Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлік құжаттар, кадастр жүргізу тәртібі



бет13/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлік құжаттар, кадастр жүргізу тәртібі.
Жалпы «кадастр» деген түсініктің екі түп тамыры бар. Біріншіден «caput» - нақты зат және «capitastrum» осы заттардың тізімі. Ал жер кадастры дегеніміз, ғалымдардың пікірі бойынша кең мағынада – жерді өндіріс құралы ретінде сипаттайтын барлық қажетті мәліметтердің жиынтығы. Тар мағынада жерді бағалау яғни, жердің табиғи және шаруашылық жағдайын анықтайтын бағалау мәліметтері. Жер кадастры дегеніміз – Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының келесідей белгілерін атап көрсетуге болады:
Біріншіден, кадастрда жер учаскесі, жерге меншік құқығының субъектілері, жер пайдалану, жерді жалдау, жер учаскесінің нысаналы мақсаты, оларды қолдану сипаттамасы туралы мәліметтер болуы керек;
Екіншіден, жерді сандық жағынан есепке алу мәліметтері, яғни, жер алаңдарын жер құқық қатынастары субъектілеріне бөліп беру туралы мәліметтер;
Үшіншіден, жердің сапалық жағдайы туралы, яғни, жерді пайдалануға әсер ететін табиғи сипаты мен белгілеріне /топырақтың механикалық құрамы, жер бедері, жағымсыз процесстер – эрозия, тұздану, тапталу белгілері мен экологиялық технологиялық, қала құрылысы сипаттары/ байланысты жүзеге асырылатын жер-кадастрлық аудандарға бөлу, топырақты топтастыру, жерді санаттарға бөлу т.с.с шаралар нәтижесінде алынатын мәліметтер;
Төртіншіден, кадастрда жерді бағалау беріледі, яғни, жер ауыл шаруашылығының өндіріс құралы және кеңістіктік базис ретінде салыстырмалы бағасын, сонымен бірге, пайдаланудың тиімділік деңгейін анықтайды.
Жер кадастрын жүргізу мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мемлекеттік жер кадастры жер ресурстарны басқару жөніндегі Агенттілікпен және оның жергілікті бөлімшелерімен жүргізіледі. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
Мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы.
Жер кадастрының негізгі мақсаты – жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншік құқық жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі. Базалық құжаттарға келесілер жатады:

  • жер учаскесінің жер кадастрлық ісі;

  • мемлекеттік жер кадастрының кітабы;

жер кадастрының картасы;
Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:

  • барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгiдегi бланкілерде орындалады;

  • жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;

  • мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.

Жер учаскесінің жер кадастрлық кітапқа жазба енгізілгеннен кейін оған жеке елдің аумағына қайталанбайтын нөмір беріледі. Кадастрлық нөмiрдi құру:

  • облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодымен;

  • ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;

  • есептi кварталдың кодымен;

  • жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.

Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдық елдi мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, желiлік объектілер: темiр жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi бөлу жолақтарымен, суаттар және басқалар есептi кварталдар болып табылады.
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi. Барлығы он бір саннан құралады. Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшінде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.
Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс:

  1. Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту;

  2. Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;

  3. Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;

  4. Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет