Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»



бет9/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
«Өмір тәжірибесі туралы ойлау» тест. (п.ғ.д. Н.Е.Щуркова құрастырған)
Мақсаты: жоғары класс оқушыларының адамгершілік деңгейін анықтау.
Жүргізу барысы: тестің нәтижелі өтуі үшін міндетті түрде құпиялық пен тыныштық керек (парақтың бұрышына әріппен «ж» – жігіт, «б» – бойжеткен деп белгілеу арқылы қай жынысқа жататынын көрсетіп қана қоюға болады).
Нәтижелерін есептеуге арнайы қағаз қолданылады.
Тест тапсырған кезде оқушылар ойының тиянақтылығы, ашықтығы, шынайлығы қадағалануы керек.
Тест сұрақтары жауабына үш жауаптың біреуін таңдап, үш қатардың біреуіне (а.б.в.) «*» белгісін қою керек.
1. Жолыңызда адам тұр, сізге ары қарай өту керек. Не істейсіз?
а) оны мазаламай, айналып өтемін.
б) итеріп жіберіп, өтіп кетемін.
в) көңіл-күйіме байланысты әрекет етемін.
2. Қонақтардың ортасынан көңілсіз отырған қызды (жігітті) көрдіңіз, ол жалғыз отыр. Не істейсіз?
а) ешнәрсе, менің жұмысым жоқ.
б) жағдайға қарап көремін.
в) қасына барып, міндетті түрде сөйлесемін.
3. Сіз мектепке кешігіп барасыз, біреудің ауырып тұрғанын көрдіңіз. Сіз:
а) мектебіме асығамын.
б) егер біреу көмекке ұмтылса, мен де барамын.
в) 03 телефонына қонырау шалып, жүріп бара жатқандарды тоқтатамын.
4. Сіздің танысыңыз пәтерге көшіп жатыр. Олар – қарт адамдар. Сіз не істер едіңіз?
а) көмектесемін.
б) басқанын өміріне араласпаймын.
в) егер өздері өтінсе, әрине, көмектесемін.
5. Сіз құлпынай сатып алдыңыз. Сізге ең соңғы қалғанын өлшеуде. Артыңыздан дауыстап, ауруханада жатқан баласына керек екендігін айтты. Бұл жағдайда не істер едіңіз.
а) әрине, өкінішті, бірақ біздің осындай жағдайымызда не істеуге болады.
б) білмеймін, маған да өте керек шығар.
в) бұрылып, жартысын алуын ұсынар едім.
6. Сіздің таныстарыңыздың біреуін әділ жазаламады, сіз не істейсіз?
а) өте ренжіп, кінәлі адамды балағаттар едім.
б) ешнәрсе етпес, өмір тіпті әділетсіз.
в) өкпелеген адамның сөзін сөйлер едім.
7. Сіз кезекшісіз. Еден жуып жүріп, ақша тауып алдыңыз, не істейсіз?
а) мен тауып алғандықтан, ол менікі.
б) ертең кім жоғалтқанын сұраймын.
в) мүмкін өзім алатын шығармын.
8. Емтихан тапсырғанда сіз неге сенесіз?
а) шпаргалкаға сенемін, әрине, емтихан ұтыс билеті.
б) өз біліміме сенемін.
в) емтихан алушы шаршаса, мүмкін, жібере салар.
9. Сізге мамандық таңдау керек. Не істейсіз?
а) үйдің жанынан жұмыс іздеймін.
в) көп ақша төлейтін жұмыс іздер едім.
с) жер бетінде бағалы бір нәрсені ойлап табар едім.
10. Ұсынылған үш саяхаттың қайсысын таңдар едің.
а) Қазақстан бойынша.
б) экзотикалық елдерге.
в) алдыңғы дамыған бір мемлекетке.
11.Сіз сенбілікке келдіңіз, барлық еңбек құралдары таратылып болған екен. Сіз не істейсіз?
а) әңгемелесіп тұрамын, сосын көремін.
б) егер жоқтарды белгілемейтін болса, үйге тез қайтамын.
в) біреумен бірлесіп, сонымен бірге жұмыс істеймін.
12. Сіз бір сиқыршы еңбек етпей-ақ өміріңізді қамсыздандырып беретінін айтса. Сіз не істер едіңіз?
а) келісер едім.
б) алдымен осы тәсілмен неше адамға жақсылық жасағанын сұрар едім.
в) бірден қарсылық көрсетер едім.
13. Сізге қоғамдық жұмыс тапсырылды. Сіздің оны атқарғыңыз келмейді. Сіз не істер едіңіз?
а) ұмытып кетіп, есеп сұрағанда ғана еске аламын.
б) орындаймын.
в) еске түсірмеу үшін түрлі сылтау іздер едім.
14. Сіз өте керемет, бірақ әйгілі емес мұражайда болдыңыз. Бұл жайлы біреуге айтар ма едіңіз?
а) міндетті түрде айтып, оларды сол мұражайға апаруға тырысар едім.
в) қалай боларын білмеймін.
с) несіне айтам, әркім не істейтінін өзі шешсін.
15. Ұжымға пайдалы жұмысты кім атқаратындығы туралы мәселе шешілуде. Сіз ол жұмыстың өз қолыңыздан келетінін білесіз. Осы сәтте не істер едіңіз?
а) қолымды көтеріп, өзімнің ниетімді білдірер едім.
б) менің фамилиямды біреудің атағанын күтер едім.
в) келісе алмаспын, мен өз уақытымды бос өткізбеймін.
16. Сіздер жолдастарыңызбен жылы күнде саяжайға демалуға жиналдыңыздар. Кенет біреу телефон шалып, бір жұмыс барын айтып, саяхатты кейінге қалдыру керек болды.
а) жоспарға сай саяжайға барам.
б) бармаймын, әрине, қаламын.
в) жолдастарымның не айтатынын күтемін.
17. Сіз ит асырап алмақ болдыңыз. Берілген үш нұсқаны қайсысы сізді қанағаттандырады.
а) қаңғыбас күшік.
б) белгілі, үлкен ит.
в) тегі аз кездесетін бағалы күшік.
18. Сіз демалуға жиналдыңыз. Кенет «өте қажет жұмысты» атқару керек еді.
а) демалыс туралы құқығыңызды еске түсіресіз.
б) орындау керек болғандықтан, атқарамын.
в) басқалардың не дейтінін күтер едім.
19. Сізді балағаттап жатыр. Сіз не істер едіңіз?
а) өзі тәрізді мен де балағаттаймын.
б) бұл мен үшін көңіл бөлер нәрсе емес.
в) байланысымды үзер едім.
20. Скрипкада сіз өте жаман ойнайсыз. Сізді ата-анаңыз мақтап, қонақтарға ойнап беруіңізді сұрады. Сіз не істейсіз?
а) әрине, ойнаймын.
б) ойнаймын.
в) мақтаған, әрине, жақсы, бірақ ойнамауға тырысар едім.
21. Сіз қонақ күтетін болдыңыз. Сіз не істер едіңіз?
а) барлық тағамды өзіңіз даярлайсыз.
б) дүкеннен сатып аламын.
в) қонақтарды кофе ішуге шақырамын.
22. Кенет сіз мектептің бір себептермен жабылғаннын естідіңіз. Бұл хабар сізге қалай әсер етеді.
а) керемет қуанамын, қыдырып, өмірдің қызығына батар едім.
б) білімді жетілдіруге жоспар құрып, мазасызданар едім.
в) жаңа хабарды күтер едім.
23. Егер сіздің көзіңізше достарыңыздың мақтап жатса, сіз қандай сезімде болар едіңіз?
а) ыңғайсызданып, қызғанар едім.
б) мен қуанар едім, өйткені менің де қадірім бар.
в) мен бәрімен бірге қолдайтын ем.
24. Сізге ерекше ұялы телефон сыйлады. Сізді көшеде 2 жігіт тоқтатып, телефонды беруіңізді талап етті. Сіз не істер едіңіз?
а) денсаулығым жоғары – берер едім.
б) менде қаламның жоқтығын айтып, қашып кетуге тырысар едім.
в) төбелесер едім, сыйлықты бермеймін.
25. Жаңа жыл келгенде, бәрінен жиі ойлайтыныңыз не?
а) жаңа жылдық сыйлық.
б) демалыс күндері және еркіндік жайлы.
в) қалай өмір сүрдім,енді қалай өмір сүретінімді.
26. Музыканың сіздің өміріңіздегі алатын орны қандай?
а) музыка маған билеу үшін керек.
б) жан дүниемді рахат сезімге бөлейді.
в) музыка маған керек емес.
27. Үйден ұзақ уақытқа кеттіңіз, алыс жерде өзіңізді қалай сезінесіз?
а) туған жерлерім түсіме кіреді.
б) өзімді үйдегіден жақсы сезінемін.
в) байқамадым.
28. Кейде ақпараттық телебағдарламаларды көру барысында көңіл-күйіңіз бұзыла ма?
а) жоқ, егер менің ісім жақсы жүріп жатса.
б) ия, қазіргі уақытта жиі мазалайды.
в) байқамадым.
29. Сізге алыс таулы ауылға кітап салып жіберуді ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.
а) қызығын таңдап апарамын.
б) өзіме қажет емес кітап менде жоқ.
в) егер барлығы әкелсе, мен де апарамын.
30. Сіз өзіңізге қымбат бес тұлғаны, бес тарихи оқиғаны және жер бетіндегі өзіңізге қымбат бес орынды атай аласыз ба?
а) ия, сөз жоқ, айта аламын.
б) жоқ, дүниеде қызықтар көп.
в) ойланбаппын, санау керек.
31. Біреудің ерлігі жайлы естігеніңізде, сіздің басынызға жиі келетін ой:
а) әрине, бұл адамның жеке өзіндік қызығушылығы болды.
б) атағы шығудан оның жолы болған.
в) таңырқауым басылар емес және оған риза боламын.
Жауаптар үшін көп рахмет!
Алынған мәліметтерді өңдеу.
Оқушылардың әр жағдайда жасаған тандауларын міндетті түрде санап, оқушылардың жалпы санынан пайыздық қатынасты көрсету.
10, 17, 21, 25, 26 сандары жауаптардың жалпы есебінен алынып тасталады.
Таңдаған нұсқаларының саны 13 және одан жоғары болса, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі деңгейінің жеткіліктігін және басқа адамға бағдар беруінің қалыптасқандығын білдіреді. Бұл топтағыларды төмендегі нұсқалар көрсетеді.
Қ 02 18 19 сұрақтарды есептемеу а; 1, 4, 14, 15, 27, 29, 30 сұрақтарын алып тастау.
Қатар б; 5, 7, 13, 16, 18, 20, 22, 23, 28 сұрақтарын алып тастау керек.
Қатар в; 2, 3, 6, 8, 9, 11, 12, 19, 24, 31 сұрақтарын алып тастау керек.
Тандаған сұрақтарының саны 13 және одан жоғары болатын төмендегі нұсқалар оқушылардың адамгершілігі төмен, өзімшілдігін көрсетеді.
Қатар а; 2, 3, 5, 7, 8, 12, 13, 16, 18, 20, 22, 23, 24, 37 сұрақтарын есептемеу.
Қатар б; 1, 4, 6, 9, 11, 19, 27, 29, 30 сұрақтарын есептемеу.
Қатар в; 14, 15 сұрақтарын есептемеу.
Қалған тандаулар оқушылардың тұрақсыз қызба мінез-құлықты адамгершілігі қалыптасқандығын айқындайды.
Осының негізінде эксперимент барысында сынып оқушылары өздерінің қарым-қатынасында іс-әрекеттерінде әлеуметтік ортада рухани-адамгершілікті мінез-құлық көрсетуге мән бермейтіндігі байқалды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың 40%-ы бос уақыттарында дос-құрбыларымен араласып, бір-бірімен еркін пікірлесуде рухани-адамгершілік құндылықтардың кейбір түрлерін атаумен шектелді. Бірін-бірі түсінуде, кейбір өмірлік мәселелерді шешуде әлеуметтік белсенділік танытқанымен, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы ұғымдардың түсініктердің білім дегейлерінің төмен екендігі белгілі болды.
Оқушылардың рухани-адамгершілікке негізделген білім деңгейлерінің төмен болуы, біздің ойымызша, адамгершілік тақырыбына байланысты оқу-тәрбие процесінде жүйелі, бірізді танымдық тәрбиелік жұмыстарға өз деңгейінде көңіл бөлінбегендіктен деп есептейміз.
Келесі кезеңде қалыптастыру экспериментінің мазмұнын ашу үшін экспериментке қатысқан тірек мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарға мынадай міндеттер қойылды:
- зерттеу барысында жасаған тұжырымдама негізінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарланған жоғары сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тиімді жолдарын, жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу идеясын жетекші фактор етіп құру.
- жоғары сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда қажетті білім мен білікті қамтамасыз ету;
Бұл кезеңде оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, сауалнама, сұхбат жүргізу, педагогикалық тест, ранжирлеу, педагогика эксперимент нәтижелерін сұрыптау, баға беру, математикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Қалыптастыру эксперименті барысында жоғары сынып оқушыларына төмендегідей сауалнамалар ұсынылды: «Қазіргі кезеңде қоршаған орта, әлем туралы менің пікірім», «Өзіме қажетті мамандықты таңдап алуға менің жеке тұлғалық қандай мүмкіндіктерім бар?», «Қазіргі кезеңде нарық еңбегіндегі жұмысқа мен дайынмын ба?», «Қазіргі нарық жағдайында қандай рухани-адамгершілік құндылықтармен іс-әрекетке араласа аламын?». Бұл сауалнамаларға талдау жасау барысында біздер мынадай мәселерді айқындадық: әрбір жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық негізгі параметрлері және олардың жаңа әлеуметтік-мәдени орта талаптарына сәйкестігі – 3%, мектеп бітірушілердің басым көпшілігінде болашақ мамандықтарының таңдауға қабілеттері және ынта-ықыластары бар екендігін байқатты – 78%, жоғары сыныптағылардың 12%-ы өздерінің болашақтағы өмір мақсаттарын қазіргі кезеңдегі нарық еңбегіне байланысты іс-әрекетті саналы айқындағанын көрсетті; ал оқушылардың 7%-ы қазіргі кезеңге қажетті жұмыстың мазмұнын айқындап, өзін-өзі тәрбиелеумен, өздерін-өзі дамытумен шұғылданатынын және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін не істеу керек екендігін айқын білдірді.
Жоғары сынып оқушыларының бұл пікірлерінен олардың алдағы тұрған іс-әрекеттерінің нәтижесінде саналы жауапкершілігі тәрбиеленгендігін байқатты. Сонымен қатар, бұл оқушылар жүйелі түрде өздерінің мінез-құлықтарын, бітім болмысын рухани-адамгершілік құндылықтармен қалыптастырғандығын және бұл жағдайда олардың бойында бір мезгілде сана және іс-әрекет сонымен қатар сезім, сенім, мінез-құлықтан тұратын 4 психикалық компоненттер бірлікте тәрбиеленетінін, дамитынын және өзін-өзі жетілдіретіне (А.Н.Леоньев, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов) көзіміз жетті.
Зерттеу барысында ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлтқа тән адамдық құндылықтар, отбасы, тіл, дін, мектеп, әр деңгейде дамыған этнос, ғылым, мәдениет, мектептен тыс мекемелер, құрбы-құрдастар және т.б. социумдар рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына мүмкіндік туғызатыны анықталды. Дегенмен, ғылым, білім, тәрбие беру жүйелері өз алдына жеке-жеке оқшауланып, адамгершілік құндылықтарын жақсарта алмайтындығына көзіміз жетті.
Сонымен, біз зерттеу барысында қазіргі кезеңдегі жағдайға жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілікке құндылықтарын тәрбиелеу жүйесін айқындадық. Тәрбие жүйесі дегеніміз – тәрбиенің негізгі бөлектерінің өзара әрекеттесу процесі барысында туындайтын тұтас әлеуметтік организм. Тәрбиенің негізгі бөліктері (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеттері, қарым-қатынасы, орта) ұжымның өмір салты, оның психологиялық кеңістігі тұрғысынан интеграцияланып сипатталатындығын көрсетеміз.
Осы орайда тәрбие жүйесі өз алдына және сырттай да құрылмайды, ол – зерттеу жұмысының мақсатына орай өздігінен дамытылатын күрделі процестің нәтижесі деп қарастырамыз. Біздің пайымдауымызша, тәрбие жүйесінің құрылуы тек мұғалімдерге ғана емес, сынып оқушыларының шығармашылық ізденістеріне байланысты болады. Тәрбие жүйесі барлық аймаққа, ауданға, қала берді көршілес тұрған екі мектепте де бірдей болуы міндетті емес. Ол мектептің алға қойған өзіндік тәрбие проблемасын шешуге және оның өзіндік жағдайына байланысты жасалады деп түйіндейміз.
Адамгершілікке тәрбиелеу жүйесінде тұжырымдамада көрсетілген «тәрбие арқылы білім беру», «білім арқылы тәрбие беру», «ғылым арқылы тәрбие беру» деген өзара байланысты бірлікті көрсететін идеяны арқау еттік. Бұл идея барлық тәрбиелік кеңістіктегі жұмыстардың бірлігін, үздіксіздігін, бірізділігін, сабақтастығын қамтып, тәрбие процесінің нәтижелі жүзеге асырылуына тірек болды. Осылардың барлығы оқушылардың адамгершілік құндылықтарының даму деңгейіне орай өмірдегі әртүрлі әлеуметтік жағдаяттарда дұрыс адамгершілік мінез-құлық көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік тудырады.


Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі

Адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі



Оқушы

Мұғалім



Мақсаты, міндеті, мазмұны



Мектеп ұжымындағы қарым-қатынас, Адамгершілік,
Психологиялық ахуал,
Толеранттылық, ынтымақтастық
демократиялық

Оқыту процесіндегі тәрбие

Сабақтан тыс іс-әрекет







Жалпы білім беретін пәндердегі факторлар көрінісі


Дәстүрлі емес сабақтар:
Рөлдік ойын дөңгелек үстел
Конференция
Ашық ойлау
КВН
Диспут
Интегралды
Шығармашылық
Кеңес сабақ
Сынақ сабақ
Саяхат сабақ
Диалог сабақ
Іскерлік аукцион
Зачет
Лекция
Практикум
Экскурсия
Ақыл-ой
Модельдеу

Ықпалдасқан тәрбие түрлері
Мектептен тыс
Мекемелер
Орталықтар Бірлестіктер
студиялар

Сыныптан тыс жұмыстар
Үйірмелер
Кештер
Клубтар
Секциялар
Олимпиада
Дебат
Сайыстар
Іскерлік ойын
Экскурсия
Зеректер сайысы
Таңғажайып ойындар
Жетінші сезім
Кездесу
Көрме
Газет шығару

Сабақ үстінде оқыту мен тәрбиенің интеграциясы: гуманитарлық цикл бойынша: Қазақ тілі Қазақ әдебиеті
Тарих
Әдеп
Құқық
Орыс тілі
Орыс әдебиеті
Ағылшын тілі
Түрік тілі
Араб тілі



Макро

Мезо орта

Микро орта

Мего орта



Қоғам мемлекет ел Этномәдени жағдайлар





Отбасы, көрші-қолаң, Құрбы-құрдас, Тәрбиелік ұйымдар
Діни ұйым





Туған жері, БАҚ
Субмәдениет
Аймақтық жағдай





Космос,
планета, әлем







Ата-аналармен жұмыстар

Мектептен тыс жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстар

Өзін-өзі басқару



Ата-аналар клубы
Жиналыстар
Кездесулер
Ашық әңгіме
Семинар
Тренинг

Шығармашылық сарайлар
Орталықтар
Жас техниктер
Өнер мектебі
Стадиондар
Галереялар
Спорт мектептері
Компьютерлік орталық

Драма үйірмесі
Бейнелеу студиясы, Хор, би
Студиясы,
Спорт секциясы
Шахмат клубы
Шашка клубы
Модельдеу
Жұмсақ ойыншық шеберханасы



Орталық



Дарын



Ғұламалық топ



Ұлан



Бизнес-клуб



Баспасөз клубы





Меценаттық жұмыстар

Ұжымдық жұмыстар

Топтық жұмыстар

Дербес жұмыстар





Нәтиже



Өзін-өзі дамытқан, өз ісіне өзі жауап бере алатын, адамгершілік мәдени ортада шығармашылық қарым-қатынаста болатын бәсекелестік қабілеті бар өзінің «Мендік» бейнесі қалыптасқан, еркін ойлай алатын жеке тұлға




Сонымен, қалыптастыру эксперименті кезіңде жоғары класс оқушыларының қазіргі кезеңде рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты жүргізілген түрлі шараларды іс-әрекеттерді ұйымдастыруға өзіндік қызығушылық және қажеттілікпен араласқандары айқын байқалды. Осы жұмыстар барысында оқушылардың да, ата-аналардың да, мұғалімдердің де тұтас педагогикалық процестің субьектісі екендіктерін айқын көрсетіп, олар алдағы жұмыстарды жобалауға да қызығушылықтарын білдірді.
Эксперименттік тәрбие жұмысының негізіне қазіргі кезеңдегі жағдайда жоғары класс оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар, жалпы адамзаттық құндылықтар идеясын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар ұйымдастырылды ("Наурыз" мерекесі, "Атамекен" бағдарламасына байланысты жұмыс түрлері, "Шежіре көне дәуірдің көзі", "Әдептілік әліппесі", "Үлкеннен ұлағат-кішіден ілтипат", "Бүгінгі бозбала мен бойжеткен", "Атамекен аулына саяхат", "Бабалар өсиеті ұрпаққа мұра", "Мың бір мақал", "Мүшел жас" және т.б.) бұл аталған жұмыстар жүйесінде жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру ұлттық негізде болуы көзделінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет