Дипломдық ЖҰмыс 5В012800 «Физика-Информатика»



бет8/10
Дата14.02.2023
өлшемі2,63 Mb.
#168659
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аширова Жазира
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Үшінші кезең: қорытынды – презентациялық.
Қорытынды кезең жұмысты безендіру мен таныстыруды, оны Орындаушының, басқа оқушылардың және мұғалімнің бағалауын қамтиды. Жобаны орындау нәтижесін бағалау ретінде конструктивтік, технологиялық, экологиялық, эстетикалық, экономикалық және маркетингтік өлшемдер, жобаны орындаудың ерекшелігі мен сапасы пайдаланылуы мүмкін[50,51,52].



3-сурет- Жобаны орындау нәтижесін бағалау


Оған кірді:
1. Қоршаған ортаға әсерін қоса алғанда, жобаны дайындалған еңбек объектісін іске асыру сапасын бағалау.
2. Жоба тақырыбының орындалу нәтижелерін талдау жобалық қызмет объектісі, оны тәжірибеде сынау, қорғау, презентация.
3. Жобалау қызметінің нәтижелерін, тауарлар нарығында нақты сұранысты пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу, жобалар конкурстары мен көрмелеріне қатысу.

3 – кесте - Қорытынды баға критерийлері





Қорытынды баға
критерийлері

Мұғалімнің
бағасы

Орта
баға
бір-сынып

Өзін-өзі
бағалау

Қорытынды
бағалау:
Д = (А + В+ С): 3

1.Баяндама мазмұны
жобалық жұмысқа













2.Жобаның ғылыми
негіздерін түсіндіре білу,
оны орындаудың дербестігі













3. Жобалық бұйымның
сапасы













4. Жобалық бұйымды практикалық пайдалану













5. Көрнекі материалдардың сапасы (мазмұндау
логикасы, ГОСТ-қа сәйкестігі)













6. Басқа ғылымдардан және
оқу орындарынан білімді пайдалану заттар













7. Жауаптар













8. Технология бойынша
білімнің толықтығы оқыту













9. Жоба шешімінің
бірегейлігі













10. Сөйлеу мәдениеті















Оқу жобасын сәтті орындау.
Оқу жобасының сәтті орындалуы оның қорғауында анықталады. Жоба авторы жасаған жобаның орындалу барысы туралы 10 минуттық хабарламаны, ұсынылған көрнекі материалды бұйым, оны орындау жөніндегі құжаттама т. б. мұғалім, сыныптастар және кестенің көмегімен автордың өзі бағалай алады:
Кестеге он баллдық шкала бойынша бағалар қойылады[53,54].
(1 – ден - "баяндамада бұл айтылған жоқ"," жобада бұл көрсетілмеген " 10-ға дейін - "критерий толық ашылған").
Егер жинаған балдар саны:
0-ден 44-ке дейін – " 2”;
45-тен 69-ға дейін - " 3”;
70-тен 84-ке дейін – " 4”;
85-тен 100-ге дейін – "5"бағасы қойылады •
Ең көп балл жинаған шығармашылық жобалар мектептік, ал қалалық олимпиадаларға қатысу үшін ұсынылады.



4-сурет - Оқу жобасын сәтті орындау

5-сурет- Оқу жобасын қорғау





6-суре - Оқу жобасын қорытындылау және марапаттау


3 ЗЕРТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ


3.1 Жаратылыстану циклы пәндері бойынша мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жобалық тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктері

Еңбек нарығындағы бәсекелестік заманыда әрбір тулғаның білім сапасын арттыруда, күнделікті өмірде алған білімін қолдана білу қабілетін дамыту заманауи мектеп алдыда тұрған өзекті мәселе болып отырғаны сөзсіз.


Ғылым мен техниканың дамыған уақытында адамның білімі мен біліктілігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің ең басты көрсеткішіне айналып отыр. Қай заманда болса да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асатыны белгілі.
Мектеп оқушыларының интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерінің дамуы және шыңдалуы үшін пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, пікірталастар дебат, семинарлар, конференциялар және жобалық жұмыстар жүргізу тұлғаны дамытудың заманауи құралдары болып табылады.
Ғылыми жаратылыстану пәндері сабақтарында жобалық тапсырмаларды қолдану бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың құралдарының бірі болып саналады.
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жобалау әдісі пәндік білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың, қоршаған ортаның, өмірдің заңдылықтарын зерделеуде мәселені өзінше жоба ретінде жоспарлап шешімін табу жолдарын іздестіреді. Бұл әдістің оқу үдерісі барысындағы ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында.
Жобалау әдісі ең алғаш ХХ ғасырдың басында АҚШ-ының ауылшаруашылық мектептерінде жүзеге асырыла бастаған. Бұл әдістің негізі американдық ғалымдар Д. Дьюи, У. Килпатрик, Э. Торндайк идеяларынан алынған. Кейіннен әлемнің түрлі елдерінде кеңінен танымал болып, қолданысқа ие болд
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау, әзірлеу» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. [55,56].
Жоба дегеніміз – осы уақытта жоқ бірақ құрастырылуы, жасалуы тиіс заттың, мазмұнның нақты болжамы, сонымен қатар ол жағдайды немесе мазмұнды міндетті түрде қажетті бағытқа қарай өзгертеді.
Жоба – оңтайлы тәсілдердің көмегімен алдын-ала жоспарланған нәтижеге жетуге, нақты проблеманы шешуге бағытталған жұмыс. Жобаның құрылымына жоба нәтижесіне жетудің тәсілі ретінде баяндамалар, рефераттар, зерттеушілік және оқушылардың басқа да өздік шығармашылық жұмыстарының элементтері кіруі мүмкін. Жобалық жұмыс – нәтижесі алдын-ала белгісіз шығармашылық, зерттеушілік мәселелерді шешумен тығыз байланысты жұмыс.
Сабақ барысында және сабақтан тыс орындалатын жобалық жұмыстар оқушылардың өз беттерінше ізденулері арқылы зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын, ойлаудың зерттеушілік түрін меңгерулеріне, сонымен қатар оқу барысында белсенділік көрсетті. Жоба әдісі дегеніміз – оқытудың жүйесі немесе технология. Бұл технологияны қолдану барысында мұғалім өз жұмысын нақты жоспарлайды, негізінен практикалық білім беретін жобалық тапсырмалар құрастырады және оларды біртіндеп қиындатып отырады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен және өздігінен іздену арқылы практикалық білім мен білікті меңгереді.
Педагогикалық жобалау – бұл педагогикалық іс-әрекетті өзгерту бойынша құндылыққа бағытталған, жан-жақты дәлелденген, талаптарға сай ұйымдастырылған, нақты мақсатты көздейтін кәсіби қызмет.
Ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері сабақтарында жобалық тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты – оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттыру, оқу-танымдық білік және дағдыларын қалыптасуына көмектесу, оқу еңбегінің тиімді білік және дағдыларын меңгеру, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау, табиғи нысандарды бақылау мен тәжірибелер жүргізу барысында өздерін үнемі шыңдау арқылы, беттерінше жаңа білім алады, пәндер бойынша жобалық тапсырмаларды орындауға арналған әдебиеттерді зерделеу барысында білімдерін толықтырады және тереңдетеді.
Оқушыларды жобалық және зерттеу әрекетіне үйрету барысында қойылатын міндеттер төмендегідей болуы мүмкін:
– оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;
– шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
– проблема қою және оны шешудің тәсілдері мен жолдарын табу біліктері мен дағдыларын дамыту;
– оқуға және өздігі нен ізденуге ынталандыруға жағдай жасау;
– білім алушылардың өз әрекеттеріне, қабылдаған шешімдеріне жеке тұлғалық жауапкершілік сезімін, өзін-өзі бағалаудың негізін қалау;
– тұлғаның бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыру және дамыту;
– білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптыстыру, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда, презентация және қорытынды жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Жобалық жұмысты орындау барысында оқушының бойында өз бетінше жұмыс істеуге қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
– өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады;
– таңдаған тақырыбына байланысты мақсат-міндеттер қояды;
– мақсат-міндеттеріне қарай жұмыс жоспарын құрастырады;
– алдына қойған мақсатты жүзеге асыру жолдарын іздестіреді;
– тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтауға, жүйелеуге үйренеді;
– мақсатқа жетуге қатысты орындалатын жұмыстардың әдістерін талдау, салыстыру арқылы, тиімді тәсілді таңдай алады;
– өз ойын, көзқарасын жүйелі, дұрыс және дәлелді жеткізуге дағдыланады;
– өзгелерді тыңдауға үйренеді, олардың айтқандарын ой елегінен өткізіп,
сұрақ қоюға, қажет болған жағдайда өз сұрағына жауап беруге және жауабын дәлелдеуге, өз шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге дағдыланады.
Соңғы жылдары отандық білім беру тәжірибесінде болып жатқан өзгерістер мектеп қызметінің бір де бір жағын өзгеріссіз қалдырмады. Білім берудің тұлғаға бағытталған қағидаларын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа әдістері қажет болды.
Қазіргі кезде көптеген тәсілдердің ішінен жобалау әдісіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін өздігінше құруын, қосымша ақпарат жинауын, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жатады. Оқушы қажетті білімді өзі іздеп-тауып, оларды талдап, сол деректердің негізінде қорытынды шығарып, нәтиже жасауды өз бетінше жүзеге асырады.
Бұл жұмыстарды жұппен немесе топпен орындауға және атқарылатын жұмыстарды топ мүшелері арасында бөлуге болады.
Жұмыстардың ара қатынастарын реттейтін келісімдер, бағалау критерийлері, жоба жасау әдістемесі, білімдік істер көлемін өзара дұрыс бөлу және олардың атқаратын міндеттері белгіленеді. Жобалық тапсырмаларды негізінен оқушылардың өздері орындайды, тапсырманы орындаудың уақыты белгіленеді.
Алайда жобадағы шешілуі тиіс мәселенің күрделілігі мен ерекшелігіне байланысты, мұғалім бағыттаушы, басқарушы рөлін атқарады.
Білім беру процесінің негізі – сабақ, сабақ барысында оқыту. Білім беру құрылымындағы оқыту дегеніміз мұғалімнің оқушымен тікелей немесе жанама байланыстағы іс-әрекеті. Бірақ бұл байланыс қай түрде болғанына қарамастан, оқыту процесі білім алудың белсенді болуын көздейді.
Оқушылардың іс-әрекеті мұғалім тарапынан қамтамасыз етілген, ұйымдастырылған және бақылауға алынған жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу дағдысы қалыптасқанда ғана білім алу процесі белсенді бола алады. Жалпы білім беру процесі барысында:
- мұғалімнің ақпаратты іріктеуі, жүйелеуі, құрылымдауы және оны оқушыларға жеткізе алуы;
- бұл ақпаратты және онымен жұмыс істеу жолдарын оқушылардың қабылдауы, түсінуі, меңгеруі сабақ және сабақтан тыс өз бетінше білім алуы барысында жүзеге асырылады [57,58,59,60].
Сондықтан да оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудағы мұғалімнің басты мақсаты білімді дайын күйінде беру емес, олардың проблемалық жағдаяттарды шешу, іздеушілік, зерттеушілік, жобалық тапсырмаларды орындау арқылы білімнің басым бөлігін өздіктерінен меңгеруін қамтамасыз ету.
Жобалық тапсырмаларды орындау балалардың өзбеттерінше әрекет жасауына, оқуға үйренуіне мүмкіндік береді. Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылардың жеке, жұпта, топта, ұжымда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, балалар ақпараттың түрлі көздерінен қажетті деректі таба білуге үйренеді.
Ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық іс-әрекет оқу жылы бойы сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта да ұйымдастырылуы мүмкін. Білім беру үдерісінде жобалық іс-әрекетті қолдану сыныптық-сабақтық оқыту жүйесіне елеулі өзгерістер енгізеді, сонымен қатар жобалық тапсырмалар басқа әдіс-тәсілдермен және технологиялармен қатар қолданылады.
Бұл жағдайда оқушылар жаңа материалды меңгеру және күнделікті өмірде (тәжірибеде) қолдану үшін шағын жобалар орындайды. Сонымен бірге сабақтан тыс уақытта орындалатын жобалық іс-әрекетпен айналысқысы келетін оқушыларға арналған жобалық жұмыс сабақ барысында бастау алады және басталған жұмыс сабақтан тыс уақытта аяқталады. Бұл жағдайда жобамен жұмыс істеу балалардың нақты білім саласы бойынша көзқарастарын кеңейтуге және тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік береді.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.
Жобалық тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:
1) зерттеуді жоспарлау;
2) дереккөздермен жұмыс;
3) экспериментті өткізу;
4) мәліметтерді өңдеп талдау;
5) нәтижелерді ұсыну;
6) жобаны басқару [61,62].
География, биология, химия, физика пәндері бойынша орындалатын жобалық жұмыстардың бірнеше түрі бар:
– зерттеушілік (бұл жобаның нақты құрылымы, эксперименттер жүргізу міндетті болады, жоба ғылыми зерттеуғе ұқсас болуы тиіс) – реферат, баяндама, ғылыми мақала;
– рефераттық-сипаттамалық жобалар негізінен эксперименттік тексеруі жоқ ақпаратты өңдеуге, проблеманы анықтауға бағытталған;
– шығармашылық (шығармашылық іс-әрекетті сипаттау) және бұл қатарды әрі қарай өрбіте беруге болады.
Жобалық жұмыстарды өлшемдері және түрлері бойынша келесідей жіктеуге болады (5-кесте)

Жобалық әдіспен жұмыс істеу – бұл мұғалімнен жоғары біліктілікті талап ететін, күрделілік деңгейі жоғары педагогикалық қызмет, сонымен қатар жобалық жұмыстарға қойылатын талаптар да ерекше болады, мысалы:
– әлеуметтік маңызы бар проблема табуы тиіс – бұл ұйымдастыруы неғұрлым қиын және мұғалім мен оқушылардың бірігіп шешімін табуы тиіс міндет;
– әр жобалық жұмыс оқушыдан зерттеушілік іс-әрекетті талап етеді;
– мұғалім мен оқушы орындалатын жобаның түрін нақты анықтаулары
тиіс;
– жобаның мақсатын, нәтижесін, істелетін іс-әрекет түрлерін алдын-ала анықтап алулары тиіс [63,64].

6-кесте – Жобалық жұмыс түрлерінің жіктелуі



Өлшемдері

Жобалардың түрлері

Мазмұны

Экологиялық, физикалық-географиялық, әлеуметтік-
экономикалық, кешенді, өлкетанулық, тарихи, мәдени

Кіріктірілу дәрежесі

Бірпәндік (нақты бір пәннің материалында).
Пәнаралық (тақырыптары байланысты бірнеше пәндердің
мазмұнын есепке алатын).
Пән мазмұнынан тыс (мектеп бағдарламасының мазмұнына
кірмейтін деректер негізінде орындалатын).

Жобаның орындалу мерзімі

Шағын жоба (бір сабақ көлемінде, бір апта немесе бірнеше
апта көлемінде).
Орта ұзақтықты (бір ай, бірнеше ай көлемінде).
Ұзақ мерзімді (жыл бойы).

Жобаға қатысушылардың
саны

Шағын жоба (бір сабақ көлемінде, бір апта немесе бірнеше
апта көлемінде).
Орта ұзақтықты (бір ай, бірнеше ай көлемінде).
Ұзақ мерзімді (жыл бойы).

Іс-әрекеттердің тәсілдері

Танымдық, шығармашылық, тәжірибеге бағытталған,
зерттеушілік

Оқыту құралдарын қолдану

Оқытудың дәстүрлі құралдары (баспа материалдар, көрнекі
және техникалық құралдар).
Ақпараттық және коммуникативтік (компьютерлік, аудио
және бейне құралдар).

Жобалық тапсырмалардың
тақырыптық жоспарға
енгізілуі

Ағымдағы (мазмұнның бір бөлігі жобалық іс-әрекеттің ішінде болады)
Қорытынды (жобаны орындаудың нәтижесі бойынша
оқушылардың нақты оқу материалын меңгеруі бағаланады).

Жобалық жұмыстарды түрлеріне, мақсаттарына, жобаны орындаудан күтілетін нәтижеге, жобалық тапсырманы орындау барысында оқушының орындайтын іс-әрекетіне байланысты келесідей жіктелуге болады (4-кесте).


7-кесте – Жобалық жұмыстардың түрлеріне байланысты жіктелуі





Жобаның түрі

Жобаның
мақсаты

Жобаның
нәтижесі

Оқушының
іс-әрекеті

Қалыптасатын
құзіреттілік

1

2

3

4

5

Тәжірибеге
бағытталған

Жобаға
тапсырыс
берушінің
тәжірибелік
міндеттерін
шешу

Оқу құралдары менмакеттер үлгілер,
ұсыныстар,
жаднамалар

Нақты
саласындағы
практикалық
іс-әрекет

Әрекеттік

Зерттеуші
Лік жоба

Белгілі бір
болжамды
дәлелдеу немесе
теріске шығару

Қабылданған
тәсілмен
зерттеу
нәтижесін
рәсімдеу

Эксперимент
жасаумен,ойлау
операциялары
мен
байланысты іс-
әрекеттер

Ойлау

Ақпараттық
жоба



Нақты бір нысан
немесе
құбылыс
туралы
ақпарат
жинақтау

Қоғамның ой-
пікірі туралы
сауалнаманың
статистикалық
деректерінің
нәтижесі,
нақтысұрақ
бойынша
әртүрлі
авторлардың
айтқанпікірін
қорытындылау

Әр түрлі ақпарат
көздерінен
жинақталған
ақпаратты
жинақтауға,
саралауға,
тексеруге
байланысты
жұмыс; ақпарат
көзі ретінде
әртүрлі
мамандық
иелерімен
сұхбаттасу

Ақпараттық

Шығармашылық
жоба



Жобаның
проблемасына
көпшілік
қызығушылығын туындату

Әдеби шығармалар,
бейнелеу және
сәндік-
қолданбалы
өнердің
шығармалары,
бейнефильмдер

Көпшіліктен кері байланыс алумен
байланысты
шығармашылық
іс-әрекет



Коммуникат
ивтік

Ойын немесе
рөлдік жоба

Жоба
проблемасын
шешу бойынша
тәжірибені
көпшілікке
көрсету

Іс-шара
(ойын, сайыс,
викторина,
экскурсия және
т.б.)

Топтық
Коммуникатив
тік
дағдылармен
байланыстыіс-
әрекеттер

Коммуникат
ивтік

Жобалық тапсырмалар бойынша орындалатын жұмыстар қандай да бір проблеманың шешу жолдарын, тәсілдерін, орындалатын жұмыстың нақты жоспарын құруды, кезеңдерін анықтауды, сол проблеманы шешу туралы пікір мен болжамның болуын, жобаға қатысушылардың арасында жұмыс түрлерінің бөлінуін, яғни топ мүшелерінің өзара тығыз байланыста болуын қажет етеді. Жобалық жұмыстың кезеңдері, сол кезеңдерде орындалауы тиіс жұмыстың мазмұны, оқушы және мұғалімнің іс-әрекетінің түрлерін келесі кестеден көруге болады (5-кесте).



8-кесте – Жоба жұмысының орындалу реті





Жобаның
кезеңдері

Жұмыстың мазмұны



Оқушылардың
іс-әрекеті

Мұғалімнің
іс-әрекеті

1

2

3

4

Дайындық



Жобаның
тақырыбын
мақсатын анықтау.
Жұмыс тобын құру

Жоба тақырыбын
мұғаліммен
талқылайды.
Қажетті ақпарат
алады.
Жобаның
мақсатын анықтайды

Жобалық әдістің
мәнін таныстырады.
Оқушылардың
қызығушылығын
оятады.
Жобаның мақсатын
анықтауға
көмектеседі.
Оқушылардың
жұмысын
бақылайды

Жоспарлау



Қажетті ақпарат көздерін анықтау. Ақпаратты жинақтау және талдау
тәсілдерін анықтау.
Нәтижені көрсету тәсілдерін анықтау (жобаның формасы).
Жоба нәтижесін
бағалаудың
тәртібін және
өлшемдерін
белгілеу.
Топ мүшелерінің
орындайтын
жұмыстарын
(міндеттерін)
белгілеу

Жобаның мақсат-
міндеттерін
құрастырады.
Іс-әрекет
жоспарын
әзірлейді.
Жобалық іс-
әрекеттіңжетістік
өзіндік
критерийлерін
таңдайды және
негіздейді

Пікірлер ұсынады.
Болжам жасайды.
Оқушылардың
жұмысын
бақылайды

Зерттеу



Ақпарат жинақтау және нақтылау (негізгі құралдар:
сұхбат, сауалнама, бақылау,
эксперимент және т.б.). Анықтау («ой қозғау» және
жобаны орындау
барысында
пайда болған балама
жағдайларды талқылау).
Жоба барысының мүмкін нұсқаларын
таңдау.
Жобаның зерттеу
мақсаттарын
кезең-кезеңмен орындау

Жобаның
мақсаттарын
кезең-кезеңмен
орындайды

Оқушылардың іс-
әрекеттерін сырттай
басқарады, кеңес
береді, бақылайды

Қорытын
дылау

Ақпаратты талдау
Қорытынды тұжырымдау

Ақпараттарға
талдаужасайды.
Жоба бойынша
жұмыс жүргізеді.
Зерттеу
жұмыстарын
орындайды.
Жобаны
рәсімдейді.

Бақылайды.
Кеңес береді
(оқушылардың
сұрауы бойынша)

Жобаны
қорғау және
оның
нәтижелерін
бағалау

Алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, жобаның барысы
туралы есеп әзірлеу.
Жобаның
орындалуын,
нәтижесін (жетістіктер менсәтсіздіктер) және
себептерін
талдау

Жобаны ұсынады.
Оның ұжымдық
талдауына және
баға беруіне
қатысады

Қатардағықатысушы ретінде мақсатқа сәйкес сұрақтар қояды,тыңдайды.
Қажет болған жағдайда талдау
үдерісінбағыттайды.
Оқушылардың
жұмысын, есептің
сапасын,креативтілігін,
қолданылған
дереккөздердің
сапасын, жобаның
жалғастырылу
әлеуетін бағалайды.

Оқушылардың жобалық жұмыстарының нәтижесі баяндама, реферат, шығарма, плакат және т.б. түрде рәсімделуі мүмкін. Жобаны қорғау сатысында оқушылар өз жобаларын көрсетіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс. Оқушылар пікірталас жүргізуге, жұмыстарын қорғауға, жобаларының басым жақтарын көрсетуге, өз көзқарастарын сақтап қалуға, басқа адамдардың пікірлерін тыңдауға және қорытынды шығаруға үйренеді.


Өз жұмыстарын қорғау барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, нақты мақсат бойынша жұмыс істей отырып білімдерін тереңдету, яғни мектеп бағдарламасында қамтылмаған тақырыптарды зерделеу мүмкіндігіне ие болады. Жобалық тапсырманы қорытындылау барысындағы шығармашылық үдеріс оқу материалына жаңаша қарауға, өз білімін жүйеге келтіруге жағдай жасайды. Жобаны қорғау ойын, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б. түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жобаны қорғау үдерісі – мектеп оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамытуға қажетті әдіс. Соңғы кездері компьютердің көмегімен презентация жасау жиі қолданылатын болып жүр.
Презентация жасау арқылы оқушылар заманауи технологияларды қолдану дағдыларын дамыта отырып, жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдерді, ақпарат көздерін сипаттайды, кездескен қиындықтар мен проблемалар туралы баяндайды. Өздіктерінен алған білімдерін, біліктерін, шығармашылық әлеуеттерін, іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді.
Жобаны қорғау барысындағы оқушының сөзі қысқа және еркін болуы тиіс. Бұл кезеңде жобалық жұмысты одан әрі жалғастыру келешегіне назар аударуды да ұмытпау қажет[65,66,67].
Оқытудың жобалық әдісі нысан, құбылыс, іс-әрекет тәсілі туралы жаңа білім «қалыптастыруға» бағытталғандықтан, мұғалімнің сабақ барысында атқаратын рөлі де өзгеруі тиіс. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін жобалау
технологиясын меңгеруі, «тәуелсіз кеңесші» рөлін атқаруы тиіс. Қорытындылай келе жаратылыстану циклы пәндерінде жобалық іс-әрекетті қолданудың нәтижесінде:
1. «Мұғалім – оқушы» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгереді:
– оқушы өз іс-әрекетінің мақсатын анықтайды – мұғалім оған көмектеседі;
– оқушы өзіне жаңа білім ашады – мұғалім білім көздерін ұсынады;
– оқушы эксперимент жүргізеді – мұғалім эксперименттің мүмкін түрлерін және әдістерін ашады, танымдық-еңбек әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі;
– оқушы таңдайды – мұғалім таңдаудың нәтижелерін болжауға көмектеседі;
– оқушы белсенді – мұғалім оқушының белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
– оқушы оқыту субъектісі – мұғалім әріптес;
– оқушы өз іс-әрекеттерінің нәтижесі үшін жауап береді – мұғалім алынған нәтижені бағалауға және іс-әрекетті жетілдіру тәсілдерін анықтауға көмектеседі.




    1. Мұғалім әр түрлі дидактикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндігіне ие.

    2. Жұмыстың орындалу шегіне қарай оқушының пәнге қызығушылығы

артады.

    1. Жобалық жұмыстар балалардың достығын нығайтады, тіл тапқыштық қабілеттерін, топта жұмыс істеу біліктерін және ортақ жұмыс үшін жауапкершіліктерін дамытады.

    2. Жобалық жұмыс өз және достарының тәжірибесі арқылы оқуға мүмкіндік береді.

    3. Өз жұмысының нәтижесін көру оқушыларға үлкен қанағаттану және өз күшіне сену сезімін әкеледі, сондай-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.

Көпшілік жағдайда іс-әрекет нәтижесі презентация түрінде ұсынылады, бұл оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді [68].
3.2 Жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар

Мектеп оқушылары жобалық әдісті, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен өткізілген сабақтарды қызығушылықпен, жаңалық күтумен қарсы алады. Педагогикалық практикаға жобалық іс-әрекет әдісін енгізу барысында тұлғаның жан-жақты дамуына көңіл аудара отырып, келесідей мақсаттарды көздеу қажет:



  • оқу үдерісін белсендендіру;

  • оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру;

  • көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

  • жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға бағыттау;

  • дарынды оқушыларды анықтау;

  • мектептің ғылыми және әдістемелік жұмысының деңгейін жоғарылату.

Мұғалім аталған мақсаттарға қол жеткізу, оны шешу шығармашылықты және заманауи әдістер мен технологияларды қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болатынын ұмытпауы тиіс. Сол тәсілдердің бірі жобалық тапсырмалар, олардың оқушылардың бойында келесідей маңызды құзыреттіліктерді дамыту мүмкіндігі бар:

  • жалпы ғылыми;

  • ақпараттық;

  • танымдық;

  • коммуникативтік;

  • бағалы-мағыналық;

  • әлеуметтік.

Оқушылардың құзыреттіліктерін дамытумен қатар, сабақты қандай формада өтсе де, сабақ оқушылардың денсаулығын сақтау бағытын ұстануы қажет. Денсаулық сақтау сабағы әр оқушының тұлғалық және жеке ерекшеліктерін ескерумен жоспарлануы тиіс.
Мұғалім нерв жүйесінің түрін, ақпаратты қабылдау мүмкіндіктерін есепке алуға міндетті. Кез келген пәннен сабақты жоспарлаудың кешенді тәсілі ғана мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар жеке пәндік тақырыпта да, бірнеше пәнді қамтитын кіріктірілген болуы да мүмкін.
Білім берудің заман талабына сай нәтижелері: ең алдымен оқу және әлеуметтік дербестік; проблемаларды шешудегі, шешім қабылдаудағы құзыреттілік; жауапкершілік және т.б. мектеп оқушыларының жобалық іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр сабақты қайталанбайтын біртума шығарма ретінде дайындауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет