с.595.
5. Букейханов А. «Киргизы». // Формы национального движения в современных государствах. Под ред. Костелянского А. И. Петербург-Петроград, 1910, с 586.
6. Там же, с. 586
7. Там же, с.585
8. Букейханов А. Шыгармалар. Алматы, Казахстан, 1994,с.19.
9. Букейханов А. Киргизы. // Формы национального движения... под редакцией Костелянского А. И. Петербург-Петроград, 1910, с.585.
10.Букейханов А. Киргизы. / Формы национального движения в современных государствах. Под ред. Костелянского А. И. Петербург-Петроград, 1910, с.585.
Жалпы, тұлғаны тәрбиелейтін, тәрбиелеп ел алдына шығаратын әлеуметтік орта. Қоғамы күшті ел зиялылардың рухымен өркендеген. Елдің жағдайын, халықтың көңіліндегі дүниелерді зерделеп ұғынуға қабілетсіз, қызығушылығы жоқ, ел тұрмысынан бейхабар, әсершіл, ісін қиялмен тербейтін адамдар қатары басым ортаның дамуы күрделі, қайшылықтарға толы болып келеді. Себебі ел рухының серпілісіне ықпал ететін рухани дүние кездейсоқ қалыптаспайды. Ұлттық рух серпілісі ұрпақтың мыңдаған жылдар бойы, уақыт талабына сай ұлттық болмысы мен мүддесін сақтап отыру қажеттілігінен туындаған дәстүр тәжірибелерінен шығады. Бұны өз заманында ойшылдарымыз айтып кеткен.
Алаш тұлғаларының өмірінен ұғынатынымыз, тарихтағы қазақтың рухани өмірі, қоғам шындығы, әлеуметтік шындықты зерделеген ұлттың руханияты, ата-ананың деңгейі (кісілігі) өскелең ұрпақтың зиялы болуына ықпал еткен. Яғни қазақ тарихындағы ел мен жеке адамның рухани байланысын негіздейтін дәстүр тәжірибелерінің құндылығы, тарихи кезеңнің әр бір сәтінде ұрпақ пен ұлттық мүддені біріктіретін күшін жоғалтпауында.
Ұлттың негізгі күші ұлттық мүдде, ұрпақтың рухани байлығы, зиялылығы. Ұлттың негізгі мүддесі ұрпақ пен жер, ұрпақ ата мекен жерін қорғаса, ұрпақ рухын қорғайтын тіл, дін мен дәстүр. Бұлардың сақталуы, қорғалып отыруы ұлттың өмір сүру жағдайына, деңгейіне тәуелді. Ұлт өзіне тиесілі мүддесін өзі қорғамаса, оған сырттан келіп ешкім қорғап бермейді. Бұған бірінші мысал тарихтың (төл тарихымыздың) өзі.
Жерсіз ұлттық мүдде құндылықтары қалыптаспайды, қалыптасқан да емес. Қазақтың барлық мәселелері, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қасиеттері ел мен жер тағдыры төңірегінде өрбіген. Себебі ұлттың барлық өмірі, байлығы, тарихы, дәстүр тәжірибелері, ұрпақ болашағы, тәуелсіздік жерді қорғаудан шығып, оны қорғауға бағытталады және мемлекетінің мүддесін қорғау ұрпаққа қашанда міндеттеледі. Қазақ сол себептен жерді анаға теңеген, ата бабаларының өмір сүрген, тарихи таңбасын қалдырған мекен деп түсінген және бұл ұғым ұлттың бір тұтас санасына айналды.
Қазақ дүниетанымындағы «Жер ана», «Ата мекен» түсінігінен ата бабамыздың туған өлке топырағына деген жақындығын, арқа сүйеген болмысын танимыз. Ата бабаларымыздың ұлттық мүдде түсінігі тарихта сөз түрінде өмір сүрген жоқ, қазақ шын мәнінде ата мекенді күтті, таза ұстады, қорғады, үнемі байланыста өмір сүрді, адамның толыққанды өсуіне ықпал ететін энергия көзі де осы жер болып табылады. Қазақтың тұрмысында, төрт түлігінде де табиғатқа, ата мекен болмысына жақындық бар.
Батырлық ата мекен рухымен байланысты ұлттық қасиетіміздің өнімі, тарихи бір белгісі. Яғни дүниеге шыр етіп келген сәби отбасылық шаңырақтың аясында ата-ананың алақанының жылуын сезініп өссе, ата мекен елдің шаңырағының астында қазақ баласы еркіндіктің, өмірдің жылуын толық сезінген. Осының нәтижесінде адам болмысы толыққанды жетіледі, елге, жерге жаны ашитын, ел мен жерді сатпайтын, керісінше оны сақтауға ұмтылатын зиялылар ел тұрмысынан шыққан.
Қазақтың өзіне, болашаққа деген сенімі жерге деген сезімінен туындаған. Қазақта бір бірін жатсыну жоқ, тіл, дәстүр, өнер, рухани өмір ортақ, осының нәтижесінде болмыс тұтас. Ұлттың тұтастығын сақтаған, нығайтып отырған жер, жермен кіндіктес қазақтың тұрмысы, ата-кәсібі. Сондықтанда қазақ ұғымында жер жаратылыс иесінің ерекше жаратқан дүниесі, ол ұлттың дүниесі, ортақ меншігі, негізгі байлығы. Бұл ұғым көне дәуірдегі сақтардың, оның бергі жағындағы түркілердің де дүниетанымында орын алған. Күлтегін жырында жер адамзатқа, халыққа берілген басты құндылық, мүмкіндік мағынасында зерделенеді:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.
Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері (шығыста) – Қадырқан қойнауына дейін,
Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған [48. 3б.]. Мемлекеттің негізі (ірге тасы) ұрпақтың зиялылығымен, бойындағы рухани қасиеттердің рухымен (күшімен) қалыптасады. Жоғарыда атып өткеніміздей бойында ұлттық табиғаты жоқ, тарихтан бей хабар, ұлттық мүдде жолында ел мен жер тағдыры үшін әділетсіздікпен күрескен тұлғалардың аманатын түсінбейтін адамдардың керітартпа мінезі қоғамда жемқорлықтың, парақорлықтың орын алуына ықпал етеді. Не себептен қазақ тұлғалары елді қорғауды жерді қорғаудан бастады? Себебі ел жерсіз өмір сүре алмайды, жер елсіз болмайды. Ел мен жерді қатар қойып, өзін тарих алдында ұрпақтан кіші санайтын адам тәкәппар емес, адамгершілігімен елден безбейді. Кішіпейілдігі, сауатылығы, адамгершілігі мен шынайылығы арқылы халықты өзіне тартады, халық пен мемлекетті біріктіреді.
Отаршылдық заман қазақтың басына қалай туды жер мәселесіде өрши түсті. Отырықшылыққа үгіттеп, артық жерлерді өзіне алуға ұмтылған патша саясатына қарсы алаш зиялылары газет беттеріне көптеген мақала жазған, ашық түрде жерге, ел тағдырына араша түсті. Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты жариялаған мақалаларынан ұғынатынымыз, қазақтың үш мың жыл бойғы болмысын бір сәтте өзгерту әділетсіздік. Яғни жұртқа бағыт бағдар беретін адамдар болса, мемлекет көмектессе қазақ егіншілікті, технологияны өзі ақ үйренеді, бұл бір уақыттың ішінде шешілетін іс емес.
1925 жылы «Ақ жол» газетінде жазған «Отырықшылықтың пайда зияны» атты мақаласында Жүсіпбек Аймауытов жер мәселесіне қатысты былай деген: «Отырықшы болса-ақ қазақ тұрмысы түзеліп кетеді, тез мәдениетті болады» деген пікір даусыз ақиқат емес, өзгермелі, екі ұшты, даулы мәселе деп қараймыз.
Тұрмыс итеріп, шаруа етіліп, амалсыздан отырықшы болу бар. Ондай шартпен отрықшы болатындарға ешкім қарсы бола алмайды: тұрмыстан күшті құдірет жоқ. Қарсы бол, болма, оларды тіршілік таласы отырықшы қылады. Ол қандай шаруа? Малы азайып, көше алмай қалған ел: егін салуға кіріскен ел, жері тарылып, көршілерімен таласып-тармасып, жер алып қалуға душар болған ел, жақсы жеріне басқа біреу қол сұққандықтан, жерін бермеймін деген ел. Оларға үндеудің керегі жоқ: өздері ақ отырықшы болады.
Азды көпті күн көргіш малы бар, ептеп егін салатын, жаз болса жылжып қонатын, жер жағдайы отырықшы болуды көтермейтін елдер бар. Бұлардың да отырықшы болсақ, қайтер екен деген аузында бар. Ондағы қауіпті жақсы жерді бәрін отырықшы болғандар алып қойып, түбінде көшіп- қонып жүре алмайтын болсақ, жерден құр қаламызба? Түпкілікті қоныс болатын жерді сағаласақ дұрыс болар еді. Бұлар тұрмыс айдап отырықшы болмайды. Келешектің қайғысын ойлап, не біреудің жеріне қызығып, болмаса отырықшылық пайдалы деп болмақшы. Бұл талап көшпелі елде де, шала көшпелі елде де бар. Әзірше жерден таршылық көрмей отырған елдердің отырықшы болуында зиян бар демекпіз» [50. 207б.]. Қазақ ұлты ұланғайыр даланы иеленуде, ата мекенді сақтауда ел тұрмысын сақтап, ұлтты біріктіретін ортақ тәсілді қалыптастырған. Ол көшпелі тұрмыс арқылы ұлттың болмысын, мемлекеттің тұтас мүддесін сақтау қажеттілігінен туындаған. Қазақ көшпелі тұрмыс арқылы табиғаттың құнарын, тазалығын сақтап отырған, елді, ұрпақты біріктіріп отыратын дәстүрдің, тілдің, ділдің байлығын арттырған, дінді таза ұстаған. Жүсіпбек Аймауытов, егер қазақ халқы патша өкіметінің саясатына иланып аяқ асты отырықшылыққа көшсе алдыменен жерінен, ел мыңдаған жылдар бойы жинақтаған қорынан айрылады деген. Алаш зиялысының айтуы бойынша, халық жаңа тұрмыс тәсілдеріне біртіндеп көшуі қажет және жаңа заманның жерді өңдеу тәсілін біртіндеп қажетінше үйренеді. Жаңа технологияны меңгеруде ұлт мың жылғы дүниесінен қол үзбеуі қажет, білім, технология елдің өмірін жақсарту, экономиканы дамыту үшін қажет, ал мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың болашағы төл құндылықтарына тәуелді. Сондықтанда мемлекеттің тұтастығын қорғауда тұрмыс мәселесіне болмыс жағдайымен, тәсілімен қарау керек.
Ахмет Байтұрсыновтың айтуы бойынша, жер жеке адамның емес алдыменен ұлттың мүддесі, сондықтанда ол мемлекеттің қазынасы, үнемі солай болады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов қазаққа жерінен айрылмауды ескертті, себебі қазақ жерді жеке меншікке алуға әлі дайын емес. Патша өкіметінің отырықшы қылу саясатына сеніп, аз жерді иеленгенімен қазақ негізгі ұлттың байлығы ұлттық мүддесінен қол үзеді. Патша өкіметі халықтың аңғалдығын пайдаланып жақсы шұрайлы жерлерді өзіне алып, халықты құнарсыз жерлерге ығыстырады. Сөйтіп ел жерінен айрылады, құнарлы жерлерінен қол үзген елдің тұрмысынан күй кетеді, елден күй кеткесін кейінгі ұрпаққа ештеңе қалмайды. «Отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғандығын, отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын переселен чиновниктері не үшін қуаттайтындығын қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар – деген Ахмет Байтұрсынов, - «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген. Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөзғой. Переселен чиновниктері – алушы, қазақтар - беруші. Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені жағымды. Қазақ әуелден осыны ойлау керек еді. Олар өздеріне жағымды жағын көздегенде қазақтар да өзіне жағымды жағын көздеуі тиіс. Құр пәленше пәлен етіп жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау керек» [50. 230 б.]. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы жан айғайы жайдан жай туған жоқ, олар қазақтың мыңдаған жылдар бойы жүріп өткен жерін кеңінен зерделеді, хандардың, батырлардың, ойшылдардың, ел мен жер тағдыры тұрғысындағы қазақтың діни қайраткерлерінің ілімін, ұстанымын, күресін ескерді, терең білді осының нәтижесінде өз еріктерімен жер тағдырына ара түсті. Бүгін ұлттың саны аз шығар, жағдай болса, апат болмаса (ауру, ашаршылық, соғыс) ертең ұрпақ өседі, ұрпақ өссе ұлт өседі сонда ұлттың тағдырын шешетін жер. Бұл қазақтың түсінігі. Тарихта қазақта неге көп бала болды? Көп балалы қазақ шаңырағының негізінде ұлттың идеологиясы жатыр. Әр бала ер жеткенсоң жерін, елін қорғайды, сол жер мен елді қорғауда адам шығыны көп болады, сырттан елге көзтіккен жау ақымақ емес, ал оны тоқтатып елді жаудан қорғау үшін күш керек, күш ұрпақ, ұлт санының көптігі. Сондықтанда қазақтың әр бір ата-анасы баланы өзі үшін емес ел болашағы үшін өсіріп, тәрбиелеп отырған. Алаш зиялылары ұлттық мүдде мәселесін зерделеуде тарихтағы қазақ халқының ерлігін, ерлік иелерін тәрбиелеп қоғам алдына шығарған ата-ананың еңбегін де ескерген.
Алаш зиялыларының ұғымында жерді қорғаған бабаларымыздың ерлігінен, яғни солардан жеткен мұра бар жерді пайдалану, өңдеу оңай. Батырлықтың мектебін құрып, ілімін сақтаған қазақ уақыты келсе жерді өңдеуді де үйренеді, тек оған жағдай керек. Жағдай болмаса шаруа қанша данышпан болса да өз ісін түрлендіре алмайды.
Жер мәселесіне келгенде жер иесі ұлттың құқын ескеру қажет, себебі ел мен жер үшін тер төккен адамдардың рухы осы ата мекенге сіңіп қалады. Батырлар кетсе олардың рухы, ісі, тарихы осы жердің бойында.Осы себептен жер қазақ үшін тауар емес, қасиетті нәрсе, ұлттың мекені. Қазақ болмысының тұтас әрі терең болуына жердің ықпалы мол. Қазақ баласына жерді жаралап ойнамауды да ескертеді. Жерді қазуға, бүлдіруге болмайды деген қарапайым түсініктің өзі қазақта ұлттық сана негізіне айналған.
Тарихқа қарасақ қазақта жерге келгенде бөлінбейді, сенің жерің менің жерім деген ата бабамызда жоқ, бәрі қазақтың жері. Қазақ топырағында қаншама мыңдаған малы бар, елге қамқор болған байлар өткен бірақ олардың ұғымында жер ұлттың қазынасы, ұлттың меншігіндегі дүние. Бай бүгін бар ертең бұл өмірде жоқ адам. Ол кетсе оның байлығыда кетеді, себебі қазақ байлықты сол байлық иесі адамның ырысы деп түсінген. Иесі кетсе дәулетте тұрмайды, себебі ырыс өз иесімен ғана жүреді. Қазақ, «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп тегін айтпаған. Қазақта бай адам төрт түлік малдың иесі, байлықтың иесі, өз руының басшысы, биі, яғни зиялы әрі діни қайраткер адам. Тарихтан қазақ байларының жеке меншік жері деген сөзді естігеніміз жоқ. Мәселен Құнанбай сынды қазақта ұлтқа жанашыр бай әрі би адамдар болған. Бірақ олардың жеке басына келгенде жеке меншік жер деген сөз болмайды, демек қазақтың байлары ұлт қатарында болған, мал, мүлік өзінікі болғанымен жер ұлттың дүниесі. Бай да, би де, хан да, батыр да бір ұрпақ буынның өкілі. Алаш зиялылары жазып кеткендей, ата мекен жерін оған ел болып, ұлт болып, халық болып иелік еткен жұртқана сақтай алады. Ахмет Байтұрсынов, «Жер жалдау жайынан» атты мақалада былай деген: «Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келеме?
Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста. Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау бос ұстау өздерінен. Оған біз не істейміз?
Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ. Әркім өз жерін ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп іс қылып, жұрт пайдасымен зарарына тіпті қарамайды. Жұрт жер кетпесе менің де жерім кетпес, жұрт жерден айрылса, менде жерден айрыламынғой деп еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстіндегі, көп ортасындағы жер ғой деп, сатып, пайдаланып қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған әуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ» » [50. 228-229бб.]. Елдің тірегі жер, ел жеріне бірлігімен ғана иелік етеді, бірлік алдыменен ел алдында жүретін адамдарда болуы қажет. Қазақ тұлғаларының бірлігі халыққа жақындық, қарапайым, мейірімді, кішіпейіл, әдепті болу. Кісілік қасиетімен зиялылар халықтың сенімін сақтайды, ал сенім ол ел бірлігі үшін қажет ең басты құндылық. Билеріміз айтқандай, жалғыз ағаш орман емес, жалғыз адам жалғыз жүріп ерлік көрсеткенімен елге қорған бола алмайды. Қазақтың байлары тарихта осыны ескерген. Олардың алдындағы міндет елге жерге ие болу, осы ұстанымды ұлттық идеология ретінде алаш зиялылары өз заманында елге жеткізді. «Бір халықтың тұрмысын түп - тамырынан бұзып өзгерту (көшпеліліктен – отырықшылыққа, отырықшылықтан-көшпелілікке шыққан секілді) оңай іс емес. Қауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешуге де сонша білім керек.... Қазақ мал баққан халық, қазіргі бағып отырған малына лайық жер қалдырмай тастауын ақылға сыйдыруға болмайды. Халықтың ғұмыры 20-30 жылдағана емес, дүние тұрғанша тұрады. Сол үшін түбін ойлағанда қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек» деп жазған Міржақып Дулатов [51. 46 б.].
Алаш зиялыларына (қазақтың хандары мен батырлары секілді) ұлттық мүддені қорғау мақсатында ел мен жер тағдырына ара түсу оңай болған жоқ. Патша өкіметінің қазақ жерлерінің байлығын зерттеп, есепке алу мақсатында құрылған ұйымына ел үшін, білімімен өзін мойындатып экспедиция құрамына кіру, патша өкіметінің көздеген саясатының бағытын тереңрек білу, әлем жұртшылығының және келер ұрпақ алдында қазақ ұлтының ата мекен жер болмысымен тығыз байланыста қалыптасқан құндылықтарын тарих бетіне түсіру, оған өз тұрғысынан ғылыми негізде баға беру Әлихан Бөкейханов сынды алаш тұлғаларының ұлт алдында атқарған қасиетті ісі деп білеміз. Көріп отырғанымыздай олардың жер мәселесі, ұлт мүддесі тұрғысында жазған дүниелері аз емес.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ жерлері мен көшпелі мал шаруашылығы туралы жазған еңбектері «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» және «Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары» деп аталады. Бұл шығармаларда сонау қазақтың көне тарихынан қалыптасқан жерді иелену мен пайдаланудағы тәжірибелер, шаруашылық өнімдері, мал шаруашылығынан өндірілетін азық түлік өнімдерінің құнары, қазақтың көшпелі мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі, асыл тұқымды төрт түліктің түрлері көрсетілген. Бұл еңбек қазақтану ғылымының іргетасы болды. Ә. Бөкейханов зерттеген нәрселер бүгінгі күні де өзекті. Біз бүгін осыдан жүз жыл бұрын айтып кеткен алаш зиялыларының қазақтың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту ісіне қайта оралудамыз. Олардың жазып қалдырған мұраларындағы идеяларға сүйенсек, қазақ тұрмысындағы құндылықтар (өнімдер) қай заманда да қасиеті мен құнын жоймайды. Біз тек соны үлгі ретінде пайдалануымыз керек.
Өздері өмір сүрген аумалы төкпелі заманның қиындығына қарамастан тарихты терең біліп, оның бойындағы ұлттың тәжірибелерін өз заманына жеткізген, адамзат қоғамының бойындағы жаңа білім түрлерін иеленіп, өз қоғамына икемдеген қазақ зиялыларының тағылымы бүгінгі елі үшін баға жетпес дүние. Олар қазақты отырықшылыққа үгіттеп, артық құнарлы жерлерін алуды көздеген патша саясатына қарсы шығыпқана қоймай, елді мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан болмысынан, тұрмысынан қол үзбеуге шақырды, елге дұрыс бағытты көрсетті. Әлихан Бөкейханов, «Бұрын адам аз, жер көп болған, мұны біздің қазақ өз көзімен көріп отыр. Жердің көп азына қарамай, жердің һауасына қарай адам баласы мал баққан иә егін салған. Жер көп болып, мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің һауасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстап отырып, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған.
Көшпелі деген сөз мал бағатын шаруаны түгел жаппайды. Қала болып отырып мал шаруасын атқаруға болады. Көшпелі мен мал шаруасын бір қылып қосақтап отырған үкімет осылай етсе, өзіне пайда шығатын болған соң. Қазақ жері - мал кіндігі, мұнда бұрын қандай жұрт жүрсе мал баққан....Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен көп жылдарда ауырлайды. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс 15-тен жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұлып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады» деп айтып кеткен [52. 62б.].
Ұрпақтың ұлт болып ұйысуы, ел болып бірігуі зиялылардың беретін дұрыс бағыт бағдарында. Әр адам өзінің тарих, ел, ұрпақ алдындағы парызы мен құқын білсе алдыменен оның елі сақталады. Әлихан Бөкейхановтардың халқына үйреткені өмір сүріп отырған ортасына, ел болашағына ұлттық мүдде тұрғысынан қарау, ұлттық мүдде мәселесіне келгенде әр адам өзінің оның болашағына жауапты екендігін білу. «Мен қорғамасам елімді (жерімді) кім қорғайды?» деген ұғым қазақ тұлғаларында (батырларда) болған, бұны зиялылықтың басты принципі деп айта аламыз.
Ұлт мүддесі жер мәселесі қай заманда да ел алдында тұрған. Елге көзтіккен жұрт алыменен жерге көз тігеді. Ата бабаларымыз тарихта қаншама соғысты басынан өткізсе, соның бәрін өздері ашпаған, сырттан келген жаудан жерді, елді қорғау үшін жаумен күрескен. Санғасырлық тарихтың мәні жерді сақтап, ұрпаққа ұлттың мұрасы етіп табыстап отыруында. Ахмет Байтұрсынов жазғандай, «Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну – білмегендік.
Қазақтың әлі күнгі жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тендіреп кетер» [50. 213б.].
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының ірі тарихи тұлғасы Мұхамеджан Тынышбаев отандық тарихты зерттеуде ұлттық ұстаным принципін негізге алған. Оның рухани мұрасының ерекшелігі төл тарихымызды зерттеудегі шежірені тұжырымдама ретінде пайдалануы.
Сонымен қатар ғалым қазақ ертеден халық ретінде қалыптасқандығын алғашқы болып жазған. М. Тынышбаев А.П. Чулошниковпен бірігіп жазған еңбегіне «қазақ» сөзінің мағынасын түсіндіруі оның тарихнамада осы мәселенің зерттелуінің бастаушысы болғанын көрсетеді.
М. Тынышбаев еңбектерінде қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі туралы да баяндалады. Мысалы қалмақтарға қарсы күрестің барысында Бұланты шайқасындағы, Белеуті өзендері жағалауларында Кіші Орда батырларының қол жеткізген жеңістері туралы айтылады.
Жер — қазақ халқы үшін ерекше мәселе. Осыған орай М.Тынышбаев еңбектерінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының жабайы әдістері және оның экономикалық, саяси, рухани салдары деректерді жан-жақты талдау негізінде ашылған. Оның жер мәселесі туралы көзқарасы 1905 жылдың 19 қарашасында автономистердің 1 съезінде жасаған «Қырғыздар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасында патша үкіметінің қоныстандыру саясатының қазақтарды қиын жағдайларға ұшыратқанын «жер үшін жанжалдар, төбелестер және кісі өлтірулер орын алып отырғанын, қазақтарды мал шаруашылығынан диханшылыққа ауыспайды деп айыптайтынын, алайда олардың қарауына берілген жалаңаш далада және құмдарда адамдар тұрмақ, аңдар да өмір сүре алмайтынын» атап көрсеткен еді [53, 74б.]. Сонымен қатар жер мәселесінің қазақ халқы үшін стратегиялық маңыздылығын түсіне білген ол, егер жерді орыс шаруаларының пайдасына тартып ала берсе, ел арасында әлеуметтік қақтығыстың болатындығы заңды екендігін атап көрсетеді.
Жалпы айтқанда, тарихта елдігімен өткен қазақ тұлғаларының ұғымында зиялылар халықтан алшақтамау керек. Егерде олардың білімі, дәулеті елге пайда әкелсе елдің бірлігі нығаяды. Халықтың арасында бір біріне деген іштей сенімсіздік, өскелең ұрпақтың бойында күйзеліс болмайды. «Жұрт ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды. Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды» - деп Әлихан Бөкейханов айтып кеткен. Бұны әр адам жете түсінуі қажет деп есептейміз. Себебі қазақ зиялыларының ел мүддесіне қамқорлығы өмір талабынан туындаған. Қазақ тұлғалары үшін жер ұлттың өмірін жалғайтын дүние. Сондықтанда ол ұлттың қазынасы, ұлт меншігіндегі дүние болып ұрпақтан ұрпаққа табысталып отырмақ.

2. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі жер мәселесінің тарихи маңызы


2.1 Ресей патшалығының аграрлық реформасы және оның жүргізілу барысы


Қазақстан жері екі ғасырдан астам Ресей империясының бодандығында болды. Қазақ елі Ресей патшалығының құрамына енгеннен кейін, отаршыл орыс әкімшілігі біржолата билікті қолына топтастыруға тырысты. Сол мақсатпен 1822 жылы 22 шілдеде «Сібір қырғыздары туралы Жарғыны» шығарып, қазақ қоғамындағы хандық билікті жою ісіне көшті. «Жарғы» авторы – Ресей империясының отарлық саясатын уағыздаушы патшалық жендет – реформатор М.М.Сперанский еді [1]. М.М.Сперанскийдің бұл «Жарғыны» дайындаудағы мақсаты Орта жүз қазақтарын басқаруды біржолата «жақсарту» арқылы мұндағы ел байлығын тонап, халықты қанауды күшейтуге жағдай жасау еді. Сөйтіп, орталық саясат шекара бойынан әрі өтіп ішкі далаға ене бастайды. 1824 жылы 20 наурызда «Орынбор қазақтарын басқарудың» жобасы бекітіледі [2]. Ал 1844 жылы 14 маусымда «Орынбор қазақтарын басқарутуралы ереже» жасалады. Бұл әкімшілік реформаның 1824ж.реформадан көптеген ерекшеліктері болды [2]. Патша үкіметі отарлау саясатын күшейту мақсатында 1854 жылы 19 мамырда «Семей облысын басқару жөнінде» жаңа ереже енгізеді. Патша үкіметі түрлі реформалар жасады [3]. 1865 жылы патша үкіметі Қазақ даласын басқару туралы ереженің жобасын жасау үшін «Дала комиссиясын» құрып, оған ішкі істер министрлігінен, әскери министрліктерлің өкілдері мен Орынбор өлкесі, сондай-ақ Батыс Сібірден «депутаттар» еніп 1865-1866 жылдары ол Сібір және Орынбор қазақтары облыстарын және Түркістан облысын зерттеп, қазақ даласын басқару туралы ереженің жобасын жасады [4].


Жылпы, Қазақтардағы жер мәселесі тарихын зерттеген көрнекті ғалым Телжан Шонанұлы қазақ жерін отарлауды екі кезеңге бөлген болатын:
1. Орысқа бағынғаннан бастап ХІХ ғ. 80-жылдарының басына дейін. Бұл қазақтардың, әскерилердің пайдасына деп жер алу дәуірі. Екінші сөзбен айтқанда «Сары орыстың» келе бастауы.
2. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардан бастап патша құлағанға шейін. «қара шекпенділер» үшін жер алу дәуірі. Қазақтың «қара орыс қаптағанда сары орысты әкеңдей көресің» деген мәтелі осы кезеңді сипаттайды [6] -дейді Т.Шонанұлы.
Қазақстанды отарлау саясатымен патша үкіметі оны үшке бөліп, Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан генерал-губернаторлығы арқылы биледі. Бұл жерлерде казак-орыстардан құрылған үш әскери топ – Батыс Қазақстанда, Орал әскері, Арқада-Сібір әскері, Оңтүстікте – Жетісу әскері болды.
Оралдағы казак-орыс әскерінің қолында 6 миллион десятина жер болды (3,4 десятина-1гектор). Осы Орал бойындағы казак-орыс әскрлерінің станицалары мен поселкелерінің саны 116 еді. Ал Сібірдегі казак-орыс әскерінің жері 5 миллион десятина болды. 11 610 484 десятинаға жетті [7]. 1895 жылғы мәлімет бойынша Сібір әскерлері мүшелерінің әрқайсысына орта есеппен шаққанда 50 десятинадан қазақ жері тиді. Ал Ақмола облысының 1894 жылғы көрсеткіші бойынша Петропавл мен Омбы уезіндегі әрбір казак-орыс жанұяларына берілген жер мөлшері 200 десятина болды.
Жетісу казак-орыс әскерлерінің ең шұрайлы деген жері 610519 десятинаға жетті, яғни жанбасына 2 десятинадан келді. Сөйтіп қазақтың ең құнарлы жерлері казак әскерлерінің қалына кетті. Отаршыл казактар ешқандай шектеусіз, өздері қалаған жерлерге жыртып егін екті. Мәселен, Жетісу облысының 387 жандық Сегейопль станциясындағы казак-орыс әскерінің қазақ кедейлерінен тартып алынған жерлері 117618 десятинаға жеткен, яғни әр жанұяға 300 десятинадан келген.
Қазақ шаруалары өзжерін отаршыларға жалға беруге мәжбүр болды. Мысалы, негізгі әскери капиталдық мөлшері 240 355 сом, ал жерді жалға беру жыл сайын казак әскерлеріне 13 474 сом кіріс әкелді. Сонымен бірге орыс-казактар егіндік жермен қатар мал басын да ұстады. Жетісу әскерлерінің қолында 29 850 жылқы, 24 477 бас ірі қара мен 21 800 қой, ешкі болған. Әр 100 адамға 181 бас малдан келді. Бұл барлық казак-орыс әскерлерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш еді.
Телжан Шонанұлы «Жер тағдыры – ел тағдыры» еңбегінде: «Генерал Маслокавектің 1905 жылғы есебінше: Орал атты казагында 6 446 400 десятина жер берілген. 1894 жылғы сынақ бойынша бір казак-орысқа 45 десятинадан жер келді. Бір бас малына 5 десятинадан жер, болмаса 4,4 десятина жақсы жер келді» [6]- деп көрсеткен еді.
1855 пен 1860 жылдар аралығында Іле өңірінде әскери отарлау саясаты белсенді жүрді. Әскери станциялар, поселкелер салынып, олардың саны жылдан-жылға көбейді. Казак-орыс әскерлері қазақтардың 10 млн. десятина жерін алды. 1867 жылға қарай Сібір казак әскерлерінің 15 мыңдай тұрғыны бар 14 станциялары мен паселкелері болды.
Қазақстанға россиядан қонысаудару қозғалысы жыл өткенсайын күшейе түсті. Тек 1885-1893 жылдары Ақмола облысы жергілікті тұрғындарының 250мың десятина жері тартылып алынып, 10 мың халқы бар 24 орыс селолары бой көтерді. Осы жылдары бір ғана Семей облысы қазақ шаруаларының 33 мың десятина құнарлы жерлері орыс шаруаларының есебіне көшті.
Шаруалар жер іздеп Сібірге, қазақ даласына ағылды. Әсіресе, бұл толқын 1870 жылдың аяғында кеңінен қанат жайды. Орыс шаруаларының қазақ жеріне тоқтаусыз ағылуының себептерін қазақ зиялыларының бірі Қошке Кеменгерұлы былай деп көрсетті: «Соңғы кезде үкіметтің құшағын ашып келімсектерге жәрдем көрсетіп неше жылдай алым-шығымнан азат қылып қазақ жеріне шегірткедей қаптауының мәні: 1) Ішкі Россиядағы қара шекпенділердің байлардың жеріне ауыз сала бастауынан; 2) Мал баққан орыс байлары Сібірге келіп орныға бастаған соң бұларға жұмыскер керек болды. Байлардың тілін далада қалдырмайтын үкіметтің байлардың жұмыскері көбейсін дегендігінен; 3) Шоқындырумақсатынан; 4) Келімсекпен қазақты жауластырып саясатқа қаратайық дегенінен; 5) бәрінен де күшті пікір; қазақты жауынгерлерден бездіріп, айдауына жүретін, ұрғанына көнетін халыққылу мақсатынан».
Ресейлік патша қонысаударуға тиым салса да бұл көне тоқтамады. Ерікті шаруалар қазақ жеріне нобайлап келмеді олар аздап шөбі шұрайлы Торғай, Ақтөбе, Қостанай облыстарына келді. Терістік Қазақтандағы Петрапавл (Қызыл жар), Көкшетау уездеріне (бұрынғы Ақмола обл) орналасты. Олардың қанша мөлшерде келгендігі төмендегі №1 кестеден байқалады [7].

Кесте 1. Ресейлік патша қонысаудару барысында келгендердің есебі





жылдар

Үй саны

Адамның саны

1860-1876
1875-1878
1878-1881
1882-1884
1885-1887
1888-1890

30 үй
237
304
373
418
2140

150 адам
1700
1800
2200
2500
13 000

Алғашқы кездерде орыс шаруалары (еріктілер) қазақ жеріне «тамақтану үшін» келді. Жергілікті халықтан бірнеше жылға ақшасын төлеп арендеға жер алды. Бос кезінде қоныстанушы орыс шаруалары қазақтардан жерді арендаға ақысыз алды. Себебі, қазақтың егін егіге еш мүмкіншілігі болмаған еді. Екінші жылдары аренда ақысы 25-30 тиынға, ал үшінші жылдары 75 тиыннан 1 сомға дейін көтерілді.


Арендаға алған жер мерзімінің уақыты жақындағанда шаруаларға қайтадан аренда мерзімін ұзартты және ақырындап сол ауданды өздерінің меншігіне айналдыра бестады. Қоныстанушы шаруалардың паселкелері пайда болды. Әбден орнығып үй-жағдайларын салып алғаннан кейін олар қоныстандыру мәселелеріне осы жерді бекітіп беруге «өтініш-арыз» жазады.
Қазақстанды «отарлы елге» айналдыру ісіне патша үкіметі жан-жақты, сақтықпен әзірленді. 1865 жылдарға қарай қазақ жері Ресей үкіметінің әскери линияларымен қоршалған темір құрсауында қалды. Бұл әскери отаршылдық кезеңінің толықтай аяқталғанын білдірді. Енді әскери отарлаудың орнын шаруашылықпен отарлаудың кезеңі басты.
1865жылы Қазақстанға ішкі Істер министрлігі мен әскери министрліктің өкілдерінен, сондай-ақ Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлардың депутаттарынан құралған комиссия құрамы жіберілді. Комиссия жұмысының негізгі мақсаты Қазақстанды басқару жөніндегі Ереженің жобасын даярлау еді. 1865 жылы, Ресейдегі реформадан кейінгі жаңа әскери әкімшілігін аудандастыруға байланысты Батыс Сібір әскери округі құрылды. Оның құрамына Семей және Сергиополь, Қапал, Алатау округтері мен Жетісу енді. Сол, 1865 жылы Ташкент алынғаннан кейін болашақ Сырдария облысының бүкіл территориясымен болашақ Жетісу облысының біраз жері қараған Ташкент облысы құрылды. Түркістан облысы үш әскери бөлімге бөлініп, Орынбор генерал-губернаторына бағынды. 1865 жылы 6 тамызда Ресей патшасының Ташкент облысын басқару туралы уақытша ережесі бекітілді. Комиссия жұмысының нәтижесінде 1867 жылдың 11 шілдесінде «Жетісу мен Сырдария облыстарының басқару жобасы» және 1868жылы 21 қазанда «Ақмола, Семей. Орал, Торғай далалық облыстарын Уақытша басқару Ережесі» қабылданып бекітілді [8].
1868жылғы Ереже қазақ шаруаларына өте ауыр тиді. Ереже бұрынғы ата-бабадан келе жатқан заңдылықтарды бұзды. Бұл заң көшпелі қазақтарға өте тиімсіз болды. Ал отырықшы шаруаларға көптеген мүмкіншіліктер жасалды.
Казак әскери бөлімдерінен жаңадан тартып алынған немесе бүрыннан пайдаланып жүрген жерлері оларға Ереже бойынша заңдастырылып берілді. Сондай-ақ, Ереженің 225 пунктінде казак әскерлерінің жерінде көшіп-қонып жүрген қазақ тұрғындарының ақысын алуға мүмкіндік берілді. Ережеде:Сібір әскерлеріне жер беруде көптеген артықшылықтар жасалды. 1895 жылдың мәліметіне сүйенсек,орта есеппен алғанда жер бір адамға 50 десятинадан келді.Сібір казак әскерлері жергілікті қазақ тұрғындарының өте жақсы,шұрайлыдеген 5миллионға жуық жерінтартып алды.
1868 жылғы 21 қазандағы реформа бойынша Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Әрбір генерал-губернаторлықтар облыстардан құрылды. Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал мен Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола мен Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Өз кезегінде облыстар бірнеше уездерге, уездер болыстарға бөлінді. Генерал-губернаторлықтардың міндетіне әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы –қазақдаласын жаңареформа бойынша әкімшілік жолмен қайтақұрудың және басқарудың басты принципі болды. 1867-1868 жылғы ережелер бойынша облыс басқарушысы өз қолына полицейлік және тәртіп орнататын билікті шоғырландырды.
1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының маңызды бүтақтарының бірі еді. Яғни, ол өлкенің әкімшілік құрылымы, жер мәселесі, сот жүйесі, халық ағарту, салық саясатысынды аса маңызды салаларын қамтыған болатын. «Уақытша ережеге» қолқойылған соң бір жыл өткенде Орынбор генерал-губернаторлғы Кржижановский «Бұдан әрі қазақ даласын шын мәнінде орыс жері...Бұдан былай қазақтар орыс билігіне бағынуға мәжбүр болады» деп жазады.
70-жылдардың ортасына қарай Батыс Сібірдің генерал-губернаторлығы Казнаков қазақ жеріне толассыз ағылған орыс шаруаларының толқынына көңіл аударды. Ол қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру үшін арнайы комиссия құру қажет екенін ескертті. Бұл комиссия жұмысы 4 жылға созылды. Нәтижесінде Ақмола облысында Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петрапавл аралығын байланыстыратын орыс паселкелері пайда болды. Комиссия зертеген 30 участкенің 19-ында 4 000 жаннан келген қоныстанушылар орналастырылды.
Міне, осы жағдайдан кейін өз бетінше қазақ жеріне қоныс аудару жылдан-жылға ұлғая берді. Патша үкіметі бұл толқынды тоқтатуға тырысты. 1881 жылдыңа яғына қарай үкімет «Қазақстан облыстарына шаруаларды қоныстандыру Ережесін» қабылдауға мәжбүр болады. Ереже бойынша үкімет орындарының арнай рұқасты барларға қоныстануға мүмкіндік берілді. 1881 жылы Уақытша Ереже шыққаннан кейін қазақ жеріне мына мөлшерде ерікті шаруа жанұяларының қоныстануына рұқсат етілдігі төмендегі №2 кестеден көруге болады.

Кесте 2. Уақытша Ереже барысында, қазақ жеріне келген ерікті шаруа жанұяларының қоныстануы





Жылдар

жанұя саны

1881
1882
1883
1884
1885
1886
1887
1888

15
1277
377
550
1277
5490
9094
13 109

Үкіметтің рұқсатымен келген шаруаларға 45 десятинадан жер және де басқадай жеңілдіктер берілді. Алайда, екі жылдан кейін, яғни 1883 ж Қазақстанға қоныс аудару «уақытша» тоқтатылды.


1861ж мен 1885 жылдар аралығында Оралға 300 мыңдай шаруа-мұжықтар қоныстанды, яғни 1 жыл ішінде 12 мыңдай. Шаруалардың өңірге ерікті түрде қоныстануы 1885-тен 1894 жылдар аралығында 450 мың, 1 жылда 45 мыңдай, 1895-тен 1906 жылдар аралығында 1400мың, 1 жылда 131 мыңдай, 1906 жылдан 1913 жылдар аралығында 3274 мың, 1 жылда 409 мың болған. Ал қоныстандыру статистикасы бойынша 1885 пен 1913 жылдар аралығында Орал өңіріне 5 млн. қара шекпенділер қоныстанды.
Жалпы, патша үкіметі Қазақстандағы мақсатына негіздеп өзінің аграрлық саясатын одан әрі жүзеге асыруға кірісті. Өлкенің барлық облыстарына Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды жоспарлы түрде қоныс аударту үшін бірнеше шаралар іске асырыла бастады. Қоныстандыру саясатының бастамасын ең алғаш болып қолға алған Жетісу облысының билеушісі Колпаковский 1868 жылы «Жетісу өлкесіне шаруаларды уақытша қоныстандыру Ережесін» қабылдады. Бұл Ереже 1883 жылға дейін қолданды. Осы ереже бойынша қоныстанушы келімсектерге бірнеше жеңілдіктер жасалды: әрбір қоныс аударушы ер адамға 30 десятинадан жер берілді; алым-салықтардан босатылды; 15 жылға әскерге алынбауға рұқсат берілді; жаңа жерден үй салуға жанұяға 100 сом мөлшерінде несие берілді. Мысалы, 1868 жылғы 21 қазанда қабылданған «Уақытша Ереженің» 210-статьясында «Қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлері мемлекеттік жер болып табылады және ол қазақтардың қоғамдық пайдалануына беріледі» деп көрсетілді [9]. Ал 1869 жылы Түркістан генерал-губернаторы К.Ф.фон Кауфман бекіткен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Уақытша Ережелер» облысқа келген қоныс аударушылардың жағдайын жеңілдетуді көздеген бірсыпыра шараларды белгіледі. Осы ережеден кейін Жетісу облысында 35 569 тұрғыны бар 63 шаруалар поселкесі пайда болды [10].
Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығының құрамына енуіне байланысты 1883 жылы жергілікті әкімшілік «Облыстағы отырықшы халықты жерге орналастыру Ережесін» қабылдады. Бұл заң 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Ереже бойынша Шығыс түркістанға қоныс аударған шаруа-мұжықтар, ұйғыр мен дұнғандарды орналастыру ісі қолға алынды. 1884ж Жетісу облысына 4682 дұнған, 45373 ұйғыр келеді [11]. 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанға 14130 дұнған мен 55 999 ұйғыр қоныстанды.
Осы қабылданған жаңа заң бұрынғы қабылданған заңдағы қоныстанушы шаруаларға деген артықшылықтарын азайтты. Мысалы, бұрынғы 30 десятина жер ендігі жерде 10 десятина болып қысқарды. Қоныстанушы шаруалар салықтан үш жылға босатылды.
Жетісу облысындағы 81 жер учаскесін Колпаковский Украинадан және ішкі Ресейдің Воронеж, сондай-ақ басқа аудандарынан қоныс аударып келген шаруаларға берді. 1891 жылы ішкі Істер Министрі арнайы бұйрықпен Жетісуға шаруалардың қоныс аударуына тиым салды. Бұл тежеу негізінен қоныстанушыларға деген дайын жердің жоқтығынан, әрі жаппай ағылған келімсектердің жергілікті халыққа өте жайсыз тиуінен еді.
1886 жылы 12 маусымда «Түркістан өлкесін басқару» туралы ереже қабылданды. Бұл ереже 331 баптан тұрады. Кіріспесі біріктіріле отырып және 4 бөлімнің ішкі тараулары мен бөлімшелері қосылды. Ереже кезінде Түркістан өлкесіне – Сырдария, ферғана, Самарқанд кірді. Түркістан өлкесі империяның әскери министрлігінің қарамағына алынды. Бұл ереженің 9 бабы ерекше назар аудартады. Оның кіріспесінде былай делінген – «Түркістан өлкесінің көшпелі және отырықшы халықтары, яғни ауыл тұрғындары ауылдық құқыққа, ал қалалық тұрғындар қалалық заңдылықтармен басқарылатын болды». 1886 жылғы ереже барлық жер мемлекеттікі деп бекіте отырып «бұл қоғамдық жер жергілікті халықтарға мерзімсіз уақытқа дейін беріледі деп» бекітті.
Қоныстанудың етек жаюы патша үкіметін қатты ойландырды. Жер жәннатын іздеп ағылған шаруалардың толқынын тоқтату мүмкін емес еді. Сондықтан да 1883 жылдан 5 жыл көлемінде әр түрлі комиссиялар құрылып, «қоныстандыру» мәселесі жөнінде қызу таластар жүргізді. «Қоныстандыру» саясаты өз бетінше рұқсатсыз жүрмес үшін, арнайы әкімшілікке бағынып, қоныстанушыларды үкімет рұқсатымен, белгіленген жерге барып орналасу үшін жаңа «Ереже» қажет болды. Ішкі Істер Министрі граф Толстойдың бақылауымен шаруаларды қоныстандыру Ережесінің жобасы жасалып, патшаның бұйрығымен қабылданды. Осы қабылданған жоба бойынша ендігі жерде қоныс аудару қатал түрде үкіметтің бақылауы арқылы жүргізілуі тиіс деп табылды. ІІІ Александр пікірімен санаса отырып жобаға түзетулер енгізіп, әрі қарай толықтыру үшін граф Плевенің басшылығымен жаңа комиссия құрамы сайланды.
Комиссияның жұмысының нәтижесінде патша үкіметі 1889 жылы 1 шілдеде «Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс аударту» туралы және осы топтың адамдарын «бұрынғы уақыттары қоныс аударғандар» қатарына жатқызу тәртібі туралы арнайы Ережені жасап бекітті. Ережеде Том және Тобыл губерниясындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола, және Семей облыстарындағы олардың көшіп баратын нақтылай түсті. Мысалы, жан басына 15 десятина мөлшерінде жер кесіліп берілген бұрынғы қоныс аударғандардың мүдделері ескертілді.
Шаруаларды қазақ өлкесіне қоныс аударту көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді. Тек 1885-1893 жж. Дейінгі аралықта Ақмола облысының ежелгі тұрғын халқының пайдалануынан 251 779 десятина жер тартып алынып, 10940 жан еркек халқы бар 24 қоныс аударғандар учаскелері құрылды. Ал Семей облысында осы аралықта қазақ шаруаларының 33064 десятина егін егетін жерлері тартып алынды.
1889 жылы 13 шілдеде «Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс аударту» туралы заң қабылданды. Осы жылдан бастап қазақ өлкесіне орыс шаруаларын толассыз қоныс аударуы басталды деп айтуымызға болады. Қоныс аударушылар Ақмола облысына көптеп келе бастады. Тек бір ғана 1890 жылы Ақмола облысына ресейдің 32 губерниясынан 15 мыңнан аса орыс шаруалары қоныс аударса, 1891 жылы олардың саны 39 595 адамға дейін көбейді [12]. Бұл заңның күші 1891-1892 жылдары Торғай мен Орал облыстарына тарады. Осы заң бойынша қоныс аудару үшін арнай рұқсат талап етілді. Әркімнің өз бетінше қоныс аударуына шек қойылды. Бірақ стихиялық процеске айналған қоныс аударушылықты патша үкіметінің қалайда бір ретке келтіруге тырысып баққанынан түк шықпады. 1896 жылға қарай Торғай даласында мыңнан астам орыс поселкелері мен селолары пайда болды. Шаруалардың қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді.
1891 жылы 25 наурызда 1868 жылғы 21 қазандағы «Уақытша Ереже» толықтырылып, Ақмола, семей, Жетісу, Орал мен Торғай облыстарын басқару туралы ереже қабылданды. 1868 жылғы «Уақытша Ережемен» салыстырғанда 1891 жылғы Ережеде жайылымдық жерлерді қауым аралық бөлу тәртібі қарастырылған жоқ. Патша үкіметі бұл процесс осы жылдың аяғына дейін толық аяқталды деп есептеді. 1891 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақ жерін жалға беру әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға жал мәселесі қолға алынды. Жаңа ереже бойынша қазақтар өздерінің пайдаланып келген жерлерін орыстарға 30 жылға бере алады. Жалға беру болыстық съездерде қаралғаннан кейін, облыстық үкімет орындарының бекітуімен жүргізілді. Жалға алған жерлерге орыстар фабрика, зауыт, сондай-ақ басқа да мекемелік орындар сала алды. Осы толықтырылған 1891 жылғы Ереже патша үкіметінің қанау билігін нақты жүргізген тұрақты ережелерінің біріне айналды. Ереженің 119, 120-баптары бойынша байырғы көшпенділер қонысы мемлекет меншігіне айналды. Орман, көлдер мемлекет қарамағына көшті. Ережеде былай деп жазылды: «Көшпенділер үшін артық деп саналатын жерлер Мемлекеттік Мүлік министрлігінің қарамағына өтеді». Басы «артық» жерлер мемлекет есебіне алынды. 120-баптың І-қосымшасы қазақтарға өте ауыр тиді. Осы ереженің есебінде қазақтардан көп мөлшерде мемлекет меншігіне жер алынды. Мысалы, 1906 жылдарға дейін Жетісу облысындағы қазақтардың пайдаланып келген 838495 десятина жері алынған. «Көшпенді ел иемденіп жүрген жер осы ережелердің негізінде және оның тәртіптері бойынша көшпенділердің мерзімсіз қоғамдық пайдалануына қалдырылады» [9].
1891 жылғы Заң 1868 жылғы Заңмен салыстырғанда қазақтарды көптеген жерінен айырды, сансыз салықтар салды. Заң бойынша Қоныстандыру басқармасы қазақтардың талап-тілектерімен, өтініштерімен санаспай жерді межелеп бөлуде өз үлестерін тағайындады. Сондай-ақ, осы жерді межелеудің негізінде «артық» деген жерлерді анықтап, сол жерлерге қоныс аударып келген шаруаларды орналастырды.
Орыс шаруаларының легі 1891-92 жылдары астық шықпай қалып, ашаршылық қаупі төнген сәттерде, оба індеті жайлағанда ұлғайды. «Астықтың шықпауы мен оба індетінің жайылуынан шаруалар Сібір мен Орынборға, қазақ жеріне ағылды. Қыстың түсуіне байланысты: Қазалыға – 968 жан, Перовскіге – 989, Шымкентке – 1534, Әулиеатаға – 1148, ташкентке – 377 жанды бөліп орналастыруға тура келді. Барлығын қосқанда 5 213 жан»,-деп көрсетті генерал-майор М.А.Тнрентьев өзінің «Орта Азияны жаулап алу тарихы» еңбегінде.
Ал қазақ жеріне келіп әлі толықтай қоныстанып үлгермеген шаруалар аштықтың әсерінен өздерінің қоныстанбақ болып алған участкелерін тастап қалаларға ағылды. Мысалы, Омбыда 6 мыңдай, Петропавлда – 800, Ақмола мен Атбасар қалаларында - 600 –дей қоныстанушылар жиналды. Көктемнің түсуіне қарай олардың бір бөлігі Алтай округіне, көпшілігі қайтадан Ресейге қайтты. Негізінде, көпшілігі қайтадан осы облыстардың станциялары мен поселкелеріне қайтып оралды.
80-90 жылдардағы жұт қазақтарға оңай тиген жоқ. 1897-1880 жылдардағы жұт Торғай, Ақмола, Сырдария облыстарындағы 13 млн бас малдың 6 миллионын жалмап алды. Осы оба індеттің жайылуынан, шөп азығының жетіспеуінен, сондай-ақ қыстың қатты боранынан Семей облысында 89 мың бас мал, Ақмолада – 100 мыңнан аса, Торғайда 63 мыңдай бас мал шығынға ұшырады.
Астықтың шықпай қалуы одан сайын егіс көлемін ұлғайтуға алып келді. Әбден ашыққан қазақтар тамақ іздеп Қатайға кетті. Жетісу облысынан 1019 үй немесе 3675 жан Қатайға кеткен.
8 жылдың ішінде, яғни 1892 жылға дейін қоныстанушы орыс және украин шаруаларының алған жер мөлшері 722 мың десятинаға жетті. Бұл десятина 6000 жан басына бөлінген еді. Ерікті қоныс аударушылардың саны қоныстануға жабық деп саналған облыстарда – 24 мыңға жетті.
1891 жылы қоныстанушылар 1117 жаннан тұратын 9 поселке, ал 1892 жылы 4 816 жан қоныстанған 13 поселке салды. Қоныстанушылардың көпшілігінің қолында малы болмады.
Орыс шаруаларының қоныстануы Сібір темір жолы ашылғаннан кейін күшейді. Сібір темір жолы магистралын салу ісі ХІХ ғасырдың 50-жылдары қозғалды. Ұзақ жылдар бойы талқыланып 1891 жылы темір жол құрылысын бастау жөнінде патша бұйрығы шықты. Ал 1892 жылдың 10 желтоқсанында «Сібір темір жолының арнайы комитеті» құрылды. Осы темір жолдың салынуынан кейін өлкеде 1893 және 1894 жылдары барлық көлемі 468 539 десятина жерді қамтыған Петропавл уезінде 23, ал Омбы уезінде 20 қоныс аударушылардың мекендері құрылды. Қоныс аударушылардың Ақмола облысына үсті-үстіне келіп, олардың қатары көбейе түскенін дәлелдейтін тағы бір-екі мысал келтірейік. Мысалы, облыс көлемі бойынша, бір ғана Көкшетау уезіне 1881-1891 жылдар аралығында 16,5 мың адам қоныс аударса, ал 1891-1990 жылдар аралығында олардың саны 55,6 мыңға дейін көбейген. Демек, 19 жылдың ішінде уездегі қоныс аударушылардың саны 39,1 мың адамға өскен [12]. Сондықтан Сібір темір жолының салынуы патша үкіметі аграрлық саясатын жүргізудегі ең негізгі жолы болғандығын көреміз.
Патша үкіметі 1893 жылы 24 ақпанда «Сібір темір жолы аудандарында қоныстандыру және қосымша учаскелер құру үшін Уақытша ереже» қабылдады. Осы ереже бойынша Сібір темір жолы арқылы қоныстандыру үшін арнайы комитет құрылды. Комитет құрамында 100 мүше, яғни 81 жер өлшеуші техниктер мен 19 жер ісін жүргізушілер болды. Олар алғашында Тобыл, Том, Енисей облыстарына жіберілді. Комиссияның зерттеу жүргізуінің нәтижесінде 1893-1895 жылдар аралығында Семей облысынан 30512 жанға жетерлік 78 учаске табылды.
Тобыл, Том губерниялары мен Ақмола облысының жер межелеуші партияларының алдында мынадай мәселе тұрды: таяу арада, яғни 3-4 жылдың ішінде темір жол бойындағы 11 млн десятинаға дейінгі жерлерді межелеу, Ақмола облысының Петропавл, Көкшетау, Омбы уездерінің ең жақсы 2 421 503 десятина жерлерін межелеп, ол жерлеге 160 мың орыс шаруаларын қоныстандыру. 1893 жылдың аяғына қарай Ақмола облысының Петропавл уезінде 23 учаскесі құрылды.
1896 жылы Ішкі Істер министрлігінің қарамағында Переселен аудару басқармасы құрылды. Бұл мекемеге орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аудару мәселесін реттеу мен тәртіпке келтіру міндеті жүктелді. Осыдан кейін қазақ жеріне қоныстанушы орыс шаруаларының жан-жақтан қаптап келуі қазақ халқының ашу-ызасын тудырды [13].
Осыған сәйкес екі жақтың да тыныштығын ойлап, шешімін табу үшін арнайы далалық комиссиялар құрылды. Бұл комиссия комитетін статус-хатшы Куламзин басқарып, қоныстандыру қорын қолға алды. Қазақстанда құрылған бұл қоныстандыру қорының мақсаты халқын қанау, жерін отарлау еді. Т.Седельников осы қоныстандыру қоры өзінің 13 жыл өмір сүру барысында қазақтардың 3,5 млн десятина «артық» деген жерлерін алғанын атап көрсетті.
1897 жылдың 26-желтоқсанындағы «Закаспий және Жетісу облыстарын Түркістан генерал-губернаторлығы басқаруына беру туралы» және 1899 жылдың 11 - маусымындағы «Ортаазиялық облыстарды азаматтық қайта құру туралы» патша Жарлықтары бойынша Жетісу облысы Түркістан өлкесіне қаралуы тиіс болды. Бұл жарлықтарды жүзеге асыру барысындағы генерал-губернатор Духовскийдің 1899 жылдың 4- шілдесіндегі бұйрығымен Закаспий және Жетісу губернаторлары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды [14].
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында патша үкімет Қазақстанға арнайы статистикалық, экономикалық және жергілікті ғылыми, қоғамдық-географиялық экспедициялар ұйымдастырып, шығарды. Бұл экспедициялардың басты мақсаты – қоныстандыру саясатын одан әрі жандандыру үшін өлкедегі егістікке жарамды жерлерді анықтап, «артық» деп аталған жерлерді мемлекет қарамағына алу еді. Осы мақсатты жүзеге асыруда статистикалық комитеттер жыл сайын арнаулы шолулар жасап, қазақтың егістік жерлеріне қатысты мәліметтер жинақтады [15].
Қоныстандыру ісін ұйымдастырушылардың бірі, генерал-губернатор Кауфман қоныстандыру экспедицияларына «барлық облыс пен уездерге зерттеу жүргізудің қажеті жоқ, тек қоныстандыруға жарамды жақсы жерлер, көп аудандар ғана зерттелуі тиіс» екендігін баса ескертті.
Мемлекеттік жер мүлкі департаментінің директоры И.И.Тихеев 1895 жылы 10 қарашада далалық облыстарды зерттеу бойынша экспедицияны басқару туралы пікірді экономист Ф.А.Щербинаға жіберді. 1896 жылы 27 қаңтарда Ф.А.Щербина далалық өлкені зерттеуге байланысты зерттеудің міндеттері жөнінде баяндама жасады. Ф.А.Щербина зерттеу объектісінің толық игерілмегенін мәлімдей отырып, алдымен алдын-ала зерттеп көріп қана, содан соң жұмыс бағдарламасын, оны орындаудың әдістемесін анықтауды ұсынды. Кеңес бұл пікірді мақұлдады. 1896 жылы жолға шыққан да бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Экспедиция басшысының атымен «Щербина экспедициясы» деп аталған [16].
Ф.А.Щербина экспедициясы 1896-1901 жылдар аралығында сол кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола, Семей, Торғай облыстарының 12 уезінде зерттеу жүргізді. Щербина экспедициясына Әлихан Бөкейханов та статистик ретінде шақырылған. Кейін ол экспедицияның жеке зерттеу тобын басқарып жұмыс істейді. Жұмыс мерзімі 1896-1903 жылдар аралығында өткен бұл экцпедицияға қатысуы барысында Ә.Бөкейхан қазақ даласына байланысты империялық биліктің көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және оның таяу арада ірі стратегиялық үстінде тұрғанын байқады [17].
Экспедиция Ақмола облысының бес уезінде, Семей облысының екі уезі мен Торғай облысының бір уезінде 4 жыл жұмыс істеп, 171200 қазақ және 8475 орыс шаруаларына зерттеу жүргізеді. Осы үш облыста құрылған 208 қоныстанушы поселкелердегі шаруашылық мәліметі жайында құжаттар жиналды. Осы бес уездігі орыс шаруаларының қолындағы жер мөлшері 1,4 млн. десятина болды және де 8 уезде бір жарым мыңдай тұрғыны бар 4 крестьян болыстары құрылды.Осы поселкенің қоныстанушылары қазақтардың егінге жарамды және шөбі мол шабындықты деген 88 мың десятина жерлерін арендаға алды. Қазақ жерінің көпшілігі мемлекет қарамағына кетуі жергілікті халыққа ауыр тиді. Олар мал жайылымдық жерінен айрылды.
Географиялық жағдайларды ескере отырып Щербина экспедициясы әрбір уездегі қазақ шаруаларының жерді пайдалануының нормаларын белгілеп берді. 1893-1905 жылдар аралығында қазақ даласынан «артық-ау» деп тапқан 18 млн десятина жерден 4074180 десятина алынды. Ақмоланың қоныстандыру аудандарынан – 2550 202 десятина, Семейден – 499566 десятина, Торғай-Оралдан – 1024412 десятина жер алынып, сол жерлерге 56 қоныстандыру және 25 запас учаскелер құрылды.
Ал В.Тресвятский есебі бойынша осы жерлерде 1906 жылға дейін Ақмола облысында қазақ шаруалары пайдаланған жерлерден 183 50 десятина жер алынған, оның 2978 560 десятинасы қоныстандыру қорына, 204 790-ы запас қорға, Семей облысынан – 536 124 десятина жер, оның 3 699 десятинасы қоныстандыру қорына, Торғай облысынан – 1 94 841 десятина, оның 1 022 164 десятинасы қоныстандыру қорына, ал 372 674 десятинасы запас қорға бөлінді.
Казак әскерлерінің офицерлері арендалық төлемді қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерінде жоғары мөлшерде алған. Нәтижесінде арзан аренда алып-сатарлық шаруашылыққа үлкен жол ашып берді.
Сөйтіп, Щербина экспедициясы үкіметтің переселен саясатын қолпаштаудың орнына қарсы шыққандай сынай танытады. Зерттеу жұмыстарының кенеттен жабылуының басты себебі де осында болатын.
Экцпедиция зерттеуіне ілінген жоғарыда аталған облыстардың иелігіндегі жер көлемі 45 889 000 десятина болған. Щербина есебі бойынша бұл жердің 23 297 000 десятинасы (51℅) қазақтарға қалып, ал қалған 22 592 000 десятинасы (49℅) артық жер есебінде переселен мекемесі қарамағына көшуге тиіс еді.
1897 жылғы қаңтар айындағы есеп бойынша Қазақстандағы ұлттардың құрамы мен саны: қазақтар – 3392 мың адам (81,8℅), орыстар- 454,4 мың (11,0℅), басқа ұлттар – 300,6 мың (7,2℅), адам болды.
1898-1908 жылдар аралығында Семей облысы мен Жетісу облысында қоныстанушы шаруалар мен еріктілердің саны 2 628 14 жанға жетті.
Бір ғана 1906 жылы Сырдария, Самарқанд, Ферғана және Закаспий облыстары бойынша орыс шаруаларының 100 поселкесі болып, онда 37413 адам орын тепті. Ферғана, Самарқанд және сырдария облыстарындағы 6,9 мың десятина жердің 58,5 млн. десятинасы Ресей үкіметіне тиесілі болды. Ал жергілікті халыққа, яғни, 5 миллион адамға 5 млн. десятина жер қалдырылды. 1913 жылдың қаңтарында Жетісудың қоныстандыру аудандарында 13 28 отбасы орналастырылса, ал сол жылдың 1 маусымында бұл көрсеткіш 13 895-ке жеткен.
Сонымен жер жөніндегі Министрліктің Щербина бастаған экспедициясына жүктеген қазақтың жерін «нормалап», оның мал жайылымын, қыстау-жайлауын, егістік-шабындық, орман-тоғайын мейлінше қысқартып, «бос» жатқан жерлерді көбірек анықтайды-ау деген үміті ақталмады. Керісінше, зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазақ даласының негізінен егін шаруашылығынан гөрі, мал шаруашылығына көбірек икем екендігін, ал үкіметтің Қоныстандыру саясаты Дала өлкесінің табиғатына, жер-суына және ежелден қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығына өтелместей нұқсан келтіретінін дәлелдеп шықты. Сөйтіп, патша үкіметі артқан «Щербина экспедициясы» жинаған мәліметтер күтпеген нәтиже береді.
Зерттеу жұмыстарының кенеттен жабылуының басты себебі осында болатын. Сондықтан да, «Қоныстандыру қорын» кеңейту үшін патша үкіметі ХХғ бас кезінде «артық» жерлердің көлемін одан әрі К.Пален, В.Кузнецов, П.Румянцевтың басшылығымен тағы да «зерттеулер» жүргізу қажет деп тапты. Егер ХІХ ғасырдың соңына қарай қоныстанушылар қозғалысы негізінен стихиялы түрде және әскери жүйенің кеңейтілуіне байланысты дамыған болса, ХХ ғасырдың басында ол жалпы мемлекеттік көлемде жоспарлы түрде іске асырылған, сондықтан жаппай ұйымдасқан маңызға ие болды. Осыған сәйкес отарлаудың, қоныстандырудың, күштеп отырықшыландырудың жаңа саяси жолдары пайда болды.
1903 жылы 10 маусымда «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазақ жерлеріне ерікті қоныс аудару» заңы қабылданды. Бұл заң бойынша, 1906-1913 жылдар аралығында Сырдария облысындағы «артық» жерлерді анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізіліп 1000000 десятинадай «артық» жерлер табылып, бұл жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру үшін даярлық жұмыстарын жүргізу қажет деп шешілді[15]. Осы заң бойынша 1889 жылғы қоныстандыру заңы өзгертілді. Заңда жергілікті халықтың «артық» деген жерлерін, су көздерін алу мәселесі қойылған еді.
«Қоныс аудару басқармасы» - патша үкіметінің 1904 жылғы сәуірдегі заңы бойынша шаруаларды Орталық Ресейден шеткері аймақтарға қоныс аудару істерін басқарған мекеме құрылды [9]. Оның міндеті – патша үкіметінің 1904 жылғы 6 маусымдағы «село тұрғындары мен жер иеленуші мещандардың өз еркімен көшіру туралы уақытша ережелер » заңын іске асыру еді. Мұнда «үкімет қажет деп тапқан» аудандарға барғысы келетін жерлерге Ішкі Ресейден шаруалардың қоныс аударуына рұқсат етілді. 1906 жылы Сырдария облысындағы «артық» жерлерді табу үшін зерттеулер жүргізілді.
1906 жылы «Далалық облыстарды басқару туралы» ереженің 120-ыншы бабының қосымшасына сәйкес көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер «Жерге орналастыру және Егіншілік басқармасы қарамағына өтті» [18].
1904-1905 жылдары үкімет орындары Қазақстан территориясын бес қоныс аударатын аудандарға бөлді. Олар: Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аудандары. Сондай-ақ осы аудандарда қоныстандыру мекемелері құрылды. Қоныстандыру мекемелерінің негізгі міндеті – жергілікті халықтың пайдалануындағы жердің «артығын» тауып, қоныс аударушыларға учаскелер дайындау, сол мақсатта құрылған жер межелеу топтарының қызметін ұйымдастыру, қоныс аударушыларға тиесілі түрлі мемлекеттік көмектердің уағында берілуін қамтамасыз ету, қоныс аударушылардың орналасуы барысында пайда болған түрлі мәселелерді, солардың ішінде жнргілікті халықпен келімсектер арасында туып отырған дау-дамайды реттеу еді.
Қазақстанға қоныс аудару 1905 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін күшейді. Патша үкіметі Ресейдегі шаруаны сыртқа көбірек жіберіп, жағдайын дұрыстау үшін қара шаруалардың жерді одақтасып пайдалануын жойып, қазақ шаруасын өркендету саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9 қарашада П.А.Столыпин шаруаларды қауымнан бөліп жеке хуторға шығуға мүмкіндік еткен заң шығарды. Бұл заң 1910 жылы 14 маусымда толықтырылып, ІІІ Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік Кеңесте бекітілді. Столыпиннің аграрлық реформалары патша үкіметінің тағдырын шешудің кілті болып есептелді. Реформаны дайындау төрт сатыдан тұрды: 1. мәселенің қойылуы; 2. Саясаттың бағытынан бас тартуға негізделген идеологиялық революция; 3. Осы жаңа идеяларды насихаттау; 4. Реформаға саяси қолдау беретін саяси жеке тұлғалардың болуы [19]. Ал реформаның бағдарламасы төрт бөлімнен тұрып, төрт кезеңді қамтыды. Соңғы қорытынды кезеңі жергілікті басқару мен соттың жобасын жасауды дайындауеді. Бұл екі заң да кулактардың ниеттерін қанағаттандырды. Өйткені, кулак элементі патша үкіметінің ауылдық жердегі ең сенімді тірегі еді. Өз жерлерін өз күшімен өңдей алмаған шаруа-кедейлер қауымнан шығып, жерлерін кулактарға сатты. 1906 жылы 9 қарашадан 1915 жылға дейін қауымнан 2 млн. артық қара шаруалар бөлініп шықты. Столыпиннің реформасы 20 жыл мерзімге есептелген еді. Ол іс жүзінде 1907 жылы басталып, 1917 жылғы 28 маусымда /11 шілдеде/ тоқтатылды.
П.А.Столыпиннің ұсынған аграрлық реформасына сәйкес қоныс аударушылар Сібір мен Қазақстанға көптеп келді. Бұл жерлерге қауымнан шығып жерлерін сатқан кедей шаруалар еді. Қоныстандыру басқармасы столыпиннің реформасынан кейінгі келімсектердің келуі 1906 жылдан 1912 жылдар аралығында Ақмола облысында 2 293 44 адамға, Торғай мен Орал облысында 153 41 адамға, Семей облысында 55 315 адамға жеткен.
1907 жылы Столыпин қоныстандыру қорын көбейту үшін «артық» жерді анықтау мақсатында, әрі қазақтарды жерге орналастыру деген желеумен ерекше ведомствоаралық мәслихат шақырды. Мәслихат қазақтарға Щербина экспедициясының белгілеп берген жер мөлшерін қайта қарауды қажет деп тауып, осы мақсатта қазақ жеріне Кузнецовтың басшылығымен жаңа экспедиция жібереді. Бұл экспедиция Щербина зерттеп кеткен уездерге қайта зерттеулер жүргізді. Щербина экспедициясы зерттеген «артық» жерлердің көлемін өсірді. Ақмоланың бес уезін Кузнецов экспедициясының қайта зерттеу нәтижесінде (1907-1909 жж) жерді қолданудың жаңа нормалары анықталған. Кузнецов экспедициясы шаруашылықтың екі түрін белгілеген. Олар: тұтыну және өндірістік[19].



Уездер

Шаруашылық жері /десятина/

Щербина экспедициясы
бойынша

Кузнецов экспедициясы
бойынша

Омбы
Петропавл
Көкшетау
Атбасар
Ақмола
Павлодар
Қарқаралы
Өскемен
Ақтөбе
Қостанай
Торғай

168-199
191-51
209-444
168-84
158-401
30-360
226
177
123-168
120-300

77-205
74-323
72-28
55-358
85-286
44-280
116-280
92-142
27-168
27-40
130

Кузнецов экспедициясының науқанымен қоса қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың саясаты да белең ала бастады. Осы мақсатта Ішкі Істер министрлігінде жалпы кеңес шақырылды. Кеңесте қазақтарды жерге орналастыру мәселесі қарастырылып, мемлекет меншігіне алынбаған жерлер жөнінде заң қабылданды. Қазақтардың пайдасынан алынбайтын жерлерге: а) қазақтардың қыстық үйлері, бау-бақшалары саналған жерлері, б) су көздері, құдықтар, арықтар қазылған жерлер, в) қолдан отырғызылған бақтар, жайылымдар, г) арендаға берілмейтін өңделген жерлер, шабындық жерлер, д) зират орындары, жеке бейіттер, е) керуен, мал айдап өтетін жолдар және малдарды карантин кезінде ұстайтын алаңдар жатқызылды.


Нәтижесінде Щербина бойынша қазақтардың жер иеліктерінің көлемі 25 000 десятина болса, ендігі жаңа зерттеуде 6000 десятинаға жетті. Жалпы, Қазақстан бойынша 189-1905 жылға дейін, яғни 12 жыл ішінде қазақ шаруалары 4 млн. десятина жерінен айрылса, кейін 7 жыл ішінде, яғни, 1906-1912 жылға дейін 17 млн. десятина жерінен айрылған. Осы алынған жерлердің 13 млн. десятина жерлеріне 2 млн. келімсектер орналастырылды. Столыпин реформасы қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық құрамына да үлкен өзгерістер әкелді.
Патша үкіметі осындай жолмен аграрлық саясатын «жаңа бағыт» ұстауға тырысты. ІІІ Мемлекеттік Думада Қоныстандыру Басқармасының 1909 жылғы сметасын қарау барысында Егіншілік пен Жерге орналастыру Басқармасында министр Кривошеин сөз сөйлеп Думада қоныстандыру ісін өзінің «қарамағына» алады.
Жер бөлу науқаны 1909 жылдың 9 маусымында шыққан «Дала облыстарында Мемлекеттік жер қорын бөлу тәртібі» нұсқауына байланысты қолға алына бастайды. Аталған нұсқау бойынша отырықшылыққа көшуге тілек білдірген қазақтарға жер бөлу олардың иелігіндегі жерлердің «артығын» қоныстандыру бөлімшелеріне кесумен қатар жүргізілді. 1909-1910 жылдар аралығында жер алуға тілек білдірген қазақтарға жалпы жер көлемі 384,364 десятина болатын 17, 192 ер адамға арналған 107 бөлімше белгіленеді [20]. Сондай-ақ тоқтамай ағылған келімсектерді орналастыруға қоныстандыруға қоныстандыру ұйымы дайын емес еді.
Ресейден келген келімсектерге үнемі «бос жатқан» жердің жоқ екендігін айтуға тіра келді. Көптеген қоныс аударушылар қолдарына жер тигенше қаңғып өмір сүрді. Қоныстандыру ұйымының өздеріне деген селқос көзқарастарына көз жеткізген соң, шаруалар өздері бос жатқан жерлерді іздеуге шықты.
Қоныстандыру мекемелері қазақ шаруаларын жерге орналастыру ісін 1909-1910 жылдары кең көлемде жүргізді. Мемлекеттік Дума жұмысында да патша шенуніктері орыс шаруаларын қазақ жеріне орналастыру ісін жалғастыра беру қажет деп тапты.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының тарихын зерттеуде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кездері ең маңызды кезеңдерге жатады. Бұл кезеңдерде қазақ мемлекеттілігі жойылып, Қазақстан Ресей империясының отарына айналған еді. Патша үкіметінің орыс мұжықтарын қазақ жеріне қоныстандыру саяси қажеттілігі – қазақ халқын орыстандыру, орыстардың нәсілдік және мәдени жағынан қазақтардан басымдылығын дәріптеу, орыс халқының өлкедегі санын арттыру болса, эканомикалық жағынан қазақ даласының табиғат байлығын тонап, талан-таражға сайлауға жол ашқан еді.

2.2 Жер мәселесі жөнінде қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі


Қазақ елінің өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы ұлтық иньтеллигенцияның нақты әрекетке көшу 1905 жылғы орыс революциясымен тікелей байланйсты.


1905 жылдың 18 ақпанында «Бостандық манифесі» қазақ халқына жасқанбай өз талаптарын қойып, мұң-мұқтаждарын жеңілдетуді сұраған петиция жазуға жол берді. Соның нәтижесінде діни сенімдерді арттықу, оқу-ағарту жүйесіндегі халықтың еркіне қайшы келетін шектеуліктерді жою, орыс тілімен қатар қазақ тілінде жүретін мектептер ашу, газет шығару, баспахана ашу, іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу сияқты талаптарын қойған Қарқаралы, Орал мен Торғай облысының, Лепсі Уезінің, Сырдария облысының қазақтары жазған петициялар тарай бастады. Бұл петициялар қалың қазақ қамы үшін құралған петиция (өтініш-талаптар) еді.
Жер, дін, тіл мәселелері қазақ қауымының бірден-бір шешәін таппаған мәселесі болды. Міне, осы істерден қазақ қоғамының зиялы қаумы өкілдері де халқына қызмет етуге тырысады. Патша үкіметі өзінің қызметіне деп даярлаған қазақтың зиялылары елдегі өзгерістерге, қозғалыстарға дем беріп, қазақ халқына көш бастаушы болды. Олар елдегі жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолында қарастырылды.
Жер мәселесін шешуде интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Думаға қатысты, жоғары орындарға хат жазды. «Қазақ» газетіне, «Айқап» журналдарына мақалалар жариялады, халық арасында пікір-таластар өткізілді.
Ә.Бөкейханов үшін өмірінің соңына дейін ең негізгі мәселелердің бірі – жер мәселесі болды. Әлихан қазақ халқына ХІХ соңы мен ХХ басындағы қазақ зиялыларының қоғам және мемлекет деңгейіндегі аса ерекше тұлғасы ретінде белгілі. Ол көрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткері съезінің депутаты, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20-ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым-ормантанушы экономист, тарихышы, этнограф, әдебиеттенушы, әрі дарынды публицист ретінде танылды.
Әлихан Бөкейханов үкімет орындарының шешімімен 1896 жылдан 1903 жыл аралығына дейін Ф.А.Щербинаның ғылыми экспедициясының құрамына енеді. Бұл экспедицияның мақсаты аталған жылдар аралығында қазақ өлкесінің Ақмола, Семей және Торғай облыстарының жер жағдайларын зерттеп, қоныстандыру саясатына қажетті ғылыми негіз жасап беру еді. Әлихан бұл экспедицияға алғашында статистик ретінде шақырылып, кейін экспедицияның жеке зерттеу тобын басқарып жұмыс істеген. Әлиханның ойынша бұл экспедицияның жұмысы қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған -–жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Осы экспедицияның жұмысының барысында Ә. Бөкейханов отаршыл Ресей империясының қазақ жеріне байланысты бұрыннан көздеп келген мақсатын аңғарды және де патша үкіметінің қазақ даласына ірі бір шараларды іске асыруға таңғылықты даярланып жатқанын түсінді.
Қазақ даласына отарлау саясатын пәрменді түрде енгізу үшін патша үкіметі қазақ халқын қыспаққа ала түсті. Байырғы қазақ жері «мемлекет меншігіне» айналған соң, қазақ шаруаларын жерінен ығыстыра бастады. Бұл мал өсіруде үлкен қиындықтар туғызды. Қазақ шаруашылығындағы ең басты мәселе мал екендігін түсіндіре келе, Әлихан Бөкейханов орыс шенеуніктерінің жергілікті халықтың тіршілігінен еш хабары жоқ екенін байқады.
Европалық Ресейден келген келімсектер көбінесе дала облыстарының солтүстігіндегі уездеріне келіп орналасты. «1907 жылдың өзінде, - деп келтірді Ә.Бөкейханов, - қоныстану учаскелерінде қазақ даласының жерінен 54 мың жан есебіне 810 мың десятина жер алынды. Жер тарлығы қазақтарды кеңсе тілімен айтқанда «үкіметке қарсы» шығуға алып келді» [21].
«Речь» сынды орталық басылымдарда жарияланған мақалаларында ол халқының күннен-күнге тынысын тарылтып, өрісін таптап, күнін күйзеліске ұшыратып отырған үкіметтің пересенел саясатын қатты сынайды, батыл әшкерелейді.
Ә.Бөкейханов Стольпиннің 1909 жылғы 9 маусымдағы заңына қарсы шықты. Мал өсіріп, көшпелі өмір сүріп жатқан қазақ қауымын 15 десятинаға әкеп қамау ақылға сиымсыз, елін жерінен ығыстыру барып тұрған жүгенсіздік екендігін көрсетуге тырысты.
Әлихан қазақ шаруаларының 15 десятина мөлшерінде жер үлесін алып отырықшы болуына қарсы шыққан адамның бірден-бірі. Отырықшылық мәселесі туралы айтыс-тартыс «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңайында қызу жүріп жатты. Әлихан осы отырықшы өмірге қатысты пікірін «Қазақ» газетіне жариялап, оның қандай зиян тигізетіндігін ашып көрсетуге тырысады.
Ә. Бөкейханов Мемлекеттік Дума жұмысында осы мәселелерді шешуді үміт етті. Бұл бүкіл халықтың қол жетпес арманы еді. Сондықтан да мұң-мұқтажымызды шешер деген үмітпен Мемлекеттік Думаға халық сенді. 1906 жылы «Семипалатинский листок» газетінің № 11 санында бұл жайында: «Мемлекеттік думаға агаралық мәселе тез арада шешілуі қажет, өйткені бұл шешімсіз елді тыныштандыру мүмкін емес», - деп жазылды. Әрине, Әлиханның да алға қойған мақсаты осы еді.
Әлихан Бөкейханов І Мемлекеттік думадан кейін үкімет орындарының қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған жұмысын бақылап отырды. Ол дала генерал-губернаторы Надаровтың Дала өлкесін толықтай игеруге қатысты өткізіп отырған кеңесінің ісіне аса назар аударады.
Сонымен, Ә.Бөкейханов ұсынған Қазақстандағы жерді игеру принциптері мынаған саяды:
1). Қазақ бұқарасы түгел еншісін алып болғанша келімсектердің келуі тоқтатылуы тиіс. Жер үлесін алдымен патша заманында –ата-қонысынан айырылған жергілікті халық алуға тиіс.
2). Адамға, үйге тиетін жер үлесі шаруаға жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болуы керек. Барлық облыс, аудандарда жер үлесін, нормасын жергілікті жер комитеттері белгілейді.
3). Қазақ жері кесілгенде ауылға, ұлысқа руға, өздерінің тілегіне қарай бөлінеді. Жерді бірге алған ру, ауыл болыс өз ішінде өздері тәртіп жасап,әділдікпен пайдаланады.
4). Жерге атты қазақтардың ерекше құқықтары біржола жойылады. Жер сыбағасы жергілікті халыққа бұрынғы тұрған жерінен, яғни ата-қонысынан беріледі. Атты казак бермейтіндер, біз Ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, законмен аламыз.
5). Жер сатуға тиым салынады. Үлестен қалған жер мемлекет қазынасына өтеді, мұның билігі жұрт мекемесі қолына өтеді.
6). Қазақ мемлекетінің жер үлесіндегі түгі, суы, астындағы кеңі Алаш мүлкі болып табылады [22].
Қазақтың ардагер азаматтарының бірі – Жақып Ақбаев та қазақ халқының тарихындағы туған елінің азаттығы үшін күресіп, оның тәуелсіз мемлекет болуы жолында жанын пида еткен қайраткер. Ол Ресей ғылым зиялыларының қаймағы жиналған ортада болып, ең үлкен ғылым ордасында білім алып, жоғары мәдениеттілікті, алғыр саяси ойды қалыптастырады.
Ж. Ақбаевпен бірге Ахмет Байтұрсынов та патша үкіметі тарапынан қудалауға түсіп, ақыр аяғы түрмеден бірақ шығады. Ол қазақ халқының мұқтажын, патша үкіметінің қанаушылығын, озбырлығын, олардың қазақ арасындағы жүргізіп отырған “орыстандыру” саясатын көріп, оны көпшілік қауымның талқысына салуға “Қазақ” газетін ұйымдастырады.
Ж. Ақбаевты қылмысты деп тауып Қапалға жер аударып жібергеннен кейін А.Байтұрсынов та А.Тройникийдің шешімімен қамауға алынады. Ахмет Байтұрсынов жер мәселесін тіл, дін мәселесінен жоғары қойды. «Бұл күнде қазақтың һәм көпшілігі қай жағынан болса да көп: солардың арасында ең бірінші жер мәселесі. Біз бұл туралы бұрын жазған жоқ едік; Жазбағанда үміт күткендіктен яки керексіз деп білгендіктен емес, әркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген сықылды», - деп жазды.
«Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. бұл қазақтың тірі ия өлі болу мәселесі. бұл турасында түсінік жетпей қаталасып, қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 миллион адамның обалын мойнымызға жүктегеніміз. Сондықтан бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз, қазақты һәм басқаларды да қате ұқпастай етіп, анықтап, ашық сөйлескеніміз абзал», - деп Ахмет осы жер мәселесінің төңірегінде айтысты пікірлер қажет екенін айтып өтеді.
Ахмет өзінің осы төңіректегі ойларын «Қазақ» газеті шыққанша «Айқап» журналы арқылы жеткізіп отырды. «тағы да жер жәйінан» деген мақаласында қазақтың қайда барарын білмей дағдарып жүргенін, жер мәселесін шешу керекш-тігінің шешімін таба алмай «қала боламыз» дегендерге «қазірде аяулы жерді алып қалудың қолайлысы жалғыз-ақ сол жақсы жерге қала салу, бұл қала салу деген сөз қазақтың бәріне айтылған емес, егін салып, күн көрерлік жер бар қазақтарға айтылған сөз, мұны мақұлдамайтұғын адам аз шығар», деп әлі де ойлана түсуді өтінеді. «Жерді қолда қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерінен» деп жерден айырылып қалмау үшін бар мүмкіншіліктерді жібермеу қажет дейді.
«Қазақ жерінің екі ұшы қолда, - дей келе, - бір ұшы қазақта, екінші ұшы орыста, әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айырылып қалып жатыр», ал «қазақ жерін алғанға риза ма, жоқ па» онымен санасып жатқан ешкім де жоқ деп кейіс білдіреді.
Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасыз күрес жүргізген, ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып қатысушылардың бірі – Бақатжан Қаратаев студент кезінен-ақ қозғалыстарға белсене араласып отырды. Бақытжан қаратаевтың осындай оғаш қылықтарын сезіп қалған үкімет адамдары оны оқу бітірісімен қазақ өлкесіне жібермей, құлақ естімеген Кутаиси қаласына жібереді. Өйткені, 1891 жылы патша үкіметі қазақ өлкесін басқарудың жаңа далалық ережесін даярлап жатқан еді. Сондықтан да олар үшін әкімшілік Сенатында шенеунік қазақтың жүргені қауіпті болып көрінсе керек.
Б.Қаратаев ІІ Мемлекеттік Дума басталғанға дейін де, одан кейін де аграралық мәселемен Петербургке бірнеше қайтара барады. Ол бұл жөнінде 1911 жылы «Айқап» журналына: «1905-інші жылы Орал һәм Торғай облыстарынан көп адамдар Петерборға барып, патша ағзамды һәм министрлерді көріп, жер тұрғысында, жер қазақтардың өзіне де жеткіліксіз деп; Қазақ адамдарының ішінде мен де бар едім», - деп жазады.
Бақытжан көшпенді және жартылай көшпенді қазақ шаруалары енді отырықшылыққа бейімделе бастаған жергілікті тұрғындарды ата-мекенінен күшпен ығыстыру арқылы отырықшы жер қорын ұлғайта түсу саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты.
Жер мәселесіне қатысты ойын “Айқап” журналы арқылы қауым жұрттың талқысына салған азаматтың бірі – заңгер Райымжан Мәрсеков.
Стольпиннің реформасына қарсы шығады. Қазақ женінің тарылып, суы мол, шұрайлы, шабындықты жерлердің келімсектерге берілуі, оның үстіне олардың тоқтаусыз қазақ даласына ағылуы жанына қатты батады.
Райымжан Мәрсеков өзінің “Қазақ қайтсе жерге ие болады?” деген мақаласында қазақ жерін отарлаудан аман алып қалу керектігіне жауап іздейді. Талай кісілер Петербургке шейін барып қайтып жүр, бірақ соның бір-біреуі қалдыра алмай жүр. Бәлкім олар жөнін, жолын тауып іздей алмаған шығар”, - деп жазады. “Біз баяғыда бір жағы Қытай патшасынан, бір жағы ақ патшадан елшілер келіп бізге қараңдар деп сөз салғанда, біз ақ патшаға қараймыз, әділеті көп, халқы да тыныштықты тілейді, кеңшілігі мол деп қараған жұрт едік, оқ атып, қылыш суырмай бар жер, суымызбен. Енді бізді іске алғысыз қылып көз жасымызға қалуға лайық па? – деп халықсенген “ақ патшаның” арам ісіне ызаланады. Жер турасында қалай да болса біреулермен кеңесіп, бір шетін шығарукеректігін айтады. “ойлап тұрсақ, бізге бұл біреумен кеңесіп, хал жағдайымызды ойлап бұл жер жұмысының турасында қол біріктіріп іс қылу керек”. “Ата қонысынан айырылған қазақ жайлы”, “Жер мәселесі” атты мақаларында патша үкіметінің қазақ халқының жері есебінен жүргізілген қонысаудару саясатына, оны жүзеге асырудағы озбырлықпен заңсыздықтарға қарсы наразылық білдірген [26].
“Соңғы өткен 15-20 жылдарға көз салсақ біздің Қазақстан жер кеткен екен, кеткенде де жерінің жақсысы кетіп өздері сығылыса-сығылыса барған сайын жиынтық жерлерге кетіп жатыр. Әсіресе соңғы 3-5 жылдың ішінде жер қатты тарады”, - деп қазақ жерінің қалмай, барлығы үкімет қазынасына кетіп, ендігі жерде отырған үй орындарынан да айырылып, жердің бәрі мұжық есебіне кеткеніне күйінеді. “Бұлай тұруымызда не қасиет?” деп қынжылыс білдіреді.
Қазақ интеллигенциясының өкілдері “Айқап” журналы арқылы “Қазақ жерін қалай аман алып қалсақ” деген ой төңірегінде кеңесіп, өз ойларын ортаға салып отырды. Соның бірі Райымжан мен Мұхамед-Сәлім Көшімовтың арасындағы әңгіме. Райымжан бұл әңгіме барысында “жерді аман сақтаудың бірден бір жолы отырықшылыққа көшу, диқаншылықпен айналысу, әйтпесе, келген хахолдар жылдан-жылға жақсы жерді алып кетіп барады, қазаққа нашар жерлер қалып, мал шаруасы мен шөл болатұғынға ұрынып жатыр, бара-бара тау мен тас, құм мен шөл болатұғынға ұқсайды. Ондай жерлерде мал бағу шаруасыменен тұру мүмкін болмас, сондықтан ол үшін “әр дуаннан ел адамдары бір жерге жиналыс өткізсе”, - дейді. Бұл яғни қазақтың алдыңғы қатарлы өкілдерінің басын қосып съезд өткізсе деген ұйғарымы еді.
«Буржуазиялық демократ» деген атқа ие болған, орыс езгісіне қарсы күресіп, жер мәселесіне қатысты пікірлер айтқан, қазақ зиялыларымен тығыз араласып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ауырлығын шешуге тырысқандар қатарында Жаһанша Сейдалин де бар еді.
1906 жылы «Бостандық Манифесінен» кейін Ж.Сейдалин қазақ халқының ар-ождан бостандығы, дін, жер мәселесіне қатысты орыс және татар баспасөз беттерінде мақалалар жариялайды. Жаһанша осы жылы Орынборда шыққан газетті ұйымдастырады. Аграрлық мәселе оның өміріндегі негізгі мәселеге айналды. «Айқап» журналы шықпай тұрып ол осы аграрлық мәселеге қатысты мақалаларын «Оренбургский край» газетінің беттерінде жариялап отырды. Ол патша үкіметінің қазақ жерін мемлекет меншігіне айналдырған 1868жылы заңына сәйкес «Аграрлық мәселе» деген мақала жазады. Сонымен қатар ол патшаның әкімдеріне қазақ жерінің «артық» деген жерлерді ал дегенге жөн-жосықсыз ала бергендері барып тұрған қанаушылық екендігін білдіреді. Жаһанша қазақтардың орыс шаруаларына деген қастығы жоқ екенін, керісінше өздерін тартып, артық жерлерін өз еріктерімен қоныстанушыларға бергендігін жазады.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қызу араласқан Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналын ашудағы еңбегі зор. Мұхамеджан Троицк қаласында медреседе оқып, одан кейін Қостанай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде білім алады. Бірнеше жыл Арал өңірінде сабақ беріп, қазақ балаларын ғылым-білімге үйретеді. Далаға сапармен көбірек жүргендіктен Мұхаметжан ауыл қазақтарының тұрмысымен етене таныс болады. Троицк қаласында Мұхаметжан көзі ашық зиялы қауыммен, ақыл-ой иелерімен, орыс, татар ағартушыларымен танысады. 1905-1907 жылдары М.Сералин қазақ арасында революциялық идеяны таратты. Ол қазақ шаруаларына патша үкіметінің қанау саясатын түсіндірді. Халық арасында ықпалы күшті болғандықтан депутаттыққа кандидатурасын ұсынды. Бірақ, одан қорыққан бай-билер қара күйе жағып, ақыры оның кандидатурасын алғызып тастайды.
М.Сералин жер мәселесіне қатты көңіл бөлді. Ол өзінің «Қазақ даласына хат», «Айқап» журналының ең бірінші саныдағы мақалаларында жер мәселесіне тоқтала келіп, патша үкіметінің саясатына қарсы шығады. Мұхаметжан қазақ халқының тіршілік көзінің бірден бірі мал екенін айта келе, сол үшін жерден де айырылмауымыз керек деп топшылайды. Ол үшін «қала сал, жиылып отыр, аз да болса жақсы жерің қолыңда қалады» - дейді.
Патша үкіметінің қазақ өлкесіне қатысты заң-жобаларының, бұйрық, циркулярына М.Сералин сынмен қарады. «...Заң қабылданып шығатұғын болса қазаққа қаншама жағымды болар дейсің» деп шығып жатқан заңдардың барып тұрған «отаршыл заң» екеніне халықтың көзін жеткізуге тырысады. Ол қазақ шаруалары мен орыс келімсектерінің арасындағы зорлық-зомбылық былай тұрсын, кей кезде қақтығыстардың да болатынында атап көрсетті.
Қазақ интеллигенттерінің бірі Мыржақып Дулатов та қазақ өлкесіне жүргізіліп отырған патша үкіметінің саясатына қатысты мақаласын «Серке» газетінің 1907 жылғы 2 санында жариялайды. «Біздің мақсатымыз» деген атпен жарық көрген бұл мақалада «Қазағым менің, елім менің!» деп басталып, 1905 жылы Қарқаралыдағы бас көтеру мен Оралдағы құрылтайдағы қазақ халқының айтқан талаптарын көрсетеді. Міржақып қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген ақ патшаның әрекетін әшкерелеген кітабын жариялайды. Қазақ елінің патша боданына кріп, жер-судың қазыналық болып, мұжыққа кеткенін ашына жырлады. Ақын патша үкіметінің қазақтарды малға жайлы, шұрайлы жерлерден ысыруға бағытталған саясатын әшкерелейді.
Жылынды мың сегіз жүз алпыс сегіз,
Қазыналық, деді, жірдің һәммасын да.
Тарылып жылдан-жылға жер, суымыз,
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер.
Мұжыққа, хош аман бол, барасың да.
Қасиетті бабамызды зираты,
Қалдың ғой көшесінің арасында.
Ата-баба бейітін қарамай бұзып, орнына переселен поселкелерін салып, сүйектерін қорлап, зират тастарын монша салуға алып, қазақ жұртын мазақ қылып, емін-еркін алшаң басқан мұжыққа ызаланады. Келімсектер қара құрттай қаптап, қазаққа жер де қалдырмады:
Көрдім ғой бұл уақытта тарылғанын,
Алынбас ілтифатқа жалынғаның.
Он бестен кісі басы десятина,
Жер берсе сонда қазақ нешік халің?-деп, енді қазақ көзіңді аш, осы уақытқа шейін сұлық жатқаның жетер, басыңды көтер, елің, жерің, дінің үшін күрес дейді [27].
Жалпы айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі патша езгісіне түскен қазақ қоғамындағы отарлық саясатымен күрескен өз жерін, дінін, тілін сақтап қалуға жанталасқан қазақ интеллигенттерінің күрес барыс осы еді.
3. Көшбасшы партиялардың қызметі және жер мәселесі: қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы

3.1. ХХ-ХХІ ғғ аралығында құрылған көшбасшы партиялардың бағыты және саяси ерекшелігі


XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалык, саяси және әлеуметгік жағдайы ауырлап кетгі. Ресейдің отаршылдык езгісі күшейе берді, одан коныс аударған қоныс аударушылар казақың шұрайлы жерлерін тартъш алуын көбейтті, халыктың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үмітгерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоксанында Орал қаласында А. Бөкейхановтын. бастауымен Қазакстанның 5 облысының «делегатгар съезі» шақырыдды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарла-масын қабылдады. Бірак кадетгер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал казактардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Казақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.


Бірінші бүкілқазақтық сьезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірак делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және казақтын саяси партиясын құру мәселелеріне аударды [24, 16б].
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бүрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялык партия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалык мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялык-ұлтшылдык емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазакстанда «Үш жүз» деген партия кұрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету:
1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды [70, 82б].
Сондай-ақ, «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті [71, 52б].
1917 жылдың соңында Солтүстік, Солтүстік – Шығыс Қазақстанда құрылған қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымын 1917 жылдың ақпан айында Омбы қаласында құрылған «Қазақ еңбекшілері одағының» мүшелері құрады. Бұл одақ 1917 жылдың соңында «Үш жүз» партиясына айналды. Партия мүшелері өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады. Жетекшілік рөлді бұрынғы адвокат, журналист әрі драматург Көлбай Төгісов, фельдшер, тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпеновтер атқарды. Ұйымның құрамында зиялы топ өкілдерімен қатар қаладағы қазақ кедейлері де болды. «Үш жүз» партиясы ОК-нің орналасатын жері Омбы қаласы болып белгіленді. Әйтпенов — партияның төрағасы, орынбасары — Төгісов, хатшысы — Көбеков, қазынашысы Тынышбаев болды. Баспасөз органы «Үш жүз» газеті Қызылжар қаласында шығарылды. Кейіннен «Үш жүз» партиясының төрағасы болып Төгісов сайланды. Партияның Қызылжар, Ақмола, Семей, т.б. қалаларда өз ұйымдары мен топтары жұмыс істеді. Қазақтың демократиялық радикалды топтарының мүдделерін білдіре отырып, Алаш партиясына қарсы идеялық – саяси күрес жүргізді [72, 16б].
«Үш жүз» партиясының бағдарламасында негізгі мақсаттар ретінде қазақ халқын көшпенділіктен отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылықпен айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға жәрдем беруді ұйымдастыру, оқу-білімге тарату, мұсылман дінін құрметтеу, партия құрамына қазақ жері де кіруі тиіс Түркістан Федерациясын құру, т.б. аталып көрсетілді. «Үш жүз» партиясы Бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтатып, бітім жасауды, мұсылман халықтарының арасындағы ынтымақтастықты, басқа діндегі халықтармен де достық қарым-қатынастарды сақтауды жақтады. «Үш жүз» партиясы большевиктерді қолдап, оларға жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға жәрдемдесті. Партияның бірқатар қайраткерлеріне Батыс Сібір, Қызылжар, Семей кеңестерінде жауапты қызметтер атқаруға ұсыныс жасалды. «Үш жүз» газетіне қаржылай көмек көрсетілді. Газет Кеңес өкіметінің саясатын насихаттап, оның шешімдерін қолдап отырды, ашаршылықпен күрес жөнінде мақалалар жариялады. Омбыдағы Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Колчак үкіметі «Үш жүз» партиясының басты қайраткерлерін түгелге дерлік тұтқынға алып, қуғынға ұшыратты. «Үш жүз» партиясының бағдарламасы негізінен солшылдық, радикалдық бағытта болды. Қазақ халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғандарымен, әлеуметтік экономикалық және саяси мәселелер бойынша большевиктер партиясының ықпалында болды. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.
Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді [73, 45б].
Жергілікті жағдай күрделі болды. Біріншіден, 1917 жылдың II жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа райына байланысты. Ауыл шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды! Сырдария, Жетісу облыстарында аштық етек алды. Кей, аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай шамасы болмады. Екіншіден, большевиктер халыққа түсінікті тілде үгіт насихат жүргіді. Ұлттық саясатын түсіндірді деген сияқты пікірлер соншалықты дәлелді еместін. Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны ашықтан ашық көрсетіп берді. Сайлау нәтижесінде «Алаш» партиясы блогы сайлаушылардың Жетісу облысында 57,5 Торғай, Орал 75,0% дауыс алды. Кей уездерде Алаш партиясының жеңісі үлкен көрсеткіштер мен сипатталды. Семей уезінде оған сайлаушылардың 85,6% қолдау көрсетті [22, 56б]. Алаш партиясының кей аудандарында социал демократиялық ағымдардан басым түскенін тағы да мына көрсеткіштерден аңғаруға болады. Торғай облысы Ырғыз уезінде 1-ші нөмерлі тізім бойынша түскен Алаш партиясы. Кандидаттан дауыс беру нәтижесінде 51351 дауыс, екінші нөмерлі тізім бойынша социал демократтар партиясы 193 дауыс алған.
Сонымен бірге бұл қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара күресі мұнымен шектелмейтін. Алаш» партиясы мен «үш жүз» аталған саяси ұйымның арақатынасы соның айғағы болса керек. [74, 52б].
«Үш жүз» белгілі бір әлеуметтік топтардың азапты ізденіс: нәтижесінде қалыптасқан ұйым емес, ол 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ қоғамынан депутаттар ұсыну (бәтінде өмірге келді. Бұл кезеңде өзінің негізгі қарсыласы Алашты саяси аренадан ығыстыру үшін «түрік-татар қауымдастығына» мұсылман қозғалысына сүйенді.
Егер «Алаш» партиясы атынан түскен депутаттыққа кандидат кісілер облыстық қазақ және жалпықазақ сьездерінің талқысынан өткен адамадар болса, «Үш Жүз» кандидаттары осы ұйымды құрушылардың ұйғарымы бойыншша тізімі түскен халық білмейтін, бұрын жағымсыз істерімен көзге түскендер. Ал енді «Үш жүз» партиясы үшін сайлау немен (аяқталды. «Үш жүздіктер» ұсынғнан бағдарламаны түсінікті қабылдай алмағандықтарын ең алдымен азын аулақ қазақ жұмысшылары» мен қол өнершілер көрсетті. Екібастұздағы ағылшындық капиталист иелігіндегі заводта жұмыс жасайтын жеті жүздің үстіндегі қазақ жұмысшылары 11 нөмерлі тізімнен түскен «Үш жүз» партиясының кандидаттарына бірде бір дауысын бермеді [75, 3б].
Жалпы Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословилік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен түрде жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан төңкерісі Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүрсілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болғаны анық еді.
Жалпы партияның бағдарламасы жөнінде сөз козғар болсақ, оны «Шоран исламдағы» сайланған қазақ өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі «Қазақ» басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. «Қазақ» басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: «Алаштың дұшмандары «Алаш» партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, «Қазаққа» да «Алаш» партиясының жобасы басылып шықса екен. Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар «өз алдына «Үш жүз» атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу. «Қазақ» газеті 1917 12-ноябрь №28 [75, 6б].
Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса «Алаш» бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?
Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр болатын.
Ал «Алаш» бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған «қойыртпақ» ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «алаш интеллигенциясы» аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.
«Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды, - деп жазды.
Ал, салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен салынады.
Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан анық байқаған еді. «Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең» болады. «Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға-еркіншілік», заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.
Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламада жер мәселесі арнайы тарауда қаралып, негізінен бірінші жалпықазақ съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.
Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.
Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз «Алаш» партиясын «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.
Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылыми тілімен айтқанда «Мемлекеттік құрылым» мағынасын білдіреді. Онда: Россия демократическая федеративная республика болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының бағдарламасында, дәл, қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде «ынтымағы бір», ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі жариялаған федерециядан мередем айрықша дербестікті жария еткен мемлекеттік құрылым.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сол кезде Орынбордағы оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық комитеті де жоқ «Алаш» партиясының атынан бүісіл қырғыз өлкесі бойынша қырғыздардан Құрылтай Жиналысына мүшелікке кандидаттардың тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.
Жалпы алғанда «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды.
I.Басқару түрі
II.Автономия.
III.Азаматтың негізгі құқықтары
IV.Дін ұстану туралы мәселе.
V.Соттар туралы.
VI.Қорғаныс.
VII.Салықтар.
VIII. Жұмысшы мәселесі.
IX.Халық ағарту.
X.Жер мәселесі.
Сонымен, «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының бүкіл дүние жүзіне тараған орысша аудармасында жоба авторлары заң жағына мүлде сауатсыз етіп көрсетілген. Негізінде жоба авторлары мемлекеттің жоғарғы органдарын құрудың ресми, теориялық жағынан әбден сауатты тұжырымдамасын ұсынған еді. Біріншіден, жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы: Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума ұсынылды. Екіншіден, парламентарлық республика ұсынылды, өйткені президентті екі палата сайлауға тиіс болды. Үшіншіден, палаталар алдында президент емес, қайта министрлер жауап беруге тиіс еді. Егер парламент алдында президент те жауапты болса, онда жоғары өкілді органның абсолютті билігі орнар еді. Ол кезде мұндай теория да, мұндай практикада болған жоқ. Жоба авторлары Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу қағидасын ұсынды [76].
Ал қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы Алащ партия бағдарламасының сабақтастығы ол «Amanat» партиясының қалыптасу және даму тарихынан бастау алады. Партия 1999 жылы құрылғанда жағдай күрделі еді. Еліміз Азиядағы қаржы дағдарысының салдарларын бастан кешіп жатты. Қазақстан мұнайға, қорғасынға, мырышқа, алюминийге әлемдік бағалардың түсіп кетуінен зиян шегумен болды. Дағдарыс кейбір көршілес мемлекеттердің қаржы жүйесінің күйреуіне әкеліп соқтырды. Сол тұста Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына банкрот болу қаупі төнген еді. Сыртқы шептердегі жағдай да кәдімгідей қауіпті қалыптасты. Оңтүстік жақ беттен халықаралық лаңкестердің тікелей шабуылынан Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық тұтастығы сынаққа түсті. Көптеген адам құрбан болды. Тұтастай алғанда өңір дүбірге толып тұрды. Біз өткен онжылдықтың аяқ жағында жалақы мен зейнетақының ұзақ уақыт кешігіп төленуі қоғамда елеулі шиеленіс туғызғанын ашық айтуға тиіспіз. Қоғамда әлеуметтік қарсылық деңгейі жоғары болып тұрды. Дәл сол кезде Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын қолдайтындығы жөнінде ашық мәлімдеген ондаған мың адамдардың партия аясында топтасуы өзінің тұрақтандырушы рөлін атқарды. «Отан» партиясы ел басшылығының тұрақты макроэкономикалық ахуалды сақтау, отандық өндірісшілерді қорғау, салық саласында тәртіп орнату жөніндегі қолға алған шараларын қолдады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы сіздердің де ұзақмерзімді партиялық бағдарламаларыңызға айналды. Бүгінде экономикадағы жағдай сапалы түрде өзгерді. Тек 5 жылдың ішін­де ІЖӨ-нің өсімі 53 пайызды құрады. 5 жылда жалақы 2 есе өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 2 есе төмендеді. Тек 2003 жылдың өзінде жұмысқа тартылған тұрғындардың саны 400 мың адамға артты. 2004 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік аппарат пен әскери қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсірілді. Соның өзінде салықтар төмендетілді. 5 жыл бұрын мұндай болатынына сену қиын еді. «Отанның» саяси қолдауы реформа табысының маңызды белгілерінің біріне айналды. Сондықтан да елдің дамуындағы табыстар партияның да табыстары болып табылады. 2004 жылғы 12 наурыз Барлық экономикалық және саяси топтардың есіне салайын: олар қаржылық және саяси тұрғыдан ие болған мүмкіндіктердің бәрі барлық осы жылдары мемлекет жүргізген саясаттың арқа­ында ғана келді. Барлығына қоғамдық тұрақтылық арқасында ғана қол жетті. Тұрақсыздандырудың кез келген әрекеті Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігіне қатер ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан жанжалды модель емес, тек сындарлы ықпалдастық қана ыңғайлы болып табылады. Сондай ықпалдастықтың ең ауқымды мүмкіндіктерін қоғамды демократияландырудың жаңа белесі береді, біз бұған бүгін қадам бастық. Біз бұған, қоғамға бұдан былайғы реформалардың ойластырылған әрі дәйекті бағдарламасын ұсына отырып, кәміл сенеміз. Және бүгін біз тағы бір анық түсініп, қабылдауға тиіс даусыз ақиқат мынау: кез келген мемлекеттің тиімділігі оның нақты саяси құрылысына қарамастан, ол төмендегі мақсаттарды дәйекті де ойдағыдай ұстанатынына қарап бағаланады, олар: – саяси тұрақтылық; – мемлекет тұтастығын сақтау; – тәуелсіздікті сақтау; – болашақ даму әлеуетін жасау. Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы нақ осы асқақ тарихи мақсаттарға адал. Тұтас алғанда елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту жолында шешетін міндеттері сондай. «Отан» партиясынан мен қуатты жаңғыртудың саяси күшін көремін, ол қоғамды дамытудың жаңа белесінде жүргізілетін реформалардың бұдан былайғы табыстарын қамтамасыз етеді. 2004 жылғы 15 маусым Партия идеологиясының негізінде не болуы тиіс? Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясына арқа сүйеуі тиіс деп санаймын. Ол сондай-ақ, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар адамдарының мүдделерін білдіруші болып, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық идеясын дәріптеуі тиіс. Бұл бағытты ұлтаралық және конфессиялық ортада шиеленістің өсуін арандатуға қабілетті радикалдық діни және ұлтшылдық идеялардың артуы түріндегі бүлдіруші құбылыстарды қатаң бейтараптандырып, қағидаттық тұрғыда жүргізу қажет. Ұлттың тағдыры, оның мәдениеті, тілі мен дәстүрлеріне деген шынайы қамқорлықтың басқа халықтардың дәл осындай қажеттіліктеріне нұқсан келтірумен ешқандай ортақтығы жоқ. Бізге инвестициялар келіп жатыр, бізді құрметтейді, қоғамда салтанат құрған тұрақтылық пен келісімге тәнті болады. Демек, өзіміздің дамуымызға көмек­тесетін біздің аса маңызды игілігіміз нақ осы болып табылады. Келіңіздер, оны бірлесе сақтайтын болайық. Жұмыстың осы заманғы түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, партияның идеологиялық жұмысын күшейту қажет. Партияға ел басшылығының Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бастамасына, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясына табандылықпен қолдау көрсетуді қамтамасыз етуі қажет. Өз халқының өркендеуі туралы ойлайтын партияға бұдан асқақ, бұдан гөрі рухтандыратын не болуы мүмкін? 2006 жылғы 4 шілде соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемдегі саяси үдерістер бірнеше еселене күрделенді. Сондықтан қазіргі заманғы саяси көшбасшыға кәсіби-мүдделестер командасы аса қажет. «Amanat» партиясы соңғы жылдар бойына мен үшін осындай сенімді тірекке, кәсіби де қалыптасқан командаға айналып отыр. «Amanat» елдің бүкіл халқының мүдделерін бейнелейтін объективті көшбастаушы партияға айналды. Біз бірігу үдерістері мен ірі сайлау науқандарының кезеңдерінен табысты өттік. Енді біздің жинақталған тәжірибе мен күш-жігерді көкейкесті әлеуметтік міндеттерді шешуге, сондай-ақ, партияны одан әрі сапалы нығайтуға пайдалануымыз керек. «Amanat» дамуында жаңа белес басталды. Партия Қазақстандағы жүйелі өзгерістердің нақты алға апарушысы, елдегі бұқаралық саяси жұмыстардың ең тиімді тетігі болуға тиіс. «Amanat» дамудың ұзақмерзімді бағытының сабақтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге ел дамуының жаңа стратегиялық идеяларын да туындатуы керек. Қазіргі табысты елдердің тәжірибесі олардың дамуындағы серпілістердің көп жағдайда негізгі саяси партияның көшбасшылығы мен тиімділігі есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетіп беріп отыр. Жапония, Швеция, Сингапур, Малайзия, Үндістан, Мексика сияқты елдердің даму тәжірибесі бетбұрысты саяси және экономикалық реформалар кезеңінде жетекші партиясы бар көппартиялы жүйенің басқарудың оңтайлы моделі болып табылғанын көрсетіп берді. Біз Қазақстанда дәл осындай бұқаралық, тиімді, қазіргі заманғы партияны құрдық. Өсіп-өркендеген және қуатты Қазақстан – біз бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны. Бүгінде нақ осы «Amanat» партиясы Қазақстанның тағдыры үшін жауапкершіліктің бар салмағы жүктеліп отыр [77].
Сондай-ақ, Қазақстан үшін сындарлы сәттерде партиялық қауым әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.
Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.
Amanat партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – елбасы қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы [78].
Қорытындылай келе, біз Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын атап өттік. Яғни, ұқсастықтары олардың демократиялық бағытты үгіттеуінде, сондай-ақ ел мүдесі үшін атқарған қызметтері байланыстырады. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Amanat» партиясы атқарып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет