Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет17/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Сібір елін, қазақ халқын орыс ғалымдарының зерттеуі бұдан кейін де сарқылмады. 1768-1774 жылдары Петр Симон Паллас басқарып Сібірді зерттеу үшін келген экспедиция да мол жұмыс істейді. Ол экспедицияның көп материалы «Путешествия по разным провинциям Российской империи» атты П.С.Палластың еңбегінде /орыс және неміс тілдерінде/ жарық көрді.

Азия елін тағы оның тілін зерттеуде ірі еңбек тастап кеткен П.И.Рычков1

болды.

Бері де бірнеше орыс-қазақ сөздіктерінің қолжазбалары табылды, соның бірі «русско-киргизский /казахский/ словарь» – 10 август 1774 жылы; екіншісі – «русско-киргизский /казахский/ словарь» 20 февраль – 1780 жылы Омбыда Лютер деген кісі жазыпты /сонда қазақ сөздері орыс әрпімен көрсетіліпті/.



Коллежский асессор Мендияр Бекчуриннің /Бещерин/ – 1780-1781 жылдары «Русско-арабско-мещеряцко-киргизского /казахского/, хивинско- бухарский глоссарий» – деген қолжазбасы сақталған екен2.

И.П.Фальктың «Сравнительный глоссарий казахско-татарского, киргизского, бухарского и калмыцкого языков» атты еңбегі 1786 жылы Санкт-Петербургте жарияланды. Осыдан соңырақ әлемге әйгілі орыс ғалымдарының: Г.Н.Потаниннің, Ш.Ш.Уәлихановтың, Н.М.Ядринцевтің, Ф.Е.Корштың, П.М.Мелиоранскийдің,






1 П.И.Рычков. «История Оренбургская», 1762.

2 Н.А.Баскаков. «Введение в изучение тюркских языков». Гос. из-во. «Высшая школа», М., 1962, стр.21-22.

Н.И.Ильминскийдің тағы басқа әр алуан мамандардың еңбектері жарық көрді.

Радловтан бұрын қазақ ертегілерін Шоқан Уәлиханов, профессор И.Березин, профессор Ильминскийлер де недәуір жинап, бастырған-ды.1

Он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде қазақ ертегілерін көп жинаған А.Е.Алекторов2 пен Н.Г.Потанин3 еді. ХІХ ғасырдың тек соңғы жиырма жылының ішінде бір Алекторовтың өзі жүзден артық қазақтың ертегі, аңыз әңгімелерін жинап бастырған.

1893 жылы «Астраханский вестник» газетінде «Ағайыңды екі қу»,

«Лұқпан Хакім», «Айтуған батыр», «Омар молда», «Жиренше мен Алдар көсе», «Қарағай мен сексеуіл», «Абы жылан», «Ағайынды үш жігіт», «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай», «Хан мен жігіт», «Ер Қосай батыр»,

«Түлкі мен қой», «Тақ Сүлеймен», «Өтірік ертек», «Залым Қали», «Әулие бала» деген ертектер жарияланды.

А.Е.Алекторов қазақ ертегілерін орыс тіліне еркін аударып бастырған болатын, ол аудармалар сол кездегі мерзімді баспаларда «Дала уалаяты»,

«Тургайская газета», «Астраханский вестник» атты баспа орындарында 1888- 1890 жылдарда үздіксіз жарық көріп отырған. Содан барып орыс тілі арқылы талай елге таныла бергендей.




1 И.Березин. «Турецкая хрестоматия», ч.П, СПБ, 1890, стр. 169-176; 235-247.

2 А.Е.Алекторов. «Астраханский вестник». №1258, 1267, 1274, 1281, 1288, 1294, 1302,

1308, 1310 - 1893 год.



3 Г.Н.Потанин. «Русское богатство», №8, 1896 год. Его же «несколько слов по изучению поверий, сказаний, суеверных обычаев и обрядов у киргизов /казахов/ и сибирских татар», «записки Западно-Сибирского отдела им. русс. географич. об-ва», Омск, 1889, кн.Х.

Г.Н.Потанин өз жинағандарын үнемі қадағалап зерттеп отырған.

Г.Н.Потаниннің жинаған ертегілері әрбір газет-журналдарда басылып тұрған, артынша өз алдына жеке кітап болып 1916 жылы басылған.1 Осы жинаққа 61 ертегі кірген, оларды Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы елдерінен жиған болатын. Осының ішінде «Ер Төстік», «Жиренше», «Алдар Көсе»,

«Асан қайғы», «Қырық қарақшы», «Ұр Тоқпақ», «Құбаша», «Жауырын»,

«Әби мен Тәби» тағы басқалар бар.

ХІХ ғасырдың кезінде қазақ ертегілерін орыс ғалымдары А.Ивановский2, Л.Исаков3, Н.Н.Крафт4, А.В.Васильев5 тағы басқалар жинады. Әсіресе көп жинаған Әбубәкір Диваев болды.

Бері келе қазақ ертегілерін белгілі ғалымдар: Н.Н.Пантусов6,

А.Л.Мелковтар7 да жинады.

Орыс ғалымдарының осындай үлгісі әсер етіп, қазақ қаламгерлері де көп еңбек істеді, солардың ішінде Ыбырай Алтынсарин, О.Альжанов, Р.Дүйсенбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мәулікей, Шәді, Ақылбек, Нұрымұлы Жүсіпбек, Ғ.Ғабдушев, профессор Әубәкір Диваев, М.О.Әуезов, Ә.Қ.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайловтарды арнай айтып өту қажет. Осылайша екі халық /орыс пен қазақ халқы/ сырласып, мұңдасып бірін-бірі түсіне бастады. Бірінің жоғын екіншісі жоқтап, намыстарын жыртысты.





1 Г.Н.Потанин. «Казахско-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки»,

«Живая старина», 1916.



2 «Этнографическое обозрение», 1890, №4, 1898, №1, «Дневник антропологического отделения общества любителей естествознания». 1890, выпуск Ү. т.ХІІ. «Киргизская степная газета» - 1895, №19.

3 «Тургайские областные ведомасти», 1891, №12; 1894, №11, 47, 48.

4 Н.Н.Крафт. «Из киргизской старины», 1900 г. Оренбург.

5 А.Н.Васильев. «Образцы киргизской народной словесности», выпуск І. «Киргизские сказки». Оренбург, 1898.

6 Н.Н.Пантусов. «Материалы к изучению казах-киргизского наречия» выпуск 2,3,4 и 6, Казань - 1901. «Образцы киргизской народной литературы». Казань - 1909.

7 А.Л.Мелков. «Материал по киргизской этнографии и сказки». Труды общества изучения киргизского края. Оренбург, вып. 1-3, 1921-1923, том 5 вып. 2/, 1924.

«Материалы по киргизской этнографии». Оренбург. 1925.

І. РЕВОЛЮЦИЯДАН БҰРЫНҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖАЙЫНДА
а) Махамбет Өтемісов

Осы бір кезеңде демократиялық идеяның келелі мазмұнын толық ұққан қазақ азаматтары бой көрсетті. 1836-1837 жылдары Россияның ақ патшасы жүргізіп отырған арамза саясатына қарсы қазақ шаруаларын көтеріліске шақырып, ұйымдастыра білген шебер басшыларының бірі – Махамбет Өтемісов болды. Ол қазақ әдебиетіндегі жауынгер де, суырып сал ақын және жүрегі жаудан қайтпаған батыр, аты-шулы Исатай Таймановтың үзеңгілес жолдасы еді. Осы Махамбеттің орыс жазушысы Владимир Дальмен /козак Луганскиймен/ достасуы кездейсоқ факт емес, ол орыс пен қазақ халқының алғашқы рухани ұғынысуындағы үлкен айғақтың бірі тәрізді.

Қазақ елінде екі таптың – бай мен кедейдің бар екенін, бұлардың біріне- бірі өмірі үздіксіз жау екенін, ерте түсінген қырағы да тайсалмас батыр ақын Махамбет Өтемісов. «Махамбет қырық екі жасында 1845 жылан жылы өлді, Ілбішін уезіндегі Дендер деген жердің күншығыс жағындағы Қара-ойға қойылды. Бір жылдан соң Ықыластың1 көмген жерінен ағайындары басын ұрлап әкеліп денесімен бірге көмген»2 – деседі.




1 Ықылас Махамбеттің досы, руы тама. Жабал бөлімінен Махамбетті өлтіріп, басын алып кел деп оны жұмсаған Баймағамбет хан екен, ол патша өкіметінің қатаң бұйрығын орындамақ. Ықылас Махамбетті Орал маңында өлтіріп, басын апарып бергенде Баймағамбет Ықыласқа: «Өлтір деп жіберген жоқ едім, тірідей ұстап әкел деп едім, басын алып кет» - дейді.

2 Досмұхамбетов Халел. «Исатай Махамбет». Қазақстан мемлекет баспасының күн шығыс бөлімі. Ташкент - 1925 жылы, 66 бетті қараңыз.

Патша өкіметінің отарлау саясатына, оның ел арасында әмірін орындайтын итаршыларына: хан мен төрелерге қарсы шығып кескілескен үш үлкен көтеріліс болды, соның ішіндегі ең күштісі де, әділі де Исатай Тайманов /1789-1838/ пен Махамбет Өтемісов /1803-1845/ бастаған көтеріліс. Осы «Исатайдың көтерілісі қазақтың көзін ашып патша өкіметін танытты, патша өкіметіне сүйенген хандардың, сұлтандардың қазаққа нағыз дұшпан екендігін анық көрсетті»1 – дейді.

Исатай Тайманов «Жауда жанын аямады. Жауласса қолдың /әскердің/ алдында, қашса артында болды. Көптің арызын айтамын деп орданы

/ханның ордасын С.Т./ қамағанда да алданып қалды. Жайықтан өтерде орысты /патша әскерін/ өзі қамап тұрып көшін, жолдастарын аман-есен өткізіп болған соң ғана өзі өтті. Жортуылға өзі жүрді. Жолдастарын жауға тастамаймын деп барып келді. Халық үшін Исатай үй-ішін туған- туысқандарын садақаға берді. Екі баласы бір қатыны соғыста өлді. Екі баласы бір қатыны жаудың қолына түсіп, айдауда шіріді. Ағайындары шабылды, тұтылды. Тырнақтап жиналған мал-мүлкі, бүтін қара орман дүниесі жаудың қолында қалды».

«Жәңгір ханға кәдірлі елдің билері бірнеше рет ханмен бітістіремін деп араға түссе де Исатай болмады. «Халықтың тілегін орындамаған ханмен бітім болмайды» – деді.

«Оралдың одаманы /атаманы/ Факатили де, Орынбордың жандаралы

/генерал Оренбургта С.Т./ Перовскийдің өзі де бірнеше шақырып, дегенінді істеймін деп уәде берсе де сөзіне ермеді, өзінің дұрыс деген жолымен кетті»

/әлгі кітаптың 47-48 беттерінде/.






1 Аталған кітаптың 57 бетін қараңыз. /С.Т./

Осынша адал және әділ туған Исатай Таймановтың қаңды көйлек жолдасы да досы батыр Махамбет – үздік ақын Махамбет Өтемісов.

Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға өз үйінде отырып айтқан өлеңіндей күшті сөзді бұдан бұрын да, соң да ешбір ақын-жырау айтпағандай, сонда:

«Әй тақсыр-ау, әй тақсыр, Бойың жетпес биікпін.

Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман. Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын. Кәр қылад деп тақсыр-ау, Аяғыңа бас ұрман!

Бай-еке сұлтан ақ-сүйек, Қыларың болса қылып қал, Күндердің күні болғанда Бас кесерім жасырман!»...

деп қасқая тартады. Екі жүзді нар кескен ғой ол! Өз табының адал ұлы, аңғырт батыры да, жалынды ақыны, отаршыл орыс патшасына да оның құйыршығы қазақ еліндегі хансымақ сұлтандарға да майысып иілмеген, еңбекші елі үшін жемге сатылмаған нар Махамбет әрі қарай төгіле жөнеледі:

Әй, тақсыр-ау, тақсыр-ау! Боз орданы тіктім деп, Боз ағашты жықтым деп,

«Ханым, ханым» дегенге Көтере берме бұтыңды,


Тағы да:


Көптіре берме ұртыңды! Күндердің күні болғанда Өзіңнен мықты жолықса,

Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді... »


«Мен мен едім, мен едім, Мен нарында жүргенде... Еңіреген ер едім.

Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім, Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім... Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып Басын кессем деп едім...

Еңсесі биік ақ орда Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін қиратып Отын етсем деп едім, Туырлығын кескілеп Тоқым етсем деп едім,

Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім.

Әлдилеген баласын Жетім етсем деп едім... Қаныкейдей көріктінді, Тінікейдей тектінді



Ителгі көзін төңкеріп, Аш күшіктей қыңсытып, Аш күзеңдей бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артыма салсам деп едім! Тілекті тәңірім бермеді, Өздеріңдей хандарды

Осындай бір қылсам деп едім... Хан баласы – ақ сүйек Ежелден табан аңдысқан

Ата дұспан сен едің,

Ата жауың мен едім!... » – дейді Махамбет. /Тағы сол кітапта/.

Бұл өлеңдер 1925 жылы жарық көрді, бірақ бұрын да ел аузында аңыз боп кеткен ұран сияқты. Сөйтіп, Октябрь революциясынан кейін, Совет үкіметі орнаған кезде: «қазақта тап жоқ, бай мен кедейдің арасы ашылмаған, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған ынтымақты ел»... деп, кейбір зиялылардың көңірсуі былшыл екен-ау! Еңбекші елдің қорғаны, отаршыл патша өкіметі мен қазақ хан-сымақтарының қандас жауы – Исатай; «Әй, жігіттер! Қазақ еліне сәлем айтыңдар! Ел болам десе, құс төсек төсенбесін, шәй ішпесін, қималы етік /кебіс-мәсіні айтқан/ кимесін» – депті /137 бетте/. Сонда Махамбет мына өлеңді айтқан екен:

«Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңкейіңкі жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей, Алты малта ас болмай... Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай

Түн қатып жүріп, түс қашпай , Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай Ерлердің ісі бітер ме?!» –

дейді. Мұны ақын-жырау Махамбет сонау ХІХ ғасырдың бас кезінде айтады. Кавказ елінің ұлт қозғалысына басшы болған Имам Шәміл де осылай толғанған-ды. Өзінің туған елін тәуелсіз етуге тырысқан ел көсемдерінің негізгі көздеген мақсаты ұқсас болғандықтан олардың ойы да алыстан астасып жатады, бірақ бәрі де алысын ойлай алмай, жақыннан қайырады.

Осы бір тарихи кезеңді зерттеуші орыс ғалымдары да ҮІІІ топқа бөлінеді, соның бірі – патшашылдар: қозғалысты жамандап барынша балағаттайды да, ал екіншілері – демократтар: мақтап-мадақтап көтере суреттейді.

«Шындықтың өзі де екі жақты» – деседі ғой! Ал үшінші топ – ара ағайындар, ешқайсысына бұрмай, тура болған жәйтті – оның шын мағынасын ашады да өзінен ешнәрсе қоспайды, бұрмаламайды.

Келешек буын Махамбет жырау уақиғасын зерттегенде Добросмысловтың «Тургайская область» /1902 жылы шыққан/ атты еңбегін, Сербариновтың «Исатай Тайманов» деген зерттеуін, Полферовтың «Среди инородцев» дейтін еңбегін, сонсоң осыларды

ескере отырып, негізінде ұлтшылдық бағытты бетіне ұстаған, «сары орыстың бәрі орыс» дейтіндей емеурін білдіретін Хәлел Досмұхамбетов /1925 жылы/ шығарған «Исатай-Махамбет» атты кітабын да ескеруі, солардың ішінен әділ ойларын алуы қажет.

ХҮІІІ ғасырдың аяқ шенінде 1773 жылы, Н.Ф.Савичев «Яицкие казаки и киргизы прошлого века» /«Өткен ғасырдағы Жайық казактары /қазақ- орыстарды айтып отыр – С.Т./ мен қырғыздар» /қазақтар – С.Т./1 » деген ұзақ поэма жазған екен. Н.Ф.Савичев – оралдық казак-орыс офицері. Өзінің әскери ведомствосында урядник болып істеген, кейін оставкаға шығып архивариус қызметін атқарған. Савичев-тарихшы, әдебиетші, журналист, суретші және прогрессивтік-демократтық көзққараста болған адам. Ол Маңғыстауға Т.Г.Шевченконы /айдауда жүрген кезінде – С.Т./ әдейі іздеп

барып, кейін екеуі достасып, өзара хат алысып тұрған. Н.Ф.Савичев аты- шулы қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбаев туралы да көлемді мақала жазған2. Екеуі 1838 жылы кездескен, күйшінің суретін салған.

«Құрманғазының Европалық білімі болса, ол музыка әлемінің жарық жұлдызы болар еді!» – деген де сол. Савичевтің бүйрегі «бұратана» халықтың еңбекші табынан шыққан Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов: «Жарқ етті де сөніп қалды»3 – деп жазған да әлгі Савичев.

Бұдан кейін Махамбет ақынның жайын терең зерттейтіндер Рязановтың

«Сорок лет борьбы Исатая Тайманова» атты еңбегін /1927/, сонсоң академик Қажым Жұмалиевтің толып жатқан көлем-







1 Әсет Ламашев. «Алғашқы айғақтар» атты мақаласын қараңыз. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1969, №39 /973/ номерінде - 27 сентябрьде.

2 Бұл да сонда. 3 Бұл да сонда.

ді еңбектерін де ескеруі жөн.

Саяхатшы-жазушы Е.П.Ковалевский сол заманда ұшырасып Махамбет Өтемісовтың ақылдылығы мен шешендігіне, әділдігі мен көсемдігіне, қажымас қайсарлығына және орыс тілін мүлткісіз білетіндігіне сүйсіне таңырқаған-ды. Әрине, қазақ феодалдары Махамбетті «жағымсыз мінезі» үшін жексұрын көрді. Өйткені Махамбет қазақ еңбеккерлерін озбыр жалмауыз алпауыттардан қорғап, әлгі оңаза феодалдардың арамза ындынан әшкерелеп отыратын табанды демократ-күрескер азамат еді. Сондықтан патша өкіметі де, оған сүйенген ел басқарушы ақсүйек феодалдар да мейлінеше жақтырмады.

Махамбет Өтемісов Бөкей ордасында орыс поручигі Аитовпен кездесті де Есет Көтібаровтың қарамағына ілініп, тұтқында жүрген орыс солдаттарын азат етуге көмектесті. Бұл қылығы да оның /Махамбеттің/ орыс халқына деген жылы сезімі мен айнымас достығын айқын дәлелдейді.

Орыс пен қазақ халқының ара қатынасында тұңғыш дәнекер болған аты- шулы батыр, суырып сал ақын Махамбет Өтемісовтен кейін, оның ізін қуған қазақ азаматтары көбейе түсті.

ә) Шоқан Уәлиханов

ХІХ ғасырда Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді ойшыл демократтар шықты. Бұлардың философиялық және мәдени- ағарту жөніндегі көзқарастары орыс демократтарының ой тұжырымдарымен ұштасып, қабысып жатты. Жоғарыда аты аталған қазақ халқының ірі қалам қайраткерлері жөнінде жазылған күрделі еңбектерге сүйеніп отырмыз1.






1 Академик-жазушы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романы, І-ІІ том, Алматы-1968, 1970. «Жазушы» баспасы. Академик Әлкей Марғұлан - Ч.Ч.Валиханов кітабының І томына жазған кіріспе сөзі. Из-во АНКССР, Алматы-1961, стр. 9-103. Тарих ғылымының докторы Бекежан Сүлейменов. Ыбрай Алтынсариннің таңдамалы шығармаларына жазған кіріспе сөзі, Из-во АН КССР, Алматы - 1957. Филология ғылымының докторы Әнуар Дербисәлин «Ы.Ал-

/прод.см.сл.стр/.

Қазақ халқының жазушысы, этнографы, тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың орта шенінде айтқан еді: «Мы связаны с русским народом историческим и даже кровным родством. Судьба миллионов людей, подающих несомненные надежды на гражданское развитие, людей, которые считают себя братьями русских по отечеству и поступили бы русское подданство, кажется заслуживает большего внимания и большей попечительности в таких решительных вопросах, которые формилируются в шекспировское: «быть или не быть»1.

Оқымысты Шоқан Уәлиханов өз халқының болашағын алдын-ала болжады. Осы арада да өте көрегендігін істеді. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов орыс халқын тұтас алып отырған жоқ. Патша үкіметінің итаршысы болған, оның зорлық-зомбылығын жүгенсіз іске асырған бейбастақ орыс чиновниктері мен орыстың еңбекшіл халқының ара жігін ашып, айыра таныған болатын ол. Өз тұсында жақын досы Федор Михайлович Достоевскийдің: «Что тянуло... офицеров и чиновников в Западную Сибирь и Казахстан?» – деген сұрағына ол /Шоқан Уәлиханов/: «... желание немного разбогатеть на обширных просторах независимой Татарии

.. обирать киргиз и на их деньги шить жене померанцевое платье на цитровых лентах...» деп ащы мысқылмен жауап берген еді.

Патша чиновниктерінің мінез-құлқын білетін Ф.М.Достоевский: «... хотя в Сибири холодно, но чиновникам живется тепло» 2 – деп Шоқанның әлгі пікіріне үн қосты.






1 тынсариннің жазушылық қызметі туралы», Қазақтың мемлекеттік Оқу-педагогика баспасы. Алматы - 1957 ж. Мұқтар Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы, 1-4 кітап, Қазақ мемлекет. Көркем Әдебиет Баспасы – Алматы – 1961.

2 И.Ф.Бабков. «Воспоминание о моей службе в Западной Сибири», СПб. 1912, стр.49.

Шоқан Уәлихановтың үнемі хат жазысып, хабарласып тұратын Петербургтегі достары: Ф.М.Достоевский, А.Н.Майков, В.С.Курочкин тағы басқалары еді. Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ф.М.Достоевскийге жазған бір хатында өзі қызмет істеп, өмір сүріп жүрген жерін ұнатпай, содан кеткісі келгенде: «Омск так противен сплетнями и интригами, что я не на шутку думаю его оставить. Как вы думаете об этом? Посоветуйте Федор Михайлович: Как это устроить лучше?» – деп жазса, тап сол 1856 жылы Парижде жүрген И.С.Тургенев Россияға – Л.Н.Толстойға мынадай хат жазды: «Париж бұдан бұрын маған мұндай жексұрын көрінген емес еді. Бұл

қалаға өте рахат тұрмыс жараспайды. Мен Парижді басқа бір жағдайда көріп едім, онда маған ұнаған болатын...» деді.1

И.С.Тургенев пен Ш.Ш.Уәлиханов екеуі бірін-бірі көрмей, білмей-ақ сол 1856 жылы екі қала туралы жазған хаттары қандай сабақтасып жатыр десеңізші! Жат елде, бөгде жерде жүрген екі адам бөтен қалаларда өмір сүріп, соның ойы-қырын білмегендіктен ұнатпайды. Әрине, жағдайлары ұйқаспаса да іштей жатырқап, іштері пысып, мүлде кеткісі келетінін баяндайды. Орыс пен қазақ халқының ардагерлері бірін-бірі алыстан ұғысады.

Шоқан Уәлихановтың жас кезінен бастап-ақ Н.Ф.Костылецкий, Н.И.Дабшинский, Т.Сейфуллин сияқты Россияның зерделі адамдарымен тікелей байланысты болуы мәлім. Бұлардың бәрі де Қазан Университетінің Шығыс факультетін бітірген егде адамдар жас Шоқанның қалыптасуына айрықша ізгі әсерін тигізгендер.





1 И.С.Тургенев. Собр. соч. т.12, стр. 233. «...Никогда Париж не казался мне столь прозаически плоским. Довольство не идет ему и я видел его в другие мгновения, он мне тогда больше нравился»/ 1848 жылы революция кезінде көргенін, сонда Париждің өзіне қатты ұнағанын айтып отыр. С.Т./.

Екі жақты Шоқан тәрбиесін біздің Сәбең /Сәбит Мұқанов/ түбегейлі көрсетіп, көп жылдық зерттеу нәтижесін жариялап келеді.

Сол дәуірде Шоқан Уәлиханов көрнекті – ориенталист, тюрколог- профессор И.Н.Березинмен хат жазысып, пікірлесіп жүрді1. Оған себеп болған әлгі И.Н.Березиннің жақын досы өзі әдебиетші – ориенталист Ф.Н.Костылецкий еді. Жер аударылып Омбыда жүрген тарихшы-ғалым Гансевский де зор ықпал жасады. Аты шулы әлемге аян ұлы демократ Н.Г.Чернышевскийдің жас досы, әрі шәкірті, өзі әдебиетші В.П.Лободовскийдің де құнарлы әсері тимей қойған жоқ. Ендеше, И.С.Тургеневке Шоқанның қиырда жатып үн қосуы заңды сияқты.

Өр талантты жас Шоқан Омбыдағы кадет корпусында оқып жүрген кездің өзінде-ақ Денис Фонфизиннің /1745-1792/, Иван Андреевич Крыловтың /1769-1844/, А.С.Грибоедовтың /1795-1829/, А.С.Пушкиннің

/1799-1887/, Николай Васильевич Гогольдың /Яновскийдің 1809-1852/; Виссарион Грегоревич Белинскийдің /1811-1848/, Александр Иванович Герценнің / бүркеншік аты – «Искендер» /1812-1870/, Николай Гаврилович Чернышевскийдің /1828-1889/ шығармаларын сарқа оқуы анық, солармен қатар Батыс Европаның атақты жазушылары – Шекспир, Руссо, Карлейль, Диккенс, Теккерей тағы басқаларының да орыс тіліндегі нұсқаларын меңгере білуі даусыз.

Орыс елінің көрнекті ғалымы Н.И.Веселовский қыршын күнінде дүние салған, оған дейін өзекті еңбектері орыс, ағылшын






1 Осы пікір Шоқан Уәлихановтың І-томына жазған академик Әлкей Марғұланның сөзінде бар.

Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдызында» да айтылған. Оның үстіне Шоқан Уәлиханов «В воспоминаниях современников» атты кітапта да келтірілген.

/С.Т./.

тілдерінде жарық көріп, айдай әлемге танылған біздің Шоқан Уәлиханов жөнінде мынадай мінездеме берді: «Шығыстану ғылымының құнарлы өлкесінен жарық етіп өте шыққан құйрықты жұлдыз Шоқан еді» деп, шындықты бүкпей айтты. Сәбит ағаның Шоқан туралы жазған романын



«Аққан жұлдыз» деп атауы Н.М.Веселовскийдің осы мінездемесімен сабақтасса керек-ті. Сол кезде жер аударылып Омбыда жүрген декабрист Дуров Шоқанды «жұрт таңырқарлық кесек ойлы адам» – деп бағалады: Шоқанмен кадет корпусында бірге оқыған досы, заманында Сібір ғалымдарының шамшырағындай болған Г.Н.Потанин: «... у нас с Чоканом происходили большие споры в его квартире каждый раз я уходил от него разобиженным, потому что чувствовал себя всегда побитым на всех пунктах. Я все таки думал, что моя сторона правая, только я не имею ни тех знаний,

ни того искусства, какие были у Чокана, чтобы спорить с ним»1 – деп жазған-

ды.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Николай Гаврилович Чернышевскиймен бетпе-бет кездескеннен кейін: «Чернышевский қандай ғажап адам еді, ол тек қана орыс халқының емес, басқа халықтардың да тұрмыс жағдайын, өмірін тамаша білетін кісі екен! Онымен сөйлесіп танысқан соң Россиясыз құритынымызға көзім жетті; орыс халқынан қол үзу – ағарту ісінен қол үзу – ағарту ісінен қол үзу екенін әбден ұқтым. Орыс халқынсыз біз баяғы жүгенсіз билейтін деспотизм мен қараңғылық басқан тек қана Азиялық ел боламыз да қаламыз, одан басқа ешкім бола да алмаймыз. Чернышевский – біздің нағыз досымыз2 – деп тұжырып та, тауып айтқан болатын.



«Шіркін, Шоқан көрген ғой! Ол: – ағайын түгел болса – ат көп, абысын түгел болса – ас көп»; «алтау ала болса, ауыздағы





1 Чокан Валиханов. «В воспоминаниях современников», Алма-Ата, 1964, стр.47.

2 Н.Г.Чернышевский «Летопись жизни и деятельности Н.Г.Чернышевского», М., 1963, стр. 232 и Чокан Валиханов. «В воспоминаниях современников», Алма-Ата, 1964, стр.21.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет