Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма №


Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы



бет6/14
Дата20.10.2023
өлшемі364,5 Kb.
#187078
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт
www.zharar.com.docx-morf, Балалар мен жастарды ынтасын дамытуда ы т рбие ж мыстары, Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау, Реферат та ырыбы Синтаксис терминіні ма ынасы. Синтаксис п нін
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы
Өсу нәтижесінде күріш өсімдігінің азотпен қоректену диагностикасы үшін құрамындағы аммиакты Церлин лабораториясының көмегімен және нитраттарды Магницкий әдісі бойынша анықтадық. 5-кестеде келтірілген мәліметтер, күріш өсімдігінің өсу нүктесіндегі аммиактың құрамы олардың даму фазасы мен қоректену шарттарына байланысты екендігін көрсетеді. Бұтақтану фазасында аммиактың мөлшері көп болды, ол бақылауда және тұзды фонда өсімдікте 10 мг/кг болған, бұл Церлинг шкаласы бойынша 5 баллға сәйкес келеді. Визуальді бақылауға сәйкес аммиактың көрсетілген мөлшерінде өсімдіктің өсу нүктесінде азоттың жетіспеушілігі байқалады.
Мочевинаны қосқан кезде өсу нүктесінде аммиактың концентрациясы жоғарылаған. Сонымен, азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар мен қоректенген өсімдіктің барлығында бұтақтану фазасында аммиактың құрамы 8 баллға сәйкес келген (75 мг/кг сок).
Оның мұндай құрамы хлорлы тұздалған топырақта өсімдіктің қалыпты өсіп дамуына мүмкіндік береді. Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына өткенде мочевинамен тыңайған нұсқаларда аммиактың құрамы төмендейді.
6 -кестедегі мәліметтерден, күріш жапырақтарынан жасалған соктағы нитраттардың құрамы күріштің азоттық қорегін сипаттамайтығын көруге болады. Өйткені, ол өте төмен болды және күріштің даму фазасы мен азотпен қамсыздануына тәуелді емес еді.
Күріш жапырақтарынан жасалынған соктағы фосфордың құрамы минералды тыңайтқыштарды енгізу және оны өсіру шарттарына тәуелді. Бұтақтану, трубалану және гүлдену фазасында бақылаушы өсімдіктің жапырақтарындағы минералды фосфордың концентрациясы 80 мг/кг сокқа тең болады (Магницкий бойынша 3 балл). Хлорлы тұздылық оның құрамына әсер етпеген. Мочевинаны қос суперфосфатты бір жақты енгізген кезде күріш жапырағынан жасалған соктағы минералды фосфорды құрамы екі тыңайтқышты бірге қолданғандағыдай артты.
6 және 7 -кестедегі мәліметтерде салыстырғанда, күріштің өсу нүктесіндегі азоттың концентрациясы мен жапырақтағы жалпы азоттың проценттік құрамының арасында тура коррелятивті тәуелділік бар екендігін көруге болады. Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды қолданған кезде жалпы азоттың құрамы артты. Бұтақтану фазасында бақылаушы өсімдіктің жапырағында ол 2,45% хлорлы тұздалған топырақта – 2,47% тең болады. Мочевинаны хлорлы тұздалған топыраққа енгізген азоттың құрамы 2,75% дейін жоғарлады. 8 -кестеде келтірілген мәліметтерден күріш жапырақтарында ақуыздың азот көп болыа табылады.
Азотқа қарағанда, күріш жапырағындағы минералды (Магницкий бойынша) және жалпы фосфордың құрамдарының арасында корреляциялық тәуелділік байқалады. Бұл күріштің фосформен салыстырмалы түрде жоғары қамсыздануына байланысты. Бұтақтану фазасында бақылаушы өсімдіктердің жапырақтарында 0,98% жалпы фосфор болады, хлорлы тұздалған топырақта ол 0,93%-ға дейін төмендеді. Қос суперфосфат жеке қосылғанда да, мочевинамен бірге қосқанда да жапырақтың құрамындағы фосфордың пайызын 1,08-1,12%-ға жоғарылатты, ол бұтақтану фазасынан трубаның гүлдену фазасына дейін төмендеді. Толық пісу фазасында сабандағы фосфордың құрамы төмен болды.
Сонымен, күріш өсімдігінің азотпен қоректену диагностикасы үшін аммиакты Церлинг лабораториясының көмегімен өсу нүктесінде анықтаған қолайлы. Оның нәтижелері бойынша қажетті жағдайда азотты тыңайтқыштармен қоектендіруге болады.
Күріш жапырақтарынан жасалған шырындағы нитраттың құрамын анықтауға Магницкий әдісімен вегетациялану кезеңінде күріштің азотпен қамсыздану дәрежесін орнату үшін жарамсыз.
Бірақ Магницкий бойынша жапырақтық диагностика күріш өсімдігінің вегетация барысында азотпен қамсыздану дәрежесін жақсы көрсетеді. Тұздалған топырақта жалпы азоттың құрамының аздап жоғарылауы күріш жапырағындағы ақуыздың емес азоттың көбеюіне болып табылады. Мочевинаны және азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды енгізгенде азотты заттардың, сонымен қатар ақуыздың үлестері жақсы жоғарылайды. Топырақтың хлорлы тұздануы жалпы күріш жапырақтарындағы және сабандағы фосфордың пайызын аздап азайтады, қос суперфосфат пен азотты-фосфорлы тыңайтқышты ұолданғанда оның құрамын арттырады. Олардағы фосфордың концентрациясы бұтақтану фазасынан гүлденуге дейін азайып отырады.

Кесте -6 Күріш жапырақтарынан жасалған шырындардағы аммиактың, нитратты азоттың және фосфордың топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты құрамы.



Нұсқалар

Күріштің даму фазалары

Бұтақтану

Түтіктену

Гүлдену

Аммиак

Азот нитраты

Фосфор

Аммиак

Азот нитраты

Фосфор

Аммаик

Азот нитрты

Фосфор

  1. Бақылау (тұздалмаған топырақ)

  2. 0,05 % Cl- топырақ

  3. 0,05 % Cl- +N топырақ

  4. 0,05 % Cl- + Р топырақ

5. 0,05 % Cl - + NP топырақ

5/10

5/10

8,75

5/10

8/75


1/100

1/100

1/100

1/100

1/100


3/80

3/80

3/80

4/160

4/160


5/10

5/10

6/25

5/10

6/25


1/100

1/100

1/100

1/100

1/100


3/80

3/80

4/160

4/160

4/160


5/10

5/10

6/25

5/10

6/25


1/100

1/100

1/100

1/100

1/100


3/80

3/80

4/160

4/160

4/160


Кесте – 7 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш жапырағындағы және сабанындағы азот мөлшеріне әсері.



Нұсқалар

Күріштің даму фазалары

Бұтақтану

Түтіктену

Гүлдену

Толық пісу

жалпы

ақуызды

Ақуызды емес

жалпы

ақуызды

Ақуызды емес

жалпы

ақуызды

Ақуызды емес

Жалпы (сабанда)

  1. 1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)

2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ

2,45
2,47

2,75

2,41

2,72


2,09
2,05

2,22

2,03

2,33


0,36
0,42

0,53

0,38

0,39


2,00
1,97

2,30

1,95

2,35


1,70
1,63

1,89

1,66

1,95


0,30
0,34

0,41

0,29

0,40


1,65
0,70

1,85

1,61

1,84


1,38
1,35

1,39

1,35

1,40


0,27
0,35

0,46

0,26

0,44


1,38
1,47

1,78

1,44

1,70


Кесте – 8 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш жапырағындағы және сабанындағы фосфор мөлшеріне әсері.





Нұсқалар

Күріштің даму фазалары

Бұтақтану

Түтіктену

Гүлдену

Толық пісу

  1. 1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)

2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl -+ NP топырақ

0,98

0,93
0,93


1,08

1,12


0,88

0,82
0,81


0,99

0,90


0,75

0,72
0,69


0,81

0,77


0,42

0,33
0,35


0,50

0,45






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет