Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзіретті органның құзіреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік)



бет11/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзіретті органның құзіреті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік)
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы органның қарауына мәселелердің кең шеңбері берілген. Оның функциялары 1999 жылы Үкімет қаулысымен Мемлекеттік жер комитетінің негізінде қайта құрылған Үкімет құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігіне берілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Жер кодексі қабылданғаннан кейін Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттілік туралы ережені бекіткен Үкіметтің қаулысы 14 қаңтар 2005 жылы қабылданды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР-ң орталық атқарушы органы болып саналады. Ережеде жалпы ережелер мен агенттіктің негізгі міндеттері және құқықтары 1 және 2 бөлімдерінде орын алған. Агенттіктің облыстарда және Астана, Алматы қалаларында, аудандар мен қалаларда заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімдері бар.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
1 жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2 жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
3 мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау болып табылады.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіп пен мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар; жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу; мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерін қорғау; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту, оны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; нормативтік құқықтық келісімдер (актілер) мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің осы талаптарды сақтауын, қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдалану тәртібін белгілеу;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: қолда бар жерлер және оларды санаттар, алқаптар бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға бөлу туралы, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептерді жасау; белгіленген тәртіппен жердің мониторингін, мемлекеттік жер кадастырын жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру және жүргізу; жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру; аймақтарға бөлу негізінде жердің пайдаланылуын жоспарлауды және болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату; Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекаралардың өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу; ұйымдардың, олардың белгіленген тәртіппен жерге орналастыру жөніндегі топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеулік және іздестіру жұмыстарын жүргізу бөлігіндегі қызметін үйлестіру; мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру; мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргізу; республика аумағының геоақпараттық жүйелерін құру; халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, басқа елдердің тиісті қызметтерімен қатынастарды қолдау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делемитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарын жер-кадастырлық карталармен және жер учаскелерінің жоспарларымен қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар: белгіленген тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті ұйғарымдар беру; геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібінің анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсірілімдер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету; жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау; егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгілінген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қортынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру құрлысын, объектілерді пайдалануды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды тоқтата тұру; Қазақстан Республикасының геодезия мен картография саласындағы заңнамасының және техникалық талаптардың бұзылу фактілері анықталған жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын есепке алуды, олардың кәсіпорындарда көбейтілуін, сақталуын және пайдалануын бақылауды ұйымдастыру; геодезиялық пункттерде есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау; пайдаланылмай жатқан жерлер мен заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылатын жерлерді анықтау;
4) экономикалық қызметтің мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ететін функциялар: мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын айқындау; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; жерге құқықты куәландыратын құжаттарды беру; мемлекеттің жер учаскелерін беру кезінде оларды таңдауды келісу; өз құзіреті шегінде лицензиялауды жүзеге асыру; аэротүсірілімдік, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тіркеу, есепке алу және оларды жүргізуге рұқсаттар беру; геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру; жерлерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық, облыстық аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
Агенттіктің өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі және геодезия мен картография саласындағы қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңнамалық келісімдерде көзделген негіздемелер бойынша жер учаскелеріне меншік құқықтары мен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгізуге
3) жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Бұл Ереженің бұрынғы Ережелерден айырмашылығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізуіне байланысты, оның құзіреті бірнеше топтарға бөлініп қарастырылған. Олар:
- мемлекет саясатының қалыптасуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялары;
- мемлекет саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін функциялары;
- мемлекет саясатының жүзеге асырылуын бақылау функциялары;
- экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін функциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет