Дипломдық жоба орындаған: А. Шолахова Жетекші


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3.1 Бұйым бөліктерінің лекалдарын дайындау



бет2/6
Дата25.05.2020
өлшемі358,01 Kb.
#71089
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дипломдық жоба

3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Бұйым бөліктерінің лекалдарын дайындау.......................................

3.2 Қыздарға арналған камзол дайындаудың технологиялық бірізділігі....

3.3 Машина жұмысының сипаттамасы......................................

3.4 Қол жұмыстары және оның құралдары мен аспаптары......

3.5 Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу.........

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1 Бұйым технологиясының тиімділігін бағалау.......

4.2 Бұйымның бағасын анықтау...........

5. ЕҢБЕК ҚОҒАУ ЖӘНЕ ҚӘУПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

5.1 Еңбек қорғау заңдылықтары......

5.2 Техника қаупсіздік ережесі.........

6. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі......................23



КІРІСПЕ

Қоғам талабына сай біліммен білімді адамдар мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен жоқ. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру, эстетикалық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін зертеген А. П. Сейтешев болса, болашақ еңбек пәнінің мұғалімдерінің даярлығы бағытындағы С. Жолдасбекова, Ұ. М. Әбдіғапаровалардың ғылыми-зерттеу еңбектерінен көруге болады.

Киім дегеніміз бұл қорғайтын және әсемдік беретін, тұтынушының дербестігін көрсететін жабулардың жиындығы болып табылады. Киімнің дамуымен оған қойылатын талап та өсті. Қәзіргі кезде сән бағытындағы өндірілген тігін бұйымдары, әр түрлі көп функционалды болып келеді. Осыған байланысты тұрмыстық киімге қойылатын талаптар екі топқа бөлінеді: тұтынушылық өндірістік талаптар. Киімдердің бұл көрсеткіштерге сай келуі маңызды болып саналады.

ХХІ ғасыр өркениет дамуының кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа білім беру философиясы және жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс.

Киім- денені ауа- райынан, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.

Киім- адамның өмір сүруіне қәжетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы туралы мағлұмат беретін этно-мәдени үлгі.

Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп, эстетикалық қызметті атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен лыпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғаш пайда болып үңгірлер, жартас қуыстарын паналап, шөп-шалам, қамыстан лашық жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Тігіншіліктің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты.

Киім қоғамның материалдық, жадығаттық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қәжеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Теориялық және кәсіби білім беру, оқушылардың техникалық ойлау қәбілетін қалыптастырып, кәсіп саласында қәбілетін өз бетімен жетілдіруге бағытталуы тиіс.

Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібін алушылар, өндірістік оқу практика процесі кезінде алған білімдерін тереңдетіп және бекітіп, өз мамандығына сай кәсіптік қызметі үшін білік пен дағдыны қалыптастыруға міндетті. Жеке тапсырысқа сай, тігін бұйымдарын дайындаудағы барлық жұмыстар түрін орындай білуді; ұлттық тігін көркемдеуді; киім жаңарту немесе қалпына келтіру жұмыстары; киімдік маталардың қасиеттері мен техникалық сауаттылық; бұйым бөліктерін өңдеудің тәртібі мен тәсілдерін таңдауды; құрал жабдықтардың жағдайын тексеруді осы замандық киімдердегі стилдік жан-жақтылығын ұғыну керек.

Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін еркін ойлау қәбілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігін талап етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеуді оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қәжеттілігін тудырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет