Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Дене мәдениетінен білім берудің оқу бағдарламасының мазмұны



бет10/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
91691978, Диплом Арт-терапия, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Дене мәдениетінен білім берудің оқу бағдарламасының мазмұны

Тұрғылықты
ж ердің аймақтық
ерекшеліктері

Мазмұны,
әдістері, формалары,
құралдары

Педагогика
лық
т ехнология

Бағалау
әдістері




М ектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім беру үдерісінің педагог икалық технологиясын құру кезінде биоырғақтылықты есепке алу

Ауа райының өзг ермелілігі,
биоырғақтар

Бейімделу
Жолдары

Құрылымы,
м азмұны, өлшем бірлігі (критерий)

Бақылау түрлері




Мектеп оқушыларының дене мәдениетінен білімін интегралды бағалау технологиясы

Көрсеткіштер
ж үйелерін
теориялық негіздеу

Бағалау өлшемі
(критерий)

Баға қою
м еханизмі

Дене мәдениеті-
нен білім берудің нәтижесі


Президент тесті оқушыларға дене мәдениетінен білім берудің мемлекеттік стандарты ретінде

Сурет 1 - Жалпы орта мектепте оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің дидактикалық моделі


Қазақстан мектептерінде дене тәрбиесі жүйесін қалыптастырумен жетілдіру тек өкіметтің басшылығымен, комсомол, кәсіподақ және дене мәдениеті ұйымдарының, денсаулық сақтау органдары мен әскери ведомостволардың белсене қатысуымен жүзеге асырылды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстан мектептерінде әртүрлі тарихи кезеңдерде өзіндік ерекшеліктерге ие оқу, дене мәдениеті-бұқаралық, сауықтыру, спорттық жұмыстарының сан қырлы формалары мен әдістері қалыптасты:


- біздің зерттеушілеріміз Қазақстан мектептерінде дене мәдениетін дамытудың негізгі кезеңдерін айқындауға мүмкіндік берді, оқушылардың дене тәрбиесі саласындағы ғылыми әдістемелік ойлардың даму динамикасын ой елегінен өткізіп, оқушылардың дене мәдениеті тәрбиесінің Қазақстанда болып өткен жалпы саяси, әлеуметтік экономикалық және мәдени жаңғыруларымен өзара байланысын айқындады:
- оқушылар арасындағы дене мәдениеті және спортты дамытуға әсер ететін негізгі әлеуметтік факторлар халықтың өскелең материалдық және мәдени дәрежесін, оқушылар мен олардың ата-аналарының қазіргі қоғам дамуында дене мәдениетінің маңызын жете түсінуі болып табылады ;

  • Қазақстан оқушыларының дене тәрбиесінде бірқатар кемшіліктер мен шешілмеген проблемалық мәселелер бар.

Республиканың көптеген мектептерінде дене мәдениетін нашар жолға қоюдың нәтижесінде оқушылардың дене мәдениеті туралы білім алуға және еңбек етуге, Отанды қорғауға әзірлігінің төмен деңгейі байқалады, яғни қазірге дейін оқушылардың тең жартысынан астамының бос уақыттары дене мәдениетінің бұқаралық және спорт жұмыстарымен қамтылмаған.
Бірқатар әлеуметтану зерттеушілерінің тарихи мәліметтері мен республика мектептерінде дене мәдениетінің қазіргі жай–күйін оқып үйрену нәтижелерінің негізінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың төмендегідей жолдарын ұсынамыз:

  1. Қазіргі уақыт талаптарына сәйкес республика тұрғындарының әзірлігіне бағытталған Президенттік тесттің нормативті талаптары мен этнопедагогика және этнопсихологияны мұқият ескере отырып, дене тәрбиесі жөніндегі мектеп бағдарламаларын қайта жасау, қажетті сабақтастықты сақтау жағдайында жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен жақындастыруға ерекше назар аудару.

  2. Мектеп бағдарламаларының барлық тараулары бойынша жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқулықтар мен оқытудың әдістемелік кешенінің жаңа буынын әзірлеп шығару.

  3. Оқушылардың дене мәдениеті жөніндегі білім алудағы еріктілігін жария жағдайда жүргізуге айрықша көңіл қойып, дене мәдениеті тұрғысындағы оқу үдерісінің сапалық деңгейін жақсарта түсу.

  4. Денсаулығы нашар оқушылармен жұмысты жақсартуды және оны жетілдіруді түбірімен өзгерту.

  5. Ұлттық мектептерде дене мәдениеті бойынша оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық құндылығы жоғары дене жаттығулары мен ойындарының ұлттық түрлері жөнінде әдістемелік құралдарды әзірлеп, шығару.

  6. Педагогикалық жоғары оқу орындары үшін дене мәдениеті тұрғысында жаңа бағдарламалар шығару, олардағы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі жөніндегі сағат санын арттыру. Сондай-ақ, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің мектеп практикасының бағдарламасына мектеп оқушылары арасында дене мәдениеті жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін енгізу.

Сонымен, қазіргі таңда Қазақстанда дене мәдениеті қала мен ауыл тұрғындарының арасында жылдар өткен сайын игі іске айналып, қазақ халқының өмірі мен тұрмысына дендеп еніп келеді. Қазір республикада халықтың дене мәдениетін жетілдіруге мол мүмкіндік жасалған. Қазіргі спорт ұйымдары дене мәдениеті қозғалысының бұқаралығын арттыру, қазақ спортының даңқын биікке көтере түсу жолында үлкен мүмкіндіктері бар.
Алайда, республикада дене мәдениеті қозғалысын дамытудағы елеулі табыстарын атап өте отырып, қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсуге бомайтынын, бірқатар елеулі кемшіліктердің бар екенін айтпауға болмайды. Қазірге дейін тұрғындар мен балалардың елеулі бөлігі дене мәдениеті және спорт қызметімен қамтылмаған, көптеген ұжымдар, әсіресе селолық жерлерде оқу-спорт жұмыстарын тұрақты жүргізбейді, оларға жағдай жасалмаған олардың саны аз және т.б [32].
Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы қолайлы табиғат жағдайлары толық пайдаланыла отырып, жалпы мектептер мен оқу орындарында дене тәрбиесін жетілдіре түскенде, бұрыннан бар бірлестіктер ұжымдарын нығайта түсу жолымен ауылдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде дене мәдениеті ұжымдарының жұмыс дәрежесін арттырғанда, "Спорт клубтары" атағын алу жолындағы жарысты кең өріс алдырғанда, дене мәдениеті мамандары мен спортшылардың қалың бұқарасы арасында тәрбие жұмысын күшейткенде, қоғамдық күштерді оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыруға денені шынықтыру мен спортқа кеңінен тартқанда ғана табысты болады.
Жалпы мектептерде дене мәдениеті және спорттың бұқаралылығын одан әрі жетілдірудің шешуші шарттарының бірі дене мәдениетін оқушыларда калыптастыру, әсіресе ұлттық спорт түрлері арқылы дайындалуды одан әрі жақсарта түсу, сондай-ақ спорт секцияларын ұйымдастырушылары, бапкерлерді кеңінен мектептерге тарту болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі қоғамға қадам басуы жан- жақты жарасымды жетілген, рухани бай, моральдық таза жеткіншектердің дене тәрбиесіне кең өріс ашты. Ол оқушылардың жаңа мәдени тәрбие, оның ішінде оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыруды және одан білім алуды күшейте түсу міндеттерін шешуді талап етеді.
Дене мәдениеті оқушылардың денсаулығының нығайуы мен дамытуды жетілдірудің шешуші факторларының бірі ғана емес, қазіргі қоғамдық құрылыстың шешуші шарты болып табылатын, еңбек өнімділігін арттырудың маңызды құралы да болып табылады. Өкіметтің нақты қолдауына ие болып отырған бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы белсенділігі мен қоғамда мектеп оқушыларының рөлінің тұрақты арта түсуі соңғы жылдарда республикада дене мєдениеті және спорт түрлерінің кең өріс алуына мүмкіндік беретін маңызды факторларға айналды [33].
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерделей отырып, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бағыт-бағдарын айқындадық (Сурет 2).


Сурет 2 - Оқушыларда дене тәрбиесін қалыптастырудың бағыт-бағдары


Сонымен, жоғарыда айтылған ғылыми-әдістемелік материалдарды негізге ала отырып, төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:


- бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының пайда болуы, қалыптасуы мен одан әрі дамуы қазақ ұлттық мемлекеттіліктің дамуы жағдайында халық шаруашылығы және мәдениеттің барлық салаларындағы әлеуметтік жаңарулар мен өзгерістерге тығыз байланысты;
- ҚР үкіметтің тұрақты қамқорлығы нәтижесінде Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы кең орын алды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында пайда болған шағын ғана дене мәдениеті ұялары дене мәдениеті
және спорт ұжымдарының мыңдаған жүйелерін біріктіріп отырған дене тәрбиесі мамандарының миллионнан астам армиясының бұқаралық қозғалысына айналды.
- Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын дамытудың жолдары мен ұстанған бағыты еліміздің даму кезеңдеріндегі бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының жалпы бағыттары мен міндеттерінен туындайды. Мемлекеттің маңызды міндеттеріне сәйкес Қазақстанда дене мәдениеті Отанды қорғау мен еңбекке даяр, жан-жақты жарасымды жетілген мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды құралдарының біріне айналды;
- Қазақстан мектептеріндегі дене мәдениеті және спорттың кең өріс алуы ұлттық саясатты тұрақты жүзеге асырудың, өкіметтің адамдардың денсаулығын нығайту, олардың денесімен бірге ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру бағытындағы тұрақты қамқорлығының нәтижесі;
- Қазақстанның ұлттық ерекшеліктеріне, көптеген қалалар мен облыстардың орталықтан қашықтығына, ауылдағы жалпы мектептердегі оқушылардың елеулі бөлігінің үй-тұрмысына, салт-дәстүр көріністеріне, дене мәдениеті саласы мамандарының тапшылығына, материалдық-спорттық базалардың нашарлығына байланысты тәуелсіздік алғанға дейін республикада бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы баяу дамыды;
- Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының дамуында соңғы жылдарда дене мәдениеті мамандарының санының 8 есе, спортшы-разрядшылар санының 4 есе, спорт ғимараттарының 9 есе, дене мәдениеті мамандарының 6 есе, оның ішінде жоғары білімділердің 19 есе және арнайы орта білімділердің 21 есе өсуі маңызды көрсеткіш болып табылады. Осы кезеңде республикада рекордтар мен жоғары жетістіктер деңгейі артты, яғни спорт шеберлері мен 1 разряд дәрежесіндегі спортшылар көбейді. Құрама командалардағы қазақ спортшыларының саны 5 есе өсті;
- Республикада дене мәдениеті жұмысының тарихи тәжірибесін оқып-үйрену және қорыту болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындауда елімізде жалпы мектептер мен спорт ұйымдары арасында тәжірибе алмасуды жақсарта түсуге ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ, бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді [34].
Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін тарихи-педагогикалық және теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптай келіп, келесі тармақта жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық моделіне тоқталамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет