Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет25/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

тер қазір дағдылы салтқа айналып барады. Орыс сөйлемдерінің құрылысы ең әуелі аударма арқылы кірді де енді төл әдебиетіміздің өзінде-ақ орын тепкендей. Мысалы, бұрын «Шелегін босағаға қойып, жүрісін сездірмей, ептеп басып, далаға шыққан Айбала: «Я, қуанатын жөні бар, бала ғой. Бүгін сабағым басталды деген!» – деп құрудың орнына, енді: «Я, – деп ойлады, шелегін босағаға қойып, жүрісін сездірмей, ептеп басып, далаға шыққан Айбала: – қуанатын жөні бар, бала ғой. Бүгін сабағым басталды деген»,1 – деп құрады әлгі сөйлемді жазушы – академик Сәбит Мұқанов.

Енді бір жерінде Ботагөз кішкене қол сандығынан ленталарын алып көріп отыр. Сонда: «Мынау, – деді ол, жасыл лентаны суырып ап, қарағай! Мынау,


  • деді ол қызыл лентаны суырып ап, – теректің жапырағы! Мынау, – деді ол, сұр лентаны суырып ап, – таудың тасы!2

Осы сөз тіркестерінің орыс тілінен келуі даусыз. Алғашқы кезде орыс тілінен аударушылар мүлде қазақыландырып жіберетін еді, ал бері келе отызыншы жылдардың аяқ шенінде орыс тілінің құрылысын, өлеңдегі ұйқасын, ритмикасын бұзбай беруді күйттедік. Ілияс Жансүгіров аударған А.С.Пушкиннің «Евгений Онегині», Мұқтар Омарханұлы Әуезов аударған И.С.Тургеневтің «Дворян ұясы» – тағы басқалар осы салттың жемісі. Ол аудармаларды түсінудің өзі қиын болып еді, бертін келе көбейіп барады.

Көбінесе аударма арқылы бір елдің тілі мен әдебиеті екінші елге /тіліне және әдебиетіне/ әсерін тигізетіні айдай әлемге аян. Мысалы, грек мифологиясында айтылатын Парнас тауы







1 С.Мұқанов.«Ботагөз», 3 том, Алматы, 1956, 7-8 бетте.

2 Бұл да сонда, 8 бет.

/Аполлон атты ертегі құдайдың мекені, фессалиядағы тау»/ мен Зевстің

/барлық құдайлардың қолбасшысы – аспан құдайы/ астына мінетін қанатты тұлпары Пегас /көк дөнен/ туралы А.С.Пушкиннің:

«... и ты в толпе служителей Пернаса,

Ты хочешь оседлать упрямого Пегаса»1 деген өлеңіндегі

«Парнас» пен «Пегас» бұдан бұрын орыс тілінде орын теппеген жат сөздер еді. Бүгінде ол мүлде сіңісіп кетті. Кешегі Совет дәуірінің аты шулы ақыны В.В.Маяковский де:

«... А что, Если я

Десяток Пегасов Загнал

За последние 15 лет!» 2

деген болатын. Осылардың түпкі негізі аударылуын – ауысудан туса керек. Ақын Овидийдің «Метоморфоза» атты кітабы орыс тіліне 18 ғасырда аударылған-ды. «Парнас» пен «Пегасқа» Пушкин сол кездегі аудармалар арқылы танысты, өйткені грек тілін білмейтінін Гнедичке жазған хатында Пушкин өзі айтып еді. Әрине, «Парнас» пен «Пегас» жеке сөздер ғана емес, осы есімдерге байланысты көне грек – рим елінің сан алуан мифологиялық ұғымдары ауысып отыр. Қазақ тілінде «көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» дейтін мәтелдегі «көк дөнен» де осы «Пегасқа» таяу тұрғандай.

Жеке-жеке сөздерде – сөйлемдерде ұшырайтын ұқсастық-




1 А.С.Пушкин. «К другу стихотворцу», І том, ГИХЛ, М., 1959, стр. 217.

2 В.В.Маяковский. «Разговор с фининспектором о поэзии». Избр. произв. в 2-х томах, том І, 1953, стр. 258.

тардың төркінін табу аса қиынға түспейді. Ғабит Мүсіреповтің «Ана туралы аңыз» атты кітапшасында: /1948 жылы шыққан/ «Келешекте құлдықтан бас тартпай, оң жағына ұрса, сол жағын тосатын кеше адамдар әзірлеп жатырмыз» – дейді. Осы жерде суреткер Ғабит Мүсірепов біріншіден ісләм діндарларының құдайға деген соқыр сенімін, фанатиктігін түйресе, екінші жағынан хрестиан дінінің негізгі заңы /каноны/ да осы сөйлемнен айқын көрініп тұрады.

«Оянған өлке» романында Ғабит Мүсірепов: «Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, қасқырдың қозыға жапқан жаласын айтты» – /54 бетте/ дейді. Осы арадағы «Қасқырдың қозыға жапқан жаласы», – деген сөздер: И.А.Крыловтың «Қасқыр мен қозы» дейтін мысалын мегзеп-ақ тұр.

Қазақ әдебиетінде, мерзімді баспа орындарында бүгінгі күні жазылып жатқан саяси, ғылми, экономика жөніндегі еңбектерде де орыс тілінің әсері өте күшейіп бара жатқанын тізе беруге болар еді. Мәдениетіміз өскен сайын қажетіміз де етек алып, өсіп барады. Бұрынғы тіршілігімізде болмаған заттардың – ұғымдардың атаулары өздерімен бірге келіп жатыр. Оларды қазақшаға аударып пайдалану мүмкін емес. Өйткені, бұрын орын теппеген – аты да, заты да жоқ. Мысалы, «химия, физика, астрономия, геометрия, планиметрия, стереометрия, алгебра, тригонометрия, география, философия, экономика» тәріздес толып жатқан сөздерді аударуға балама сөз табылмағандықтан осылай алынуы дұрыс.

Орыс халқы мен қазақ халқы ең алғаш жақындасқанда бірін-бірі жете ұғына алмады, сонда жеке сөздерді қабылдау қажет болды; сондықтан орыс сөздері қазақ тілінің заңына

бағынды, қос дауыссыз дыбыстан сөздің басталуы мүмкін еместігінен, орыстың «Григорийі» – қазаққа «Күргірей» столы үстел болып кірді. Екі дауыссыз дыбыстың не арасына, не алдына бір дауысты дыбыс сыналанып енді де сөздер мүлде өзгеріп кетті, адам танығысыз халге жетті.

Қазақтың төл сөздері сонорлы дыбыс «р»дан басталмайтын еді, осы заң бойынша Русь – русский – орыс; Россия –Ересей болып алынды. Осы күні бұл сыңаржақ бағыт түзу жолға салынды. Ежелгі тілдің мешеу заңы бұзылды. Өскелең дәуірге сәйкестеліп тілдік норма, орфография қайта жаңғырды. Тілімізде бұрын болмаған «х, ф, в, ц, ч, щ» дыбыстар таңбасы заңды түрде қабылданды. Бұлар болмаса, халықаралық терминологияға да, тағы басқа жәйттерге де зор нұқсан келер еді. Ілгері басқан аяқты кер кетіру, тарихтың дөңгелегін кейін жүргізу тәрізді оғаш әрекетке ұшыратар еді. Бірақ осы жөнде қазіргі күні біздің атау термин алуымызда кей-кейде сыңаржақтық та кездеседі. Мысалы, «Кеңес үкіметі» деудің орнына «Совет өкіметі» болып жүр. «Кеңес» дегеннен «Советтің» беделі түспеуі мүмкін ғой. «СССР» дегенде орысша білетін адам «Союз Советских Социалистических Республик» деген төрт сөзді қысқартып айтып тұрғанын, уақытты ұтып пайдаланып тұрғанын ұғынады. Ал, осы «СССР-ді» ауылдағы қазақтар түсіне ала ма? Осындай жағдаяттарды ойланған дұрыс шығар демекпіз. Бәрімізге де белгілі Даниэль Дефо жазған «Робинзон Крузодағы» «Пятница» орыс тіліне аударылған ат. Осы аттың аударылуынан классикалық ұлы шығармаға зақым да келіп тұрған жоқ!

«... Научившийся иностранному языку, всегда переводит его мысленно на свой родной язык: дух же нового языка он до тех пор себе не усвоит и до тех пор не владеет им сво-

бодно, пока он не лжет обойтись без мысленного перевода, пока он в новом языке не забывает родного!...»1 – деген ғой Карл Маркс.

Ауылдағы қазақтар өз тілін ұмытып орыс тіліне әбден төселгенше бұлай етіп, бұрын қалыптаспаған мүлде түсініксіз бітеу сөздерді ұсыну ертерек болмас па? Әрине, колхоз, совхоз, комсомол, самолет тәрізді біріккен сөздерді; ботабай /путевой/, грузабай /грузовая/, леккабай /легковая машина/, автобоз /автобус/, перме /ферма/, шопыр-шопыршы /шофер/ тәрізді жеке сөздерді де ауылдағы қазақтар бүгінгі күні өздерінің төл малындай көреді. Бұларды шеттен келген бұралқы «қонақ» деп ұқпайды. өйткені заттық бейнесін күнде көріп отыр, аты да затына сай, екеуі бірдей көп кірді де сіңісіп кетті.

Октябрь революциясы – қазақ елінің жаңғыру дәуірі еді. Орыс пен қазақ халқының қауырт араласуы осы кезде өте күшейді. Осы кезеңде «паравоз» –

«қара айғыр», велосипед» – «Шайтан арба», «интернационал», «Бей бауырмал»... болып та алынды. Бара-бара тіпті Батыс Европада айтылатын

«Королева» деген сөзді шығыс еліне жақындатып «ханша» етіп мүлде қате аудармақ, өйткені «ханша» – ханның әйелі емес, қызы ғой. Ханның әйелі

«қаным» болар еді. «Халқымызға жат ұғымды беру үшін шетелдің сөзінен ат тонымызды ала қашып, орыстың сөзін орынсыз қолдансақ /бізше айтқанда қазақтың сөзін орынсыз қолдансақ С.Т./ – бұл өте жексұрын болып шығады. Мысалы: «Прогресс» деген сөздің орнына «успех – поступительное движение» деп орысша алайық, ана жат сөздің қажеті жоқ» – дейтіндер бар. Бұлармен келісуге мүлде болмайды»,2 – дейді В.Г.Белинский.






1 К.Маркс и Ф.Энгельс. «Об искусстве», том І, М., 1957, стр. 130.

2 В.Г.Белинский. Соч. в 3-х томах, 3 том, Госполитиздат, М., 1948, стр. 769.

Әрі қарай осы ойын кеңейте барып, ұлы сыншының «Қажетсіз шет сөзді алу қандай зиянды болса, реті келгенде алмау да сондай зиянды, өйткені сыңарезуліктің тоғысатын төркіні бір болады» – деген еді. Орыс тіліне баяғыда «калоши-галоши-мокроступ» болып аударылды, сол мезгілдегі беделді адам аударса да, оны орыс тілі қабылдамай қойды. Сөйтіп, «прогресс калоши» тағы басқа осылар сияқты сөздер өз орнын орыс тілінде тауып орналасты. Сондай-ақ, «шопыр, самолеттер» қазақ тіліне дұрыс кірді де, сорақы аударылған «бейбауырмал», «қара айғырлар» бетімен кетті.

Орыс тілінің құнарлы әсері өте көп, ендеше соны ұлғайта түсіп, меңгере пайдалану үшін ойланып-толғануымыз жөн. Өз жыртығымызға жамау етіп кәдеге асыруға, тілімізді өсіруге қажеттілерін алуымыз керектің керегі.

Совет дәуірінде айрықша орын алған; келешекте де орынды ала беретін даңғыл жүйрігіміз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың Совет дәуіріндегі зор еңбегін өз сөзімен жеткізіп көрелікші.

«За свою жизнь я, представитель одного из народов Азии, прошел через три общественные формации: феодализм, капитализм и социализм. И ныне как все граждане моего отечества, я участник строительства коммунизма».

В некотором смысле, как мне кажется, я мог бы явиться человеком- справкой, у которого между отрочеством и сегодняшним днем лежат буквально века. По всему тому что видел, пережил, наблюдал, я пришел в середину 20-го столетия как из далекого, даже не европейского, а азиатского средневековья»1







1 М.О.Әуезов. «Мысли разных лет». Алматы, 1961, стр. 56.

деген болатын.

Осы М.О.Әуезовтың өзінің де ұлы орыс халқының реалистік дәстүрінен үйренуі даусыз. Бұл ойымызды А.Фадеевтің сөзімен тиянақталық: «енді міне оның /Әуезовтың/ қырағы көз қиығынан ешбір нәрсе қағажу қалған жоқ, М.О.Әуезовтың терең ойлы шеберлігі мүлт басып мүдірместен қарыштай шауып алда келе жатыр...

Бұл үлгі алып үйрену М.О.Әуезов дарының ұлттық ерекшелігіне ешбір нұқсан келтірген жоқ, қайта сол дарынды дамытты да соның жаңа сырын, соны қырын ашып беріп отыр»1 – дейді ол.

Советтер Одағындағы халықтардың әдебиеті дәл бүгінгі күні түрі ұлттық, мазмұны социалистік реализм әдісін меңгеру жолында өсіп-өрлеп келе жатыр. Тап осы арада кімнің кімге қарыздар екенін айқын ашып айту зерттеушіге де ауыр тиетіні хақ. Қазіргі замандағы совет жазушыларының ашылмастай арасы тығыз бірлесіп кеткенін айта келіп, Максим Горький совет жазушыларының бірінші съезінде: «Разноплеменная, разноязычная литература всех наших Республик вступает как единное целое перед лицом

пролетариата страны Советов, перед лицом революционного пролетариата всех стран и перед лицом дружественных нам литераторов всего мира»,2 – деп, айқын анықтама берген болатын.

Орыс әдебиетінен өнеге алған әрбір Республикадан шыққан ірі қаламгерлерді көрсете кетелік: Әзірбайжаннан – Мырза Фатих Әли Ахундов, Сабыр Мамедкули; Грузиядан – Чавчавадзе; Армениядан – Абовян, Налбанцян; Татариядан – Шиһабуддин Маржани, Каюм Насири мен Ғабдулла Тоқай, Ғалімжан Ибрагимов; Өзбекстаннан





1 А.Фадеев. «За тридцать лет». М., 1957, стр. 526.

2 М.Горький. Собр. соч. том 27, стр.296.

Мирза Хакимзаде Ниязи, Абдулла Кядири /«Жұлқынбай»/, Абдулла Каһһар; Тәжікстаннан – Садриддин Айни; Түркменстаннан – Берді Кербабаев, Қыдыр Дерляев; Башқұрттан – Мажит Ғафури, Сайфи Кудаш; Осетиннен – Коста Хетагуров, Нафи Джусойты; Авардан – Расул Ғамзатов; Қазақстаннан – Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтан-Махмұт Торайғыров тағы басқалар сияқты көрнекті ақын-жазушылар орыс халқының өткен ғасырдағы кесек туған демократ классиктерінен үйренген-ді, көркем сөз шеберлерінен үлгі алған-ды.

Совет Одағындағы социалистік өмір шындығы ортақ, сондықтан көп тілді ұлт әдебиеттерінің бәрі де бірінен бірі үлгі алып үйреніп өсумен келеді, әсіресе ұлтаралық ортақ тіл, ортақ әдебиет мол тәжірибелі орыс әдебиетінен үлгі алғаны дау тудырмайтын шындық. Алайда, орыс әдебиеті өзінің ізгі әсерін адам айтқысыз күшті дарытса да, ұлт әдебиеттерінің өз ерекшелігін ығыстырып жоққа шығарды деп ешкім де айта алмаса керек.

Октябрь революциясына, азамат соғысына, жаңғырған жаңа дәуірге, Лениндік заманға арналып жазылған ұлт өлкелеріндегі жазушылар творчествосы өскелең орыс әдебиетінен күрделі нәр алды. Мысалы, Д.Фурмановтың «Чапаев», А.Серафимовичтің «Темір тасқын» /«Железный поток»/ атты туындыларын айтарлықтай ізгі ықпал жасағаны байқалады. Осы салаға қазақ жазушыларынан Сәбит Мұқановтың «Темір тас» пен «Ботагөз» романдарын, өзбек жазушысынан Айбектің «Ардақты қан», түрікпен жазушысынан Берді Кербабаевтың «Шешуші адым» /«Решающий шаг»/ романдарын жатқызуға болады.

Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» /«Тихий Дон»/ романымен М.О.Әуезовтың «Абай жолы», Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романдары, кейбір уақиғаларда, өзара үндесіп жатқандай.

Әрине, алуан қырлы «Абай жолы» атты кең тынысты тарихи

эпопея, біздің байқауымызша, Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік»

/«Война и мир»/ романымен де тығыз байланысатын тәрізді.

Л.Н.Толстой мен А.Н.Горький творчествосының елеулі әсері мен жазылған М.О.Әуезовтың «Абай», Айбектің «Новои», Файзидің «Тоқай» атты тарихи романдары өткен замандағы әр ұлттан шыққан көсем қаламгерлердің азаттық пен әділдік үшін белсене күрескендерін суреттейді.

М.Шолоховтың «Көтерілген тың» романы Ғабиден Мұстафиннің

«Шығанағымен», Веллис Лацистің «Жаңа жағаға» /«К новому берегу»/ дейтін еңбектерімен, Абдулла Каһһардың «Қосшылар оттарымен» үндесетін сияқты. А.Фадеевтің «Жас гвардиясымен» /«Молодая гвардия»/ Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» егіз туған төл тәрізді. Ф.Гладковтың

«Цементімен» Ғ.Мұстафиннің «Қарағандысы» үндесетіндей. Сол Ф.Гладковтың өмір баяндық трилогиясы /«Повесть о детстве», «Вольница»,

«Лихая година»/ көбінесе Садридден Айнидің «Бұхарасымен» және Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебімен» астасатыны байқалады.

С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» /«Ковалер золотой звезды»/ және «Жер бетіндегі жарық» /«Свет над землей»/ атты романдарымен татар жазушысы Гумер Башировтың «Намыс», Ғабиден Мұстафиннің

«Миллионер» повесі, Әбділда Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасы, өзбек жазушылары: Айбектің «Алтын алқаптың желі» /«Ветер Золотой долины»/, Абдулла Каһһардың «Синчалак» /«Птичка невеличка»/ атты шығармалары, қырғыз жазушысы Түгелбай Сыдықбеков жазған

«Заманымыздың адамдары» дейтін романы жер шайғайлығына қарамастан көптеген тақырып, тәсілдеріне байланысты біріне-бірі жақын туындылар екенін мойындамасқа болмайды. Осылай болуы советтік дәуірдегі бірлескен өмірдің ұқсас өрбуінен

туып отыр, солай бола тұрса да бұлардың әр қайсысы өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған жеке-жеке нұсқалар екені даусыз.

Тіпті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Қараш-Қараш» /«Выстрел на перевале»/ повесінде, біздің ойымызша, М.Горькийдің «Челкаш» повесінің күшті әсері бар сияқты. Осы екі шығарманың да басты кейіпкерлері өз айналасындағы бойкүйез сұрқай тіршілікке қарсы шыққан, әділдікті, адамгершілікті орнатуға ұмтылған жігерлі жандар, алайда біріне-бірі айна қатесіз ұқсамайды, екеуі де өз ұлтының елеулі туындылары.

М.О.Әуезов шығармаларының ішіндегі жеке дара тұратын бір әңгімесі бар, ол – «Көксерек». Мұны кейбіреулер Джек Лондонның «Ақ азу» әңгімесіне ұқсатады, әрине, Лондонның әсері Әуезов та бар да шығар, сөйткенмен, біздің топшылауымызша, бұл «Көксерек» әңгімесінде баяғы

«Көркем өнер – көркем өнер үшін» дейтін Мережковский, Гиппиус сарындары барма деген де ой келеді. Қалайда, орыс әдебиетінде орын тепкен түрлі бағыттық бәрінен де нәр алған сияқты.

Сөйтіп, Сәкен Сейфуллин, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Жақан Сыздықов, Әбділда Тәжібаев, Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжанов, Қажым Жұмалиев, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Қасым Тоғызақов, Бауыржан Момышұлы, Мұхаметжан Қаратаев, Қалижан Бекқожин, Хамза Есенжанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейін Шашкин, Тақауи Ақтанов, Жұбан Молдағалиев, Әди Шәрипов, Тәкен Әлімқұлов, Ғабдул Сланов тағы басқа қазақ халқының ақын-жазушылары бәрі де көрші елдердің әдебиетінен қағажу қалмаған сияқты. Сондықтан өз ұлтымыздың әдебиетінің дара алып қарау қаймағы бұзылмаған өз қазанында піскен сүттей етіп зерттеу солақайлыққа соқтырар еді. Себебі рухани өсу жолында ондай жағдай ешбір

мәдениетті елде әлі болған емес. Сондай-ақ М.Горький, М.Шолохов, А.Фадеев, Н.Тихонов, Қ.Симонов, Л.Соболев, В.Иванов творчестволарының да дүние жүзі әдебиетімен тығыз байланыса өскенін, ол қарым-қатыс, әсіресе Советтер Одағында және бүкіл жер бетінде интернационалдық дәстүрдің гүлденуіне сай бұрынғыдан да ілгері басқанын байқаймыз. Ендеше, адамзаттың данышпан көсемі Карл Маркс «Плоды духовной деятельности отдельных наций становятся общим достоянием. Национальная односторонность и ограниченность становятся все более и более не

возможными, и из множества национальных и местных литератур образуется одна всемирная литература»1 – деп, қандай қырағы айтқан десеңші! Міне, бүгін ұлы данышпанның ертеде айтқан ойы орындалып отырғандай.




1 К.Маркс и Ф.Энгельс. Манифест Коммунистической партии. Изд-во полит. литературы. М., 1965, стр. 36.

ҚОРЫТЫНДЫ


Осы еңбекке, бұдан көп жыл бұрын кірісе бастағандығы ойымыз қазақ халқының көп ғасырлық тарихында кандай елдермен, қай кезде қарым- қатынас жасағанын дәлелдемек болдық.

Қазақ мәдениетінің рухани өсу жолдарын зерттегенде ең әуелі оның тілі мен әдебиетін нысанаға алып отырдық.

Қазақ елінің тіл қорында, ауызекі және жазба әдебиетінде, сақталып келген неше алуан шытырман іздерді, әліміз келгенше, саралап көрсетуге тырыстық. Негізінде, тіл мен әдебиетті бөле қарап отырсақ та, осы екі саланың арасын алыстатуға бар алмадық, өйткені бұл екеуі /тіл мен әдебиет/ бірге өсіп, ілгері басып, өркендей беретіндей көрінеді. Өткен ғасырларда болған орыс ойшылдары да және бұрынды-сонды дүниежүзілік әдебиетке еңбегі сіңген ірі жазушылар да ұлттық тілдің қуатына бағынбай кете алмаған. Ал, мына әр елдің арасына дәнекер болып келген аударма өнерін осы күнгі тіл ғалымдары мен әдебиетшілерміздің әрқайсысы өз арнасына қарай тартатыны да осыдан туса керек.

Осы еңбегімізде де не айтсақ та, қалай десек те, үнемі орыс тілінде жазылған ғылми деректерге сүйеніп отырдық.

Халықаралық ауыс-түйісті сөз еткенде ұқсағанның бәрі шет елден ауысқан әсер емес екенін, ондай жәйттің саяси-экономикалық жағдайға байланысты әр елдің өзіңде де дербес туа беретінін дәлелдегендей болдық. Қозы-қоспай адасулардан өзімізді де, келешектегі жас қауымды да сақтандыру үшін «Кіріспеде» алдын ала айтып өттік.

Қазақ халқының қандай елмен қай кезде тілдік және әдеби қарым-қатыс жасағанын бірінші бөлімде сөз еттік. Сол бөлімнің бірінші тарауында ежелгі ирандықтар /соғдияндар/ тілінің Орта Азияға ерте келіп көп әсер жасағанын баяндадық, тіл қорымызда, әдебиетімізде сол мезгілден қалған айғақтарды көрсетіп өттік.

Екінші тарауында – көне монғол тілі мен қазақ /түркі/ тілінің туыстығы жөнінде өз ойымызды ашып айтқандай болдық, сонда екі ел тілінің лексикалық қорын салыстырдық, әдеби мұраларды да қамтығандай болдық. Алайда бұл мәселе жөніндегі, ғылми талас-тартыстарды да ескермей кете алмадық.

Үшінші тарауында араб мәдениетінен келген іздер – араб дінінің, араб тілінің, әдебиетінің таралуы жайлы, қай кезде қай өңірге қалай келгені туралы өз ұйғарымымызды анық айттық.

Оқырмандарымызға анығырақ болуы үшін кейбір сөздердің ортақ екендігін осы диссертацияның аяғында «Қосымша» етіп бөліп-бөліп көрсеттік. Айтылып өткен пікірлерімізді осылай тиянақтауымыз дұрыс деп білдік.

Еңбектің екінші бөлімін аударманың арналы тарихына бағыттадық. Аударманың халықаралық күрделі дәнекер екені әркімге де аян тәрізді.

Сонда да болса әр елдегі жазба мұралардың қандай жолдармен ауысқандарын, нақтылы аудармалар арқылы дәлелдегендей болдық. Жазба әдебиеті қалыптаса бастағанда көне шығыс /шумер, мысыр, грек, рим т.т./ елдерінің марқа әдебиетінен не нәрсенің біздің қазақ еліне келіп тарағандарын шолып өттік. Мысал жанрының шығуы жайында және оның ауызша ауысуы жөнінде де бері келе, кей кезде, ол мысалдардың қысқартылып

мақал-мәтелге айналып кетуі туралы да біраз топшылаулар айттық.

Ілгергі аудармаларды кейінгі аудармалармен салыстыра отырып, бұл жанрдың басқыштап дамуын көрсеттік. Аудармада орын тепкен неше алуан әдістердің бетін аштық.

Аударма әдебиетінің қазақ тілінде кемелдене бастауы, орыс халқымен көршілескен кезеңде, әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жарымында екенін айқындадық. Осы топшылауымыздың бәрінде де К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин тәрізді данышпандардың пікірлеріне сүйеніп отырдық.

Үшінші бөлімді орыс халқымен қазақ елінің қарым-қатынасына арнадық. Ең әуелі қазақ /жалпы түркі елдерінің/ тілінен орыс тіліне кірген кейбір сөздерді көрсетіп өттік.

Орыс пен қазақ халқының ежелгі ара-қатынасын дәлелдеу үшін Октябрь революциясынан бұрынғы кезеңдерді бөліп алып, сол кездерде халықаралық достасуға дәнекер болған қазақ азаматтарын: Мақамбет Өтемісов, Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың іргелі еңбектерін, солармен байланыстыра қарап орыс елінің мәдениетінде орын тепкен ұлы ойшылдардың да жарыса-жақындаса айтылған пікірлерін аттап өте алмадық.

Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде орыс пен қазақ елінің өте тығыз байланысы, ол тілдің біздің қазақ тілінің өсуіне қосқан тілдік, терминдік әсер-сыбағалары ұшан-теңіз екені ескеріледі. Оның үстіне тек қана тілдік қор, қарапайым әдеби ауысу емес, тіпті жазушыларымыздың «әдіс- тәсілдеріне» дейін тереңдей түскен әсер-іздер толық дәлелдегендей болды. Бұрынғы кездегі жеке-жеке сөздердің ауысуынан, сан-алуан әдеби қарым- қатыстардың бірлестігінен көрі қазіргі совет дәуірін-

де болып отырған ауыс-түйістің күшті екенін дәлелдейтін үлкен айғақ осы әдіс-тәсіл, сөз саптау /слог/ ұқсастығы сияқтанады. Орыс пен қазақ елінің тығыз байланысына да бұл зор тиянақ тәрізденеді.

Жол-жөнекей ескерте кету артық болмас, мысалы, түркі филологиясының негіздерін зерттеушілер, бізден бұрын да, талай-талай кезеңдерді сөз еткендей. Олар барлық түркі тілдерін үш топқа бөліпті, сонда: 1) «ежелгі түркі тілдері» деп үстіміздегі дәуірдің Ү-Х ғасырларын қамтиды, бұған орхон-енисей жазуының ескерткіштерін кіргізеді. 2) «Орта түркі тілдерін» Х- ХҮ ғасырларға жатқызады – көне қыпшақ тілінде жазылып қалған /ХІҮ/

«Кодекс Куманикус», мамлюк қыпшақтары мен армян қыпшақтарының, Караханид, Хорезм, Орта Азия түріктерінің тілдерінде жазылған ескерткіштерді осыған енгізеді; 3) «Жаңа түркі тілдері» деген де желіні ХҮ ғасырдан бері қарай соза тартады.

Өзіміздің заманымызға дейін сақталып өлмей жеткен жазба ескерткіштерге сүйенгенде осының бәрі дұрыс тәрізді, бірақ түркі халықтарының, оның ішінде қазақ елінің көп ғасырлық тарихында неше алуан тар кезеңдер, қырсықты қара күндер – қара жорықтар, шетелдік шапқыншылардың от қойып өртеулері орыс тілінде жазылған әйгілі деректерде айқын айтылған.

Орта Азияға сонау көне дүниеде Соғдақтар /Ирандықтар/ келгенде, Іскендір Зұлқарнайын шапқанда не болып, не қойғаны бізге түгел жетпегендей.

Бері келе Шыңғыс хан келіп ғылым ордасы болған Отырар шәһәрін өртеді, тіпті 19 ғасырдың басында Наполеон келгенде, Россияның қағбасындай болған Москва да өртенді.

Көне жазба мұраларды талмай зерттеп келе жатқан жас

Әбіжан Құрышжанов: «Ү-ХҮ ғасырлар халықтық тілдің /әрине, түркі елінің, соның бір бұтағы қазақтың халықтық тілін айтып отыр С.Т./, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар ұлттық тілдің, ал ХҮІІІ-ХХ ғасырлар әдеби тілдің тарихына жатады. Мұны біз қолда бар материалдар негізінде ғана айтамыз. Ол материалдар санының толыға түсуі әзірше қолданылып жүрген бұл схеманың құрылысын өзгертері де сөзсіз. Мысалы, үйсін дәуірінен қалған жазбалар табылып, кәдеге жарап жатса, халықтық тілдің тарихын біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардан бастауымыз ғажап емес»1 деп

топшылайды.

Біздің ойымызша, халықтың тілі жазба нұсқалардан әлде қайда бұрын туатынына таласу қиын, себебі жазба ескерткіштердің авторлары өздерінен бұрынғы халық /ұлыс-ру С.Т./ сөйлеп жүрген тілді пайдаланбауы мүмкін емес. Ендеше, Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің де ежелгі тілдік қордан алынады. Сондықтан қазақ халқының тілі мен әдебиеті сонау көне дүниеден бері қарай тартылып келе жатқан желі екенін айтқанда осындай ғылми зерттеулерге сүйенген едік.

Өзіміздің төл ғалымдарымыз совет дәуірінде ер жетіп, толыса бастады. Ілгеріде өткен шетелдік ғалымдар да түркі тілін, әдебиетін зерттеуде аз еңбек сіңірген жоқ, бірақ олардың кейбіреулері біздің тілімізді, әдебиетімізді жете білмей сырттан жолбарлады, әйтсе де, жоқтан бар жақсы, енді біз көбінесе, солардың болжамын да ескермей өте алмаймыз.

Академик Әлкей Каханұлы Марғұлан. Камал Акишев тағы




1 Әбіжан Құрышжанов. «Көне мұра хақында», «Қазақ әдебиеті» газеті, Алматы – 1970 жылы, 18 декабрь, №51 /1037/.

басқалар осы мезгілде көп нәрсенің бетін ашып жүргені мәлім.

Тап былтыр 1970 жылы Есік көлінің төңірегінен табылған «алтын киімді адам» бұдан 2500 жылы бұрын болған уақиғаны шертеді, оның киіміне жазылған сөздер де, ойлар да әлі жеріне жете анықталған жоқ. Алтын киім кигізіп молаға көмілген жас бала ең бері болғанда патшаның, ханның, бекзаданың баласы болу керек. Оның үстіне, мұндай салтанатты жерлеу – малдың соңына еріп, әр төбенің басын паналап, көшіп-қонып жүрген елде бола қоймауы кәдік. Ойымызды жинақтап айтсақ, осы уақиға Үйсін патшалық құрған дәуірдің айғағына ұқсайды.

Үстіміздегі заманадан 2 ғасыр бұрын тұрған Рим елінің ақыны- драматургі Марк Акций Плавт жайында диплом қорғауға дайындалған жас студент, атақты демократ, сыншы-ғалымымыз Николай Александрович Добролюбов 1857 жылы /21 жасында/ айтқан екен: «Өткен өмірді зерттегенде, өзінен бұрын айтып кеткен ғалымдардың пікірлерін тексермей, өз жаныңнан соғып, өз топшылауыңды көсілте беру ауыр да қауіпті жол. Сондықтан өз тұсымнан өлшеп, пішіп, билік айтудан гөрі, бізден бұрын осы мәселені зерттегендердің пікірлерін жинап беруді мақұл көрдім. Әрине, әрбір адам зерттеуге кіріскенде бұрынғылар өзіне түк қалдырмағандай, бәрін де

сол ғалымдар айтып кеткендей көреді, сөйтіп, жас өспірім Александрдың қайғысына ұшырайды», 1 – деген екен.

Сондай-ақ тұңғыш зерттеуші болмадық-ау, деп біз де өкінетін шығармыз. Бірақ Фонвизиннің «Недоросль» атты пьесасында бір ті-






1 Ежелгі Рим тарихшысы Платурхтың айтуынша: «Бір күні жас өспірім Александр

/Александр Македонский – Іскендір Зұлхарнайынды айтып отыр /С.Т./. Туған әкесінің жорықта жеңіп қайтқанын естіп: «Шіркін-ай, әкем бәрін бітіріп кетті-ау, тегі, мұндай ұлы әрекет жасау менің сыбағама жазылмаған екен...» деп қынжылыпты ғой», /См. Н.А.Добролюбов. Собр. соч. в 9-ти томах, том І, ГИХЛ-Москва-1961-Ленинград, стр. 310 и примечание №1 на стр. 579/.

гінші Митрофанға шапан /халат/ тігіпті, «қанар-қап» тәрізді етіп, бұл шапанды неге мұнша олпы-солпы тіктің?» – деп Митрофанның шешесі Кабановқа ұрысқанда, тігінші тұрып: «Мен оқымаған адаммын ғой, ханым?»


  • деп жауап беріпті. Сонда ашу қысқан, ауыздықсыз өскен помещица – бәйбіше Кабанова: «– Ал, тұңғыш тігінші қалай тікті екен?» – деп ышқына даурыққанда:

– Ханым-ау, ол бірінші тігіншіңіз, мүмкін менен де төмен тіккен шығар»

  • депті.

Ендеше, өз тұсымыздан «Американы аша беруден» көрі – өткен ғалымдардың ойларына сүйенуді тәуір көрдік.

Сондықтан осы еңбегімізде, мұршамыз жеткенше пікірлерімізді үнемі өзімізден бұрын болған ғалымдардың ойларына сүйеніп айтып отырдық.

Октябрь революциясына дейін қазақ тілінде кең тынысты романдар болмады, шағын көлемді Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» мен Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романдары шықты. Революцияның дәл алдында Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты көркем повесі жарық көрді /1915/.

Революцияға дейін Сәкен Сейфуллиннің «Көкше-тауы», «Советстаны»,

«Альбатросы», Сәбит Мұқановтың «Сұлу шашы», «Октябрь өткелдері», Ілияс Жансүгіровтың – «Даласы», «Күйі», «Күйшісі», «Құлагері» тәріздес ірі поэмалар көрінген де жоқ еді. Қазіргі өскелең дәуіріміздегі романдарды поэмаларды тізе берсек орын да жетпейді және көпке мәлім нәрсені құр қайталау болар еді. Осының бәрі де өнегелі, өскелең орыс әдебиетінің – Ленин дәуірінің әсері демекпіз.

Орыс пен қазақ халқының әдеби және тілдік ауыс-түйісі ежелден келе жатқан дәстүр екенін жоғарыда да айтқан болатынбыз. Бірақ, бұл қарым- қатыс совет заманында өте дауылдап

өсті. Октябрь революциясы – қазақ даласының оянған-жаңғырған дәуірі болды, екі елдің мәдениеті де, әдебиеті де, тілі де мидай араласты. Қазақ жазушыларының некен-саяқ біреулері болмаса бәрі де орысшадан аударуға кірісті.

Өткен отызыншы жылдарда А.С.Пушкин қазақша сөйледі, оның

«Евгений Онегинін», «Гаврилиадасын» Ілияс Жансүгіров, «Домик в Коломне» мен «Цыганасын» Тайыр Жароков; «Руслан мен Людмиласын» Әбділдә Тәжібаев аударды. М.Ю.Лермонтовты қазақ тіліне Қасым Тоғызақов, И.С.Тургеневті: Мұхтар Әуезов пен Ғалым Ахметов, Н.И.Гогольді Қадыр Тайшықов аударды. Л.Н.Толстойдың «После бала» дейтін әңгімесін Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1919 жылы «Той тарқар» деп аударса, мына алпысыншы жылдарда «Война и мир» /«Соғыс және бейбітшілік»/ атты төрт томдық эпопеясын Мұқтар Жангалин /І, ІІ, ІҮ томдарын /1963-1964 жылы/ аударса, Ғафу Қайырбеков пен Әбіш Кекілбаев

/ІІІ томын/ 1964 жылы аударып берді.

А.П.Чехов, А.М.Горький, В.В.Маяковский, М.Шолохов, А.Твордовский тағы басқалардың ірі туындылары қазақ тілінде жарияланды.

Қазақ жазушыларының шығармалары орысшаға қауырт аударылып, жер дүниеге тарап кетті.

1934 жылы Бүкіл Одақтың Совет жазушыларының бірінші съезінде қазақ халқының ақыны, жазушысы, драматургі Ілияс Жансүгіров: «В дальнейшем нужно организовать наше литературное дело так, чтобы такие классики как грузинский Руставели /Шота/ украинский Шевченко /Тарас/, татарский Тоқай

/Ғабдулла/, наш Абай /Құнанбаев/ и лучшие образцы современной национальной литературы могли стать достоянием широких

масс нашего великого Союза. Только при этих условиях советская литература Союза будет действительна интернациональной литературой»1, – деп көп ұлтты совет еліндегі әдебиеттердің тығыз байланысып, өсіп өрбуіне айрықша көңіл аударған болатын.

Ілияс Жансүгіровтың Советтер Одағындағы сан алуан ұлт жазушыларының алдына қойған осы талабын Қазақстандағы көркем сөздің теңдесі жоқ шебері Мұқтар Омарханұлы Әуезов қысқа мерзім ішінде орындап шықты, «Абай» атты төрт томдық ұлы эпопея жазып бітірді. Бұл эпопея Советтер Одағы жұртшылығының жүрегінен жылы орын тапты, оның үстіне француз, неміс тілдеріне аударылып Батыс Европа қалам қайраткерлерін де тебірендерді. Шашасына шаң жұқпаған жүйрік, «әлемнің күміс қоңырауы» атанған Лев Николаевич Толстой жазған «Война и мир» атты эпопеямен жалғаса, қанаттаса түсті.

Революцияға дейінгі қазақ халқының жарты ғасырлық тіршілігін қамтып көрсеткен осы алуан қырлы «Абай жолы» эпопеясы Совет дәуірінің бүгінгісімен де, кешегісімен де астасып жатыр, сонымен қатар отаршыл патша заманының тепкісінде болған қазақ елінің кешегі сұрғылт өмірде басынан кешірген шайқасын да, мұң-мүддесін де жеріне жеткізе шертті. Сондықтан да «Абай жолы» эпопеясында «Өмір шындығы коммунистік көзқарас тұрғысынан көркем образдар арқылы әдемі суреттелді» деп ашық айта аламыз.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы Орта Шығыста өзінен бұрынғы дәуірлерде жарық көрген туындылардың







1 Е.В.Лизунова. «Современный казахский роман», Академиздат, Алматы, 1963, стр. 29.

бәрін де басып озған – қазақ Совет әдебиетінің мақтанышы. Бұл романды ең алғаш 1956 жылы «қазақтың тұңғыш эпопеясы» деп атаған осы күнгі көрнекті ғалымымыз, өзекті сыншымыз, белгілі жазушымыз Мұқаметжан Қожаспайұлы Қаратаев болды.

Мұқтар Омарханұлы Әуезов алпыс жасқа толғанда /1957 жылы/ сол мерекеге қатысқан Николай Тихонов та: «Егер ұйқыдан оянып, жарқын болашаққа ұмтылған Азия халқының өткен өмірін жете білмесе, ол

/М.О.Әуезов/ ұлы Абай туралы эпопеяның авторы бола алмас еді» – деп тауып айтқан-ды.

ҚОСЫМША /ПРИЛОЖЕНИЕ/

Осы еңбегімізде, қазақ халқының көп ғасырлық өмірінде, қандай елдермен қарым-қатыс жасағанын, қай кездерде кімнен не алып, не бергенін көрсеткіміз келді. Тарихи кезеңдердің ізі біздің байқауымызша, тілдің қорында көбірек сақталатын тәрізді. Сондықтан көне заманда, сонау соғдиан

/иран-фарсы/ дәуірінде қазақ тіліне келіп кірбен кейбір жеке-жеке сөздердің тізімін бере кетпекпіз. Әрине, осы сөздердің біразы беріде ауысуы да мүмкін, алайда, түп негізі иран-соғдиан-фарсы тілі екені даусыз. Сөйтіп, ең әуелі қазақ елімен иран халқының ертедегі ауыс-түйісін көрсететін сөздер мыналар:

АШНА, ашына, /фарс. ашна/ – знакомый, приятель, известный «Біз ежелден ашнамыз» – мы давно знакомы /приятели/.

АЖДАҺА, аждаға, айдаһар, айдағар /фарс. аждаһа/ – дракон /сказочная змея/ – жеті басты аждаһа – семиглавая змея; түрікше ejderha /ейдерһа/; шуваш тілінде agtaxa /ажтаха/ – дракон.

АРМАН – мечта /фарс. – арман/ – сожаление, горе, идеал. АРЗАН – /фарс. арзан/ – дешевый, дешево.

АПТАП – /фарс. афтаб – солнце, солнечный свет/; таб. – 1) жар, горение;

2) блеск, свет: /ар. аф – чувствовать досаду; чувствовать отвращение, гнушаться; қазақта – аптап ыстық – жарко до духоты; невынасимо жарко.

АСПАН /фар. асман/ небо.

АЗАТ /фарсы. азад/ свободный, вольный.

ӘР /фарс. һәр/ всякий, каждый, тат. һәр, марий тілінде хар – сам, каждый

/в словах харпар /әрбір/ харкам /әркім/ каждый человек. Бұл сөз қазақ тілінде жеке айтылмайды.

БАҚ бахыт /фарс. бахыт/ – счастье.

БАҚША /фарс. – баг/ – сад; ал бустан – сад с плодами/, бағча – садик, палисадник, бау-бақша – сад с плодами; шувашта пах – сад; пах умли – садовое яблоко; пахча – огород; түрікше – баһже; тат. – бақча – сад; марий тілінде пахча – сад; эрз. – бакши; мокш. – бахча – сад.

БАТПАН /фарс. батман – бір жарым йудтай салмақ өлшеуі /қазақта:

«ауыру батпаңдап кіреді де мысқылдап шығады» дейді. «болезнь входит в тело полутора пудами, а выходит золотниками». Смысл: «болезнь настигает сильно, а выздоровление происходит медленно».

БЕЙБАҚ /фарс. – бей бахыт/ – несчастный, бедняга.

БЕЙШАРА, бишара /фарс. бей–чора/ – беспомощный, несчастный, бедняга.

БЕКЕР /фарс. бей–кор – без дела, бездельник, без дельный/. напрасно, неправда, ложь.

БЕНДЕ пенде, пәндә /фарс. бәндә/ – раб, невольник, слуга, человек, зависимый; пленник. «Онда ешбір бенде жоқ» – там нет ни одного человека», там нет никого; Мен пенде болып отыра алмаймын – я не могу находиться в зависимости.

БӘЛІ, пәлі /фарс. бәлі/ – да, верно, идет, браво!

ШАБАНДОЗ /фарс. шабандоз/ – выбрасываюший в другую сторону козла, вернее клич на бега во время козлодрания; тот, кто искусно тянет или задерживает козла при известной игре «көкпәрі» /козлодрание/ и в ее начале назыв. «тақымтартыс» /Қарағанды облысында/, ал «тақымкеш» – «шабандоз» мағынасында /Ақтөбе облысында/ айтылады.

ШАРА – /фарс. – чора/ средство, способ, мочь.

ШЕКЕР /фарс. шәкәр/ – сахар, сахарный песок, сладкий, вкусный. ШЕРМЕНДЕ /фарс. – шәрмәндә/ – пристыженный, опечаленный,

находящийся в искании, стремящийся к чему-либо, горе.

ШӘҺӘР, шәр – /фарс. – шәһәр/ – город. Шәр – /шәһәрден қысқартылған С.Т./ кітабы – в городе изданная книга.

ШЫНЖЫР /фарс. зәнжір/ – цепь, оковы; кандалы.

ЖАДЫ – жады бас, жады болу. Фарсы тілінде – жаду, джаду /жады/ – сиқыршы, әзәзіл, алдаушы, қасиетті күш» – дегенді білдіреді» – дейді І.Кеңесбаев /қазақ тіліндегі этимологиялық сөздіктің 76 бетінде/.

ЖАҺАН – жиһан – /фарсы тілінде – джаһан/ вселенная, мир. Осыдан туған қазақ тілінде «жер жәһән», жер жиһан деп те айтылады – әлем, дүние

/І.К. Әлгі кітаптың 84 б./

ЖАЙ – /фарс. жай/ – место.

ЖАЙНАМАЗ /фарс. жайнампаз/ – место молитвы, молитвенный коврик, молитвенная материя.

ЖАНЮЗ, жампоз /фарс. жанбоз – отчаянный/ – вялый, гордый, величавый, употребляется большей частью в отношении верблюдов, например: жампоз атан. – гордый верблюд /атан – самец – верблюд, но не производитель/; түйенің жампозы /жанпозы/ – гордость верблюдов.

ЖАР /фарс. – йор/ – друг, подруга, любимый /ая/ супруга супруг/.

ШАХАРЙАР, шаржар, шадияр – төрт жар /фарс. чахорйар/ – четыре друга пророка – /Абубакир, Омар, Осман, Эли//Ғали/ арабские четыре халифа после Магомета/.

ДАНА /фарс. – дана/ штука, экземпляр.

ДАНА /фарс. – дана/ – мудрый, мудрец. ДАНЫШПАН /фарс. – данышмон/ – ученый, мудрый. ДАРИҒА /фарс. – дариға/ – увы, как жаль, о горе!

ДАСТАРҚАН – /фарс. дастарқон/ – скатерть.

ДЕРТ /фарс. – дард/ – боль, недуг; страдание, мучение; түрікше – дерт; азерб. дэрд. – страдание, мучение, горе; крещ. татар. дәрт – страдание, мучение; шуваш: тәрт – страдание, мучение, несчастье; тат. дәрт – страсть, влечение, желание.

ДЕСТЕ – /фарс. дәсте – дәстә от дәст/ – десть / десть бумаги/, собранные стебли пшеницы, овса и другие с колосьями.

ДӘРІ. /фарс. дару/ лекарство, медикамент, тат. дары; шығыс марий тілінде дару – лекарство; шувашты – тар – порох, тару – лекарство, алтай өлкесінде – тары – порох; монголда – дару порох; қазақта – оқ-дәрі – пуля с порохом, т.е. заряд.

ДИДАР /фарс. дидар/ – лица, образ, вид, взор – қазірде «телевизордың» орнына «теледидар» деп те айтылып жүр.

ДОС /фарс. – дуст/ друг, приятель, возлюбленный, түрікше дост; тат. дус


  • друг; мордвада тос – приятель; шуваш – дус – друг, возлюбленный.

ДҰРЫС – /фарс. – дурост/ – правильный, верный; тат. дәрес – правильно; шуваш. – терес –правильный; правильно, верно. Ендеше қазақтың дұрыс- теріс деген қарама-қарсы екі сөзінің де түбірі бір болуға ықтимал. Көне славян тілінде «начало-конец» екеуі де бір түбірден туған ғой.

ДҰСПАН, ДҰШМАН – /фарс. – дошман/ – враг, неприятель, противник, мұндағы дош – дурной, ман – сердце, значит человек с дурным сердцем. Шувашта – ташман – враг, неприятель; түрікше – дусман; тат. – дошман; мар.



  • удм. – тушман; мордвада – тылман – враг.

ДИҚАН – /фарс. діһқан/ – крестьянин.

ЕГЕР, ӘГӘР – /фарс. агар – если/; түрікше – егер; тат. егәр если; тат. – мехер; /фарс. – магар–разве/; шуваш – эхер – если; қазақта – егер, мәгәр, мәгәрки – если.

ӘШКЕРЕ – /фарс. – ашкора/ – обнаруживание, разоблачение; открытый. ӘНТЕК – /фарс. – әндәк/ – немного, мало.

ЖАН – /фарс. – джан – душа, дух, жизнь; тат. жан, мар. чон; шуваш. – чун – душа; қаз. жан – душа.

ЖАНУАР /фарс. джанавар – животное, зверь/; тат. жанвар; мар. янавар – босяк, бродяга; шуваш – янавар – животное; безответный, слабый /человек/; қазақ. жануар животное.

ЖЕЛІМ – /фарс. – йалам/ клей; татарда – жилем; шувашта – джилем – клей.

ЗӘРЕДЕЙ – ЗӘРРЕДЕЙ – кішкентай бөлшек мәнінде, ал фарсыда зәрре – атом, малекула, бөлшек. Тәжікте зарра – ұсақ бөлшек»1 дейді.

ЗӘНЖІР, ШЫНЖЫР /фарс. занджир/ цепь, оковы; түрікше – зінжір – цепь, цепочка, оковы; шувашта – санчар – цепь; мар. – шынчир; қазақта – шынжыр – цепь.

ЗЕҢГІР /фарс. – зангар – ярь-медянка; ржавчина, ржавый, зангари – желто-зеленый, ржавый/; тат. – зәнгәр – синий, голубой; шувашша – сенкер – синий, голубой; удм. – зангари – синий; мокш. сянгаря – зеленый; қазақта – зеңгер – голубой бұл татар тілінен келсе керек-ті.

ЗЕРГЕР – /фарс. – зәргер/ – ювелир, золотых дел мастер.






1 Шора Сарыбаев. Бұл да сол кітапта. 100 бет.

ЗЫНДАН /фарс. – зыңдан/ – темница, подземная тюрьма.

ЗЫЯН /фарс. – зийан/ – вред, убыток, ущерб, изъян; түрікше – зіуан; тат – зыян; мар. – зиян, эрз – зыян, – вред; шувашта – сиен – вред, изъян; орыс тіліндегі изъян, заты, түркі тілдерінен ауысқан болса керек.

ГҮЛ, КҮЛ – /фарс. гүл/ – цветок, роза. КЕБІС – /фарс. кәпіш/ – башмак.

КӘП – гәп, кеп /фарс. гәп/ слово, речь, говор, язык; тат. гәп, өзбекше – гап, түрікм. кеп, гәп – слово, речь

КҮМБЕЗ /фарс. гунбад – гунбаз/ – купол. КҮМӘН – /фарс. – гуман – подозрение, сомнение.

КІР – /фарс. – геран/ – дорогой, ценный; тяжелый, веский; тат. гер – гиря; марий тілінде – кирпукел – чашка весов; шувашта – кире – разновес, весы; қазақта – кір – весы /кірге тарту – кірге салу – вешать/.

КЕМЕ – /фарс. – геми/ – корабль, судно, большая лодка; түрікше – гэми – корабль; татарда – кеймә – лодка, челн, шлюпка; шувашта – кимә – лодка; қазақта – кеме – корабль. «Кемеші келсе, қайықшы судан таяды», «с появлением корабельщика, лодочник исчезает из воды» смысл – «лодочнику нечего там делать»/.

КҮКІРТ /фарс. – гугард/ – сера, спичка; татарда – кукерт; түрікте – күкірт; алтай тілінде – күкүр; монғолда – кукур; шувашта – күкерт – сера, спичка.

ҚОЖА – /фарс. хадже/ – господин, хозяин; начальство; /араб. худжа – учитель, ходжа/; тат. – хужа; мар. – оза, таулық марийде хоза; удм. – кузе; шуваш – куджа – хозяин, владелец, глава; ғалым Бернекердің айтуынша фарсы тіліндегі түбір түркі тілі дәлін айтқанда шуваш тілі арқылы орыс тіліне

«хозяин» болып енсе керек.

МАЗА – /фарс. – мазе – вкус, ощущение вкуса/ покой; мазасыз – бепсокойный; Ойғырда – мазе – вкус; мокшта – мазы, эрз. мазыт – красивый; шувашта – маса пригожество, красота.

МҰРЖА – /фарс. – мури – глинная водопроводная труба/; татарда – моржа; қазақта – мұржа – моржа – печная труба. Шувашта – марье – дымоходная труба.

МИРАС, МЫРАС, МҰРА /фарс. – мирас – наследство/; татарда – мирас – наследство; шувашта – мерес, мерет – наследство, состояние, богатство; қазақта мұра – наследство; мирасқор – наследник, мұрагер – наследник.

МЕЙІР – /фарс. – міһір/ – любовь, милость.

МЕЙІРБАН – /фарс. – міһірбан/ – любящий, ласковый, нежный, милосердный.

МӘР – /фарс. – мүһір/ – печать.

МІДУӘР – /фарс. – үмідуар/ – надеющийся.

НАДАН – /фарс. – надон/ – невежда, невежественный, неуч. НАМАЗ – /фарс. – намаз/ – молитва, намаз.

НАЛА – НАЛЫС – /фарс. – нала/ – стон, стенание; вопль, жалоба, плач, рыдание, горе. Налалы адам – человек имеющий горе; налыма – не горюй! Оның налуын /налысын/ көрмесем еді – хорошо было бы, если б я его горя

/рыдания, плача, вопля, стона/ не видел.

НАЗ – /фарс. – наз/ – кокетство, прелесть. Наз сұлу – прелестная красавица; наздан, назданбасақ – кокетничать.

НАРТ – нарттай /фарс. – нар/ – гранат /фрукт/, огонь; шувашта нар, нер – румяный, красный, қазақта қып-қызыл нарттай – красный, как огонь. Монғолда – нар, наран – күн деген сөз.

НАШАР – /фарс. на-чар/ – беспомощный, вынужденный, находящийся в безвыходном положении; тат. марийде, удмурдта, шувашта да – начар – плохой; бессильный; на –не фарс. – нет не; отрицание; ендеше нашар – шарасыз.

НӘРЕСТЕ – /фарс. – нә – рәсидә – незрелый/ – младенец /грудной ребенок/.

НӘЗІК – /фарс. – назук/ – тонкий, нежный, изящный. ӨНЕР – /фарс. – һәнәр/ – дарование, талант, искусство.

ӨНЕРПАЗ – /фарс. – һонәр – наз/ – талантливый, дароватый.

ПАТША, ПАТСА – /фарс. – падешаһ/ царь, король, шах; татарда, шувашта – патша, царь.

ПЕРІ – /фарс. – пәрі/ – фея, ангел, добрый дух.

ПЕРИЗАТ – /фарс. пәрі зад – рожденный от фей /ангела/ изысканная красавица.

ПЕРІШТЕ – /фарс. пари – фея, пери; красавица и «шат» – почетный титул богов и святых; тат. фәреште – ангел. тат. миш. /Чув. АССР/ – фиреште – домовой/; удмурдта – пери – злой дух; шувашта – пирешти – ангел, добрый дух.

ПӘК – /фарс. – пәруәнә/ – ночная бабочка /заботящийся/; қазақта –

«пәруәнә болып айналдым» – өзімді құрбан еттім деген мағынада айтылады; бірақ «пәруәнің» – жынды көбелек – ночная бабочка – екенін түсінбей-ақ қолдана береді.

ПИАЛА – /фарс. – пайале/ чашка, бокал, чаша,; тат. шуваш. – пыяла – стекло; тат. «пыяла савыт» – стекляная посуда.

ПҰШАЙМАН-ПЫШАЙМАН – /фарс. – пушайман/ – раскаявшийся. ҚАНА – /фарс. хана/ – дом. Заты, бұл сөз өзбек тілі арқылы келсе керек;

үй есебінде жеке айтылмайды, шайқана – чайная; асқана, – столовая, кітапхана – библиотека; – жатақхана – общежитие дегендерге бірігіп қана жүреді.

Қорек, көрек – /фарс. – хорәк/ – пища.

РАС, ЫРАС – /фарс. – рост/ – правильный, истинный, верный.

САРБАЗ – /фарс. – сәрбаз/ «сәр» – голова; «баз» – играющий головой – солдат; отряд. Қазақта – «партизан» мәнінде.

САУДА – /фарс. – сауда/ – мена, торговля, сделка/; шувашта – сута – продажа; сута ту – торговать; суту илу – торговля; тат. сату – илу – торговать; қазақта – алып сату, торговать; алыпсатар, меняла.

СЕРГЕЛДЕҢ – /фарс. – сәргәрдан/ – блуждающий, блуждание, растерявшийся – сәудегер – /фарс. – соудогар/ – торговец, купец.

СИЯПАТ. – сый-сияпат, асқан құрмет. Фарсыда – зияфат – банкет. Өзбекте – зиафат – сыйлау; азербайжанда – зияфат-банкет, той, сыйлау; тәжікте – зиефат – сыйлау. Ендеше бұл сөз де фарсыдан кеп сіңген.

ТАБА – /фарс. – тәвә/ – сковорода.

ТАРАЗЫ /фарс. – таразу – весы рычажные, түрікше – тарази, түркм. – терези, морд. – терезе; шувашта – тараса – весы.

ТЕРЕЗЕ – /фарс. – дараче – екі сөзден құралады – дар – есік, аче – кішірейтетін жұрнақ дверца, окошка, оконце; тат. – терезе – окно; шуваш. – чуреге – окно; қаз. – терезе – окно.

Төсек – /фарс. – дошак – тушак – матрац, тофяк, постель; түрікше – дәсемек /қазақша – төсемек/ – разостлать; тат. тушак; шувашта – тушек – перина; орысша – тюфяк – түркі тілінен ерте кезде ауысуы мүмкін.

ҮМІТ – /фарс. – омид/ – надежда, желание; тат. – омет, түрікте үміт – надежда.

ШАТЫР – /фарс. – чадор/ – шатер, палатка /чатар – зонтик, балдахин/; түркіше – джадір; тат. – чатыр – шатыр, зонтик; шуваш – чатар – палатка, шатер; қаз. – шатыр – палатка, зонтик – ша-

тер.

ШЫЛЫМ – /фарс. – челем – кальян/; тат. челем – трубка /для курения/. қаз. шылым – папироса, бір шылым ұн жоқ – нет ни горсточки муки.



ҚОСЫМША №2

Қазақ тілінің енді бір күрделі қарым-қатыс жасаған елі монғол елі. Бұл монғол тілі мен қазақ тілі мүлде туыс тілдер деп ұғамыз. Сондықтан, қазақта қандай мағынада, қалай айтылса, монғолда да солай қолданылатын сөздердің тізімін көрсету арқылы жоғарыда айтылған пікірімізге тиянақты дәлел келтіруге беттедік. Мысалы:

Қазақша Монғолша Орысша

Абдыра /әбдіре/ абдар сундук, ларь

Абдырау эвдрех замешательство, заикаться

Абысын-ажын авсан-ажин снохи

Адақ адаг конец

Ажа ажаа отец, дед

Қазақша «Ай дер ажа жоқ, қой дер қожа жоқ» – деген сөйлем бар. Сондағы – «ажаны» кейбіреулер «әже» деп ұғады, бұл қате, өйткені «әже» әйел ғой, одан қорқу түрік-монғол тіліне де, оның саяси-экономикалық жағдайына да сай болмаса керек-ті.

Азбан /шартық/ асман недокастроированный самец /баран, лошадь, корова и др. животных/.

Айғыр /Махмуд Кашгарийде – атжирга

атжирга адзғыр/ /ойрот. аджирг/ жеребец Аймақ аймаг край

Аймақтау аймаглах деление на край

/аймаққа бөлу/

Айран /кислое айраг /кумыс/ кумыс молоко/

Ақар – шақар аахар-шахар

Бізде уақ-түйек, үйелмелі-сүйелмелі кішкене балаларды айтады, ал монғолша

«уақ-түйек», «көр-жер» мағынасында айтылады. Бірінші компонент «аахар»



  • монғолша – тапал, аласа мәнінде де қолданылады.




Алалау

алаглах

сторонить, игнориро-

/шетке шығару/




вать

Алма

алим/альма/

яблоко

Алтын

алтин, алтан

золото

Алыс /қашық/

алс

даль, вдали

Алғыш /парақор/

авлигач

взяточник

пара жегіш/







Аң

аң/г/

зверь

Аңсагай

анцгай

неуклюжий

Аңшы /аушы/

анч /авчин/

охотник

Арал /қақас қалған

арал

остров

арал, жарты арал/

хагас арал

/полуостров/

Арғымақ

аргамаг

пародистая лошадь,







аргымак

Арқар

аргаль

архар

Арт

ард

задняя сторона

Арыстан

арслан

лев

Атан

ат/ан/

кастрированный верблюд

Албар

амбар

амбар1




1 Ескі қыпшақтарда – «Алтын орда» заманындағы хан жарлықтарында да хан ярлыктарында» /да «амбар» – склад мәнінде айтылады, бірақ осының түбірі «анбар» екенін жақтаймыз, содан бері, келе «албар» болғанын дәлелдегіміз келеді /С.Т./.

Бұл сөздің фарсыша екенін 1936 жылы айтқан едік, енді монғолдан да кездестіріп отырмыз, зады, фарсының «анбары» орыс тілі арқылы монғолға көшуі де кәдік, көшпелі түрік-монғол тілдеріне жабық қора /амбар/ тән емес болар. Бұл ежелден отырықшы фарсыдан шығуы мүмкін.



Аулақ /жеке, жалғыз,

ағлағ

окрайна, дальность,

соны, ту жер/




уединение, в стороне

Аулау /аң/

авлах

охотиться

Ауыл

аил

аул

Аяқ-табақ

аяга-табаг

тарелка, посуда

/екіншісі табақ/

/табаг/

блюдо

Аян

аян

известно, известный

Әже

ижий/аажий/

бабушка, бабка

Бағана

багана

столб, колонна, подпорка

Бажа

баз

свояк

Байсал

байцал

спокойствие

Бақа

бах

лягушка, жаба

Бақсы-шаман

багш

учитель

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет