Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет3/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Жусан

Дəрмене жусандəрілік өсімдік. Биіктігі 50-70 см-ге дейін жететін жартылай бұта. Көпжағы ағаштанып кеткен, жапырағы ұсақ, оның жиектері қауырсын тәрізді, жапырақтары сағақты. Тамыры ағаштан қатты, жусан кіндік тамырлы. Сабағы көп, түсі бозғылт - жасыл түсті, қалың түк басқан.Себетгүлдері ұсақ, жасыл – сары түсті, қос жынысты болады. Әр бір себетте 3-5 мм гүлдер орналасқан, барлық себет гүлдері сыпыртқы тәрізді гүл шоғырын құрайды. Жеке гүлінің ұзындығы 2-3 мм, тостағаншасы болмайды, 5 күлтежапырақшасы болады, олар түтік тәрізді немесе қоңырау пішіндес, жабысқақ түктері бар, аталығы 5, тозаң қатпары өзара бірігіп кеткен, аналығы біреу, ауызы екіге айырылған түкті болады. Жемісі бозғылт, үсті сайлы тұқымша, тамыз айының аяғымен қыркүйектің басында гүлдеп, қазанның аяғында жеміс береді. Гүлденуі 7-8  күнге ғана созылады. Дәрмене жусан тек қана Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін өсімдік. Ертеде дәрменені Қазақстаннан Жерорта, Қара және Каспий теңіздер маңына, Орта Азияға, Солтүстік Америкаға апарып егіп байқаған. Бірақ ол жерлерде өскен дәрмененің құрамында сантонин болмағандықтан егуді тоқтатқан.Бұл күндері дәрмене Оңтүстік облысының Түркістан, Жамбыл облысының Алғабас, Бөген, Қызылқұм аймақтарында, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында өседі. Бірақ бұл өсімдіктердің қоры өте азайып барады, өйткені тың жерді игеру, дәрілік мақсатта көптеп пайдалану салдарынан оның азаюына әкеледі. Дәрмене тұқымынан көбейеді. Жапырағы мен ашылмаған гүлсебетінде 2-6,5 % дейін сантонин болады. Сантонин улы, сондықтан оны тек дәрігердің ұйғаруымен ғана пайдалану керек. Дәріханаларда дәрмененің гүлдері «Цитварная семья» деген атпен сатылады.Қазақ халық медицинасындаоныдəріжасамай-ақ ішек құрты ауруына қарсы ем-домға пайдалана береді.Бабаларымыз бұл өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. Сонымен қатар дəрменені дəрілік шикізат ретінде көп пайдаланғандықтан, оның қоры жылдан-жылға сиреп бара жатыр.Дәрменеде сантониннен басқа эфир майы да болады. Табиғи қорын сақтап қалу үшін оның тұқымын көбірек сеуіп отыру қажет.

Тамыр жусан - Қазақстанда өсетін түрлердің ішіндегі жиі кездесетіні. Барлық шөлді аймақтың өсімдіктер бірлестігінің басым түрі болып табылады. Биіктігі 30 см – дей болатын, шашақ тамырлыбұташа, көптеген жеміс бермейтін өркендерімен мықты шым құрайды.Гүлдейтін өркендердің сабақтары жіңішке, ұш жағы бұтақтанған, үлкен босаң сыпыртқы. Себеттері ұсақ (биіктігі 3-5 мм), гүлдер саны 3-5, қос жынысты, түкті, ұш жағында 5 тісшелі сары күлтесі және 5 аталығы бар. Күзде гүлдейтін түрі (тамыз-қазан), күзде кеш жеміс береді. Жемістері ұсақ, дәнегі қанатсыз. Тек тұқыммен көбейеді. Жеке түрлері табиғатта тек 10 жылдан соң алғаш рет гүлдейді. Тамыр жусан Қазақстанның көптеген шөлді аудандарында негізгі мал азығы болып табылады. Оның құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар жеткілікті. Күзде, қыста және ерте көктемде мал сүйсініп жейтін өсімдік. 1 гектар жерден 3-5 центнер құрғақ өнім жиналады.

Шымырауық жусан – Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, тамырсабағы сүректенген. Дара немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тықыр, оның өзіне тəн иісі болады. Жапырағы таспа не қандауыр пішіндес, жиектері бүтін. Гүлі ақшыл- сарғыш, жасыл түсті, гүлсебеті шілде – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – тұқымша. Шымырауық жусан дəрілік өсімдік - жапырағының құрамында 15%-дай каротин болады. Оны көкөніс тұздаған, консерві жасау үшін, сондай-ақ дəм бергіш өсімдік ретінде пайдалынады.

Кесте жусан – Алтайда ғана кездесетін көпжылдық өсімдік, құрғақ тастақты беткейлерде, кейде сирек кездесетін Алтай қасқыржидегімен бірге өседі. Тамырсабағы өрмелегіш, бұтақтанған, 2-6 гүлді себеті бар. Жапырағы жібек тəрізді сұрғылт қалың түкті. Сабақтарының биіктігі 70 см-ге дейін. Вегетативті өркендердің жапырағы жай дөңгеленген ромб тəрізді тақталы жəне сағақты. Гүл шоғырының диаметрі 3 см-гедейін, ақ тілше тəрізді жиектегі гүлдерімен жəне сары қосжынысты түтік тəрізді. Бұл түр маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Жемістері – сұр қабықшалы тұқымшалар, айдаршасыз жай ғана жерге шашылып қалады. 

Тықыр жусан -еліміздің орталық өңірінде Қарқаралының Кент тауларынды көптеп кездеседі. Оның күз айларында гүлі төгілген соң теріп алады.Ғасырымыздың қауіпті індетіне айналған қатерлі ісік аурулары жыл өткен сайын көбейіп барады. Еліміздің ғалімдары осы аурудың азабын азайтып, емдеп жазатын дәрі-дәрмек ойлап тапты. Осы түрден «Арглабин» препараты дайындалады. «Арглабинді» латыншадан аударғанда «Тықыр жусан» деген мағына береді. Ол бауыр, өкпе жəне сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге жəне олардың алдын алуға мүмкіндік береді. 1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дəріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен.  Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар дəрілердің тізіміне енгізілген.Әлемде жусанның 500-ден аса түрі болса, оның 81-і біздің елімізде өседі екен. Қазақстанда өсетін 1000 түрлі өсімдіктердіңтек біреуінен ғана осындай дəрі жасауға болады дейді мамандар...

Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Ұлан-байтақ даламыздың қай шетіне барсақ та, жусанды кездестіреміз. Жусан кең-байтақ жеріміздің сəнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді.Сол себептендиплом жұмысымыздыҚарағанды облысы Жезқазған аймағының негізгі су артериясы – Сарысу өзені өңірінде өсетін жусандарфлорасына арнадық.Жұмыста жусандар флорасының жалпы сипаттамасы беріліп, зерттеу аймағында жусандар құраған үйлесімді өсімдіктердің кеңістікте таралу заңдылықтары, олардың қазіргі жағдайы қарастырылды.

Жүргізілген далалық зерттеулер негізінде,адамзат баласының шаруашылықтық қызметіне байланысты өсімдік жамылғысындағы, оның ішінде жусандарформациясындағы өзгерістері көрсетілген. Жусан экосистемаларың қорғау бойынша ұсыныстар берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет