Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына



бет7/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
II тарауда.Гобелен тоқу техникасындағы Орал қаласының көрінісін бейнелеу және дегобелен техникасында қолданылатын құрал - жабдықтар мен БҚМУ ғимараты туралы толық мәліметтер көрсетілген.
Қорытынды да.Қолөнердің әсем туындыларының енбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымға қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. Бірнеше жылдың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт - дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Біздегі тоқыма өнері, кестелеп өрнек салу, киіз басу мен кілем тоқу - осының бәрі түптің - түбінде жаңа қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болды. Гобелен тоқу өнері - тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Гобеленнің кен ауқымдағы дамуына өз үлесімді қосуды тұжырымдадым.

КІРІСПЕ
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы өзінің жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері қазіргі заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне айналуда. Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе ескіріп қолдалынудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылыммен техника қарыштап дамыған заманда, бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды фабрикалармен арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарыпта жатыр. Бұл - біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап, киім киіп, дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің бірсыпыра салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет болмай қалуы қалыпты, түсінікті құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере алмайтын жағдайға жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп кеткені белгілі. Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды сатып алуға кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-жерлерде қолөнер қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай жатқан ауылдарда бұл үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың қолданбалы өнері саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-сырын қолөнермен шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің маңызы зор.
Қазақ халқының бай қолөнерінің көбі бізге жетпейді, олар біртіндеп ұмытыла бастады. Мақтаулы, құнды бұйымдар жасаған қолөнер шеберлерінің тәжірибелері өздерімен бірге жоғалып отырды. Қазір қарапайым шеберлердің өзі саусақпен санарлықтай. Халық шеберлері кілем, алаша тоқу, киіз басу, сырмақ бастыру, киім тігуден басқа тас қашау, ағаш ою, сүйек ою, мүйіз балқыту, темірді өңдеп, өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Яғни, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеуді еркектер атқарады. Ал, кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз басу, сырмақ сыру, оюлау (түрлендіру), шілтер шалу, тері киім тігу сияқты жұмыстарды негізінен әйелдер жасайды. Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден балаға сабақталып, өзіндік тарихымен, әдет – ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолмен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген қолөнер. Сол қолөнеріміздің бірі - гобелен болмақ. Гобелен тоқу өнері - тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер.Ұлттық сәндік қолданбалы гобелен өнері ерекше көркемдікке негізделген, сәнділігі мен үйлесімділігі эстетикалық ләззат беретіндей дүниелер. Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сонымен гобелен өнерінің сәндік - қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қолөнер туындыларының жасалу жолдарын әдіс-тәсілдерін дамытып, рухани дәстүрімізді одан әрі жалғастыру бүгінгі таңдағы халқымыздың алдындағы тұрған бірден-бір міндеті болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет