Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»


Кіріспе Зертеудің көкейкестілігі



бет2/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясында жан-жақты негізделген. [1,23].
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ал Қазақстан Республикасының жалпы білім беру «тұжырымдамасында» жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндеті ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
«Адамгершілік» ұғымының педагогикалық термині ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал «руханилық» ұғымының мәні әртүрлі салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ұғымында категориялық деңгейдегі анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу объектісі болып отырғаны баршаға белгілі.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары бар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Құнанбаев, Ш. Құнанбаев т.б).
Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтар жайында А.Қ.Каплиева, Р.К. Төлеубекова, Р.С. Омарованың т.б еңбектеріне сүйене отырып зерттедік.
Қарастырған жұмыстар бүгінгі таңда жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселері біркелкі зерттелгендігін айқындайды.
Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Сондықтан да дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу пәні: жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет