Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет1/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Калменова
Учебник 11 каз, Модо 18.04.2022ж. география, 1, План продаж на 01.11.2021

Ф-УК-01/062


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шымкент университеті


Калменова Маржан Қалдыбайқызы
Бастауышта Блум технологиясы бойынша оқушыларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалар жүйесі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Ғылыми жетекші: Абдуллаева П.Т.


Ғылыми дәрежесі: PhD., аға оқытушы
Норма бақылаушы: Дильдабекова Г.

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты дамыған елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден-бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру-өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе. Осыған сәйкес білім беру мақсаттары мүлде жаңа арнаға бет бұрды. Дәстүрлі оқытуда оқушыға білім, іскерлік, дағды қалыптастыру бірінші орында тұрса , қазіргі кезеңде білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, оқушыны өзін өзі тану, соған сәйкес өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, әр баланың дарынын ашу мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, келелі істерге бағыт берді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру-білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған.

Осы орайда, Елбасы Н. Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді [1].

Соңғы жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның өсіп-өркеңдеуі, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуы оның білім беру жүйесінің даму дәрежесімен тығыз сабақтасады. Осыған байланысты білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда.

Заман талабына сай қазақ тілімен берге орыс, ағылшын тілдерін оқыту үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың сөйлеу дағдыларын да сапалы қалыптастыруға болады. Себебі, қазіргі таңда мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал, сөйлеу ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен ана тілі пәнін,оған қоса ағылшын,орыс тілдерін оқытудың маңызы ерекше.

Сөздердің жасалу жолдарын, олардың өзара байланысу тәсілдерін, түрлі мағыналық реңктерін оқушыларға үйрету, олардың ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту, тіл байлығын жетілдіру деңгейлік тапсырмалармен тығыз байланысты. Деңгейлік тапсырмалар — жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту оқушылардың қазақ тіл білімінің барлық саласы бойынша алған білімін тереңдете түсу мақсатында қолданылады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, біріншіден, оқушының жеке қабілетін ашуға, екіншіден, өзіне деген сенімін жетілдіруге, үшіншіден, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, төртіншіден, сабақтың тиімді, сапалы әрі қызықты өтуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін терендетудің бір жолы - оқу процесінде Блум технологияны ұтымды пайдалана білу. Педагогикалық технология үлгілері соңғы жылдары оқу процесінде тиімді рөл атқарып келеді.

Бүгінгі танда педагогикалық технология арқылы оқытудын жекелеген аспектілері саралап оқыту технологиясында, ынтымақтастық педагогикасы технологиясында, білім беруді ізгілендіру, ұжымдық оқыту, дамыта оқыту, модульмен оқыту, деңгейлеп оқыту технологияларына байланысты жан-жақты зерттелуде. Қазақстанның білім беру жүйесінде жаңа технология арқылы оқыту мәселесі Ж.А.Қараев, Қ.Қабдықайыров, Б.Баймұқанов, Г.Кусаинов, Б.Тұрғынбаева, Р.Жампейісова, М.Мусин, М.Мәлібекова, Б.Барсай, К.Жақсылықова, Қ.Қадашева, Р.Шаханова сияқты ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды.

Жоғарыдағы зерттеу жұмыстарында оқушылардың білімін, танымын, ойлау қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар арқылы қалыптасуға болатыны дәлелденген. Бұл зерттеу жұмысының көкейкестілігін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет