Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет6/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Калменова
Учебник 11 каз, Модо 18.04.2022ж. география, 1, План продаж на 01.11.2021
Оқу мақсаттарының қойылуы.

  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

    Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді[6].

    Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мүғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушы-ның мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.

    Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың "басқарушылар мен орыңдаушылар" түріндегі рольдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні — оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді.

    Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.

    -оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

    -мақсаттағы айырмашылықтар;

    -дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

    -әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;



    -оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

    -мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;



    -мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар.

    Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады[8].

    Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

    Мазмұнындағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша "негізгі, қосымша" пәндер деген ұғым жоқ. Әр пөн баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады және олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет