Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет15/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Осыған қосылатын аударма әдебиетінің де көрнекті азаматтары бар: Қадыр Тайшықов, Қасен Өзденбаев, Ғазиз Оспанов, Қасым Тоғызақов, Ахмет Елшібеков, Ғалым Ахметов, Ысқақ Дүйсембаев, Мұхтар Жанғалин, Әнуәр Ипмағамбетов, Ісләм Жарылғапов, Мүслім Базарбаев, Әбен Сатыбалдиев тағы басқалар. Аударушылардың ішінен біз аты-шулы орыс классиктерін қазақша сөйлеткендерді сұрыптап алдық.

Осылардың еңбегі жанды дүниежүзілік әдебиеттің классиктері: «Мың бір түн», «Шахнаме», Омар Хайям, Сағди, Шекспир, Сервантес, Шиллер, Бальзак, Гюго, Гейне, Тагор, Дефо, Мериме, Свифт тағы басқалары қазақша тілге келді; орыс классиктерінен: И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.С.Грибоедов, Н.В.Гоголь, В.Г.Белинский, И.С.Тургенев, И.А.Гончаров, Ф.М.Достоевский, А.Н.Островский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Г.И.Успенский, Мамин-Сибиряк қазақша жатық сөйледі. орыс халқының совет жазушыларынан: А.М.Горький, В.В.Маяковский, А.Фадеев, А.Толстой, М.Шолохов, Н.Островский, А.Твардовский, В.Ажаев, Д.Фурманов, Тренев, Седых, Шторм, Матэ-Залка, Соколов, Макаренко, Гайдар, Павленко, Н.Прибой, К.Федин тағы басқалары аударылды. Советтер Одағындағы туысқан ұлттар жазушыларынан /татардан/ Ғабдулла Тоқай, Ғалимжан Ибрагимов, Баширов; өзбек жазушыларынан М.Айбек, Г.Гулям, А.Каһһар; тәжік жазушысы: Садридден Айни; түрікпен жазушысы: Б.Кербабаев; қырғыз жазушылары: Ш.Айтматов, Т.Сыдықбеков; Латыш жазушысы: В.Лацисс; Чехославакия, Болгария, Қытай, Индия, Бирма жазушылары тағы басқалар аударылды. Осынша қысқа мерзімнің ішінде ұшан-теңіз табысқа жеткенімізге біз де мардамси алмаймыз, өйткені осының бәрі революциялық өршіл қарқынның жемісі деп білеміз.

Ілгерілі, кейінді аудармаларда болған ұлан-асыр табыстарымыз бен кем- кетігімізді біз бұдан бұрын да айтқан едік. Оны оқып-танысқысы келетін адамдар 1962 жылы шыққан «Көркем аударма туралы» атты еңбекті оқып- шығар деп сенеміз. Сонымен қатар Әбен Сатыбалдиевтің «Рухани қазна» деген кітабында да көп нәрсе қамтылған болатын.

Аударма жөнінде, сайып келгенде, тағы бір тілегіміз бар. Бір елде болған оригиналдарды өз тіліне аударғанда аударушы өз әдебиетінің, өз тілінің қамын ойлауы заңды құбылыс, оларда ұшырайтын ерекшеліктерді бұлжытпай беру арқылы аударма тілі, әдебиеті байымақ. Осы пікірді 1966 жылы Бүкіл Одақтық Симпозиумда айтып едік, сол пікірмізді келтіре кетелік:

«Сегодня я выступаю в роли защитника русского языка. Нам следует заботиться о чистоте и об обогащении великого русского языка – языка межнационального общения – своеобразными сравнениями, уподоблениями, до сих пор не существующими в русском обиходе» 1 – деп едік.

Осыдан кейін бұл пікірді Г.Д.Р.-дің жазушысы Альфред Курелла қолдады, ол: ...в ХҮІІ веке Россия отставала в культурном отношении от Западной Европы, на сегодняшний же день Советская Россия опередила Запад на целую эпоху. Вот эти меняющиеся отношения между различными культурами сильнейшим образом влияют на характер перевода... С.Талжанов

/Алма-Ата/ ратует прежде всего за второй вид перевода, охарактеризованный Гете в этой связи. Он прав, поскольку отношения между Россией и Казахстаном достигли такого состояния, что правильнее всего предоставлять русскому читателю своеобычные элементы казахской литературы во всей их своеобычности и новизне, и это непременно поведет к обогощению русской культуры, к расширению круга ее представлений и преобразительных средств литературы» 2 – деп ойын бітірді.






1 «Актуальные проблемы теории художественного перевода» том І, Москва, 1967 г., стр.111.

2 Там же. см.статью Альфреда Кутелла /ГДР/ - «Meine Damen and Heggen, Liele freunde and genossen» M. 1967, стр. 126-127.

Демек, шетел тілінен аударған да оның өз ерекшілігін сақтау арқылы қазақ ұғымын кеңейтетініміз сүттен ақ, айдан анық болады. Сондықтан,

«Мен өзімнен көрі Гомердің пайдасын көбірек ойладым да әлім келгенше оның өз ойын дәл беруге тырыстым», – деп Н.И.Гнедиг /1784-1833/

«Иллиаданы» аударғанда 1829 жылы соның беташарында айтқан екен. Осы әдісті Гнедичтен бұрын, 1786 жылы Шекспирдің «Юлий Цезарь» атты пьесасын аударғанда Н.М.Карамзин /1766-1826/ қолданған болатын, сонда:

«Мен автордың ойын ешбір жерде өзгертпедім, өйткені бұлай істеуге аударушының еркі жоқ деп білдім»,1 – дейді.

Осы пікірлердің бірімен-бірі ұштасып, бірінен бірі туып жатқанын айтпасақ та түсінікті екені даусыз, оның үстіне орыс әдебиетінде тұңғыш рет Н.М.Карамзиннің айтуы тегін емес, өйткені ол: «Карамзин создал на Руси образованный литературный язык, и создал потому, что Карамзин был первый на Руси образованный литератор...»2 – дейді В.Г.Белинский.






1 В.Г.Белинский. Полн. собр.соч.том ІІІ, СПб., 1903, стр. 28.

2 В.Г.Белинский. «Соч.Александра Пушкина» ст.П, Собр.соч.. том ІІІ, стр. 206-207.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Орыс халқымен жақындасу кезеңдері. 1) Орыс пен қазақ халқының тілдік қарым-қатысы

Жалпы мәдениет те, әдебиет те тіл арқылы өркендейді. Қазақ елінің екі жүз жылдан астам уақыт қоян-қолтық алысқан, мұңдарын айтысып, мүддесін шертіскен елі орыс елі. Осындай ұзақ заман ішінде көп нәрсені алғанымыз да, бергеніміз де даусыз. Орыс тілінің әсері әдебиетімізде де, мәдениетімізде де, тілдік қорымызда да ұлан-асыр. Ежелден намысы бір, тағдыры бір елміз. Көптен не шықпайды, осындай ұлы елден шыққан содырлы-сойқандардан – патша, князь, генерал, майор,губернаторлар сияқты аз ғана топтан зорлық- зомбылық көрсек те, қалың бұқарамен бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығардық. Ол аз ғана топ «бұратана» біз түгіл өз халқын да зар жылатқан-ды. Олай болмаса: «Туған елдің тағдыры не болар деп қайғырып, шерге бөккен ет жүрек қан жылаған шақтарда: уайым-қайғы молығып, қапалы көкірек долығып, қақ айрылған шақтарда, – уа ұлағатты, құдіретті, адал дарқан орыс тілі – сен ғанасың серігім, сен ғанасың тірегім. Сен болмасаң ішқұссама жалғыз ем, ел халінің сиқы анау мен түңілмей қайтер ем? Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? Жоқ, әзелде тілі зордың – елі

зор, осы сынды, асыл тілді абзал халық болмас қор»1 – деп Иван Сергеевич

Тургенев 1882 жылы күр-






1 И.С.Тургеневтің өзінде орысшасы:

«Во дни сомнений, во дни тягостных раздумий о судьбе моей родины – ты один мне поддержка и опора, о великий, могучий, правдливый и свободный русский язык! Не будь тебя, как не впасть в отчаяние при виде всего, что совершается дома? Но, нельзя верить, чтобы такой язык не был дан великому народу!» /1882.Русский язык. Соч.том 10, стр.333.

/См.книгу «Русские писатели о языке». Изд. «Советский писатель». Ленинград – 1954, стр. 301/.

сіне толғаған еді. /Қазақшаға аударған жазушы Ісләм Жарылғапов/.

Иван Сергеевич Тургенев француз, ағылшын, неміс тілдерін судап сімірген. Николай Васильевич Гоголь шығармаларын француз тіліне ең алғаш аударған да осы И.В.Тургенев, бірақ орыстың осы ұлы жазушысы 1875 жылы 6 июньде А.В.Топоровқа жазған хатында: «... Венгеров мырза жазған

«И.С.Тургенев» атты кітапшаны жібермай-ақ қойыңыз, оны маған автордың өзі жіберіпті – сұмдық сорақы тілмен жазылған екен... Оның айтуынша мен французша, немісше, ағылшынша повестер жазып шығарсам керек, әсіресе осы сөздері жанымды жегідей жеп отыр! Мұндай былшылды қайдан тапты екен ол, сайтан алғыр! Мен баспа бетіне орысша болмаса, басқа тілде еш уақытта, ең азы бір жол да сызған емеспін. Рас-ау, бәсе, өз тілің тұрғанда басқа тілде қалай жазарсың?!... »1 деген екен.

Ана тілін қадірлеуде бұдан күшті айту қиын шығар! «Әрі ұлы, әрі қуатты тіл И.С.Тургеневтікі...»2 деп адамзаттың данышпаны Ленин де аңдаусыз айтпаған ғой.

Тілді халық жасайды, осыны анық білген И.С.Тургенев өзінің ана тілін, туған ұясын сол тілдің тегеурінді күшімен зорлық-зомбылықтың иесі ақ патшадан да, оның соңына ерген шәуілдек итершылардан да айырып алды, қорғап қалды, жұртын сүйген жүрек осылай қимылдауға міндетті ғой, адамшылық-азаматтық борышын өтеді. Оның үстіне И.С.Тургеневтің артынан ерген







1 См.кн. «Русские писатели о языке», стр. 303.

... Что касается до книжки г-на Венгерова /И.С.Тургенев/ то не трудитесь ее выслать. Сам автор мне ее выслал – ужасно варварским языком она написана!... Но более всего мне досадно то,что, по его словам, я писал повести по-французски, по-немецки, по-английски! Черт знает, что за чепуха! Я никогда ни одной строки не писал для печати не по-русски. Да и как это писать не на своем языке?! Письмо И.С.Тургенева к А.Топорову 1875 г. 6 июня. «Новый мир», 1930, №2, стр.215.книгу русские писатели о языка», стр. 303.



2 В.И.Ленин. Соч.т.24, стр. 294-295/5-е издание/.

топ та аз емес еді.

Бері келе 1909 жылы «туған тілін» татар ақыны Ғабдолла Тоқай жырлады:

«Ей, туған тіл, анам менен әпкем тілі,

Дүниеде көп нәрсе ұқтым сен туған тіл арқылы.

«Ең алғаш осы тілде анам бесікті тербеген, Ұзақ түндер бойы әпкем хикая сөйлеген!

Ей, туған тіл! Әр уақытта жәрдемің тиіп сенің,

Жас күнімде-ақ аңғарылды-ау, шаттығым, қайғым менің!»1 деді. Анасының ақ сүтін ақтады.

Күні кеше, заманымыздың бұлбұл ақыны, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Авар елінің ардақты азаматы Расул Ғамзатов та тербетіле сөйледі:

«Егер туған тілім ертең өледі деген хабар естісем, өзім бүгін өлуге даярмын»2



  • деді. Ана тілін дәріптеуде бұдан асу оңайға соқпас! Осетиннің ғалым- жазушысы Нафи Джоусойты да осы сарында ұсақ ұлттар тілін аспанға көтере жырлады.

«Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім – тіл болудан қалса егер, Жүрегімді сурырып-ақ алыңдар!

Бұл сырымды тек Ленинше ұғыңдар!» – деп толғанды.

Өз басым орыс тілін көптен үйрендім, көптеп үйрендім. Орыстың ұлы ойшыларын бір адам жақсы көрсе, ол менше сүйсін дер едім. Орыс әдебиетінен, тілінен көп нәр алдым. Сонда да осы күнге дейін «түсті» қазақ тілінде көрем. Сөйлегенде, жазғанда қа-






1 Ғабдолла Тоқай. «Көңіл жемішләрі». Алғы сөзін Фатхи Бурнаш, 1926 жылы жазған екен. Сол кітаптың 157 бетін қараңыз. Араб әрпімен басылған.

2 Расул Ғамзатов. «Мой Дагестан», из-во «Известия», М., 1969 г. стр. 426. «... И если завтра мой язык исчезнет, то я готов сегодня умереть... »

зақша ойлап, орысшаға сонсоң аударып отырам. Ендеше, ана тілінің орны, жүректе қалған ізі мүлде зор-ау, сірә?!

Көрші елдерден, қанаттас отырған соң аяқ-табақ, қазан-ошақ ауыспай қоймайды. Бұрын бірін-бірі танымайтын, тіл бітімі мүлде басқа екі ел ауыл- үй қонғанда, қоян-қолтық алысып еңбек істеседі, сауда жасасады, бірінен-бірі қыз алысып, қыз беріседі, қол ұстасып майданға шығысады, артынан бітімге келіседі – міне осы жағдайлар тоғыса барып, өзді-өзі түсінісу үшін, көрші елге ұғымды етіп ойын ерекше беруге тырысады. Осыған екі жағы да бірдей амал жасайды. Жаттықты жойып, жақындықты күшейтудің арнаулы әрекеті осылай туады. Міне, енді ілгерідегі тіл қорында жоқ, этимологиялық мағынасы мейлінше күңгірт олпы-солпы сөздер – жаргондар осы жағдайға икемделуден шығады. Олар бірте-бірте өзгеріліп, жаңғыра береді. Мысалы, ең алғаш Россияда Қара теңізге кеме жүргізу үшін көп жұмыскерлер жиналған болатын. Сол кемені жасайтін неміс мамандарының ішінде Лодырь деген дәрігер жүрген, Ол Лодырь топ-топқа бөліп, кезек-кезек дем алдырып, жұмыскерлерге үздіксіз еңбек істеткен. Сонда, кезегі бойынша жағадағы үйшікке /будкаға/ барып, дем алып жүрген жұмыскерлер көлденең кездесіп:

«мұнда не ғып жүрсіңдер?» деп сұраған жүргіншілерге: «бізді топ- тобымызбен қуалап жүрген ана Лодырь ғой» деп түсіндіреді екен. Бүгінгі күні орысша «Лодыря гоняет» деген сөз тіркесі бар, оны «жалқау» деген, түк істемей босқа жөңкіліп жүретін адам деген мағынада қолданады. Негізі ұмытылып кеткен. Ертеде адамның аты болғанын тірі жан қазір білмейді де. Әр тілдің ішінде осындай бұзылып айтылатын сөздер болады, мұның бәрі өзара түсінісуден туады да бері келе із-түзі белгісіз жағдайда қолданылып жүре береді. Жаңа танысқан екі елдің уәкілдері біріне бірі ұғымды болуға тырысады да өз тілін бұзыңқырай сөйлесе, көршісіне «жеңілдік» туғызатындай көреді. Бұл тәрізді жәйттер

толып жатыр. Мысалы, Орта Азиядағы орыс пен өзбек, Еділ бойындағы орыс пен татар арасында жүрген, екеуіне де түсінікті және екеуіне де беймәлім сөздер – бұзылып кеткен «жаргон» сөздер көп-ақ. Орысша «кушать» орнына

«шамать», «ашать» айтылады. Мұны алдымен орыс адамдарының өздері айтады да бара-бара сіңісіп кетеді.

Ежелден белгілі бір ақиқат бар, тек қана мәдениеті күшті ел мәдениеті әлсіз елге әсер жасап қоймайды. «Беруді білген алуды да біледі». Көне заманда Грецияны Рим келіп шабады, сонда «жеңген ел /Рим/, жеңілген елдің

/Грецияның/ қармағына /пленіне/ түсті»1 деген мәтел өз дәуірінде айтылған

шындық.

Араб тілінің парсы мен түркі тіліне тигізген әсері де адам айтқысыз, алайда, араб тілі де осы тілдерден көп нәрсені алмай құралақан отырмаған тәрізді. Осы айтқан ойымызды-ықпалдың екі жаққа бірдей жасалатынын білу үшін В.А.Гордлевский жазған мақаланы2 оқып шыққан мақұл. Әрине, екі жақтың алыс-берісі бірдей болмауы да кәдік, әйтеуір ауыс-түйістің бар екенінде дау жоқ.



Орыс тілі мен түркі тілдерінің, оның ішінде біріне-бірі өте жақын тұрған башқұрт пен қазақ тілдерінің қарым-қатысын бізден көп бұрын зерттеген көркем әдебиет өкілдері: С.Т.Аксаков, В.Даль, Д.Н.Мамин-Сибиряк, Н.П.Крашенинников, Степан Злобиндер /оның тарихи романы «Салауат Юлаев» қой/ және көсем жазушы /публицист/ Н.В.Ремезев сияқты қайраткерлер айтып кеткен болатын. Олардың еңбегінде «чиляк» /ведерко для земляники – қазақша шелек/





1 Н.К.Дмитриев. Строй тюркских языков. Изд.Восточной лит-ры, М., 1962, стр.467. Ответ.редактор Э.В.Севортян. Статья: «Русско-башкирские языковые отношения».

2 Бұл мақала «К вопросу о влиянии турецкого языка и арабский» «Записки коллегии востоковедов», т.5, Л., 1930, стр. 271-291.

кяфыр–неверный, гаур–қазақша–көпір/; хош /до свидания, прощай–қазақша– қош; баранта–грабеж скота, набег, қазақша–барымта; умарта–улей; пчелинная колода–қазақша–омарта; қумган–медный кувшин для умывания– қазақша құман–чайник, «ақ құман» немесе «ақыман» – заварной чайник; биш бармак–башкирское блюдо из баранины1, «которое едят руками, название дословно обозначает «пять пальцев»; чирик–четверть фунта; қазақша– ширек–четвертая часть любой меры веса; башқұрт немесе башқұр – орысша башкир деп атайды. Осы арада айтарымыз ең дұрысы башқұрт – беш–бас, құрт–қасқыр2, түркі елдерінің ерте кезден-ақ ер жетіп, өте үстем болғаны – бас қасқыры болар деп топшылаймыз. Ендеше көне авторлар түпкі негізін ашқан ғой; урус–русский–қазақша–орыс, мұның тарихи себебі – башқұрт пен қазақ тілдерінде «р» дыбысынан сөз басталмайды, тек арабтан бітеудей келген адам аттары болмаса – Рақия, Рамазан, Рахималар тәрізді; кош– палатка, қазақша қос–шалаш; селям–приветствие; қазақша–сәлем, бұл түркі тілдеріне арабтан ауысқан сөз; малай–малый, қазақта–малай–слуга–түбірі бір; сурпа–суп; персіде, тәжікте–шорба–суп; қазақша сорпа–бульон; оның ішінде ешбір шөп-шалам болмайды, оны етті басу үшін ішеді, ал орысша

«супты» жейді ғой – суп кушают, а не пьют; джин – сельская сходка; қазақша жиын–сборище, собрание; рахмет, –спасибо, қазақша – рахмет /араб сөзі/; шайтан–дьявол–арабтан ауысқан; кизим–кизимка–моя дочь, қазан– котел; бай богач, бар–есть; туря–начальник, каз–төре, высокопоставленная знать; ханжар–кинжал; аждага–дракон; айгир–жеребец; салма–кушанье, вроде лапши; масалян например /каз. мәселен/, яхши-хорошо, хороший, қаз.жақсы.





1 Тек қана қойдың етін айтпайды, заты, осы «биш бармак» – башқұртта да, қазақта да жоқ, бұл сөз ең әуелде әзіл қалжыңнан шықса керек-ті. Бұл пікірді ілгеріде де айтып өткеміз /С.Т./.

2 Басджирт-башгирд, башкирд немесе башкурд деп мадиар мен башқұртты арабтар осылай атаған екен. Ең алғаш Истахри, сонсоң ибн Фалдан, бері келе Рубрук жазып кетіпті. Халықтың өз этимологиясы бойынша баш-голова, курд-волк дейді акад. В.В.Бартольд. /Боч. т.5, М., 1968, стр. 494/.

хороший; юлбасар–разбойник, каз. –жолбасар; урундык–нары; каз. – орындық–стул; сайдак–колчан, қаз. –садақ–лук, ал сайғақ – саяқ – осы сөзден шыққан, жеке жайылған жылқыны айтады; кылыч–сабля, қаз. –қылыш; юк– нет, қаз. –жоқ; дунгус–свинья; қаз–доңыз; бұл да арабтан келсе керек, тек

«шошқа» ғана түрік тілі; бұл сөз орыс тілінде «чушка» болып айтылады; карабчить–убивать, бұл сөздің түбірі арабтан келсе керек деген Дмитриевтің1 болжамына қосыламыз, өйткені арабша – хараб–разрушение, гибель; қазақша


  • көне түркі тілінде «теңізде кеме хараб болыпты» деген сөйлем бар, мұның мәнісі «на море погиб пароход», «боранчук» – мальчик, сын, мұның түбірі орыстың «баранкасы» – тоқашы болуы кәдік.

Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен келген сөздер мейлінше көп, мысалы: сәпсім–совсем, не жолы–неужели, орыс–русь–русский; Москва–Мәскеу тағы басқалар. Осы күні газет, журнал арқылы «қонаққа» күнде келіп жатқан сөздердің ұшы-қиыры жоқ. Тіпті бүтін сөйлемдер де бітеудей кіріп жатыр.

Орыс тілінің қазақ тіліне тигізген әсерін, қазақ әдебиетін байытуға еткен ықпалын түгел жеткізу өте қиын, сондықтан ең әуелі қазақтың орыс тіліне берген кейбір сыбағаларын сөз етпекпіз. Жоғарыда көрсетілген «шамать» деген сөз – орысша «есть», «кушать» орнына жүреді. Бұл сөз түркі тілдерінде айтылатын «аша-мақ-тан» туған, сонда алдында тұрған «а» дыбысы түсіп қалған да «шамать» болып шыққан. Дәл осы тәрізді орыс тіліндегі «лошадь» пен «лачуга» деген сөздердің де алдында кездесетін «а» дыбысы түсіп қалған ғой, мысалы, монғол, түркі тілдерінде






1 Н.К.Дмитриев. «Строй тюркских языков» Изд. «Восточной литературы», М., 1962, стр. 476-478.

«алаш /а/ ат - мерин, татар тіліндегі «алашұқ», «хижина» сөздері

«алаш-ат» тан «лошадь» болғаны сияқты, бұл «алашұқтың» да - «лачуга» - қазақша «лашық» болып келуі заңды.
Түркі тілдерінен орыс тіліне ауысқан сөздер жайында.

Түркі тілінен орыс тіліне кіріп жүрген түсі-түрі бұзылып айтылатын көп сөздердің тізімін Н.К.Дмитриев кітабында көрсеткен екен. Оның ішінде араб пен ираннан Орта Азияға, Кавказға келіп, сол өңірдегі түркі тілдерінен орыс тіліне ауысқандары да бар, ал түркі тілдерінен тікелей орыс тіліне көшкендері де бар, міне енді осыларды шолып өтелік.

Айда – орыс тіліне сіңген қазақ сөзі. Орысша жекеше айтылғанда «айда» оның көпшесі «айда-те» айдаңдар, қуыңдар, жүріңдер мәнінде. Көне өзбекше

/шағатайша/ «һайда»; татар-башқұрт тілдерінде «әйдә». Осыдан барып украинаның «гайдамак» – «гайдамаки» деген сөзі пайда болды. /Бұл Л.Будагов сөздігінде І, 30-бет те айылады. Н.К.Дмитриевтің «Строй тюркских языков» атты /М., 1962/ кітабының 520 бетінде де бар./

Алтын – қазақша ең қымбат тас /металл/, сүйікті балаларына /әйел, еркек бәрі бір/ «Алтын» деп те ат қояды. «Аз сөз алтын, көп сөз мыс /немесе күміс/» – дейтін мәтел де бар. Якут тілінде «алтын» – мыс /медь/ мәнінде

«мыс» онда алтыннан қымбат, ал «алтын» /орысша – золото/ якутте «қыһыл» күміс-қызыл күміс, «үрүн көмүс» – ақ күміс. Осы «алтын» сөзі орыс тіліне көшкенде «алтынь» алтынный, алтынщик; бежалтынный /беж-бес/ – пятиалтынный» болып бағасы кеміген «жарты тиін күрешке» /грошқа/ айналған. Монғолда -алдан, Махмут Кашкарийде -алтун - біздің қазақ тілінде қазіргі мәнінде айтылған екен.1






1 Мұның толық мағынасы Л.Будагов сөздігінде 81 бетте. В.Радловта «Опыт словаря», І, 407-408 бетінде бар.

Арбуз – бұл сөз әр өңірге жайылып кеткен және айтылуы да, мағынасы да, түрі де өзгерген; «арбуз -дыня, тыква» болып кеткен. Орталық персі

/средне-персидское/ тілінде «харбузак», жаңа персі /ново-персидское/ тілінде


  • «харбуза» болып айтылған, сөйтіп, түрікте «қарбұз» түрі туған, келе-келе әзірбайжан, түркмен тілдерінде «қарпыз», «гарпыз» атанған. Түркменде

«тарпыз», қырғызда – тарбыз, ал академик Б.Я.Владимирцовтың айтуынша монғолда «тарбус» болса керек. Түп негізі Махмуд Кашгари сөздігіндегі

«қарбұз» /мұз/ болуы кәдік.

Орыстағы «арбуз» сөзі татардағы Қасым ауданының диалектісінен алынуы мүмкін, онда «қарбуздын» алдында тұрған «к» дыбысы жойылып кетеді де «арбуз» болып жүре береді. «Арбуз» деген сөз румын тілінде де кездеседі. Осы ең алғаш айтылған «карбуздан» орыс тіліне келіп «карапуз»-

«карапузик» /круглый и толстый, как арбуз/ делініп кеткен, бұл сырттай ұқсатудан туса керек.



Атаман. Бұл түркі тілдерінде көп қолданылады. Мұның түбірі «ата» отец, дед, предок» – жұрнақ-ман-үлкейтіп, көтеріп айтудың белгісі, мысалы, украин тіліндегі «батько» сияқты, ендеше, «ата-ман» – большой отец, -ман – большой. Манның осылай екенін ғалым М.Расянен дәлелдеген екен /Қырым татарларында «атаман-одаман» – «аға қойшы», «аға бақташы» – «старший пастух», «пастуший батько» болған екен. Түркменде «атарман» – воинственный, храбрый, смелый, заты, осы сөздің түбі «атмақ» етістігінен туса керек. Қазақта «атарман-шабарман» да бар ғой. Қазақ-орыстардағы

«атаман» осыдан шыққан, ал бүгінгі күні түркі тілдері – татар, қазақ, қырғыз, азербайжан тағы румын тілдері осы «атаманды» орыс тілінен қайта алып жүрген сияқты.

Бір ескерте кететін жағдай бар: «түркі тілдерінің заңы

бойынша «Ата-ұлы» /ата-ман/ демейді, «ұлы-ата» делінеді, онда ман-ата, нән-ата болар еді, бірақ бұл «атаман-одаман» ғой, заты, дұрысы: «от-ағасы»,

«от-аман» болуы мақұл тәрізді.

БОЛВАН – осы сөз туралы проф. Мелиоранский мен академик Ф.Е.Корш екеуінің арасында ғылыми айтыс болған, сонда Мелиоранский орысқа кірген

«болван» сөзін көне орхон-енисей тіліндегі «балбал» /жеңген ел қабыр басына өзі өлтірген дұшпанның тұлғасын тастан жасап қояды, соны «балбал» деп атайды екен /дегеннен шығарғаны белгілі. Ал, академик Ф.Е.Корш мұны персінің «пехлеван» /«паһалуан»/ сөзінен туды дейді. Мүмкін осы сөз фарсыға түркі тілдерінен баруы да кәдік, өйткені «пехлеван» қазақ пен қырғыз тіліне сіңіп – «балуан» «борец» болған да содан кейін орыс тіліне барып енген тәрізді.



Буланый – қара кер бұланның түсінен алынса керек. Көне қыпшақ тілінде бұлан – «лось» /орман ішінде жүретін жабайы аң-сиыр, Сібірдегі орыстар – челдондар /«Человек из Дона»/ «сахата» деп те атайды; орыста – буланый – жылқының түрін-түгін көрсетеді. Алтайда – пулан, қырғызда – булан – киіктің бір түрі. Башқұртта – болан – олень /бұғы/, жабайы орман сиыры – лось. Қазақта «Бұлан бар, Бұланты өзені Жезқазғанда ағып жатыр, ал

«бұланай» сөзі бар, бір кезде Ілияс Омаров М.Шолоховтың «Көтерілген тың» романы жайында күрделі орысша мақала жазды, соны аударғанда Гималайды-Буланай тауы деп аударып едік. Мүмкін кейбіреулер Орталық Қазақстанға Гималайдан гөрі Сібірдегі тайга жақын, ендеше сол орманда өсіп-өнетін ірі сиыр – бұланды – лосьті «бұланай» деуі дұрыс, ал Гималайды ол өңірдегі елдердің білмеуі де ықтимал дейтіндер де табылар, бірақ оларға айтарымыз мынау:

«Самарқанның сар жолы,

Бұланайдың тар жолы» – дегені бәрі Шыңғыстың сапарын көр-

сеткен сөз. Бұланай деп Гималайды айтқаны ма, Үндүкеш1 /Гиндикуш/ тауы ма? Әйтеуір бір тауды айтқан сөз екені – «Бұланайдан үлкен тау болмас, бұланнан үлкен аң болмас» деген мақалынан мағлұм2 – дейді Абай. Ендеше Бималайдың – Бұланай атануы даусыз шыңдық тәрізді. Қазақтар Бұланай тауын Мұнанай деп те атай береді.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет