Дипломдық жоба орындаған: А. Шолахова Жетекші


§ 1. 3 Қыздарға арналған камзолдың сыртқы пішінінің сипаттамасы



бет6/6
Дата25.05.2020
өлшемі358,01 Kb.
#71089
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дипломдық жоба

§ 1. 3 Қыздарға арналған камзолдың сыртқы пішінінің сипаттамасы.

Қыздар мен жас келіншектер киетін камзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қәзіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен камзол шығаратын болды.

Қазақтың ұлттық киімдері адамның өмір тіршілігімен, философиясф, дәстүрі, әдет-ғұрпымен тығыз байланысты дамыды. Ұлттық киімдер үздіксіз (эстетикалық жағынан) жетілдіру процесін бастан кешірді, оның формасы, түр-түсі, конструкциясы(құрылымы) көп ғасырлық тәжірибеден өтті. Қалық өзінің эстетикалық талаптарына, іс-әрекетіне, тұрмысына, географиялық және климаттық ерекшілігіне сәйкес костюм формасын жасап, оны сақтап киген. Ұлттық киімнің-барлық құрамдас бөліктері(бас киімі, иығы, белдігі және сыртқы киімі, аяқ киімі, безендірілуі) бірін-бірі толықтырып біртұтас көркем ансамбль құрайды. Оған көркем сипаттағы құрылым тән. Бұл костюмде (мата дайындау әсілінен, киім түрінің әр түрлі пішімімен, кестелуінен аппликациялануынан нәзік ойықтарынан, кестеленуінен бастап халықтың рухани мәдениетімен қоса аса маңызды дәстүрлік жай-күйі орын алған.

Қазақ киімінде көршілес халықтардың; орыс, татар, қарақалпақ, алтайлықтардың әсерін де байқауға болады, оның өзбек, түркмен, қырғыздардың ұлттық киімдері мен ұқсастығы да бар. Әсіресе, ерлер бешпентінің пішінінде , тұтас пішілген шапандарда, етікпен тақия үлгілерінде, күліштелген әйел көйлегінде байқалады.

Қазақ ұлттық киімдерінде, белгілі бір жас айырмашылықтарына байланысты сәнді киім мен күнделіті тұрмыстық киім арасында өрескел айырмашылық болды. Қазақтың ұлттық киімдері ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып келе жатқан баймұра.

Ұлттық киімдер жеке бөліктері мен компоненттері үйлесім тапқан. Ұлттық киім эстетикалық және форма көркемділігімен, сымбаттылығымен, сәнді өрнектерімен өте әсем көрінеді. Қазақ киімінде көшпенді және отырықшы, жартылай отырықшы халықтың кәсібіне сай жинақталған негізгі принциптері мен көркем ойлы жетістіктері өрнектеледі. Онда халықтың қарқынды өмірі, эстетикалық идеялары көрініс тапты, қазақ халқының тарихы қалыптасуына негіз болған этникақық әйелдердің кимешектері ойық шетімен басқа дейін кетелеу тән. Олар арқадан төмен қарай ұшбұрышталған түрінде түсірілген.


Балалардың, қызбалалардың, әнші импровизаторлардың бас киімінің үкімен сәнделуін ғалымдар қазақтардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ата-бабаларынан қалған пұтқа табынушылықтың көрінісі деп есептейді.

Барлық ұлттық киімдер сияқты қазақ костюмі де эволюциялық жолымен дамыды, оның дамуының негізгі формалары қоршаған орта әсерініен, аптап желді, қатты аязды дала тіршілігі жағдайында, көшпелі қәжеттілігінен туындады. Осылайша бұл костюмнің жергілікті далалық аймаққа сәйкес қарапайм да төзімді, тұтас да ыңғайлы киім болғанын көреміз. Далалық аймақтағы ауқатты адамдардың киімдері сәнді де өте айшықты етіп дайындалуымен ерекшеленеді. Бұл костюмдер алтын және күміс жіптермен әдіптеліп, маржан-алтын не күміс жалатылған қаңылтыр металдармен әшекейленеі.

Камзол , қамзол- жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан , мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан( жас ерекшілігіне қарай) тігіледі. Камзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі метал, яғни күміс қапсырмалар тағылады. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлеріде болады. Негізінен, бір түсті қоңыр матадан, ал жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан тігеді. Етегі, әдетте, кең болып келеді. Камзол алдынан түймеленеді. Ер адамдар киетін Камерундың көбісі безендірілмеген. Камерун- үйде киетін бас киім. Үйден аттанар кезінде ер адам оның сыртынан басқа киімін киеді. Камерун-18-19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Камзол киімі туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қазақстанның әр облыстарында әр түрлі аталады.. Көбінесе бешпент немесе камзол дейді.

Камзол - жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жең бешпент деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай камзолдар жібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзол, қынай бел камзол, тірсек камзол деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде камзолды камзол, қәжекей, көкірекше, кеудеше, күрме, күрдек, қаркеспе деген атаулар қалыптасқан.Камзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Камзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шаги, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлер жасаған, алтын, күмәс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қапсырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Қыздар мен жас келіншектер киетін камзол өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады.


1.4 МАТА ТАҢДАУ

Қәзіргі уақытта шығарылатын маталардың түрлері өте көп, түстері сан алуан бұл өз матаңды қалауыңша таңдап алуға, мүмкіндік береді, бірақ матаны дұрыс жарасымына қарай таңдап алу керек. Таңдап алу үшін оның атауын, қолданылуын тағы басқада тәжірибелерін білу қәжет. Мата түсі боялған беттердегідей, мата айшықталып немесе мәнерленіп боялған түрлі-түсті жіппен, жүннен тоқылған, сұр ақшыл және ақ болып бөлінеді. Матаның өңін ішіне қаратып, беттестіріп бүктеу, матаны көлденеңінен түйреп қою. Тігілетін бұйымның тиісті пішімін сақтау үшін алдыңғы орта сызықты матаның ұзындық жіптерінің бойымен орналастырады.

Мата бетіне пішін үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суретібір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа бағытталуы қадағаланады. Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.

Тігін өнімдері бұйымдардың ассортименті деп түрлі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы түсініледі. Бұйымның әр түрлі артикуль деп аталатын шартты сандық белгілер бекітіледі. Тігін өндірісі бұйымдарының ассортименті өте кең. Оны меңгеру мен практикада қолданудың ыңғайлылығы үшін түрлі жүйелеу қолданылады. Жалпы ассортимент дегеніміз – жиынтық, таңдап алу, яғни түрлі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы деп түсініледі.

Ал, артикуль дегеніміз – техникалық жағдаймен сәйкес жасалатын матаның дербес түрі. Артикульдің сандық белгісі бар, ол прейскуранты бойынша матаның шартты рет нөмірі.

Пішу, тігу және бұйымды пайдалану кезінде көптеген факторлар матаның қасиеттеріне, сапасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әсер етуші факторлардың ең бастысы – матаның, талшықтың құрамы. Матаның сыртқы түрі, иіліп – созылғыштығы, сетінештігі т. б. Көптеген қасиеттері осы талшықтың құрамына байланысты.

Матаның қасиеттері құрамындағы талшықтың қасиетімен анықталады. Мысалы, мақта және зығыр маталары оның құрамындағы талшық тәрізді гигиеналық көрсеткіштері өте жоғары; қоршаған ортадан алған ылғал тарту, гипоаллергендік, ауа өткізгіштігі және жылу сақтағыштығы да жоғары; таза жүн маталары ылығалды жылумен өңдегенде тез қалпына келеді; синтетикалық талшықтардан тоқылған маталар беріктігімен, тозбауымен ерекшеленеді.

Екінші бір маңызды фактордың бірі – айқаспаның түрі. Матаның тығыздығы, сетінегіштігі, серпімділігі, созылғыштығы, отыру дәрежесі ы.ж.ө. кезінде өзгеріске ұшырауы және эстетикалық көрсеткіштері де айқаспаға байланысты.

Мата( лат. Текстиле – мата, материя) – химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулрлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады.Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.

Матаның ені дегеніміз матаның бір шетінен екінші шетіне дейінгі арақашықтық. Мата ені 40-250 см-ге дейін, 300-350 см, шетелде 5-6 метрге болады. Мата ені талшықтың түріне байланысты болғандықтан әрбір матаның өз ені бар. Мата енін дайындау цехында ГОСТ арқылы беріледі.

Барқыт – бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.
Мақпал — жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал— қара барқыт; қой мақпал — түкті пүліш; қырмызы мақпал — қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т.б. ұлттық киімтүрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т.б.) тігіледі.

Камзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Камзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады. Камзолдарға ою-өрнек түсірілмеген жағдайда оны түрлі жылтырақ әшекейлермен, таналармен безендіруге болады. Осылай безендірілген камзолдар өте салтанатты көрінеді.Оларды көбінесе мереке кезінде, той-томалақта және басқа салтанантты думандарда киетін болған.

Мақта- мата бұл барынша төзімді мата. Кез келген бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да түсі оның кетпейді. Ыстық жаз күнінде ауаны жақсы өткізеді, өте жеңіл әрі тігуге ыңғайлы. Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу қиын.

Жібек мата – бұл берік, сапалы, созылмалы, икемді және сәнді материал. Әрі ұзаққа шыдайды. Жібектен тігілген киімдер күн көзіне төзімді. Бұл матадан әзірленген іш көйлектер денені терлетпейді. Жібек ежелгі қытайда аса бағалы мата болғандықтан одан тігілген киімдерді билік басындағылар киген. Үтіктегенге өте жеңіл бірақ жуған соң табиғи жібек тез оңып кетеді.

Зығыр мата- берік материал болған соң одан кеудешелерді де жемпірлерді де тігуге болады. Және зығырдың ұзаққа шыдайтын қасиеті бар.Зығырды үтіктеу өте қиын әрі түсі тез оңады. Оның шеті тез сөгіледі сондықтан зығырдан тігілген киімді сатып алғанда шеттерін мұқият тексерген дұрыс.

Матаның қасиеттері құрамындағы талшықтың қасиетімен анықталады.Мысалы, мақта және зығыр маталары оның құрамындағы талшық тәрізді гигиеналық көрсеткіштері өте жоғары. Қоршаған ортадан алған ылғал тарту, гиппоаллергендік, ауа өткізгіштігі және жылу сақтағыштығы да жоғары.Таза жүн маталары ылғалды жылумен өңдегенде тез қалпына келеді. Синтетикалық талшықтардан тоқылған маталар беріктігімен, тозбауымен ерекшеленеді.

Камзолдардың материалы көбіне түкті пүліш маталар болады. Барқыттан, шұғадан да тігіледі. Ал, түсіне келсек ол міндетті түрде бір түсті матадан тігілген. Онда да шымқай қанық түстер таңдалады. Әйелдердің жасына қарай камзол түрі де өзгеріп отырған. Қыздар мен жас келіншектер көбінесе алқызыл түсті камзолдар киген. Мұның өзі жасыл дала, көгілдір ауа астында көзге оттай басылып, алыстан мен-мұңдалғандай болған. Ал , орта және одан жоғары жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті камзолдар киеді. Өйткені, алқызыл түс оларға енді жараспас еді. Жақсы сәтті ойластырылған киім кешенінде артық қосып алар ештеңе болмайды. Кейде тіпті дизайнерге киімнің бүтіндігін сақтап қалу үшін костюмнің әдемі бір бөлігінен бас тартуға тура келеді. Киімге материал таңдау кезінде суретші-модельер ең алдымен таңдаған киім силуэтін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, материал қасиеттері мен сәнді түстік гаммаларын басшылыққа алады. Материал таңдау кезінде тек қана олардың жеке қасиеттерінің сипаттамасын нұсқау етіп қана қоймай, сондай-ақ кешенді бағаны қолдануға тиіс.Ол эксплуатацияда материалдың бағытын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да модельдеу, құрастыру, киімді тігу технологиясын дайындау кезінде оның барлық ерекшеліктері ескеріледі. Қандай да бір бұйымды тігу үшін, оны тігуге таңдалып алынған маталардың қасиеттерін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет