Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі



бет6/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Психологияда балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық тұрақсыздықтар көптен бері зерттелінуде. А.Адлер /15/, Л.С.Выготский /28/, Л.А.Орбели /45/, Г.Селье /85/, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг, К.Роджерс /45/, Ө.Тлеуқабылұлы /76/, К.Юнг /97/, В.Франк /91/, Ф.Перлз /25/, Изард /44/, З.Фрейд /90/ Э.Фромм /92/, Қ.Жарықбаев /40/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық зорланудың пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін агрессияның айќын дәлелдемелері арќылы түрлері көрсетілген. Оқушылардың мектеп табалдырығынан аттауымен байланысты көптеген жаңалықтарды меңгеруімен байланысты, бала өміріндегі кризистік даму кезеңдерімен байланысты орын алатын қиындықтар олардың мінез-құлқының кейбір көрсеткіштерінің шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. Осы құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеушілер К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б. жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Аталған зерттеулер нәтижесін оқушылардың шамадан артық золаруын болдырмау және осы жағдайдан шығару барысында тиімді пайдалану жолдары анықталған.

Оқушыларда шамадан артық зорлану орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақарабын «Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» деп анықтадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет