Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма №



бет9/14
Дата20.10.2023
өлшемі364,5 Kb.
#187078
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт
www.zharar.com.docx-morf, Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін
Қорытынды
1. Хлорлы тұздылық (0,05% CI ) күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына вегетациялық массасының жиналуына кері әсер береді. Осы жағдайларда мочевинаны қосатын болсақ, күріштің қуыстүптілігін, өсімдіктің биіктігі мен салмағын арттырады. Қос суперфосфат мочевинаға қарағанда сәл әлсіздеу әсер етеді, ал бірге қосқан кезде жақсы нәтиже береді.
2. Хлорлы тұздылықтағы топырақта күріштің азотты тыңайтқыштарды Церлинг лабораториясының көмегімен диагностикалауға болады. Күрішті азотпен орташа қамсыздандырған кезде бұтақтану фазасындағы өсу нүктесінде 75 мг/кг, трубалану және гүлдену фазасында 25,0 – 37,5 мг/кг аммиак болады. Ал Магницкийдің лабораториясының көмегімен күріш өсімдігін фосформен қамтамасыз етуге болады.
3. Күріштің азотты және фосфорлы қорегі туралы олардың жапырағындағы жалпы азот пен фосфорлы қарап айтуға болады. Мочевинаны және оны қос суперфосфатпен бірге қосқанда жалпы азоттың, сонымен қатар ақуыздың азоттың құрамы, ал қос суперфосфатпен бірге – фосфордың құрамы артты.
4. Хлорлы тұздылық күріш өсімдігінің өніміне кері әсер береді. Мочевинаның әсерінен өнім құрылымының көрсеткіштері жақсарды. Олар азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды бірге енгізу нұсқасында үлкен мәнге ие болды. Осы нұсқада бақылаушы және тұзды фондағы күріш дәндерінің өнімділігі көп болды.
5. Хлорлы тұздылық шарттарында минералды тыңайтқыштарды күрішке қолданғанда жоғарғы экономикалық тиімділік анықталды. Мочевинаны және оны қос суперфосфатпен бірге қосқандағы құны сәйкесінше 25 және 16 сомды құрады.
5 Еңбекті қорғау
5. 1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен қауіпсіздікті сараптау (анализі)
Қазіргі ауыл шаруашылығының өндірісі әр түрлі күрделі машиналармен, құралдармен, агрегаттармен үздіксіз қамсыздандырылып отырды. Бұлармен жұмыс жасау сәйкес білімді талап етеді, ал электр энергиясын кеңінен қолдану үшін жұмысшылар, қызметкерлер мен колхозшылар электр қауіпсіздігінің сұрақтарымен толығымен танысулары керек. Ауыл шаруашылығын химиялау ұлы химикат әдістерін үйренуді талап етеді. Өйткені оларды дұрыс қолданбаса уланып қана қоймайды, сонымен қатар өрт пен жарылыс туындауы мүмкін.
Сельхоз еңбектің және өндірістің күрделілігі өсімдіктер мен жануарлардың дамуының үздіксіз өзгерісін әрдайым бақылап,олардың өнімділігін берілген деңгейде ұстап тұру үшін дер кезінде шара қолдануға келіп тіреледі. Көбінесе, ауа-райы жағдайларына байланысты механизаторлар жоспарланған жұмыстарын бітіре алмайды, бірақ оларға түнгі уақытта жұмыс істеуіне тура келеді.
Осылайша жұмысшы ауысымдардың біртексіздігі туындайды. Осы жерде әкімшілік механизаторлардың еңбегін ұйымдастыру қабілеттілігі маңызды роль атқарады.
Жеке қорғаныс құралдары жұмысшыларды күйіктен және уланудан, өндірістік жарақаттардан, электр тогының ұруынан, жарық, жылу және басқа шағылысуларының зиянды әсерінен қорғау үшін, сонымен қатар кәсіби аурулардың алдын-алу үшін қолданады.
Жеке қорғаныс құралдары ұжымдыққа қарағанда әр адамды жеке қорғайды. Өзінің функционалды белгілері бойынша олар тыныс, көру, есту, сонымен қатар тері қабаттарын және ағзаны толығымен қорғайтын құралдар болып бөлінеді. Оларды жеке құрғақ, әрі заттар мен материалдардан тұйықталған орындарда сақтайды.
Трактор құрылымына қойылатын қауіпсіздік талаптары ГОСТ 12.1.019 -76 регламенттеледі және олар сельхоз тракторлар мен сельхоз машиналарға таратылған.
Жоғарыда аталған машиналардың барлығын тракторшыны жарақаттанудан қорғау үшін кабиналармен қамтамасыз етеді. Барлық тракторларды толық металды кабиналармен немесе сырлармен жабдықтайды.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етпейтін машиналар, агрегаттар (зауыт талаптарына сай қамсызданбаған механизмнің болмауы, жұмыс орны, жөнделмеген рульдік басқару, дауыс сигналдарының болмауы, бірінші медициналық көмектің қорабының және өрт сөндіру құралының болмауы) тасымалдауға жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет