Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет4/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Жусан

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі климаттың өзгеруі, суды тиімсіз пайдалану және адамзат баласының шамадан тыс шаруашылықтық қызметі кезінде шөлді аймақтарда өсетін флора мен өсімдіктер бірлестіктері аса зиян шегуде. Себебі аридті (шөлді) аймақтардың жер беті экосистемалары өте нәзік. Қоршаған ортаның мардымсыз өзгерістерінің өзі олардың құрамы мен құрылымдарында қайта айналмайтын ауысымға әкеледі. Соның нәтижесінде олар өзінің ғылыми, әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын жояды. Жайылмалық экосистемалардың негізгі компоненті - интразональдік өсімдіктер жамылғысы трансформацияға ұшырағыш. Сондықтан шөлді аймақ табиғи экосистемаларын қорғау - өте өзекті мәселе.

Қазіргі кезде Жезқазған аймағының жалпы экологиялық жағдайы өзен-көлдер суы тартылып, гидрологиялық режимінің өзгеруімен және шөлге айналу процесінің қарқындалуымен сипатталады. Осы процестердің негізгі индикаторы, яғни көрсеткіші, қазіргі өсімдік жамылғысы болып табылады.

Сарысу өзені – шөл-дала аймағында орналасқан Жезқазған өңірінің негізгі су артериясы. Өзен бойында малшаруашылығы жетілген. Малшылар жаз айларында жайлауға көшеді. Қазіргі кезде зерттелген аймақта малдың 75%-ын малшылар өз тұрағынан 3 км арақашықтықта бақса, 15-20%-ын – ат үстіне отырып, 5-7 км-дей жерде бағады. Малшылардың тек 5-10%-ының 30 км-дей жерде орналасқан жайлауда бағуға жағдайы бар. Осыған байланысты мал тұяғымен тапталған ауыл-аймақтың, суат маңының 1,5-3км радиусында өсімдік жамылғысы толық жойылған дерлік, ал топырағы эрозия мен дефляция үдерістеріне ұшырауда.

Сондықтан Сарысу өзені аймағының флорасы мен үйлесімді өсімдіктер бірлестіктерін, оның ішінде негізгі эдификатор болып табылатын жусандар флорасын зерделеп, талдама жасау өте қажет.

Сын көзбен салыстыра тексерілген түрлердің алуантүрлілігіне негізделген флораны географиялық-генетикалық зерделеу, эндемиктік түрлерді айқындау, басқа аймақтар флорасымен байланыстарын анықтаудың Тұран провинциясыфлорасының қалыптасуын танытуда өзекті маңызы бар.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағыныңжусандар флорасымен өсімдік жамылғысын қарастырып, қазіргі жағдайы мен оны қалыпқа келтіру, тиімді пайдалану, биологиялық алуантүрлілігін сақтау үшін іс-шараларды ұсыну. Зерттеу барысында төмендегі міндеттер де шешуін тапты:



  1. Жусандар флорасының алуантүрлілігін анықтап, флораны зерделеу, оны жан-жақты талдау;

  2. Түрлердің географиялық таралуына негізделіп, негізгі ареалдар типтерін (геоэлементтерді) айқындау.

  3. Эндемиктердіңталдамасын жасау.

  4. Флораның географиялық-генетикалық талдамасына негізделіп, палеогеография деректерін есепке алып, мүмкіндігінше аймақ флорасының қалыптасу негіздерін қарастыру.

  5. Сиреп бара жатқан және жойылуға шалдыққан жусандар түрлерін қорғаудың ғылыми негізін жасау, қорықтық аймақтарды айқындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет