Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет7/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
91691978, Диплом Арт-терапия, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Дене тәрбиесі мен қимыл қозғалысты қалыптастырудың педагогикалық мәселелері

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.


Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi [25].
Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған [26].
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.
Ал бүгінгі таңда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат ҚР Президенті Жолдауының толық мәтінін ұсынады. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа­һан­дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қа­рыш­тап алға басқан мемлекеттер қата­рын­­да дамудың жоғары деңгейіне көтеріл­дік. Өйткені біз оған қалай қол жет­кізуге болатынын білдік.Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.Біз жасампаздыққа жұмыла кіріс­кен­діктен, дамудың даңғыл жолына түстік.Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.Осылайша Қазақстан қуатты да та­бысты мемлекетке айналып, өзінің бас­та­малары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.Мен біздің алдағы барша жетістік­тері­міз осындай жарқын болады деп сенемін.Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. "Қазақстан-2030" Стратегия­сын орындай отырып, біз алғашқы он­жылдыққа бағдарлама жасап, оны тә­мам­дадық. Ендігі мақсат - осы Стратегия­ның келесі онжылдығына қарай қадам жасау [27]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет