Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»



бет9/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру. Жерді ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандырудың маңызы зор болуы керек, онсыз жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы мүмкін емес.
«Ынталандыру» термині (латынның stimulus деген сөзінен) сөзбе сөз аударғанда – жануарларды айдайтын үшкір басты таяқты білдіреді. Басқа сөзбен айтсақ, ынталандыру – белгілі бір әрекетті жасауға ниетті тудыратын құбылыс. Экономикалық ынталандырудың мәні жер пайдалануда жерді ұтымды пайдалануға оның ішінде қорғауға деген тікелей мүддені туғызуда.
Соңғы жылдары ынталандыруға көп көңіл бөлінеді, өйткені тек жазалау санкциялармен ғана жер пайдалануды басқару мүмкін емес. Қазақстан Республикасының қоршаған орта бойынша іс әрекеттерінің Ұлттық жоспарында және 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасында мынадай міндет қойылған - жерлерді немесе өзге табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды экономикалық жағынан ынталандырудың ғылыми негіздерін әзірлеу. Сонымен қатар, табиғатты қорғау қызметін ынталандырудың жалпы қағидаларын әзірлеудің халықаралық маңызы бар, өйткені ол 8 ақпан 1992 жылғы ТМД мемлекеттерінің көп жақты келісімінен туындайды.
Жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды экономикалық жағынан ынталандыру жерді қорғауды тиімді жүзеге асыратын жер пайдаланушы заңды тұлғаларға субсидиялар беру саясатымен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық ынталандыру іс-шараларын жүзеге асыруға азаматтардың көпшілігін тарту мақсатында Қазақстан Республикасының 24 қаңтар 2001 жылғы Жер туралы заңымен, бұдан әрі Жер кодексімен де жер учаскесі Қазақстан Республикасының азаматтарының меншігіне өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін белгіленген нормалар шегінде өтеусіз негізде беріледі деген шара көзделген. Сонымен қатар, қолданыстағы Жер Кодексінде ең алғаш заңнамалық тұрғыдан, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделігін арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жерді қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы тиістігін анықтаған экономикалық ынталандыруға байланысты арнайы бап бекітілді. Ал, табиғат қорғау функцияларын орындаған жер пайдаланушылар үшін жеңілдікпен салық салу көзделген. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қызметінің негізгі түрі орманның өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және орманның экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, табиғат қорғау мекемелерінің мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін салықты есептемеген кезде тиісті ставкаға 0,1 коэффиценті қолданылады, яғни осы жер пайдаланушылар үшін салық ставкалары басқалар үшін белгіленген ставкалардан айтарлықтай төмен. Мәселен, Ресей мемлекетінде жерді ұтымыды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру шаралары тікелей Жер кодексінде көрініс тапқан. Олар: жерді пайдаланушының кінәсінсіз бүлінген жерді мемлекеттік бюджет есебінен қалпына келтіру, ауылшаруашылық игеру кезеңіндегі жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен босату, орман қорлары жерлерінің сапасын жақсарту және топырағының құнарлығы мен өнімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырған тұлғаларға материалдық сыйақы беру, жерді уақытша консервациялау нәтижесінде кірісінің төмендеген тұлғаларға бюджет есебінен шығынның орнын ішінара толтыру, экологиялық таза өнімдерге жоғарғы баға белгілеу т.б. Жалпы, жер меншiк иелерiмен жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық ынталандыру шараларын заңнамалық негізде анықтап, келесiдей жеңiлдiктердi мемлекет тарапынан бергенi жөн болатын едi. Мысалы: жердi ұдайы ұтымды, тиiмдi және нысаналы пайдаланатын жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жер салығы бойынша белгiлi бiр жеңiлдiктер беру, жер учаскесiн сатып алу барысында алғашқы кезектiлiкпен беру, жеңiлдiктi пайызбен несиелеу, жерді пайдаланушының кінәсінсіз бүлінген жерді мемлекеттік бюджет есебінен қалпына келтіру, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет